Бағдарламасы Баспа №1 «Теміржол стансалары мен түйіндері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері



бет3/22
Дата05.04.2023
өлшемі0,57 Mb.
#79726
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
УМК Теміржол станциялары және түйіндері

Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері.
Темір жол станциялары контейнерлерде, вагондық және жөнелтіммен тасымалданатын жүктерді беру және қабылдау, тиеу, түсіру операцияларын орындайды, сонымен қатар жолаушылар, жүк тасымалында операцияларын орындайды. Мұндай тасымалдар сәйкес жүк және коммерциялық операцияларды орындауға мүмкіндігі бар станциялар аралығында жүргізіледі.
Жүк станциялары жүк және жол құрылғыларының кешенінен, жүк поездарын қабылдауға, таратуға, жинауға, коммерциялық қарауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөнелтуге, жүк және коммерциялық операцияларды орындауға арналған техникалық және қызмет үйлерінен тұрады. Бұл станциялар жүк ағындары басталатын немесе аяқталатын ірі өндіріс және халық көп орналасқан пунктерде орналастырылады және халыққа және өндіріс өнеркәсіптеріне қызмет көрсетеді. Жүк станциялары әр түрлі көлік түрлерінің түйіскен пункті болып саналады (темір жолдың автомобиль, су, өндіріс, құбыр көліктерімен), сонымен қатар кең табанды темір жол көлігінің тар табанды темір жол көлігімен түйіскен пункті болып саналады.
Жүк станциялары негізгі тағайындалуы бойынша және орындалатын жұмысының сипатына байланысты арнайы (жекелеген жүктер үшін) және әмбебап (әр түрлі жүктерді тиеу және түсіру үшін қызмет көрсететін) болып бөлінеді.
әмбебап (тіректі аралық станцияларды және жол бойындағы жүк станцияларын қоса алғанда) ыдысты-дара жүктерді, контейнерлерде тасымалданатын жүктерді, ақтарма жүктердің кейбір категорияларын және басқа жүктерді өңдеуге, өндіріс өнеркәсіптеріне, базаларға және қоймаларға (жалпы пайдаланылмайтын) қызмет көрсетуге арналған.
Арнайы жүк станциялары бір түрлі тиелетін жүктерді жаппай тиеу және түсіру үшін арналады (астық, көмір, руда, минеральды-құрылыс материалдары, мұнай, ағаштар және т.б.).
Тіректі станция деп өзінің жеке тиеу-түсіру жұмыстары бойынша, сонымен қатар өзіне қарасты шағын жүк станцияларының тиеу-түсіру жұмыстарының коммерциялық операцияларды орындайтын жолдың ақпаратты-есептеуіш орталығының мәліметтер торабына қосылған, автоматикалық құрылғылармен жабдықталған, өзіне бекітілген станциялармен байланыс жүйесі (телефон, электронды) бар жүк станциясы аталады.
Қайта тиеу станциялары тар табанды жолдан кең табанды жолға жүктерді көп мөлшерде қайта тиеуді жүргізеді.
Теңіз және өзен порттарына қызмет көрсету үшін темір жол көлігінен су көлігіне жүктерді ауыстырғанда және керісінше, порттық станциялар арналған. Олар портқа ең жақын орналасқан немесе порт аймағында орналасқан.
Теңіз паромдарына қызмет көрсету үшін паром станцияларын жасайды.
Контейнерлерге коммерциялық және техникалық қызмет көрсету үшін, сүрыптау, уақытша сақтау және қайта тиеу, қабылдау, жөнелту операцияларына байланысты операцияларды орындау үшін, ірі қалаларда және порттарда арнайы терминал-станцияларын жасайды, оларда жүк қимылдарына қызмет көрсету үшін жолдар және қайта тиеу кешені болады. Қазақстан Республикасының темір жолдарының және көрші елдердермен шекаралық аудандарында шекаралық станциялар және мемлекет арлық беру станциялары бар, олар тек технологиялық және коммерциялық операциялар жүргізіп қоймай, сонымен қатар кедендік, шекаралық, медицина-санитарлық, санитарлы-карантин және басқа операцияларда жүргізеді.
Жұмыс көлемінен және сипаттамасынан тәуелді жүк станциялары барлық темір жол станциялары сияқты, жолаушылар станцияларынан басқа, алты классқа бөлінеді: жоғарғы класс, 1, 2, 3, 4, 5 класстар.
жүк станцияларында көп көлемде келесі жүк және коммерциялық операциялар жүргізіледі: тасымалға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, сұрыптау және жүктерді беру; контейнерлерді өңдеу, тасымал құжаттарын ресімдеу, жүктің қабылданғаны, вагондардың тиеу және түсіру орындарына берілгені туралы жүк жөнелтушілерге және қабылдаушыларға хабарландыру, жүктерді іздестіру, қаржы және касса есебі, тасымал ақысын есептеу және орталықтандырылмаған есептерде жүк қабылдаушылардан және жөнелтушілерден төлем алу.
Сонымен қатар жүк станцияларында техникалық операциялар жүргізіледі: қозғалыс кестесі бойынша поездарды қабылдау және өткізу, тарату, құрастыру, коммерциялық тексеру, техникалық қызмет көрсету және поездарды жөнелту, тиеу-түсіру орындарына вагондарды беру және жинау, өнеркәсіптердің кірме жолдарына және порт жағалауларына қызмет көрсету, құрамдарға қабылдау және жөнелту бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізу және с.с. жеке жағдайларда жүк станцияларында вагондарды жуу және дезинфекциялау және басқа операциялар (жолаушылар тасымалы және қала арлық билеттер сату) жүргізіледі.
Жүк, коммерциялық және техникалық операциялардың орындалуы барысында поездардың қозғалыс қауіпсіздігі және жылдамдығы және қабылданған контейнерлердің, жүктердің сақталуы қамтамасыз етілуі керек.
Барлық және кейбір операциялар орындалуы үшін темір жол станцияларын ашу немесе жабу «Қазақстан Республикасының темір жол көлігі жайлы» заңына сәйкес жүргізіледі.
Қабылдау және жіберу, тиеу, түсіру және уақытша сақтау операцияларының орындалуы үшін станцияларды ашық платформа және жабық қоймалармен қамтамасыз етеді. (1,2-сурет).

1- сурет.Жабық және ашық платформалы жабық қойма
Ірі жүк станцияларында жеке жүк түлерін қайта өңдеу үшін арнайы қоймалар тұрғызады: контейнерлік пункт(3-сурет), ұсақ жіберулер үшін сұрыптайтын платформа(4-сурет), ауыр салмақты жүктер үшін алаңдар, шашылатын жүктерге арналған қойма.

2- сурет. Жанынан бір жол енетін ангарлы қойма.

3- сурет. Контейнерлік пункт.

4- сурет. Сұрыптау платформасы.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:


1. Жүкті тиеуде қандай жалпы шартарды сақтау керек?
2. Вагондарды және құжаттарды станцияларда қабылдау және өткізу реті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет