Бағдарламасы бойынша глоссарий


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет31/39
Дата18.10.2022
өлшемі130,2 Kb.
#43991
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû áîéûíøà ãëîññàðèé

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 2014.-608б.
2.Абдрахманова Р., Кенжебекова Р., Мұсабекова М. Қазақ халық педагогикасындағы идеяларды сыныптан тыс жұмыстарда қолдану. -Алматы, 2014.-204б.
3.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.
4.Әбілқаев А., Бейсембайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы:ЖШС «Інжу-Маржан», 2015.-293б.
5.Дәулетбекова Ж.Т.Сөз мәдениеті-тілдік білім нәтижесі.–Алматы:ҚБТУ, 2016.-246б.
6.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.
7.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.
Қосымша
1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.
2.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. –Астана.
3.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.
7. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.
4.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.


Лекция 13.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде негізгі 6 критерий.
Жоспары:
Критериалды бағалау шкаласы
Критериалды бағалаудың функциялары
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар.
Критериалды бағалаудың функциялары:

  • бақылау;

  • дамытушылық;

  • оқытушылық;

  • мотивациялық;

  • тәрбиелік;

  • диагностикалық.

4.Критериалды бағалаудың тиімділігі
- Мұғалімдерге:

  • Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

  • Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

  • Білім беру сапасын арттыруға;

  • Оқытудың сапасын жақсартуға;

  • Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке

  • оқыту траекториясын құруға;

  • Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

  • Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

- Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
- Ата-анаға:

  • Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

  • Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

  • Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

  • Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

  • Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет