Бағдарламасы «бастау бизнес»


Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру



бет28/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру


Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдірудің негізгі шаралары бірінші кезекте клиенттерді қамтуды кеңейтуге, ұсақ және орта шару- ашылықтарды, кооперативтерді тартуға бағытталатын болады.
Атап айтқанда, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қызметін АШТӨ-ні тікелей қолдау құрал- дарын іске асырудан ауылдық жерде қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі кешенді шараларды іске асыруға біртіндеп қайта бағдарлау жоспарла- нуда.
Кейіннен АӨК субъектілеріне кредит беруі үшін жеке қаржы институттарын, атап айтқанда, кредиттік серіктестіктер мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қорландыру үшін капитал нарықтарынан қаражат тартылатын болады.
Сондай-ақ кредиттік серіктестіктер мен кооперативтердің қызмет стандарт- тары мен қағидаларын әзірлеу, кредиттік серіктестіктердің қызметін бақылау-қа-
дағалау функцияларын жүзеге асыру функциялары бар өзін-өзі реттейтін ұйымда- ры құрылатын болады.
АШТӨ-ге түсімді неғұрлым жоғары баға маусымы кезеңінде өткізу мүмкіндігін беру мақсатында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын бюджеттік қаржылан- дыру тетігі қайта қаралатын болады.
Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтер желісін кеңейту және дамыту, сон- дай-ақ депозиттер қабылдауды кредиттік серіктестіктер жүзеге асыратын опера- циялар тізбесіне қосу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
«ҚазАгроКепіл» АҚ қаржы ұйымдарының қарыздары бойынша кепілдіктер бе- ретін болады. Сондай-ақ «ҚазАгроКепіл» АҚ өсімдік шаруашылығы мен мал шару- ашылығындағы сақтандыру жүйесіне қатысатын болады.
Аталған өзгерістер кредиттік кооперация жүйесіне АӨК-ні дамыту міндеттерін шешу үшін ауыл халқының қаражатын тартуға, кредиттік серіктестіктердің мемле- кеттік қаржылық қолдауға тәуелділігін төмендетуге, ауыл халқының қалың жігіне кредиттік ресурстарға қолжетімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
    1. МИКРОКРЕДИТТЕУ, КЕПІЛДЕНДІРУ, СУБСИДИЯЛАУ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет