5-сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: жеңіл мәтіндердің жалпы мазмұнын; аудио таспаға жазылған шағын шығармаларды түсіну; мәтіннің мазмұны бойынша негізгі сұрақтарға жауап беру; мәтінде түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді табу; астарлы сөздерді қолдану; кейіпкерлерді, оқиғаларды, табиғат көріністерін сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді іріктеу; мұғалімнің көмегімен көркем шығарманың негізгі ойын анықтау; мұғалімнің көмегімен әдеби шығарманың кейіпкерін бейнелеу; ертегілерді сахналауға қатысу;
2) оқылым: тұтас сөздермен дауыстап дұрыс оқу; мәнерлеп оқу: мәтіннің мазмұны мен мағынасына сәйкес интонация мен сөз қарқынын сақтау (кідіріс, логикалық ойлау дауыс сарыны); рөлге бөлініп оқу ( «драматизация»); қойылған сұраққа жауап табу; тақпақтар жаттау; мұғалімнің көмегімен шығарманың түрін анықтау;
3) тілдесу: мәтін, суреттердің мазмұыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; тақырыптық диалогтар құру, құрастырған диалогтың мағынасын дұрыс түсіну; мәтіндегі суреттер арқылы жағдаятты әрі қарай болжау.
Достарыңызбен бөлісу: |