Кез келген компанияның міндеті мен тілегі пайдасын арттыру әрі өз саласында лидерлік позицияларға қол жеткізу болып табылады. Сондықтан ішкі факторларды жақсартумен қатар, сыртқы факторлармен де жұмыс істеу қажет. Бұл дегеніміз өт- кізу нарығын кеңейту болып табылады.
Осы процестің негізгі бағыттары мыналар:
Өз тауашасындағы орнын ұлғайту. Әдетте, тауардың сапасын жақсарту, қосым- ша қызмет көрсету, өнімнің сатып алушылардың жекелеген тобына арналған жаңа нұсқасын шығару есебінен қол жеткізіледі.
Басқа нарықтарға шығу. Бұл жағдайда компания өткізудің неғұрлым жоғары деңгейіне кеңейеді.
Чектің орташа сомасын ұлғайтуға мүмкіндік беретін қосымша тауарларды шығару.
Сатуды ұлғайту
Іс жүзінде сату көлемін арттырудың үш негізгі стратегиясы бар.
Нарықта бұрыннан бар немесе жаңа тауар жаңа сатып алушыларды тарту әле- уетіне ие. Яғни бұл туралы мүлде білмейтін тұтынушылар бар, ал олардың арасын- да осы тауарды сатып алатындардың белгілі бір пайызы бар. Бұл жағдайда марке- тингілік қызметтің міндеті – осы тұтынушыларға ақпаратты жеткізудің тәсілдерін іздеу және іске асыру. Сондай-ақ бәсекелестерден сатып алатын тұтынушылар то- бымен де жұмыс істеуге болады.
Қолда бар тауарды пайдаланудың жаңа тәсілдерін іздеу.
Өнім тұтынуын ұлғайтуды ынталандыру.
Кейбір жағдайларда компания тауарларын сата отырып, өз өнімі үшін қосым- ша қызметті ұсынып, қызметтер көрсету нарығына шығуы мүмкін. Әдетте, мұндай тәсілге жаңа тауарды құруға және ілгерілетуге қарағанда әлдеқайда аз қаражат жұмсалады.
Кез келген табысты бизнес тұрақты клиенттерден құралады. Өзіңіз де жаңа клиенттерге қарағанда, бұрынғы клиенттерге сату жеңіл әрі арзан екендігі туралы статистиканы талай рет естіген шығарсыз.
Цифрларды егжей-тегжейлі қарастырайық:
– Жаңа клиентті тартуға кететін шығын бұрынғы клиенттерді ұстауға қараған- да, салаға байланысты 5-тен 10 есе қымбатқа түседі;
Клиенттердің кету ағынын 5-10% қысқарту компанияға 75%-ға дейін қосым- ша табыс әкелуі мүмкін;
Нарық қаныққан сайын әрбір жаңа клиентті тартуға кететін шығын артады, ұстап қалу шығыны үнемі төмен деңгейде сақталады;
Тұрақты клиенттер пайызының жоғарылығы бизнестің тұрақтылығын және оның сыртқы инвестициялар үшін тартымдылығын қамтамасыз етеді.
Сондықтан да көптеген кәсіпкерді «клиенттердің бізге қайта оралып, сатып алулары үшін не істеу керек?» деген сұрақ мазалайтыны қисынды.
Іргелі факторлардың бірі – клиентке бағдарлану. Болашақ – тек клиентке бағдарланған компаниялар үшін.
Екіншісі – клиенттермен арақатынасты басқару. Бұл үшін сізге CRM-жүйе керек болады.