Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет149/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

ТІРКЕЛГЕН ШЕГЕРІМ (ТШ)


Тіркелген шегерімді қолданғандағы АСР баламалы болып табылады және па- тент немесе оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану кезінде ескерілмей- тін шығындары бар ЖК келеді.
Бұл режим жалпыға белгіленген режиммен ұқсас, алайда өзгешеліктері де бар

  • құжаттамалық растаусыз белгіленген шегерім, табыс сомасы бойынша және жұ- мыскерлер санын шектеу.

Яғни ЖК, салық салынатын табысты анықтауда шегерімге қатысты шығындар сомасына табыстың 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сома- сын енгізуге құқылы. Бұл мынандай жағдайларда түзетуге жатады:

  1. тауарды толық немесе ішінара қайтару;

  2. келісім шартын өзгерту;

  3. сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар мен көр- сетілген қызметтер үшін бағаларды, компенсацияларды өзгерту;

  4. бағалардан шегерімдер, сатудан шегерімдер;

  5. шарт талаптарына сәйкес, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орын- далған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютада төлемге жата- тын соманы өзгерту;

  6. ЖК-дан талаптарды алып тастау.

Бұл ретте, шегерімге қатысты шығындар сомасы, белгіленген шегерімді қосқан- да, түзетулерді қоса есептегендегі табыс сомасының 70%-ынан аспауы керек.
ТШ қолдану мақсатында шегерімге мына шығындар түрлері жатады:

  1. тауарларды сатып алуға кететін;

  2. Салық кодексінің 257-бабына сәйкес шегерімге жататын, қызметкерлердің есептелген табысы және жеке тұлғаларға басқа да төлемдер бойынша;

  3. Салық кодексінің 263-бабына сәйкес шегерімге жататын, салықтар мен бюд- жетке төлемдер төлеу;

  4. Салық кодексінің 244-бабына сәйкес шегерімге жататын қызметтік іссапар кезіндегі компенсация сомасы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шегерімге жататын шығындар белгіленген нормадан ас- пауы керек, яғни 30%.
Бұдан басқа, егер осындай шығындар табыс алуға бағытталған қызметпен бай- ланысты екенін растайтын құжаттары бар болса, шегерімдерді салық төлеушілер жүргізеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет