Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет47/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Қолданыстағы кредиттер


Қолданыстағы несиелерден бас тарту, банктің пікірінше, олардың бәрін төлеу мүмкін еместігіне байланысты. Бұл қарыз алушының кірісіне байланысты: егер тіпті қарыздың өтелмеген қарыздарын өтеу жеткіліксіз болса, жағдайды қиындату- дың қажетті жоқ. Өйткені көпшілігі кредитті бұрынғы кредиттерін төлеу үшін алады да тұйықтан шыға алмайды.
  1. Жеткіліксіз табыс


Егер кредит бойынша ай сайынғы төлемдер ай сайынғы кірістің жартысынан асатын болса, онда кредит берілмейді. Ипотекалық кредит беру кезінде төлем қабілеттілігін есептеуде отбасының жиынтық табысы есепке алынады, әдетте ер- лі-зайыптылар ипотекалық кредит алу үшін қоса қарыз алушы ретінде әрекет етеді.
  1. Жасы шамасы


Барлық банктер 21 жастан бастап несие бере бермейді, әсіресе, 18 жастан (әдетте, 23-24 жастан бастап). Зейнеткерлерге немесе зейнеткерлікке жақын адамдарға келетін болсақ, қарызды толық өтеген кезде (яғни соңғы төлемді жа- саған кезде) қарыз алушының жасы банк белгілеген деңгейден аспайтынын білу маңызды (мерзімінде жұмыс істейтін және уақытында табыс алатын тұлға кредитке қосымша кепілгер ретінде сұралады).
  1. Жалған ақпарат, бизнес-жоспардағы қате ақпарат немесе жалған құжаттар


Банктер болашақ қарыз алушыларды тексеру әдістерін үнемі жетілдіріп оты- рады, сондықтан олар жалған құжаттарды немесе жалған ақпаратты анықтайды. Сонымен қатар кредит беруден бас тартып қана қоймай, алаяқтық бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарта алады
  1. Кепіл мүлкі құнын бағалаудағы мәселелер


Егер қарыз алушы аккредиттелмеген немесе күмәнді компанияда кепілдік құ- нының тәуелсіз бағалауын жүргізсе, сондай-ақ талап етілген сомадан бағаланған кепіл құны жеткіліксіз болса, онда сізге кредит беруден бас тартылуы мүмкін. Кеп- ілдік құнын бағалауды кредит алынатын жылы жүргізу қажет.
  1. Кредит мақсатқа сай емес болса


Қарыз алушы белгілі бір мақсаттарға (жөндеу жұмыстарына, демалысқа, бизне- ске) кредит алғысы келсе, кредит берудің белгілі бір бағдарламасына жүгіну қажет екенін түсіну маңызды. Мысалы, бизнес бастау немесе автомобиль алу үшін тұты- нушылық кредит ала алмайсыз. Банктерде тіпті тұрмыстық техника, жиһаз, телефон, компьютер және т.б. үшін арнайы кредиттер бар. Ал тұрмыстық қажеттіліктер үшін мақсатқа сай емес кредит ресімдеу оңай.

«ҚазАгроГарант» АҚ келесі жағдайларда кепілдік беруден бас тартады:



  1. Жобаның экономикалық мақсатқа сай еместігі және тиімсіздігі;

  2. Жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеуі;

  3. Бағдарламаға қатысушының және/немесе олармен үлестес заңды және/не- месе жеке тұлғалардың кредит тарихының дұрыс болмауы;

  4. Микрокредиттер бойынша берілген кепілдіктер үшін комиссияны төлеу тура- лы ЖАО-мен жасалған шарттың бұзылуы;

  5. Микрокредиттеу ұйымының МҚҰ/КС-терді қорландыруын тоқтату.



Берілген оқу модулі аясында кез келген кәсіпкер мемлекеттік қолдау шарала- рына ие бола алатындығын білдік. Берілген бағдарламаларға қатысу мақсатында
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры, services.atameken.kz, farmers.kz сайттарының мониторингісін жасау қажет, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдіктерінен кеңес алып немесе call-центр 1432 номеріне телефон шалу қажет.
Сонымен біз мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен ісін жаңадан кәсіпкерлерді несиелеу механизмдерімен таныстық. Келесі маңызды қадам – бизнес-идея таңдау, себебі барлық жетістік пен табыс дұрыс бизнес-идея таңдаудан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет