Бақылаудың түрлері: - Қосылған (мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады) - Қосылмаған. - Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда (мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі.
Сауалнама - деректерді сұрақ – жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда арнайы дайындалған сұрақтар жүйесі арқылы зерттелетін обьект жөнінде бастапқы ақпарат жинаудың барынша кең таралған әдісі.
Сауалнама нұсқалары (байланысу формалары бойынша): 1. Жеке немесе жанама түрде (таратылатын, почталық, телефон, онлайн, баспасөз арқылы).
2. Жеке немесе топтық.
3. Еркін немесе қалыпқа келтірілген, (бағытталған).
4. Ауызша немесе жазбаша.
5. Тұтас немесе іріктеме.
6. Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.
Анкета жүргізу – кең тараған әлеуметтік әдістің бірі, бұл сауалнаманың жазбаша түрі. Анкета үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі (мазмұнды бөлім) бөлім және әлеуметтік – демографиялық бөлім (паспортичка).
Интервью (ағылш. Interview – әңгімелесу) – респондентпен тікелей диалог арқылы ақпарат алу әдісі, мұның мақсаты социологиялық зерттеу бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.
Интервьюдің түрлері 1. Қалыпқа түспеген интервью – белгілі-бір тақырыпта еркін диалог, мұнда сұрақтар (ашық) сөйлесу контексінде құрылады және жауаптарды белгілеу формасы стандартталмаған. Ең алдымен, бұл жалпы бағдарлама бойынша сұрақтарды қатаң жіктемеген әңгімелесу. Мұндай әңгімелесулер ұзағырақ (3 сағатқа дейін), зондажды, тексеру ретінде пайдалынылады.
2. Жартылай қалыпта интервью – диалог барысында тақырып бойынша бұрын әзірленген және қосымша сұрақтар қойылады. Мұндай түрдегі интервью зерттелетін ақиқаттың құүрылымына тереңірек бойлауы, зерттелетін топтардың сипаттамаларындағы ұсақ айырмашылықтарды анықтау мүмкін.
3. Қалыпқа түсірілген интервью – сұрақтар «жабық» сұрақтар (анкета – интервью) карточкасын пайдалына отырып, сұрақтарды қоюдың құрылымдары мен тәртібін өзгертуге жол берілместен бұрын дайындалған сұрақтамалар бойынша қойылады.