Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет771/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   767   768   769   770   771   772   773   774   ...   870
ХАЛЫҚ  САНЫ  ЖӘНЕ  УРБАНИЗАЦИЯ

425

Қалалық өмірдің адам мен қоғамға  кері әсері жайлы пікірді  1938 

жылы Луи Вирт (Louis Wirth) көтерді. Вирттің тұжырымдауынша, үл- 

кен аумақ, гетерогендік және қала халқының тығыздығы күнделікті 

адамгершілік қағидаларының бұзылуына алып келеді.

Ауқымды қоғамда адамдардыц көпшілігі бір-біріне бөтен болады. 

Вирттің  болжауынша,  олар  бастапқы  байланыстарымен  бұрынғыша 

қатынаста қалады, бірақ басқалармен, мысалы сатушылармен я лиф- 

тіге сыймай түрған бейтаныс адамдармен, есепшіл де үлгілі  мәнерін 

ұстанып, салқын қатынасын сақтайды.

Вирттің тұжырымдауынша, қала тұрғыны түрлі шым-шытырық 

ережелермен кездескенде кез келген жағдай елеусіз өтіп кетеді. Осын- 

дай  қарым-қатынас  және  бейресми  бақылаудың  болмауы,  халық  са- 

ныныц  көптігі  қылмыстық  жағдайдың  өршуіне,  бұрыс  әрекеттерге 

және ресми бақылауға аса мән беруге алып келеді.

Кейінгі зерттеушілердің қалаға деген көзқарасы жақсарды. Бүгін- 

гі таңда  әлеуметтанушылар  қаланы  басқарылатын және  танылатын 

бірнеше кішкентай әлемдердің жиынтығы деп қарастыруды ұсынды. 

Осылайша,  Нью-Йоркте  өмір  сүретін  адам  500  шаршы  мильде  өмір 

сүретін  9  миллион  адаммен  қарым-қатынас  орнатуға  тырыспайды. 

Оның  орнына  отбасынан,  шағын  аудан  мен  санаулы  ұжымдасынан 

тұратын  өзіндік  жеке  әлемді  сақтайды.  Сонымен  қатар  әлеуметта- 

нушылардың  айтуынша,  қалалық  өмір  ұсақ  топтардан  бастап  сим- 

фониялық  оркестр  тыңдармандары,  регби  жанкүйерлері тәрізді  суб- 

мәдениеттердің достығын дамытуга ықпал ететін «сыни көпшілікті» 

қамтамасыз етеді. Вирт мүндай субмәдениеттердің кейбірін қоғамдас- 

тықтың  адамгершілік  тұрғыда  үйлесім  таппағанының  дәлелі  деп 

түсіндіруі мүмкін еді. Бірақ оларды адамдардың бірлік пен негізгі қол- 

дау тобын таба алатын жеке әлемі ретінде де қарастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   767   768   769   770   771   772   773   774   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет