Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет170/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171
Шошқа цистицеркозы 
Шошқа цистицеркозы – антропозооноз, Taenia solium цестодының балаңқҧрт 
сатысындағы,  адамның  ішегінде  тоғышарлық  ететін  Cysticercus  cellulosae 
туындатады.  Цистицерктердің  ӛздері  шошқаның  еттерінде,  жҥрек,  ми,  кӛз,бауыр 
және ӛкпесінде; адамдардың – бас миында және кӛздерінде орналасады. 


172 
 
Қоздырғышы.  Жынысы  жетілген  цистицерктер  –  мӛлдір  кӛпіршіктер 
эллипсоид формалы ҧзындығы 6-20 мм және ені 5-10 мм. 
Аралық иелері – шошқа, қабан, аю, тҥйе, ит, мысық, қоян, және адам.  
Қоздырғыш биологиясы.  Адам – жалғыз дефинитивтік иесі. Қҧрттың жетілген 
буынтықтары  адам  дәретімен  бірге  сыртқы  ортаға  шығады.алада  ауа-райының 
әсерімен жҧмыртқалар проглоттидалардан босап, шашылып жем-шӛпті, суды, қора 
маңайын  ыластайды.  Қорегін  іздеп  жҥрген  шошқа  қҧрт  жҧмыртқаларын  жҧрыт 
зақымданады.  Ас  қорыту  жҥйесіне  тҥскен  жҧмыртқалардан  ӛте  ҧсақ  онкосфералар 
шығып  ішекке  жетеді.  Олар  қармақшаларымен  ішектің  қабатын  тесіп,  қанға  енеді, 
одан  хайуанның  барлық  денесіне  тарап,  ағзалардың  ет  тармақтарына  тҧрақтайды. 
Олар  ӛсіп-ӛніп  2-4  айдай  мерзімде  кӛпіршік  финнаға  айналады.  Шошқа 
цистицерктерінің тіршілік ету ҧзақтығы 3-6 жыл. 
  Taenia  solium  адам  ҥшін  тек  дефинитивтік  иесі  ғана  емес  және  ақтық  иесі 
болып  табылады.  Адам  цистицеркамен  зақымданған  шошқа  етін,  қабан  немесе  аю 
етін  жеп  тениоз  ауруына  шалдығады.Оның  ішегінде  парзит  ӛзінің  жыныстық 
сатысын  2-3  ай  ішінде  жетеді.  Кейбір  жағдайларда  цестоданың  жҧмыртқаларын 
адам  ластанған  жеміс-жидек,  кӛкӛніс  арқылы  жҧқтырады.  Кейде  ішінде  шошқа 
таспасы  бар  адам  қҧсқанда  оның  асқазанына    қҧсықпен  бірге  Taenia  solium 
қҧртының  жҧмыртқаларға  толы  бунақтары  тҥседі.  Одан  босап  шыққан 
онкосфералар  қан  тамырларына  еніп,  қан  ағымымен  бҥкіл  денеге  тарайды. 
Цистицерктер  адам  бҧлшық  еттерін,  жҥрегін,  жҧлынын,  миын,  кӛзін  зақымдап, 
адамды  финноз  ауруына  ҧшыратады,  денсаулығына  ӛте  қатер  тӛндіретін  жағдайға 
душар етеді. 
Індеттік деректер. Ішегінде шошқа таспасы бар адам бірнеше жылдар бойы 
финноз  ауруын  таратушы  болып  саналады.  Бір  адам  ғана  ферма  шошқасына 
цистицеркоз  дертін  жҧқтыруы  мҥмкін.  Қҧрт  жҧмыртқалары  жайылымға  желмен, 
мал  кҥтушілердің  аяқ  киімімен,  хайуандардың  тҧяғымен  тарайды.  Суармалы 
жайылымдар  да  қауіпті  болып  саналады.  Инвазияның  таралуына  фермаларда 
әжетханалардың жоқтығы немесе олардың жабдықталмағаны себепкер болады.  
        Аурудың белгілері. Шошқа цистицеркозы білінбейтін тҥрде ӛтеді. 
        Диагноз.  Сойылған  малдың  ҧшасын  тексеріп,  цистицерктерді  етер  және  тҥрлі 
ішкі ағзалардан іздеп диагноз қояды. 
        Ірі  қара  мен  шошқаларды  цистицеркоздардан  сақтандыру.  Малдың 
цистицеркоздары  мен  адам  тенидоздарын  алдын  алу  ветеринарлық  және 
медициналық  қызметтің  міндеті.  Ең  негізгі  шара  –  ол  ірі  қара  мен  шошқаларды 
таспа  қҧрттардың  жҧмыртқаларымен  залалданудан  сақтандыру  және  адам 
денсаулығына нҧсқан келтірмеу мақсатымен оны тениидоздардан (тениаринхоз бен 
тениоздан) сауықтыру.  
Ветеринарлық  шаралардың  бірі  ет  комбинаттарында,  қасапханаларда  ірі  қара  мен 
шошқаларды сойғанда олардың арасынан цистицеркоздың бар-жоғын міндетті тҥрде 
бақылау болып табылады. Осы мақсатта сыртқы және ішкі жақ еттерін тіліп кӛреді, 
сонымен  қатар  жҥректі  тексереді.  Цистицеркоз  табылған  жағдайда  ірі  қараның 
мойын етін қосымша екі қатар тіліп, тереңдегі белдеме және кӛк еттерін кӛреді, ал 
шошқаның  –  белдеме,  желке  еттерін  және  кӛк  етін  тексереді.  Егер  жануардың  еті 
қатты заладанса, яғна зерттелмеген еттің 40 см
2
-де 3-тен артық ларвоциста табылса, 
онда  ол  етті  ветеринарлық-санитарлық  сараптау  ережелеріне  сәйкес  утильдеуге 


173 
 
жібереді немесе зарарсыздандырады. Ал аз мӛлшерде залалданған етті (еттің 40 см
2
-
де етқҧрттың саны 3-тен кем болса) тағамға пайдалану ҥшін оны қайнатып пісіреді, 
қажетті  мӛлшерде  тҧздайды  немесе  жақсылап  тоңазытып  қояды.  Жануардың  іш 
майларын тағамға пайдалану мақсатында қорытады. 
       Ет сататын сауда нҥктелерінде мал дәрігері тексерілмеген еттің сатылуына жол 
бермейтін  қатаң  тәртіп  орнату  керек.  Мал  соятын  кәсіпорынның  мал  және  ӛсімдік 
ӛнімдерін  бақылау  санитарлық-сараптау  лабораторияларының  ветеринарлық 
қызметкерлері  цистицерктер  табылған  малды  байқасымен-ақ  ветеринарлық  және 
медициналық  мекемелерге  дереу  хабарлайды.  Сойылған  ірі  қарадан  немесе 
шошқадан цистицерк бҥршіктері табылса, бҧл малдың кімдікі, қай  шаруашылықты 
екендігі анықталып, яғни аурудың ошағын жоюға ерекше назар аударылғаны дҧрыс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет