5. Іле өзені-Балқаш көлі бассейніне жолбарыстарды қайта жерсіндіру
5.1. Жолбарыстардың қайта жерсіндіруге және тобын құруға қажет жануарлар
көздері
Тұран жолбарысының таралу аймағы басқа түршеледің таралған орындарынан алыста
орналасты, бұл маңызды генетикалық ерекшеліктерінің болатынын жорамалдауға мүмкіндік
берді. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан мұражайлардағы тұран жолбарыстарынан (20
дана) алынған ұлпа үлгілеріне ДНҚ талдау жобарыстың барлық түршелерінің гаплотиптерін
салыстыруға мүмкіндік берді (Driscoll, C., et al. 2009). Тұран жолбарысының амур
жолбарысынан аса көп ерекшеліктері болмайтыны анықталды. Екінші жағынан, бұл екі түрше
басқа түршелерден генетикалық жағынан өте күшті ажыратылады, бұл олардың
филогенетикалық туыстығын жорамалауға мүмкіндік береді.
7сурет. Жолбарыстың түрлі формаларының генетикалық байланыстары (Driscoll, C., et
al., 2009 бойынша)
Амур және тұран жолбарысының генетикалық жақындығы түршені Орталық Азияға
реинтродукциялау үшін таңдауды анықтады. Ескертетін жай, жолбарыстардың барлық
түршелерінің арасында тек амур және тұран (Каспий) түршелері ғана нағыз қыс
жағдайларына, қар жамылғысына, мекендеуге бейімделген және егер амур жолбарыстарын
Орталық Азияға реинтродукциялауға пайдаланса, олардың жаңа экологиялық жағдайларға
бейімделу үрдісі біршама жеңіл болады.
Жолбарысты реинтродукциялау үрдісі әртүрлі әдістемелік жолдарды пайдалану арқылы
жүзеге асырылуы мүмкін. Теориялық жағынан (1) хайуанттар бағындағы жолбарыстар; (2)
табиғаттан ауланып қалпына келген жобарыстар, оның ішінде қолда өсірілген шөнжіктері; (3)
табиғаттан арнайы ауланған ересек жолбарыстар.
Хайуанаттар бағындағы жолбарыстар. Дүниежүзіндегі хайуанаттар бақтарында
біршама таза қанды амур жолбарыстары ұсталады. 2013 жылдың маусым айындағы деректер
бойынша 185 хайуанаттар бағы мен тәлімбақтара 486 амур жолбарысы есепке алынған,
29
олардың генотипінде генетикалық алуан түрлілігі шамамен 98% құрайтын 85 негізі құраушы –
жануарлар. Амур жолбарыстарының көбейту мақсаты қолда ұсталатын популяциялардың
генетикалық алуан түрлілігін ең жоғарғы деңгейде ұстап тұру болатын өңірлік бағарламалар
шегінде жүзеге асырылады. Хайуанаттар бағы мен аквариумдердің Дүниежүзілік
ассоциациясы (WAZA) қызметінің шегінде жүргізілетін түрді басқарудың ғаламдық
бағдарламасы (GSMP) түрдің популяциясын тұрақты ex situ жағдайында ұстап тұруға
бағытталған өңірлік бағдарламалардың біріккен жұмыстарының қажетті құрылымын
қамтамасыз етеді. Мұнан басқа, GSMP бақылау және кеңес беру қызметін атқарады, оның
құзырлылығына амур жолбарыстарының табиғи және қолда ұсталатын популяцияларының
арасындағы өзара әсерлердің сұрақтарын шешу жатады.
Балама көздер Ресейдің Қиыр Шығысының оңтүстігіндегі жолбарыстар популяциясы
болып табылады. Қиыр Шығыста жолбарысты қорғауға үлкен көңіл бөлінеді – ЕҚТА жүйесі
кеңеюде, тұяқтылардың санын арттыру үшін биотехния жүргізіледі, қаскерлікпен күресетін
жасақтар құрылған, жергілікті тұрғындармен ағарту жұмыстары жүргізіледі және т.б. Ресей
Федерациясының табиғат ресурстары және экология Министрлігінің 02.07.2010 № 25-р
шешімімен «Ресей Федерациясында амур жолбарысын сақтау стратегиясы» дайындалған және
бекітілген. Соңғы онжылдықтарда популяция саны 450-500 бас шегінде ауытқиды, жыл сайын
100-ге жуық шөжіктер туылады. Өкінішке орай, жыл сайын қаскерлердің қолынан, жол
бойларынан, қақтығыс жағдайларынан және басқаларынан бірнеше ондаған жолбарыстар
өлім-жітімге ұшырайды. Бұл жағдайда, егер аулау жергілікті тығыздығы біршама жоғары
және жыныстық-жастық құрылымы ойдағыдай топтарда жүргізілсе қоныстандыру мақсатында
жылына 3-5 жолбарыс аулау популяцияға келеңсіз әсер тудырмайды. Мұндай деректер қазіргі
кезде ұзақ мерзімді мониторингтік зерттеулер жүргізу, соның ішінде фототұтқыштарды
пайдалану арқасында қол жетімді.
Табиғаттан ересек жолбарыстарды аулау және оларды қоныстандыру жайындағы соңғы
шешім негіздемесі Ресейдің Қиыр Шығысында жүргізілген жаһандық санақ (2014-2015 жыл,
қыс) мәліметтері және мамандардың олардың тұрақты дамуына зиян келмейтін нақтылы
популяциялық топтардан алу мүмкіндігінің қорытындысы болып табылады.
Әртүрлі орындардан алынған жолбарыстарды жерсіндіруге пайдалану мәселелері
Қолда өсірілген шөнжіктерді және хайуанаттар бағынан алынған жануарларды жіберуге
болады. Қиыр Шығыста жыл сайын тайгада жетім қалған шөнжіктер табылады, олар табиғатта
өз бетінше тіршілік ете алмайды. Арнайы орталықтарда ұстағаннан кейін оларды не
хайуанаттар бағы мен тәлім бақтарға тапсырады немесе табиғатқа жібереді. Қазіргі кезге дейін
зерттеушілердің әртүрлі топтары осындай өте көп ғылыми тәжірибелер жасады. Приморье
және Хабаровск өлкелеріндегі осындай қалпына келтіру орталықтарына ересек
жолбарыстарда түседі (мысалы, жарақаттанған жағдайда, қақтығыс жағдайлары туынданған
кезде ауланғандар), олар қалпына келгеннен кейін қайтадан табиғатқа жіберіледі
Алғашқы рет ойдағыдай табиғатқа шөнжіктерді қайтарудың бірі 2001 жылы жүзеге асты.
Осы
туралы
«Тигриная
одиссея»
деп
аталатын
деректі
фильм
түсірілді
(http://www.youtube.com/user/zovtv#p/u/7/A1JQiIf43cQ). Қайтарылған жануардың тағы бір
мысалы 2008 жылдың басында ұсталған Ангара атты өлекшін болып табылады. Ол «Утес»
қалпына келтіру орталығына әкелінген, ол жерде жануарды босатуға дайындау бойынша
барлық шаралар қамтамасыз етілді. Босату алында, күшті желден соң, қоршау бұзылды.
Өлекшін өз бетінше қоршауды тастап шықты. Оның кесірінен қақтығыс жағдайлардың пайда
болуы және оны атып алғандығы жайында ешқандай мәліметтер болған жоқ. Қиыр Шығыстың
қалпына келтіру орталықтарында ұсталған (1,5 жылдан аса) Роскошь есімді өлекшін
орталықтан қашып кеткен және ойдағыдай қыстап шыққан. Бірақ бір жыл өткен соң оны
қаскерлер атып өлтірген. 6-7 айлық жастан бастап орталықтарда қалпына келтіру үрдісін
Золушка есімді жетім шөнжік басынан кешірген. 2013 жылы мамырда (2 жасқа жеткен кезде)
табиғатқа жіберілген ол, ең аз дегенде жарты жыл еркіндікте ойдағыдай тіршілік еткен,
30
фототұтқыштар оның осы аумақта мекендейтін ересек еркек жолбарыспен бірге болғандығын
түсіріп алған.
Екі өлекшінді таралу аймағының бір бөлігінен екіншісіне қоныс аударту бойынша
тәжірибелер ойдағыдай жүзеге асқан. 2010 жылы алты жасар өлекшін жылқы зауытының
аумағына енген және бір жылқыны өлтірген, сонан соң аңшылықты қадағалау Басқармасының
(қазір Департамент), РҒА ҚШБ мен WCS қызметкерлері ұстап алған. Осы тәуліктерде ол елді
мекеннен біршама қашықтыққа кеткен, содан кейінгі бақылаулар (өлекшінге 1,5 жыл бойы
бақылау жүргізілген) оның жаңа жағдайларға жақсы бейімделгенін көрсетті (WCS есебі). 2012
жылы 2-3 жасар жолбарыстың аналығы Солнцовый селосының маңында қыстақ иттеріне
шабуыл жасаған, осыдан кейін ол Хабаров өлкесіндегі табиғат ресурстары Министрлігінің,
РҒА ҚШБ және WCS қызметкерлері ұстаған және бір тәулік ішінде елсіз жерге жеткізілген.
Қазіргі уақытта бейімделу үрдісі ойдағыдай өтуде, бірақ Ресей табиғат қадағалау мекемесі
(Мәскеу қ.) оны радио модулі бар қарғымен жабдықтауға тиым салды.
Өкінішке орай, бірқатар жағдайларда еркіндікке жіберілген шөнжіктердің өлім-жітімге
ұшырағаны жайында мәліметтер пайда болады. Жіберілген әрбір жануар жайындағы
мәліметтерді қосымша тексеру қажет. Қазіргі кезде табиғатқа жіберілген жануарлардың
көбеюі жайында бірде-бір деректер жоқ. Кейбір жағдайларда бұл жануарлардың қаскерлердің
қолынан өлімге ұшырағаны тіркелген, кейбір жіберілген шөнжіктердің елді мекенге келгеннен
соң өлтірілген.
Адам қолында өскен жолбарыстардың жабайы тағы табиғатта мекендеуге бейімделуі өте
қиын жүреді. Даралары аң аулау дағдысын қиын меңгереді, сол сияқты адамнан қорықпайды.
Жергілікті тұрғындармен қақтығысу, үй малдарына шабуыл жасау мүмкіндігінің пайда болуы
артады. Қайта жерсіндірудің біршама әлемдік тәжірибесі болғанына қарамастан, ең алдымен
Үндістанда, қолда өсірілген жануарларды пайдаланып қайта жерсіндірудің тек 11% жағдайда
ойдағыдай жүзеге асқан (Beck et al.,1994). Осыған сәйкес Үндістанда қайта жерсіндіру
бағдарламасын дайындауда табиғатта ауланған тағы жолбарыстарды соңынан «жұмсақ»
жіберу – қысқа мерзімде қолда ұстау және жемтіктерін табиғи жағдайда аулау дағдылары
қалпына келгеніне көз жеткенде жіберуге баса көңіл аударуды ұсынады (Ramesh et al., 2011).
Осыған сәйкес, жануарларды қоршау кешендерінде өсіргенде жануарларлардың
адамдарға үйір, со сияқты үй малдарының етімен қоректенуге болмайтын белгілі әдіс-
тәсілдерді қолдану керек. Мұндай тәсілдер бірқатар жыртқыштар үшін екжей-текжейлі
дайындалған. Деседе жолбарыс әрі ірі, әрі қауіпті жыртқыш, сол себепті оны еркіндікке
жіберу әдістерін тиянақты дайындауды қажет етеді. Ұсынылатын әдістерді тексеру мүмкіндігі
және олардың тіршілік етуге табиғатта бейімделу мониторингісі бар, мысалы, Ресейдің Қиыр
Шығысында. Әдістемелерді меңгеру басқа да мамандандырылған орталықтарда жалғасуда.
Мысалы, Гари Кохлер (Gary Koehler), Мария Фабрегас (Maria Fabregas) және басқа мамандар
қазіргі кезде «Қытай жолбарыстарын құтқару» (Save China’s Tigers) Бағдарламасын қолдайды,
бұлар «жабайылану» (Rewilding) бойынша кейіннен Қытайдың оңтүстік-шығысындағы
жабайы табиғатқа жіберу мақсатында ғылыми тәжірибені хайуанаттар бағынан алынған және
олардың ұрпақтарына Оңтүстік Африкадағы арнаулы орталықта жүргізуде. Бұл тәжірибенің
сараптама қортындысы болашақта бағдарламаны Қазақстанда іс жүзіне асыру кезінде
пайдаланылады.
Кез-келген жағдайда жолбарыстарды тікелей жіберетін аумақтарды дайындау үшін кем
дегенде 5 жыл уақыт кетеді, осыған орай тәлімбақтардан, қалпына келтіру орталықтарынан
және хайуанаттар бағынан жануарларды тылсым табиғатқа жіберудің әдістері ойдағыдай
дайындалады және олардың тиімділігі құжат бойынша дәлелденеді. Бұл қолда туылған
жолбарыстарды қайта жерсіндіру үшін мүмкіндіктерге жол ашады.
Табиғатта ауланған ересек жолбарыстарды жіберу белгілі бір артықшылыққа ие,
өйткені табиғатқа жемтігін аулау дағдыларына ие және адамнан қорқатын жануарлар
жіберіледі. Барлық ауланған жолбарыстар өте қауіпті ауруларға тексерілуі тиіс, анықталған
жағдайда олар жаңадан құрылатын популяцияға жіберілмеуі керек.
31
Аулау. Табиғатта ересек жануарларды аулау, тасымалдау, бейімделу үшін ұстау және
соңынан жіберу әдісі Үндістанда жолбарыстарды қайта жерсіндіру кезінде көп рет
пайдаланылды. Мысалы, жануарларды қимылсыз қалдыру және айлалы әрекет жасау мен
тасымалдау хаттамалары жолбарыстың халық қалың орналасқан ландшафтарда жергілікті
тұрғындармен қақтығысындағы төтенше жағдайлар туралы Стандарттық операциялық
рәсімдерде қорытындыланған. Құжат Үндістанның қоршаған ортаны қорғау және орман
шаруашылығы Министрлігінде дайындалған (Standard Operating Procedure - SOP). Бұл кезде
жануарлар малдәрігерлік рәсімдерден және тасымалдаудан кейін табиғи өсімдіктері мен
тұяқтылардың саны жоғары (тоғай жағдайында доңыздар басым) аумағы біршама үлкен
қоршауда ұсталады. Жолбарыстың жемтігін аулауы ойдағыдай болғаны жайындағы
бақылаулар расталса, табиғатқа өз еркімен кетуі үшін қоршаудың бір бөлігі алынып
тасталады.
Қиыр Шығыстағы амур жолбарысының таралу аймағының ресейлік бөлігінде ұзақ уақыт
бойы жолбарыстарды биотелеметрикалық және жерсеріктік таратқыштармен жабдықтау үшін
жүргізілді. Ол мониторинг бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, мысалы, жеке
мекендеу тәлімдерін анықтау, орнын ауыстыруды бақылау және тағы басқалар үшін
атқарылады. Бұл кезде аяқтық Олдрич тұсауы пайдаланды. 2012 жылғы сәуірден бастап Ресей
табиғат қадағалау мекемесі жолбарыстарды аулағанда Олдрич тұсауын пайдалануды шектеді.
Үндістанда
жолбарыстардың
қонысын
ауыстырғанда
оларды
ауламай-ақ
жансыздандырады. Мерген ағаш басында біршама биікте жасалған тасадан жолбарысты
күтеді. Атылғаннан кейін жолбарыстың қозғалысын бақылауға болатын биотоптар таңдалып
алынады, себебі жансызданудың толық әсері 10-15 минуттан кейін жүзеге асады. Әдетте
ұшатын пісектері бар үрлеме мылтықтар қолданылады, біршама жиі қолданылатын
препараттар – ксилазин мен кетамин қоспасы. Препараттың мөлшерін білу үшін ату алдында
жай көзбен жануардың жай-күйін және шамамен салмағын анықтайды. Деседе Қиыр
Шығыстың экологиялық жағдайлары ерекше болғандықтан (орман типтері, климаттық
жағдайлары), сонымен қатар жеке тәлімдерінің мөлшері бұл әдісті қолдануды қиындатады.
Мүмкін оны толықтырып және жергілікті жағдайларға бейімдеу керек болатын шығар. Сол
сияқты шақыртқысы бар торды, тірідей ұстағыш принципі бойынша жұмыс жасайтын,
пайдалану арқылы аулауды да сынаудың болашағы бар. Бұл жүйе, мысалы, ірбістерді аулауда
ойдағыдай қолданылған, бұл жағдайда жануардың жарақаттанып қалуы біршама төмендейді.
Соңғы шешімдер қабылданған жоқ, әртүрлі көздерден алынған жануарларды дайындау
жолдары Бағдарламаны жүзеге асырудың соңғы этаптарында қазіргі кезде жүргізіліп жатқан
жұмыстардың нәтижелерін ескере отырып дайындалады.
Хайуанаттар бағының жолбарыстарын пайдалану мүмкінділігі Қазақстан Үкіметінің
өсіру орталығын құру және оның құрылысын құру (5 млн АҚШ долларынан кем емес) және
жыл сайын ұзақ мерзімге ұстау (жылына 1 млн АҚШ долларындай) туралы түбегейлі
шешіміне тәуелді. Оң шешім болған жағдайда құрылыс және орталықтың жұмыс жасауы
аумақты реинтродукциялау үшін дайындаумен қатар жүреді, өйткені табиғатқа хайуанаттар
бағынан алынған, жартылай қолда өсірілген, аналары қоректендірген, адамдармен өте аз
қатынаста (немесе мұндай қатынастар мүлде болмаған) тек 2-3 ұрпақтары жіберілуі мүмкін.
Жолбарыстардың биологиясы бойынша халықаралық жетекші мамандар ретінде ХТҚО
мамандарын оларды табиғатқа жіберуге дайындау (“rewilding”) және жолбарыстардың
популяцияларын қалпына келтіру бойынша тарту Бағдарламада қарастырылған және
белгіленген кезеңдерді іске асырылуына орай жүзеге асырылады.
Қайта жерсіндіру үшін жануарларды (хайуанаттар бағының жануарлары, қалпына
келтіру орталықтарынан алынған балалары мен ересектері, немесе қайта жерсіндіру үшін
табиғаттан арнайы ауланған ересектері) біржола таңдап алу, қазіргі кезде жүргізіліп жатқан
тәжірибенің негізінде бағдарламаның алдыңғы кезеңін жүзеге асырудың соңына қарай
шешілуі керек. Бірақ бұл кезеңде бағдарламаның дамуында негізінен жануарларды табиғатта
аулау және оларды қысқа мерзімде тікелей реинтродукциялау ошағында ұстау және жұмсақ
жіберу әдісі қолданылады.
32
Жолбарыстар тобының дамуы.
Жобаланылатын аумақтарда түрдің тұрақты популяциясын құру үшін қайта
жерсіндірудің бірнеше ошағын ұйымдастыру болып табылады, олар саны өскеннен кейін және
мекендеу орнының үлкен ауданынын меңгергенде олар бір-бірімен түйісе бастап, даралармен
алмасуды қамтамасыз етеді.
Негізін қалаушы топтардың және жолбарыстар топтарының оңтайлы мөлшерін және
потенциалды өсу жылдамдылығын бағалау үшін Қиыр Шығыстың жекелеген қорықтарындағы
сандары жайындағы мәліметтер талданды. Мысалы, Сихоте-Алинь қорығында алғашқы
топтардағы жолбарыстың саны 3-4 болса, 7 жылдан соң саны 10-нан асты, ал тағы да 7
жылдан соң – 20 жолбарыс болды, ары қарай өсуі өте аз – 15 жыл ішінде саны 30-ға жетті.
Бірақ бұл кезде саны ең төмен 10 бас болғандағы топтың көбею қабілеті 1,5, тіпті 2 есеге жуық
артты: ұрпақтары бар аналықтарының саны 30-дан 50 %-ға артты, жастарының өміршеңдігі
ұзарды, ұядағы шөнжіктерінің саны өсті. Санының ары қарай жайлап өсуінің байқалуы
қорықта өсіп келе жатқан жолбарыстардың оның аумағынан халық аз орналасқан жерлерге
қоныс аударуымен түсіндірілуі мүмкін.
Басқа мысал ретінде Үндістанда (аумағы шамамен 200 мың га, ол жерде 15 ауыл бар)
жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасын дайындау кезінде пайдаланылған моделдеу
болып табылуы мүмкін. Осындай биотоптардағы жолбарыстардың мекендеу тәлімдерінің
орташа ауданы бойынша алынған мәліметтерге сүйене отырып және осыған сәйкес
популяцияның тығыздығы 100 км
2
10.7 бас деп, өзгерісі 7.9-дан 14.6-ға дейін, 95% сенімді ара
қашықтықпен есептегенде және авторлар популяция топтарының дамуының 6 моделін
қосымша факторлардың әсерін есепке ала отырып құрған. Нәтижесінде алғашқы негізін
қалаған жануарлардың құрамында 2 аталық және 4 аналық болғанда оңтайлы сценарий болған
(жануарлар тобын осындай құрамында қалыптастыру 2-3 жыл ішінде бірте-бірте алып келу
есебінен жүзеге асады), ары қарай 10 жыл бойы әр 3 жылда 2-3 бас қосылады (немесе
айырбасталады). Мұндай жағдайда тұрақты саны 20-24 басқа 10 жылдан кейін жетеді, және
ары қарай өсу тұяқтылар санының жеткілікті болуына байланысты (аумақтарда оңтайлы
тығыздық болғанда жылына бір жолбарысқа салмағы мен мөлшері әртүрлі шамамен 50 басы
қажет). Кез-келген жағдайларда жолбарыстардың нақтылы топтарын моделдеу 8 немесе одан
да көп параметрлерді, оның ішінде тұяқтылар популяциясының саны мен тығыздығы, әртүрлі
себептерден өлім-жітімге ұшырауы, климаттық және басқа факторлардың әсерлері есепке ала
отырылып жасалады (Karanth et al, 2003, 2004; Гудрич және басқалары, 2010; және басқ.).
Мұндай моделдеу және жолбарыстардың нақтылы топтарының даму динамикасынан күтілетін
нәтижелерді есептеу бағдарламаның бірінші кезеңі жүзеге асқаннан кейін және тұяқтылардың
популяциясының саны біршама өскеннен кейін шамамен 5 жылдан соң жүргізілуі мүмкін.
Бұл кезеңде бағдарламаны жоспарлау қайта жерсіндірудің 4 негізгі ошағын құрғаннан
кейін ұсынуға болады. 1 және 6 суреттерде ұлттық бақтың орталық аймағын («Терра жер
телімі») құруға деректі келісім алынған қазіргі ЕҚТА-ы және алғашқы оңтайлы қайта
жерсіндіру аумақтары («WWF жер телімі») көрсетілген. Бұл телімдердің біршама бөлігі
қазіргі кездегі және жоспарланатын ЕҚТА тысқары орналасқан (3,4 жер телімдері), өйткені
Ресейдің
Қиыр
Шығысы
мен
Қазақстанда
жүргізілген
тәжірибелер
аңшылық
шаруашылықтары жұмыстың тиімділігі жағынан ЕҚТА қарағанда әлде-қайда жоғары
болатынын көрсетті.
Осыған орай, әрбір телімдерде алғашқы 2-3 жылда қайта жерсіндіру үшін 3-4-тен бастан
6-ға дейін (1-2 ересек және 2-4 жыныстық жағынан жетілген аналықтар) негізін құраушы
жануарлар болуы керек. Мүмкіндігіне қарай, келесі 3-4 жылда тағы да 3-4 басты қосуға
болады, осылайша топтың негізін құраушы жануарлардың оңтайлы санына (10) қол жеткізуге
болады, бұл кезде көбею потнециалы артады және аумақтардың негізгі ошағына жақын
жатқан жерлерді меңгере бастайды. Хайуанаттар бағынан және қайта қалпына келтіру
орталықтарынан жолбарыстарды пайдалану 1 телімде жоғары, өйткені бұл жерлерде бөтен
жер пайдаланушылар мен мал жаю жоқ, осылайша қақтығыстық жағдайлары болмайды. Әрбір
телімнің дайын болу деңгейі және қайта жерсіндіруге тікелей көшу мүмкіндігін бағалау
33
бағдарламаның алғашқы компоненттерін, соның ішінде маңызды параметрі – тұяқтылар
популяциясының қажетті тығыздығына қол жеткізу, жүзеге асырудың тиімділігіне жүргізілген
мониторинг нәтижелері бойынша бағалануы тиіс.
Сонымен бағдарламаны жүзеге асыру сызба түрінде былайша көрінеді:
Бағдарла
ма кезеңі
Жүзеге асырудың осы кезеңінде бағдарламаның негізгі
белсенділігі
2014
2015
2016
2017
2018
2019
Алғышарт Бағдарламаны
келісу
және
бекіту,
негізгі
қаржыландыруды
қамтамасыз
ету
және
серіктестер/орындаушылардың құрамын анықтау
Алғашқы
кезең
Әлеуметті-
экономикалық
дайындық:
Әлеуметтік тексеру **
Аумақтар мен қаржыландыру көздерін
анықтау – қоныс аударуға келіскен
жанұяларды қолдау жүйесін дайындау
Жергілікті тұрғындардың бір бөлігін
көшіру және малдарды шығару
Жергілікті
тұрғындарды
және
жергілікті
бизнесті
бағдарлама
шегінде инициациялау
Үй жануарларына жолбарыстардың шабуылынан зиян
келген жағдайда төлемақы (қаржыландырудың белгілі
көздерін қоса) жүйесін дайындау
Жергілікті тұрғындарды өтемақы төлеу және оны
қолдану тетіктерінің бағдарламасы жайында кең көлемді
ақпарат беруді ұйымдастыру
ЕҚТА (ООПТ) және бірегей басқару жүйесін құру
Қаскерлікке қарсы қорғау жүйесін оңтайландыру
Қарқынды аңшылық шаруашылығы жүйесін дамыту
Тұяқтылырдың санын оңтайландыру бойынша кешенді
шаралар
Бағдарламаны жүзеге асырудың әртүрлі компонентеріне
мониторинг жүргізу
Уақытша ұстау/жіберу үшін кешенді қоршау салатын
телімдерді таңдау
Елді мекендерде, жіберілетін жерге жақын орналасқан
және
жолбарыстардың
ары
қарай
мекендейтін
аумақтарында арнайы қауіпсіздік шараларын дайындау
және жүзеге асыру
Жануарлардың сан көздерін анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |