Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет149/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

Ажыратып  балау.  Бруцеллезді  анықтау  ҥшін  оны,  іш  тастауға  әкеп 
соқтыратын  сиыр  малындағы  кампилобактериоздан,  трихомоноздан,  қойда  – 
кампилобактериоздан, 
листериоздан, 
иерсиниоздан,хламидиоздан, 
сальмонеллездан,  шошқаларда  –  сальмонеллездан,  лептоспироздан    және  жыныс 


157 
 
мҥшелерін  зақымдайтын  басқа  да  аурулардан  ажыратады.    Клиникалық  белгілері 
бойынша  бҧны  жасау  қиын,  сондықтанда  дәл  диагнозды  лабораториялык 
зерттеулердің нәтижесі бойынша анықтайды. 
Емі.Бруцеллезбен ауру малдарды емдемейді оларды етке тапсырады. 
Иммунитет.  Малдардың  бруцеллезбен  ауыруы  әртҥрлі  иммунобиологиялық 
реакциялардың  (серологиялық  және  аллергиялық)  пайда  болуына  әкеп  соғады. 
Иммунитеттің  механизмі  –  фагоцитарлық  қорғаныс,  антиденелердің  де  кейбір 
маңызы бар. Бруцеллездің алдын алу ҥшін және ӛндірістік   жағдайда тексерілген 
кӛптеген 
вакциналар 
ҧсынылған. 
Бірақ, 
практикалық 
толық 
қанағаттандыратындары  әлі  кҥнге  жоқ.  Кӛп  жылдар  бойы  малдарды 
иммунизациялау ҥшін вируленттігі тӛмен, бірақ иммуногенділігі жоғары В.abortus 
19 штаммы вакцинасы қолданылып келеді. Бҧл вакцинаны сиыр және қой – ешкіге 
пайдалану  жануарлардың  салыстырмалы  ҧзақ  және  кернеулі  иммунитетін 
қамтамасыз  етеді,  бірақ  иммунделген,  әсіресе  ересек  малдардың  қанындағы 
антиденелердің ҧзақ уақыт бойы ( 1-5 жыл) сақталынуы иммунделген жануарларды 
бруцеллезге  бҧдан  былай  қарай  тексеруді  қиындатады.  Ӛйткені  бруцеллез 
жҧқтырған  немесе  оған  қарсы  вакцинамен  иммунделген  мал  қанындағы 
антиденелерді  бір-бірінен  ажырату  эте  қиын  бҧл  жағдай  аурудан  сәтті 
шаруашылықтардағы  малдарды  19  штаммен  иммундеуге  кедергі  келтіреді. 
Осыларды  ескере  отара  кейінгі  кезде  сиырды    иммундау  ҥшін  В.abortus  –  82, 
қойлар  ҥшін  –  Rev-1  штамдарынан  жасалынған  вакциналар  кеңінен  қолданылып 
жҥр.  Бҧл  вакциналарды  еккеннен  кейінгі  қандағы  антиденелердің  болу  мерзімі  6 
айдан 1 жылға дейін ғана болғандықтан олар инактикаға ынғайлы. 
Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет қалыптасады.  Сиырда 4-5 жыл, 
қойда  2  жыл.  Бруцеллезге  қарсы  иммунитет  жасушалық  факторларға    негізделген. 
Жануардың  қан  сарысуындағы  антидене,  оларды  аурудан  қорғамайды,    олар  тек 
малдың ауруға шалдыққанының белгісі ретінде ғана бағаланады. 
 
Алдын  алу  және  күрес  шаралары.  Малдарды  тек  қана  бруцеллезден  сәтті 
шаруашылықтардан алады. 30 кҥндік профилактикалық карантин мезгілінде, оларды 
бруцеллезге  тексереді  және  тек  қана  ауруды  теріске  шығаратын  тексерудің 
нәтижесін  алғаннан  кейін  және  аурудың  клиникалық  белгілері  жоқ  болғанда  ғана 
жалпы  табынға  қосады.  Малдарды  аурудан  сәтсіз  табынның  малымен,  сонымен 
қатар  азаматтардың  жеке  меншігіндегі  малдармен  араластыруға  болмайды.  Кейбір 
аймақтарда профилактикалық вакцинацияның ҥлкен маңызы бар. 
 
  Қазіргі кезде бруцеллезге қарсы сиырды  – B.avortus 19 және 82 штаммдардан 
даярланған вакциналармен, ал қойды 19- штамм және Pev-1 вакциналарымен егеді. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда,  АҚШ  та  жасалынған  бруцеллалардың  R-тҥрінен 
әзірленген  RB-51тірі  вакцинасы  және  ҚазҒЗВИ  инактивтелген  вакциналардың 
қолдану жӛніндегі тәжірибелер жҥріп жатыр малды вакцинамен 4 айлық және одан 
ҥлкенірек  кезінде  және  ҧрықтандырудан  2  ай  бҧрын  егеді.  Бруцеллез  шыққан 
шаруашылыққа 
карантин 
қойылып, 
сауықтыру 
шараларының 
жоспары 
қарастырылады.  Бруцеллезге  тән  клиникалық  белгілері  және  малдың  басы  қатаң 
тҥрде  есепке  алынады.  Мал  ӛнімдерін  кешенді  тҥрде  зарарсыздандыру  (сҥтті 
пастеризациялау), ағымды дезинфекция және арнайы шаралар жҥргізіледі. 
 Ауруды  уақытысында  анықтау  ҥшін  бруцеллезге  індеттік  жағдайға 
байланысты  жылына  бір  немесе  екі  рет  малдарды  жоспарлы  жаппай 


158 
 
диагностикалық  тексеруден  ӛткізеді.  Бруцеллезге  тән  іш  тастаудың  басталу 
белгілері немесе басқа симптомдары білінсе, малды дереу оңашалайды, ал олардың 
тҧрған жерін дезинфекциялайды. 
Аурудан  сәтсіз  шаруашылықтарды  шаруашылық-ҧйымдастыру,  санитарлық 
және арнайы малдәрігерлік шаралар қарастырылған арнайы даярланған кҥнтізбелік 
жоспар бойынша сауықтырады. 
Аурудан  сәтті  аудандарда  бруцеллез  алғашқы  тіркелген  жағдайда  аурудан 
сәтсіз  табынның  барлық  малын  дереу  сояды,  ферманың  қоралары  мен  аумағын 
тазалайды және дезинфекциялайды, сау малдардан жаңа табын қҧрады. 
Ауру  таралған  аудандардағы  сиыр  бруцеллезіненсәтсіз  табын  малдарына 
серологиялық  зерттеужҥргізеді,  оң  реакция  бергендерін,  олардан  алынған 
тӛлдермен  қоса  оқшаулайды  және  5  кҥннен  кешіктірмей  етке  тапсырады.  Қанды 
қайтадан  тексереді  (РБС  немесе  ИФТ,  КБР,  ҦКБР),  оны  бҥкіл  табын  бойынша 
ауруды  теріске  шығаратын  нәтижені  екі  рет  алғанға  дейін  әрбір  25-30  кҥн  сайын 
жҥргізеді,  содан  кейін  екі  рет  (аралығы  1,5  ай)  3  айлық  бақылауға  қояды.  Осы 
уақыт  ішінде  бруцеллезге  тәнбелгілеріне  іш  тастау  болмаса  және  байқаулық 
тексерудің  нәтижесі  ауруды  терісболса,онда  табынды  бруцеллезден  сәтті  деп 
есептейді. 
Бруцеллездің  таралуы  айтарлықтай  болғанаудандарда,  аурудан  сәтсіз 
табындарды сауықтыру, жҥйелі тҥрде диагностикалық зерттеу мен ауру малдарды 
табыннан  оқшаулау  арқылы  жҥргізеді.  Аурудан  сәтсіз  табынның  малдарын  басқа 
малдар  тобынан  жеке  жаяды,  сауықтырылатын  табынға  жеке  кҥтуші  адам 
бекітіледі,  уақытысында  қораларды,  қҧрал-саймандарды  және  қондырғыларды 
дезинфекциялайды.  Бруцеллезбенауырған  жануарлар  тӛлдерімен  қоса  етке 
тапсырылады. Ҧрғашы малдарды тек қана жасанды тҥрде ҧрықтандырады. 
Бруцеллезге  оң  реакция  беретін  сиырлардың  сҥтін  қайнатумен  немесе  ӛңдеу 
арқылы  ерітілген  шикі  майға  айналдырып  залалсыздандырады,  аурудан  сәтсіз 
табындағы қалған малдардың сҥтін пастерлейді. Клиникалық ауру малдардың сҥтін 
5  %  формальдегид,  креолин  немесе  басқа  иісі  аңқыған  дезинфектантты  қосу 
арқылы  зарарсыздандырады.  Кӛңді  биотермиялық  зарарсыздандырады,  ауру 
малдар жайылған жайылымдарды сау малдарды жаюға 2-3 ай ӛткеннен кейін ғана 
пайдаланады. 
Иммунделген  малдарда  бруцеллез  этиологиясы  болмаса  және  қан  сарысуын 
серологиялық  зерттеу  нәтижесі  ауруды  теріс  болса  бҧл  шаруашылықты 
бруцеллезден сәтті деп есептеуге болады. 
Қой-ешкібруцеллезінде  аурудың  таралуы  шектелген  аудандарда,  аурудан 
сәтсіз  отарлардағы 
қойларды 
тӛлдерімен 
қоса  етке 
тапсырады. 
Ірі 
шаруашылықтарда  сауықтыру  шарасы,  малды  жҥйелі  тексеру  әдісімен  жҥргізеді. 
Қойлар  мен  ешкілерді  2-4  рет  серологиялық  және  аллергиялық  тексереді,  оң 
реакция бергендерін етке сояды, ал реакциясы жоқтарын дені сау аталық ҧрығымен 
ҧрықтандырады және келесі тӛл алу біткенше бақылауға қалдырады. Бруцеллездің 
клиникалық  кӛрінісі  жоқ  болса  және  тӛл  алу  біткеннен  кейін,  жҥргізілген 
серологиялық  тексерулердің  нәтижесі  теріс  болса  отарды  сауықтырылған  деп 
санайды.  
Сауыктырылатын  отар  қойларынан  алынған  ҧрғашы  тоқтылар  бруцеллезге  
тексеру нәтижесітеріс болса, ӛз алдына жеке отарлар қҧралады және тӛлдеуі сәтті 


159 
 
ӛтсе  бруцеллезден  таза  деп  есептейді.  Жҥйелі  тҥрде  тексеру  әдісімен 
сауықтырылатын  шаруашылықта,  аурудан  сәтсіз  отар  қойларынан  алынған  еркек 
тоқтылар        шаруашылықта  қалдырылмайды,  оларды  жетілдіріп  етке  ӛткізеді. 
Қой,ешкі    бруцеллезі  айтарлықтай  тараған  аудандарында  бруцеллезге  қарсы 
вакцинаны пайдалануға болады. 
Шошқа  бруцеллезі  анықталса  бҥкіл  мал  басы,  оның  ішінде  аурудан  сәтсіз 
шошқа  қорасындағы  мегежіндерден  алынған  торайларды  да,  оңаша  ҧсталынып 
семіртіледі  және  етке  тапсырылады.  Қоралар  мен  оның  аумағына  тазартау 
жҥргізілген соң, фермаға басқа сау шошқаларды әкеледі. 
Жылқының  бруцеллезге  шалдығуы,  әдетте  сиыр  бруцеллезден  сәтсіз 
шаруашылықтарында  болады.  Клиникалық  ауру  және  РБС  немесе  АР,  КБР-ға  оң 
реакция  берген  жылқы  етке  сояды,  қораны,  қондырғыларды,  қҧрал-саймандарды 
дезинфекциялық заттармен ӛңдейді. 
Тҥйелер  мен  енекелердің  бруцеллезі  кезіндегі  кҥрес  шаралары  сиыр 
бруцеллезіне қарсы шаралармен ҧқсас тәртіппен жҥргізіледі. 
Аурудан сәтсіз табын малдарымен жанасқан иттерді де бруцеллезге тексереді. 
АР мен КБР-ға оң реакция берген иттердің кӛзі жойылады. 
Аурудан 
сәтсіз 
шаруашылықтарды 
сауықтырған 
кезде, 
адамдардыбруцеллезденсақтандыру шараларын жҥргізу міндеттелінеді. 
 
Бруцеллезден сәтсіз фермаларда міндетті тҥрде дезинфекция, дезинсекция мен 
дератизация,  малқораларын  санитарлық  жӛндеу  және  басқа  да  ережелерге  сәйкес 
ветеринариялық-санитариялық  шаралар  жҥргізіледі.Дезинфекция  ҥшін  жаңадан 
сӛндірілген  20  %  әк  ерітіндісі  немесе  қҧрамында  2  %  белсенді  хлоры  бар 
ерітіндімен,  кальциленген  соданың  ыстық  5  %  -ды  ерітіндісімен,  5  %-ды 
формальдегид ерітіндісімен, 0,5 % глутарлы альдегид ерітіндісімен, 5 %-ды фенолят 
натрий ерітінділерін қолданады. Нәжісті биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады. 
Адамның  бруцеллезбен  залалдануы  негізінен  ауру  малмен  жанасқан  кезде 
және  залалданған  шикізат  және  мал  тектес  ӛнімдері  арқылы  немесе  алиментарлық 
жолмен ӛтеді.Бруцеллезге оң реакция берген жануарларды кҥтіп-бағуға, бруцеллезге 
қарсы  егілген  адамдарды  және  санитарлық  нҧсқау  ережелерінигергендер  ғана 
жіберіледі.  Мҧндай  адамдар  қолының  саусақтарында  тілік  немесе  басқа  да  тері 
зақымдары  болса,  олар  зақымданған  жерлерін  арнайы  ӛңдегенен  кейін,  резиналы 
қолғап киіп, жҥмысқа жіберіледі.  
Бруцеллезге  қарсы  шараларды  ӛткізу  кезінде,  адамды  және  сыртқы  орта 
нысандарын  залалдаудан      қорғайтын  сақтық  шаралары  қатаң  сақталады.  
Бруцеллезден  таза  емес  фермаларда  қой  мен  ешкіні  сауу  және  сҥтінен  ірімшік 
дайындау  рҧқсат  етілмейді.  Бруцеллезден  таза  емес  отардан  алынған  қой  жҥндері, 
сол  шаруашылықта  пленка  астында  бромды  метилмен  дезинфекцияланады,  содан 
кейін ғана қайта ӛңдеуге жіберіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет