Оқу және тіл дамыту сабағының мақсаты:
- оқушының сөйлеу тілін және сауаттылық элеметтерін дамыту,дұрыс және түсініп оқуға үйрету;
- есте сақтауын және зейінін дамыту;
- ауызша сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету;
- дұрыс, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру;
- өзінің ойын ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретуге негізделіп құрылды.
Міндеті:
оқушының ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып, мағанасын түсінуге үйрету;
ауызекі және жазба тілде қарым –қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе беруге үйрету;
оқушының диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі ,жазба тіл)дағдыларын дамыту;
оқушының сауатты ,көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі) дағдыларын,сөйлеу мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын өзі бақылау машығын дамыту;
оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
шәкірттер бойында адамгершілік, әсемдік қасиетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |