Органикалық химия
Органикалық қосылыстардың шикізат ретіндегі көзі: мұнай, газ, көмір. Оларды өндіру кезінде алынатын көмірсутектер. Алкандарды термиялық және катализдік крекингілеу.Алкандардың құрылысы, С-С және С-Н байланыстардың табиғаты (sp3- гибридтену). Алкандарды конформациялық талдау, конформациялар, Ньюмен формуласы. Қаныққан көмірсутектердің радикалды орынбасу реакциялары: галогендену, нитрлену, сульфохлорлау, тотығу. Алкандарды өндірісте және лабораторияда алу әдістері (Вюрц реакциясы, карбон қышқылдарының тұздарын алу, алкендерден, алкиндерден алу, мұнайды крекингілеу).Алкендердің құрылысы (sp2 –гибридтену). Кеңістіктік цис-, транс- изомерия. Мұнайдан, алкандардан, алкиндерден, спирттерден, алкилгалогенидтерден (Зайцев ережесі), төртіншілік аммонийлі негіздерінен (Гоффман реакциясы). Алкендердің электрофильді қосылу реакциялары, реакция механизмі. - және - комплекстер туралы түсінік. Марковников ережесі және оның қазіргі кездегі негіздемесі. Хараштың асқын тотығу эффектісі. Алкендердің тотығу және полимерлену реакциялары. Диен көмірсутектері. Қабысу эффектісі. 1,2- және 1,4 – қосылу реакциялары. Табиғи және жасанды каучук, қасиеті мен қолданылуы. Алкиндердің құрылысы (sp –гибридтену). Алкиндерге галогендердің, галогенсутектердің, судың (Кучеров реакциясы), сутектің, спирттердің, цианосутектердің қосылу реакциялары.Жылжымалы сутектің қатысуымен өтетін акиндердің реакцисы: ацетанилидтердің синтезі. Ацетиленді өндірістік және лабораториялық жолдармен алу әдістері, олардың гомологтық қатары. Алкилгалогенидтердегі нуклеофильді орынбасу реакцияларының жалпы заңдылықтары. SN1 және SN2 механизмдері. Циклоалкандар, жіктелуі, изомериясы. Оларды алкендерден, алкиндерден, галогентуындылардан, екі негізді карбон қышқылдарының тұздарынан және қышқылдардан синтездеу әдістері. Циклоалкандардың тұрақтылығы.
Бензол құрылысының ерекшеліктері. Хюккель ережесі. Бензоидты емес ароматты жүйелер. Арендерді өндірістік және лабораториялық жолмен алу әдістері (алкандарды ароматтау, циклопарафиндерден, диенді синтезбен, Фридель-Крафтс реакциясымен, оксоқосылыстардан, ацетиленнен магнийорганикалық синтез арқылы). Ароматтық ядрода орын басу бағытына орынбасарлардың әсері. Бағытталу ережелері. Келісілген және келісілмеген бағытталуы. Арендердің бүйір тізбектері арқылы өтетін реакциялары: галогендену, нитрлену, тотығу, дегидрлену. Конденсiрленген ароматты көмірсутектер (нафталин, антрацен, фенантрен).Спирттерді алу әдістері: алкандардан, алкендерден, оксоқосылыстардан, галоидты алкилдерден, магнийорганикалық қосылыстардан. Кумолды әдіспен, сульфоқышқылдардың тұздарынан, диазоқосылыстардан, арилгалогенидтерден фенол және нафтолдардың синтезделуі. Спирттердің қышқылды-негіздік қасиеттері. Спирттермен салыстырғанда фенолдардың қышқылдығының жоғары болуының себептері. Көп атомды спирттер: этиленгликоль және глицерин, олардың өндірістегі синтезделуі (этиленнен, пропиленнена, майлардан). Екі және үш атомды фенолдар. Альдегидтер мен кетондардың құрылысының ерекшеліктері және реакцияға түсу қабілеттері. Оксоқосылыстарға: натрий бисульфиті, цианосутекті және спирттерді нуклеофильді қосып алу реакциялары. Оксоқосылыстардың тотығу-тотықсыздану реакциялары. Оксоқосылыстардың кето-енолдық таутомериясы. Қанықпаған альдегидтер мен кетондардың альдольды-кротондық конденсациясы., олардың қасиеттері. Ароматты альдегидтердің ерекше қасиеттері. Карбоксил тобының құрылысы. Карбон қышқылдарының реакциялары. Екі негізді карбон қышқылдары: қымыздық сірке, малон, янтарь қышқылдары, олардың ерекше қасиеттері. Қанықпаған қышқылдар: акрил және метакрил, олардың қасиеттері. Екі негізді карбон қышқылдары: фумар және малеин қышқылдары, олардың қасиеттері. Ароматты карбон қышқылдары: бензой, корич, салицил, галл.қышқылдары қанықпаған және ароматты карбон қышқылдарының алынуы. Майлар және олардың құрамына кіретін қышқылдар және жануарлар майлары. Сабын. Фталь және терефталь қышқылдары. Полиэфирлік талшықтар. Оксиқышқылдарды синтездеу әдістері. Оксиқышқылдардың стереохимиясы. Сүт қышқылының оптикалық антиподтары. D және L – қатарлары. Амин қышқылдары, қасиеттері. Ди- және трипептидтердің синтезі. Ақуыздар, олардың жіктелуі. Ақуыздардың бірінші, екінші реттік және т.б. құрылыстары.Сульфотоптың құрылысы. Алифатты қатардың сульфоқышқылдары, алынуы. Ароматты сульфоқышқылдары және оларды алу әдістері. Сульфирлеуші реагенттер, электрофильді орын басу реакциясының механизмі. Бензолды және оның гомологтарын сульфирлеу. Бензол ядросындағы электрофильді орын басу реакциясындағы бағыттау ережелері. Ароматты ядродағы сульфоқышұылдарының топтық туындыларының алынуы мен қасиеттері: хлорангидридтер, амидтер, күрделі эфирлер. Сульфамидтік препараттар. Нитротоптардың құрылысы, изомериясы, номенклатурасы, алифатты нитроқосылыстардың қасиеттері. Таутомерия, сілтілі және азотты қышқылға қатынасы. Алифатты және ароматты нитроқосылыстардың синтезделу әдістері. Бензолды, толуолды, нафталинді нитрлеу жағдайлары. Нитрлеуші реагенттер. Нитробензолдағы нуклеофильді орын басу реакциясы (сутек атомы және галоген). Алифатты және ароматты аминдердің синтезделу әдістері. Диаминдер. Этилендиамин және гексаметилендиаминнің синтезделу әдістері. Синтетикалық полиамидті талшықтар. Амин топтарының қатысуымен өтетін реакциялары: аминдердің, анилиннің алкилденуі мен ацилденуі. Төртіншілік аммоний тұздарының алынуы мен ыдырауы. Бензол ядросының қасиетіне амин тобының әсері: анилиндегі электрофильді орын басу реакциясы (галогендену, сульфирлеу). Алифатты және ароматты аминдердің негізгі және нуклеофильді қасиеті. Аминдердің негіздік қасиеттерінің өзгеруі және құрылысы. Азотты қышқылымен біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдерінің өзара әрекеттесуі. Изонитрилдердің түзілуі мен олардың қасиеттері. Диазометан және оның құрылысы, алу әдістері. Метилдеуші агент ретінде диазометанның қолданылуы. Альдегидтермен, кетондармен, хлорангидридтермен реакциясы. Азоқосылыстың өту жағдайлары. Азобояғыштар. Индикаторлық ауысулар. Азот бөлінбей жүретін диазоқосылыстар реакциялары, тотықсыздануы, триазендердің түзілуі.Ароматты диазоқосылыстардың синтезі. Диазоқосылыстардың механизмі. құрылыс және таутомерия.Азот бөле жүретін диазоқосылыстардың реакциялары: диазотоптардың сутегіге, гидроксилге, галогенге, цианоға және нитротоптарға ауысуы. Фишердің проекциялық формулалары және оларды қолдану ережелері. Жүзім қышқылы және оның стереохимия. Көмірсулар, жіктелуі. Моносахаридтер: альдозалар мен кетогексозалар. Көмірсулардың стереоизомериясы.Фишердің формуласынан Хеуорс формуласына өтуі. Гликозидтік гидроксилдің ерекше қасиеттері. Мутаротация. Моносахаридтердің тотығу-тотықсыздану реакциялары.Дисахаридтер. Тотығатын және тотықсызданбайтын қанттар. Гетероциклды қосылыстар. Ароматты бес мүшелі гетероциклдердің табиғаты және гетероатомның табиғатына байланысты ароматты бесмүшелі гетероцикл ароматтылығының табиғаты. Бес мүшелі гетероциклдар: тиофен, пиррол, фуран. Оларды синтездеу әдістері. Пиррол. Формальдегид пен құмырсқа қышқылымен пирролдық конденсациясы. Пирролдық туындылары: пирролин, пирролидин, пирролидон. Фуран. Химиялық қасиеттері: қосылу, орын басу, тотығу реакциялары. Фуранның туындылары. Тиофен. Химиялық қасиеттері: қосылу, орын басу, тотығу реакциялары Тиофен, пиррол, фуран. Олардың физикалық қасиеттері мен қышқылды-негіздік өзгерулері. Бірнеше атомы бар бес мүшелі гетероциклды қосылыстар, құрылысы. Номенклатура. Пиразолдық қасиеті. Бірнеше атомы бар бес мүшелі гетероциклді қосылыстар. Имидазолдық қасиеті. Пиридиннің құрылысы. Алынуы және қасиеттері. ішіншілік амин ретінде пиридиннің реакциясы.Пиридиннің ядросындағы электрофильді орын басу реакциясы (нитрлеу, сульфирлеу, бромдау). Пиридиннің ядросындағы нуклеофильді орын басу реакциясы. Пиридиннің туындылары: аминопиридиндер, пиколин, никотин және изоникотин қышқылдары. Хинолин, изохинолин, акридиннің құрылыс мен қасиеті. Екі гетероатомы бар алты мүшелі гетероциклді қосылыстардың құрылысы мен негізгі қасиеттері (пиримидин, пиридазин). Пиримидиннің туындылары, олардың табиғаттағы ролі.
Физикалық химия
Термодинамика: пән, мақсаттар, объекті. Термодинамиканың негізгі түсініктері: термодинамикалық жұйе, термодинамикалық ауспалар, күй тендеуі, жағдайдын сипаттаушы функциялары, термодинамикалық жүйелердің жағдайлары, термодинамикалық процестер.
Термодинамиканың нөлінші бастамасы, термодинамиканын бірінші заңы.Термодинамиканын бірінші заңын қарапайым процестерде қолдану. Жылусыйымдылығы.
Термохимия химиялық термодинамиканын бір саласы ретінде. Термохимиянын негізгі түсініктері.Гесс заңы. Оның салдарлары және қолданылуы.
Жылу эффектілерінің негізгі түрлері. Кейбір термохимиялық заңдылықтар бойынша ΔН есептеу. ΔН пен ΔU калориметрлік өлшеулер арқылы анықтау.
Термодинамиканын екінші заңының - негізгі анықтамалары (Клаузиус және Томсонның постулаттары, Каратеодоридың анықтамасы)
Энтропия күй функциясы, ашық және жекеленген жүйелерде процестердің өзбетінше жүруінің және бағытталуынын критериі ретінде. Энтропияны есептеу.
Изохоролық-изотермиялық потенциал (Гельмгольц энергиясы – бос энергия), изобаралық-изотермиялық потенциал ( Гиббс энергиясы)
Сипаттаушы функциялар және сипаттаушы теңдеулер. Максвел теңдеулері.
Термодинамиканын үшінші заңы. Нернстің жылулық теоремасы. Планктың постулаты. Абсолюттік энтропия түсінігі.
Әрекеттесуші массалар заңы. Вант-Гофф изотермасының теңдеуі. Тепе-тендіктің термодинамикалык константасы түсінігі. Тепе-тендік костантасынын температураға тәуелділігі, Вант-Гоффтын изобараның және изохораның теңдеулері.
Вант-Гоффтын изобараның және изохораның теңдеулері. Парциальдық мольдық шамалар. Химиялық потенциал. Генри заңы, таралу заңы, Коноваловтың заңдары.
Термодинамиканын екінші заңың бірінші ретті фазалық аусуларғы қолдану. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі.
Фазалық тепе-тендіктін негізгі түсініктері және анықтамалары. Фаза және компонент. Тәуелсіз компонент саны. Тәуелсіз параметірлер саны – бостандық дәреже саны.
Гиббстын фазалық ережесін термодинамикалық жолмен шығару. Диаграммаларды геометриялық әдіспен салу. Бір компоненті жүйелердін күй диаграммасы. Күкірттің күй диаграммасы. Монотропты және энантиотропты өзгерістер. Екі компоненті жүйенің қасиеттері. Ерігіштік: өзара шексіз ерігіштік және өзара шектелген ерігіштік. Өзара толық ерімеу. Р=const жағдайдағы екікомпонентік күй диаграммасы. Жай эвтектикалық қарапайым күй диаграммасы.
Эвтетикалық және қатты күйді компонентердін бір-бірінде ерігіштінің шектеулі аудандары болатын екі компоненті күй диаграммалары.
Сүйық және қатты күде компонентердін бір-бірінде ерігіштігі шексіз болатын екі компоненті күй диаграммалары. Қатты ерітінді жүніндегі түсінік.
Конгруентті (ыдыраусыз) балқыйтын химиялық қосылыс түзілетін екі компонетті күй диаграммалары.
Инконгруентті (ыдыраумен) балқыйтын химиялық қосылыс түзілетін екі компонетті күй диаграммалары.
Үш компонентті жүйелердін үшін фазалар ережесі.
Қарапайым үш компонентті жүйелердін диаграммалары: Гиббс және Розебом үшбұрыштары. Үш компоненті жүйелердің көлемдік күй диаграммасы.
Химиялық кинетика: қарапайым және күрделі реакциялар (химиялық реакцияның механизмі, элементарлы акт, реакцияның реттігі және молекулалығы)
Қайтымды және қайтымсыз реакциялар.
Нөлінші, бірінші, екінші, n-нші қайтымсыз реакциялар.
Күрделі химиялық рекциялар: параллель реакциялар, тізбектелген, қосарланған реакциялар.
Температуранын реакция жылдамдығына әсері: Вант-Гофф ережесі, Аррениус теңдеуі.
Химиялық кинетика теориялары: активті соқтығысулар теориясы, активтендірілген комплекстер теориясы. Гомогендік катализ. Қышқылдық – негіздік катализ.Автокатализ. Гетерогендік катализ жөніндегі түсінік. Гетергондік катализдегі активті орталықтар теориясы. Гетерогендік катализ жөніндегі түсінік. Катализдың мультиплеттік теориясы. Гетерогендік катализ жөніндегі түсінік. Активты ансамбілдер теориясы. Электролиттік диссоцияция теориясы. Активтілік және активтілік коэффициенті. Сольватация (гидратация). Күшті электролиттердің теориясы. Электорихимиялық тізбектер.Электродтық потенциалдар. Токтын химиялық көздері. Электролиз. Негізгі түсініктері.Электролиздың заңдары.
Коррозия теориялары. Коррозиялық диаграммалар. Металдардың электрохимиялық коррозиясы. Металдардын пассивтыгы. Коррозияны қорғау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |