ГЛОССАРИЙ
463
Y
Үжымдық мінез-құлық - мінез-құлықтың мәдени
ережелері бұлыңғыр болған жағдайдағы топтың
тосын әрекеті.
Үжымдық тиімділік - әлеуметтік тәртіпті сақтау
үшін адамдардың көршілермен бірлесіп жұмыс
істеу деңгейі.
Ұйымдастыру мәдениеті - бизнестің іс жүзінде
ұйымда қалай жүзеге асырылатынын аиықтай-
тын нормалар мен құндылықтар үлгісі.
Үлттық мемлекет - билігі сол ұлттың азаматтарына
қызмет ету үшін құрылған деген сенімге негіз-
делген заңды мемлекет.
Үлтшылдық - белгілі бір аумақта тұратын барлық
адам «ұлт» деген жалғыз атауға ие болып, ортақ
мәдениет пен тарих төңірегінде бірігегіндіктен
жеке мемлекетке лайықты екендігін білдіретін
тұжырым.
Ф
Фундаментализм - діни сенушілердің қасиетті кітап-
тары Құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың дәстүрлі
түсіндірмелерін бүлжытпай қабылдайтын және
сол кітаптарда көрсетілген рәсімдер бойынша
өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс.
Функциялар - қоғамның тұрақтылығына жағымды
эсер ететін әлеуметтік құрылымдардың нәтиже-
лері.
Достарыңызбен бөлісу: |