Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»


Иттермен жұмысжасау және оларды бекіту



Pdf көрінісі
бет80/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   171
Иттермен жұмысжасау және оларды бекіту. Иттер ӛз иелеріне және оларды 
кҥтетін  адамдарға  сенімді  қарайды.  Сондықтан  мал  дәрігері  шара  қолданғанда 
олардың жанында тҧрғаны дҧрыс болады. 
Итті тік тҧрған, отырған және жатқан бойы бекітуге болады. Ит тік тҧрғанда 
оны бір қолмен мойындағы тері қаптарынан немесе қҧлақ артынан, ал екінші қолмен 
алқымынан  ҧстайды.  Иттің  басын  тҧмылдырықтан  ҧстауға  болады  немесе 
қозғалмайтын затқа байлайды. Ашулы итті мойнынан ҧзын қысқышпен ҧстайды. Ол 
мақсатта арнаулы тҧзағы және бекіткіші бар бекіту таяғын қолданады (1-сурет). 
 
 
 
1-сурет.  Жануарларды  бекіту:  1  –  мүйізінен  бекіту;  2  –  кеңсірік  пердесін  қысу;  3  –  арқанмен 
артқы  аяқты  бекіту;  4  –  артқы  аяқты  құйрықпен  бекіту;  5  –  алдыңғы  аяқты  кӛтеру;  6  – 
шағылыстыру  шідерімен  артқы  аяқты  бекіту;  7  –  түйені  бекіту;  8  –түйені  жатқан  бойы 
бекіту; 9 – шошқаны Троицкий станогінде бекіту; 10 – бұрама салу; 11 – иттің жағын бекіту; 
12 – итті арнаулы үстелде бекіту. 
 


92 
 
Иттің жағын жабық кҥйінде тҧмылдырықпен, бинтпен немесе жіппен бекітіп, 
жіптің  соңын  желкеден  жай  босайтын  әдіспен  байлайды.  Мҧндай  әдіспен 
бульдоктарды  бекіткенде  аса  сақ  болу  керек,  себебі  олардың  тҧмсығы  қысқа.  Итті 
тҧншықтырып алмау ҥшін аузына тіске шіңішке таяқ салып, оның бір шетін жіппен 
бекітеді.  Жіпті  тӛменгі  жақтың  астынан  жҧтқынқаштан  қайшылап,  желкеден 
байлайды.  Ашулы иттердің  алдыңғы аяғын байлауға  тура  келеді немесе  мойнынан 
бағанаға байлап қояды. Иттің жағын езулікпен, сынамен, екі таспамен ашады. Итті 
жатқан  жағдайда бекіту  ҥшін  ҧсақ  малдарға  арналған операциялық ҥстел  және бас 
ҧстайтын тақта қолданылады. Қажетті жағдайда итке ауыртпайтын немесе есірткілік 
дәрі енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет