Бағдарламасы бойынша білім беру жүйесін цифрландыру мәселелері



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата10.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#38790
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
daryn-online) 
ЦБР құрудың әмбебап технологиялары жоқ. Әрбір автор өзінің технологиясын 
қолданады. Кез келген типтегі электрондық оқу құралын жасаудың басты жағдайын 
бейімдейтін қосымшалар келтірілген. ЦБР құру дидактикалық мақсат, пәнді білу, 
тематиканың типтері (гуманитарлықтан техникалықтың әлдеқайда айырмашылығы зор), бар 
құралдар және т.б. секілді факторларға тәуелді. ЦБР құруда әдістемелік бойынша екі полярлы 
пікірталаспен бетпе-бет келеміз. Олардың біріншісі, автор тек қажетті материалдарды дұрыс 
даярласа болғаны, ал оны компьютер пішініне салу қиындық тудырмайды. Екінші, пікірге 
қарай квалификациялы программист кез- келген дәстүрлі оқулықты алып, оның авторының 
көмегінсіз одан сапалы оқу құралын жасай алады. Бірінші жағдайда мазмұндық бөлімі 
мағыналы, екінші жағдайда программалық шынайылылығы анықталады. 


Әрбір автор жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ЦБР жасау кезеңдерін 
негізге алу қажет (1-кесте).
1-кесте. ЦБР жасау кезеңдері 
Кезең 
Кезеңнің мазмұны 
Алдын-ала жұмыс 
Шыққан ойды қалыптастыру, бар элементтерді бағалау 
Қажетті
ақпаратты жинақтау 
Қолданушының талдауы 
Негізгі дидактикалық мақсатты ерекшелеу 
Қарапайым баспадан шыққан оқу құралымен 
салыстырғандағы жаңа қажетті ерекшелеу 
Мазмұнды даярлау 
Дидактикалық мақсатты ерекшелеу 
Жоспар құру 
Мазмұнның модуль түрінде ұсынылуы 
Дизайн 
Ортақ тұжырымдамаларды өңдеу 
Медиа таңдау (дыбыс, сурет, видео және т.б.) 
Бағдарламаның жазылуы 
Толық әрлеу және интербелсенділікті арттыру 
Өнім 
Программалау және сандық мазмұн
Бейнелер құру, дыбыстар және т.б. 
Модульдегі дайын материалдарды жинақтау 
Тестілеу 
Өнімді тестілеу және бағалау 
Көрсетілген кестені толықтай қарастырайық.
Алдын ала дайындық келесідей бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады: 
ЦБР-ң дидактикалық талаптарын жобалау: 
- ол үшін берілген бағыттағы спецификадан тұратын, берілген топтың әлеуеттік 
оқушыларын және курстың мақсаты үшін қажетті талдау жұмыстары жүргізіледі; 
- берілген талдаудың нәтижелері бойынша ЦБР формасының шешімі қабылданады; 
ЦБР-ң техникалық талаптарын жобалау: 
- таңдалынған технологияны шынайылыққа айналдырудың ол үшін құралы бар 
екендігіне көз жеткізу; 
ЦБР құрылымын жобалау. 
ЦБР оқу кезеңінде қолданудың әдістемесін жобалау (мұғалімдерге арналған). 
Мазмұнды даярлау қадамында бірінші кезекте бағдарламасы құрылады. Кей кезде ол 
құрылымын түсіндіретін иллюстрациялармен ығыстырылады. Бағдарлама интербелсенді 
ойлау арқылы, яғни оқушы мен компьютер, мұғалім мен оқушы және басқада оқушылар 
арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру құралдарын ұсынады. 
ЦБР программалық жүйелерінің қызметтік құрамының мүмкіншіліктері келесі 
түрдегідей көрсетіледі: 
- оқу материалдарының модульдері (өзін-өзі бақылау және түрлі типтегі тапсырмалар); 
- қосымша материалдар (терминдердің контекстік расшифровкасынан бастап 
нормативтік мәліметтерге дейін және электрондық кітапханалар); 


- сервистік құралдар (оқушымен жұмыс істеу анықтамасы, сөздік, глоссарий
электрондық күнделік, іздеу жүйесі және т.б.); 
- коммуникативтік жүйе (мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты 
қамту); 
- қорғау жүйесі. 
Мазмұнды даярлау фазалары және программалау ереже бойынша кезектесе жүзеге 
асырылады. ЦБР оқу мазмұнының программалық құралы екі кіші жүйелерден тұратын үлкен 
бір жүйе түрінде ұсынуға болады: 
- ақпараттық (мазмұндық бөлім); 
- программалау (программалық бөлім). 
- ЦБР-дың ақпараттық бөліміне:
- нақты құрылымды оқу материалдары; 
- мультимедианың барлық спектрларында ұсынылған иллюстрациялар (кесте, 
анимация, дыбыс, видео); 
- тапсырмаларды орындау мысалдарымен теориялық білімде дағды мен қабілетті 
жетілдіруге арналған практикум және жиі кездесетін қателерді талдау мәселелері
- бақылау және қадағалау жүйелері (тестілік тапсырмалар, топпен жұмысқа арналған 
тапсырмалар және т.б.). 
- қосымша материалдар (терминдердің контекстік расшифровкасынан бастап 
нормативтік мәліметтерге дейін және электрондық кітапханалар); 
- сервистік құралдар (оқушымен жұмыс істеу анықтамасы, сөздік, глоссарий, 
электрондық күнделік, іздеу жүйесі және т.б.) жатады; 
ЦБР дизайны кезінде ЦБР-ң жалпы құрылымы анықталады және арнайы бағдарлама 
құрылады. Берілген кезең екі кезеңнен тұрады: жалпы тұжырымдар мен әрбір жеке бөлімінің 
дизайны құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет