Байланысты: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org
Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.) Алтын Орданың тарихы. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. Бату ханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орда билеушілері. Өзбек ханның империялық саясаты (Гийас ад Дин Сұлтан Мұхаммед хан). Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы. Египеттегі Мамлюк сұлтанатымен дипломатиялық байланыстар орнату, ортағасырлық әлемдегі империяның беделінің өсуі. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары.Еуразиядағы оба пандемиясы. Алтын Орданың әлсіреуіне және ыдырауына әкелген сыртқы және ішкі факторлар кешені. Ұлыстар арасындағы күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.
XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы). Шыңғыс әулеттерінің Сырдария өңірі үшін бәсекелестігі. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары. Сырдарияның орта ағысы бойындағы өңірлер мен қалалар үшінМәуереннахрлық билеушілермен күрестер.
Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы. Шыңғыс хан әулеті мен моңғол ұрпақтарының исламға айналуы, Жетісудағы мұсылман мәдениетінің жандануы. Моғолдардың Мавераннахр шағатайлықтармен қарым-қатынасы. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансиясына қарсы.Моғолстанның Темір мемлекетіне вассальдық тәуелділігі. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Уәйіс хан және оның ұлдары Есенбұғы мен Жүністің таққа таласы. Ойраттардың Моғолстанға жорықтары. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі. Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресі. Әбілқайыр ханның Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Хандықтың ыдырауы.
Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының билеушілері. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.
Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі, Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар.