Этникалық қауымдастық - бұл шығу тегінің ортақтығымен және бірлесе өмір сүрудің ұзақтығымен өзара байланысқан адамдардың топтары. Адамдар жылдар, ғасырлар бойы ұзақ бірлесе тіршілік еткен әрекеті кезінде әрбір топ шеңберінде оларды бір-бірінен ерекшелендіріп көрсететін тұрақты және ортақ белгілер қалыптасады. Мұндай белгілердің қатарына тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, қайсыбір халыктың немесе этностың (әр түрлі тілдерде жеке ғылыми әдебиеттерде «халық» және «этнос» терминдері синоним ретінде қолданылады) қалыптасу үстіндегі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тағы басқалар жатады.
Тайпалар негізінен көне этникалық қауымдастықтарға жатады. Олар этностың алғашкы элементі болып табылады. Бұл - екі немесе бірнеше руларды әр түрлі байланыстар мен қатынастардың көмегімен біріктірген алғашқы ірі қауымдастық. Рулардың тайпаға бірігуі қандас туыстық пен ортақ аумақтың негізінде жүзеге асқан болса, ал тайпалардың өмірі мен әрекет-қызметі туыстық және әлеуметтік байланыстарға негізделген еді.
Әрбір тайпаның өзіндік этникалық қауымдастық белгілері болды: олар бір-бірінен өздерінің шығу тегімен, тілімен, қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен, қарапайымнан салыстырмалы түрдегі жоғары дамыған материалдық және рухани мәдениетке жету көріністері арқылы ерекшеленді. Әрбір тайпада өзіндік этникалык сана-сезім қалыптасты. Этникалық сана-сезім этнонимге (атауға) ие болған.
Тайпалар - алғашқы қауымдық құрылыстың ұйымдық түрі. Бұл кұрылыс әр түрлі тарихи дәуірлерде, жер бетінің әртүрлі құрлықтарында пайда болып, өмір сүрді. Олар қазіргі Азия, Амеркка, Африка мен Австралия кұрлықтарының кейбір бөліктерінде әлі де өз дәстүрлерін жалғастырып, өмір сүріп келеді. Алғашқы қауымдық коғамда тайпалар пайда болып, тіршілік еткен. Сонымен қатар, өндірістік және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі нәтижесінде тайпалар арасында ірілену процесі жүрді, сөйтіп, тайпалар одақтары құрылды. Осыдан бастап бірқандас туыстык қатынастар этникалык, қауымдастықтын, негізі болудан бірте-бірте қала бастады да, оның орнын бара-бара әлеуметтік байланыстар алмастырып, күшейе берді. Тайпаларда меншіктік жіктеліс артқан сайын мүліктік әркелкілік шықты. Бұл тайпалық басқару түріне сәйкес келмеді. Сөйтіп, тайпалардың ыдырауы мен таптық қоғамның пайда болу процесі басталды.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына орай тайпалар да ыдырады. Туыстық қарым-қатынастардың орнына енді алдыңғы қатарға адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар шықты. Тайпа болса әлеуметтік өркениетке өтуіне орай этностың екінші элементі, этникалық қауымдастықтың басқа типі - ұлысқа, халықка өз орнын босатып берді.
Ұлыс — тайпалық катынастардың ыдырау нәтижесінде, аумақтың тілдің, мәдениеттің, шаруашылықты жүргізу мен тұрмыстың бір-біріне орайластырыла жақындасуының негізінде қалыптаскан адамдар кауымдастығы.