дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу;
оқу әрекеттерін дамыта отырып, тілдік дағдыларын жетілдіру;
дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру;
сөзді біртіндеп тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;
естілген дыбыстардың типтерін, яғни фонемаларды ажырата білуге үйрету;
көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
жеке дыбыстарды әріптермен таңбалау: әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
сөздік қорын байыту;
өз ойын жеткізе білуге үйрету.
Әліппе кезеңінің міндеттерін айқындауда А.Байтұрсынұлының дыбысты әдісі, жалқылаулы-жалпылау әдісі, жазу-оқу әдісі негізге алынды.Ескерту: І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі:
Әліппеге дейінгі кезең
Әліппе кезеңі
графикалық диктант
1-3 таңба
әріптік диктант
3-5 әріп
буын диктанты
3-6 буын
сөздік диктант
2-5 сөз
Диктант
3-12 сөз
Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.