140
Агрегация бастапқы және қайталама болуы мҥмкін. Бастапқы агрегация антигеннің антиденемен
әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады және кешен пайда болады (бҧған агглютинация реакциясы
және преципитация реакциясы жатады).
Антиген-антидене кешені агрегациясының жақсырақ, неғҧрлым айқын кӛрінуі ҥшін реакция
компоненттері (антиген немесе антидене) тасымалдаушыларда (эритроциттерде, латексте)
адсорбцияланады немесе люминисценттермен (флюорохроммен) таңбаланады.
Екінші агрегация антиген-антидененің әлі агрегатталмаған кешеніне қосымша фактордың
әсерімен анықталады. Иммундық лизис, мысалы, комплементтің сенсибилизацияланған жасушаға
әсер етуімен жҥреді.
Мҧндай реакцияларға комплементті байланыстыру реакциясы (және оның нҧсқалары),
конглютинация реакциясы, Кумбс реакциясы, ИФТ, иммунофлуоресценция реакциясы,
радиоиммундық талдау жатады.
Кез-келген серологиялық реакцияны тікелей және шектеулі нҧсқада қоюға болады. Соңғы
жағдайда белгілі негізгі немесе қосымша фактор (лимиттеуші) енгізіледі және соңғы кезеңде оның
индикаторлық жҥйенің кӛмегімен еркін тҥрде болуы анықталады.
Мысалы, комплементті байланыстыру реакциясында шектеуші фактор комплемент болып
табылады, ал индикаторлық жҥйе гемсистема (Қошқар мен гемолизин эритроциттерінің
суспензиясының қоспасы) болып табылады. РН - да шектеуші фактор антиденелердің (антигеннің)
белгілі бір мӛлшерін бейтараптандыруға қабілетті антиген (немесе антидене) мӛлшері болып
табылады. Антигеннің немесе антиденелердің қалған мӛлшері гемагглютинацияның тікелей
реакциясымен анықталады.
Т.С. Сайдулдиннің (1992 ж.) классификациясына сәйкес барлық серологиялық реакциялар 3 топқа
бӛлінеді: жергілікті компоненттермен, қатты тасымалдаушыларда адсорбцияланған және
таңбаланған компоненттермен, әр топ соя кезегінде қосымша факторларсыз реакцияларға және
қосымша факторлармен реакцияларға бӛлінеді.
Соңында, әр реакцияны екі нҧсқада қоюға болады: тікелей және шектеулі.
Бҧл серологиялық реакциялардың классификациясын зерттеу ҥшін ӛте ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: