Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата21.12.2023
өлшемі3,97 Mb.
#142382
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
 ҮШіНШі БӨЛім
Генерал Черновтың армиясы Шалқардан кейін табан 
тіреп соғыса алмай қаша ұрыс салған қызылдарға ес 
жиғызбай түре қуып отырып, бір жетіден кейін Сексеуіл 
стансасынан бір-ақ шықты. Оның ар жағында Арал қол 
созым жер. Араға бір күн түсті ме, жоқ па, жер қайысқан 
қалың қол қатты шайқастан кейін Аралға да жетті. Олармен 
шалғайласып оқ-дәрі тиеген түйелер, ат арбалар, обоздар, 
жаралылар бірінен соң бірі үздік-создық келе бастады. 
Ұлы шайқас алдындағы осы бір қарбаласта Аралдың 
іргесіне күні бұрын күш жиып бекініп жатқан қызылдарға 
Ташкеттен әскер келді. Алғашқы күні Колузаев бастаған 
бес жүздей мадьяр отряды келіп еді. Іле-шала теміржолмен 
қызыл вагонға тиелген мыңнан астам түрікпендердің атты 
әскер полкі жетті. Бәрінің басында бір-бір қойдың терісінен 
істеген сеңсең бөрік. Суырма қылыш сандарына соғады. 
Сіңірдей қатқан ыс аяқ қара жігіттер қызыл вагоннан 
алақандай көзі алақ-жұлақтап, осқырып, үркектеп түскен 
қазмойын арғымақтарға ырғып, ырғып мініп алды.
Осының аз-ақ алдында Түркістан майданынан Аралға 
ерекше мандатпен төтенші комиссар ғып тағайындалған 
Петр Дьяков келген еді. Қасындағы Кронштадтан көмекке 
жіберген он тоғыз морьяк бар. Олар да келе сала көк 
теңіздің бас-аяғынан ірілі-ұсақ кемелердің бәрін жинап, 
екі асығыс-бір қарбаласта флотилия жасақтап алды. Ал 
бұл өңірге баяғыда келіп, Арал қаласына бірі – шіркеу, 
бірі – балық зауыты, бірі – порт, бірі – үлкен үйлер салып, 
кемелер, баржалар соқтырған ақшалы бай көпестер – 
Марков, Мокеев, Елисеевтер – заманнан бері теңіздің 
арғы бетінде жатқан Хиваға қатынап, сауда-саттық жасап 
жүрген ірі-ірі кемелері – «Хива ханы» мен «Түркістан» 


837
теплоходына екі-екіден зеңбірек орнатып, пулеметтер 
құрып тастаған еді.
Осы күндердің бірінде Аралға Кәлен келді. Қасында 
өңшең қару асынған жігіт. Аттары қара тер. Тәңірбергеннің 
шың арасында сырт көзден жасырып жүрген бес жүздей 
жылқысын қуып әкелген екен.
– Әй, әлгі көксауларың қайда? – деді ол келген бойда.
– Оны бұл арадан таппайсың. Ол қазір қаланың шетінде 
окоп қазып жатқандардың арасында жүр.
Кәлен оған өзі бармай, қасындағы бір жігітті жіберіп 
еді, ол Дьяковқа жетем дегенше мына жақтан оған екі 
аттылы құйындатып шауып келді.
– Комиссар... жау...
– Алыс па?
– Жоқ... Алды 68-разъезге келе бастады. Жер қайысады.
Дьяков жау бетті шолғындап қайтқан екі жігітті 
штабқа жөнелтті де, өзі әлде біреуге айқайлап, окоп 
бойымен ілгері жүгіріп кетті. Бір қалтарысты айнала 
бергенде кеудесі қысылып тұра қалды. Бұндайда ол әдетте 
кісі-қараның көзіне түспеуге тырысушы еді, дәл қасынан 
әлде біреудің «Камсар» деген дауысын есітті. Мынау кім 
де болса Еламанның жігіттерінің бірі екенін біліп, жалт 
қараса, шынында да қасында қылыш асынған қияқтай 
қара мұртты жігіт тұр екен.
– Ә, Әли... һхе... Кел! Кел!
– Камсар, немене... Сырқаттанып...
– Жәй ғана... Еламан оралды ма?
– Жоқ.
– Жігіттер қалай? Әзірсіңдер ме?
Әли түсінбеді.
– Жау жақын. Жігіттерің әзір болсын, – деді де, ол 
коммунистер полкінің оң жағында шеп ұстап жатқан 
мадьярлар отрядына барған-ды. Дәл осы кезде кейінгі 


838
жақтан біреу: «Әне, шаң шықты» – деп айғайлап жіберді.
Дьяков дүрбіні көзіне апарып еді, қолы қалтырады 
ма, қалай сығаласа да көзі қарсы беттегі сары төбенің 
баурайына тіреліп, адыраспан ба, итсигек пе, қайда бір 
сондай қауқиған қадау-қадау бұталарға түсе берді. Сонан 
бұл кеудесін көтеріп, қос шынтағын окоптың ернеуіне 
тіреді де, ілгері жаққа қайта қарап еді, бұл жолы разъез 
басындағы жалғыз ақ үйді көрді. Үй маңында қыбырлаған 
тірі жан жоқ. Ал оның арғы жағынан, түу-түу қашықтан 
түйдек-түйдек шаң шықты.
***
– Міне, мынау Арал! Арал теңізі.
– Ға-жап!
– Рас болса, бұл өзі дүние жүзіндегі мөлдір теңіздің 
бірі көрінеді ғой.
– Болса болар, ана қараш... көкпеңбек.
– Подполковник мырза, сіздің әкеңіз де осы теңіздің 
бір жерінде промысел ұстаған көрінеді ғой.
Федоров жіңішке ерні жымқырылып тістеніп ала 
қойды. Тақымы астында тұрмай тықыршыған аттың 
тізгінін тартып, жұрт көз тіккен жаққа бұ да дүрбіден 
ұзақ қарады. Сонау көз ұшындағы теңіз бұл дүрбіні көзіне 
апарған бойда ат тұмсығының алдына кеп тіреліп тұра 
қалды. Онан беріректе теңіздің дәл жағасына қам кесектен 
салған кішкентай қаланың құжынаған үйлері мен портта 
тұрған кемелердің сырықтай мачталары андыздап қоя 
берді. «Бұлардың бекінісі қайда?» – деді Федоров ішінен. 
Осы кезде ат тізгінін созып ілгері жүріп кетті де, әлгі көріп 
тұрғандарының бәрін біреу дүрбі әйнегінен сыпырып 
тастағандай болды.
Федоров тілмашқа бұрылды.


839
– Мынадан сұрашы, бұл араның халқы суды қайдан 
алады екен?
Тәңірберген өзіне тілмашсыз тіл қатпағанына қитығып 
қалды. Оның үстіне кешегі күні Теміркеге көңілі қалғаны 
сонша, осы татар жігіт жол бойы бұның жынына тиіп, 
қитығып келе жатқан-ды. Татар тілмаш Федоровтың 
сауалын қазақшалап:
– Подполковник мырза шушы жирдә құдық бар ма деп 
сұрайды, – деп еді,
– Оны жергілікті халықтан сұрау керек. Мен білмеймін, 
– деді Тәңірберген.
– Сен проводниксің, вит.
– Білмеймін.
– Мырза, бұның жарами. Дұрыс сөйле.
– Дұрыс сөзім осы. Бұл ара менің бұрын-соңды 
болмаған жерім.
Татар тілмаш бұның сөзін аузы сумаңдап жалма-
жан Федоровқа жеткізе бастап еді. «Жез қоңыраудай 
шүлдірлеген сорлы» – деді Тәңірберген ішінен.
Федоровтың полкі Арал түбіндегі 68-разъезге бірінші 
боп жетіп еді; өңшең ерні кезеріп, көзі шүңірейген үсті-
басы шаң-шаң солдаттар келе сала жапырлап аттан түсе 
бастады. Аяғы жеткендер бұрынырақ барып, кішкене 
ақ үйдің іргесіндегі қос уыс көлеңкеге таласып, бірін-
бірі иықтап ысыра бастады. Ендігі қалғандары терезе 
алдындағы жалғыз түп теректің саясына тығылып, 
өздерінен кейін келгендерді арасына кіргізбей мүйіздеп 
жатыр.
Подполковник Федоров ат үстінде өздерінен кейін 
келіп жақтан әскерлердің жолын тосып тұр. Қасында 
бір топ офицер. Бұлар жер қайысқан әскердің келгенін 
келгендей күтіп алып, штаб жоспарлап белгілеп берген 
тиесілі орындарға рет-ретімен орналастырып жатқан-ды. 


840
Кейінгі жақтан даланы шаңдатып, дүбірлетіп келіп қалған 
әлде бір қалың қолға разъез басындағылар жалт қарады. 
Сүйткенше ұбап-шұбап келе жатқан пластун полкінің 
ту сыртындағы қара жолға әуелі ұзын найзалардың ұшы 
қылтылдап, іле-шала түйдек-түйдек шаң астынан ағызып 
келіп қалған атты әскерлер шыға-шыға келді. Басын 
тартпастан ағызған беті кішкентай разъезді ат түяғымен 
басатындай жапырып баратты. Бұлар Троицкі мен Соль-
Елецкінің атты казактары еді. Олармен шалғайласа 
Оралдың атты казактары жетті де, әй жоқ, шәй жоқ темір 
жолдың екі бетіндегі бұйырғынды, боз жусанды даланы 
иеленіп, аттан түсіп жатты.
– Мыналар өңмеңдеп қайда барады. 
– Оны өздері біледі, – деді Федоров.
– Штаб белгілеген орындары басқа жер.
– Бұлар сенің штабыңды қайтсін, – деді Рошаль.
– Жоқ, болмайды. Өздерінің орнына барсын.
– Әуре болма. Олар Дутовтан басқа ешкімді де 
тыңдамайды.
Федоров үндемеді. Шынында, басқаны қойғанда, 
Черновтың әмірі Орынбор атаманына бірде жүрсе, бірде 
жүрмейді. Осы араға жеткенше оны ұзын арқау, кең 
тұсаумен құр-құрлап ұстап келген-ді.
Бұлардан кейін де шаң астынан бірінен кейін бірі келіп 
жатқан әскерде қисап жоқ. Жаяу әскерлер аяқси бергенде, 
шаң астынан броневиктер мен зеңбіректер көрінді. Ауыр 
қолдың ақыр соңы осымен біткен болар дегенде көз 
ұшынан тағы да шаң шықты. Бұлар азық-түлік артқан 
түйелер мен оқ-дәрі тиеген атты арбалар еді.
Бұл күндері Федоров аттан түспеді. Қасындағы 
офицерлерге де маза бермей, кейінгі жақтан әлі де құйылып 
келіп жатқан әскерлердің алдынан шаптырып, күні бұрын 
белгілеп қойған жерге орналастырып жатты.


841
– Каппел корпусы келді. Қайда орналастырамыз?
– Полковник Могилевтің жазалаушы полкі келді.
– Бірінші Түркістан полкі келді.
Ығы-жығы әскер разъез басына сыймағасын, кейін 
келген ендігі полк, ендігі дивизия, корпустарды ізінше 
кері қайтарып, арт жақтағы сары адырға жөнелтті. 
Шабуыл басталғанға дейін жау көзінен жасыра тұру үшін 
ауыр зеңбіректер мен броневиктер отрядын да әзірше бір 
қырдың астында ұстай тұруды ұйғарды.
Бұларды ендігі қинап тұрған су. 68-разъезде жалғыз 
құдық бар-тын. Федоров оған қарулы күзет қойып 
жатқанда, бір офицер шауып кеп: «Сапер полкі келді» – 
деп хабарлады.
– Рошаль, оларды өзің орналастыр – деді де, 
Федоров қолбасының шатырына жүгірді. Бұнда құрама 
командирлері жиналып жатқан-ды. Федоров ілгері озбай, 
есік жақтағы бос орындықтың біріне отыра кетті. Кеңес 
басталар алдында қолбасының адьютанты командирлердің 
алдына бір-бір стакан су қойды. Федоров суға қол созған 
жоқ. Шыт-шыт жарылған ернін тілімен жалап, аузын 
қуырған ащы түкірікті тамсанып жұтты да:
– Генерал мырза, – деді ақырын, бірақ осында отырған 
жұрт тегіс есітетін салмақты үнмен, – аттар да, адамдар да 
шөлден қырылғалы тұр. Не істейміз?
– Мырзалар, – деді қолбасы. – Біздің тағдырымыз 
ертеңгі шайқаста шешіледі. Бұл, бәлкім, біздің ең ақырғы, 
ең соңғы шайқасымыз болар.
– Оны білеміз, – деді каппел полкінің командирі.
– Түкті де білмейсіңдер. Бұнда келгелі бүгін үшінші 
күн. Ертең айқасқа түсетін жау жөнінде түк мағлұмат жоқ.
Командирлер тырп етпей төмен қарап отырып қалды.
– Алдарыңда осал жау тұрған жоқ. Шабуылға 
шыққанша олардың күш қарымын білуіміз керек. Солай 


842
ғой, Александр Ильич? – деп, Чернов пәтуа тілегендей 
атаман Дутовқа қарады. Жиынға жұрттың бәрінен кеш 
келсе де, ол бірақ іштегілердің бірде-біріне көз салмай, 
төрге шықты да, бәрінен озып барып қолбасының дәл 
қасына иықтасып қатар отырып алған-ды. Кеспелтек сом 
денесі сонан қайтып қозғалмаған. Генерал тіл қатқанда да 
ол өзінің құйған тастай нығыз қалпын бұзбай, тек басын 
изеп қостағандай ғана ишара білдірді.
– Жау шебіне кісі жіберіңдер. Федоров, сен де жібер! – 
деді генерал Чернов.
– Құп, қолбасы мырза
– Жау шебін көзден екі елі таса қылмаңдар. Әсіресе, 
олардың кейінгі жақтан кеп қосылып жатқан әскер күшін 
қадағалап отырыңдар.
Командирлер кетуге ыңғайланып қозғала бергенде, 
Чернов оларды сәл бөгеді.
– Су болады. Ертең түстен қалмай он бес цистерна 
су келеді. Аттарға да, адамдарға да жетеді, – деді де, 
көп ішінен Федоровқа жекелеп қарап, – тек, тіл болсын 
қалайда, – деді.
Федоров полкке келген бойда ротмистр Рошальды 
шақырып алды. Әмір күтіп тұрған Рошальға отыр деген 
жоқ.
– Кісілеріңді даярла. Кешке ел жата барлауға барасың. 
Тіл керек.
Рошаль ләм-мим деместен бұрылып шығып кетті.
***
Ақтар 68-разьезге тоқтағалы Арал маңы қатты 
әбігерде. Әсіресе, кішкентай қаланың ирек-ирек тар 
көшелері топырлаған халық. Бәрі де бес қаруы бойында. 
Пулемет орнатқан тачанкалар. Оқ-дәрі тиеген ат-арбалар. 


843
зеңбіректер. Бәрі де лек-лек боп қаланың күнбатыс жағына 
қарай ағылып кетіп жатыр.
Теңізге бір бүйірін беріп тұрған екі қабат көк үй 
маңында кісі-қара әсіресе көп. Бәрі де қару-жарақ асынған. 
Екі қабат көк үйге бірі кіріп, бірі шығып, сапырылысып 
жатқан-ды. Айқ пен қызыл арасында осы үйдің алдына 
өзге жұрттан түсі бөлек бір кісі кеп аттан түсті. Осы ыссыда 
басында тері тымақ. Үстінде шидем күпі. Бұ да аттан түсе 
сала сапырылысқан кісілермен бірге штабқа ұмтылып еді, 
бірақ есік алдында тұрған солдат жібермей, жолын бөгеді.
– Тоқта!
Жолаушы жөнін айта қоймай, омырауға салып бара 
жатыр еді, солдат:
– Әй... Әй, тамыр, – деп, найзалы мылтығын кеслеп 
тұра қалды.
– Жібер. Бастықтарыңда шаруам бар.
– Документің бар ма, өзің кімсің?
Мынаның кісі жібере қоймайтын сыңайын байқаған 
жолаушы енді сапырылысқан кісілердің арасынан таныс 
кездесе ме деп тұр еді, іштен бір топ кісі дабырлап 
сөйлесіп келе жатты. Үкі көз, ірі денелі командирден 
басқасын танымады. Шамасы, Аралға кейінгі күндері 
келген әскерилердің командирі сияқты. Ішінде ақ сеңсең 
бөркі қоқырайған қапсағай қара бар. Күпілі қазақ жаңа 
осында келе жатып қала ішінде жүрген түрікпен жігіттерін 
көрген-ді.
– Жолдас командир...
Үкі көз командир күпілі қазаққа одырайып бір қарады 
да, тілге келмей өтіп кетті. Күпілі қазақ енді не істерін 
білмей алақтап, жан-жағына қарап тұр еді, іштен асығыс 
шығып келе жатқан Дьяковты көрді. Күпілі қазақты анау да 
алыстан көріп, қолын көтерді де биік басқыштан жүгіріп 
түсті.


844
– Ал, бері... бері жүр! – деп, оңашалап шетке алып 
шықты. – Ал, қалай? Не болды?
– Бірнеше рет тоқтатты?
– Ал? Сосын?..
– Кімсің деді?
– Сен не дедің?
– Не дейін, ауылым Кішіқұм бойын жайлаушы еді 
дедім. Сексеуіл жақта тұратын нағашымнан алған түйем 
бар еді. Сол жамандатқыр үйреншікті өрісін іздеп кетіп 
қала береді. Соны іздеп келем дедім.
– Жарайсың. Ал... Аналар ше? Айтқаныңа сенді ме?
– Оншасын білмедім. Қойны-қонышымды тінтті де, 
сезікті ештеңе таппағасын қоя берді.
Төтенше комиссар мәз боп күліп жатыр.
– Қорқып едім. Аман-сау оралғаның жақсы болды. Ал, 
кәне... не бітіріп қайттың?
– Әскердің көптігінен жер қайысады. Түрі жаман...
– Апырай, ә? Солай ма?
– Айтары жоқ. Сұмдық. Ғаламат.
Петр Дьяков күпілі қазақтың қорбиған моп-момақан 
түрінен көз алмай, иығының басы селкілдеп әлі де сылқ-
сылқ күліп тұр.
– Сендерде бір мақал бар екен.
– Қандай?
– Ондай мақал орыста да бар. Бізде де «қорыққанға 
қос көрінеді» дейді. Жә, басқа айтарың жоқ па?
− 
Броневиктері, айырпландары бар..
− 
Жарайды, шаршаған шығарсың, үйіңе бар, дем 
ал.
Еламан үстіндегі күпінің салмағын енді ғана сез-
гендей, қозғалуға құлқы болмай тұр еді. Жетегіндегі 
ат сулығы шылдырап, су алып бара жатқан әйелдің 
шелегіне ұмтылды.


845
− 
Атыңды суарып ал,– деді Дьяков.
− 
Су жағы қалай, тапшы ма?– деді Еламан.
− 
Бізде тапшы. Ал аналар қалай екен?
− 
Су емге жоқ. Көліктері де, адамдары да каталап 
өлгелі тұр.
– Так-так...
– Бірақ олар ертең суға қарық болғалы тұр.
– Қалай? 
– Кейінгі жақтан сестернмен су әкелгелі жатыр.
– Оны қайдан білдің? 
– Өткен түні Шокысу стансасында тұратын бір та-
ныс қазақтың үйіне қонып ем. Өз көзіммен көрдім.
− 
Апырай, ә?! Сестерні көп пе?
– Оннан асады.
− 
Дәл санын білесің бе?
− 
Дәл ме?
− 
Иә, дәл саны? 
− 
Дәл... дәл саны... дәл санын кім білсін. Бірақ 
әйтеуір оннан асады.
Жаңа ғана жайбарақат тұрған комиссар кенет асығып 
кетті. Жүрсе де, тұрса да салбырап санына соғатын 
зілдей кабурды бір қолымен қысып жүгіре жөнелді 
де, кілт тоқтады. «Сен қайтесің, қаласың ба?» – деген 
кескінде Еламанға карап тұр.
− 
Ырғыздан алашорданың шонжарлары шығып, 
үш жүздей әскермен осылай карай келе жатқан көрінеді. 
Генерал Черновтың әскеріне қосылмақшы. Есебін тапса 
соңыра шығыстағы мұсылман елінің біріне – не, Ауған, 
не Иран өтіп кетпекші,– деді Еламан.
Дьяков жөндеп тыңдаған жоқ. Бар құлқы басқаға 
ауып, асығып тұр. Штабқа такап келе бергенде көзіне 
түскен бір жауынгерді шакырып алды.
– Портқа жүгір! «Түркістан» кемесінің командирін 


846
тауып ал. Дереу
 
маған жетсін – деп, солдатты жүгіртіп 
жіберді де, қасында түкке түсінбей, аң-таң боп тұрған 
Еламанды қолтығынан алды.
— 
68-разъездің өкпе тұсына кеме жақындап бара 
ала ма?
— 
Барады. Сарышығанақ бұғазы жау әскерінің өкпе 
тұсына тіреліп тұр.
— 
Сарышығанақ тайыз ба?
— 
Тайызы тайыз, бірақ «Түркістан» сияқты 
кішігірім кемеге ештеңе етпейді.
Осы кезде еңгезердей біреу атын ақырын бастырып, 
бұларға қатарласа берді.
— 
Кәлен аға!
Кәлен аттан түсті де, Еламанды құшақтай алды.
— 
Мен кеттім,– деді Дьяков.
Аналар бұған көңіл бөлген жоқ. Аттарын жетелеп, 
анадай жерде іргесін құм басқан үйге барды да, терезе 
алдындағы жалғыз теректің түбіне қатар отырды.
— 
Ағаң үйде карап жата алмады, – деді Кәлен. 
– Сенің жаңағы көксау тамырыңа бес жүз ат айдап 
әкелдім. Тәйірі, Тәңірбергеннің малы мойныма қарыз 
болады дейін бе.
— 
Жақсы істегенсің. Ол сұм осында.
— 
Қалада ма?
— 
Жоқ, ана жақта. Ақтармен бірге.
— 
Оны есіткем. Енесін ұрайын, ол түлкі болса, осы 
күні өзім тазымын. Ал, бала, келін қайда?
— 
Осында.
— 
Қалада ма?
— 
Иә,
— 
Е, онда бұл отырысымызға жол болсын. Келіннін 
қолынан шай ішпейміз бе?
Екеуі етегін қағып түрегелді. Еламан кішкентай 


847
каланың кұсхана жақ шетінде, портта істейтін жұмысшы 
орыстың бір бөлмесінде тұрады екен. Бұлар аттарын 
байлап, беті-қолын жуып, төр алдына жайған төсекке 
отырғанда мына жақтан Кенжекей де қара шайнегін 
қайнатып әкелді. Жаңа ішке кіргенде Кәлен төр жақта 
сүйеулі тұрған кішкентай қара домбыраны көрген-ді. 
Жидеден шапқан домбыраны қолы білетін біреу бабына 
келтіріп күйлеп қойған екен. Кәлен бауырына жабыса 
қалған домбыраның қос ішегін құшырланып қағып-
қағып жіберді. Халық жиналған жерде әсте ешқашан 
қолқалап сұратқызбай, салған жерден айқайлап шырқай 
жөнелетін Кәлен осы жолы сұйық селдір сақал, селдір 
мұрты тікірейе-тікірейе қалған қошқыл қара бұжыр жүзін 
әуелетіп жоғары көтере берді де... кенет қалт тоқтады. 
Үй қабырғасында ілулі тұрған ақ қалпаққа көзі түсті. 
Қолындағы домбыраны алдына көлденең тастай салды да, 
көзіне оттай басылған ақ қалпаққа көңілдене қарап:
– Әй, келін – деп, шай құйып жатқан Кенжекейге 
бұрылды. – Мынау... апыр-ай, әлгі өзіміздің Судыр 
Ахметтің... соның қалпағы емес пе?
– Иә, сол байғұстікі. Біз осылай көшкелі жатқанда 
келіп... Бишара сендерді жақсы көретін. «Көзімдей көріп, 
естеріңе ала жүрерсіңдер» деп беріп еді.
– Қой, осы жұрт оны тірі деп жүр ғой.
– Еріккен жұрт не демейді.
– Жо-жоқ, келін, тірісі тірі көрінеді. Соны біреу маған 
өз көзіммен көрдім деді. Арқа жақтағы қалалардың 
бірінде тұрады деді. Боталы түйесі бар бір сақау кемпірге 
үйленіпті. Кемпірі қала халқының қой-ешкісін бағады, ал 
өзі жалғыз түйенің сүтін сататын көрінеді. Құлағы тосаң 
есітетін бопты. Бұрын сүттің жартылығын екі теңгеден 
сатса керек. Бір күні өздері араласып отырған көрші 
үйдің баласы кеп; «ассалаумамәликем, ата» деп сәлем 


848
берген екен. Ахмет әлгі балаға ит көрген текедей едірейіп: 
«Сәлеміңді басыңа шайнап жақ. Сүттің жартылығы үш 
теңге. Алсаң сол, алмасаң айда, қайқай» – депті.
– Қойшы, қайнаға-ай, – деді Кенжекей күліп.
– Жоқ, рас көрінеді.
– Құдай шебер-ай, тірісінде тәлкек қылған халық со 
бейшараның өлімін де он саққа жүгіртетін болды-ау.
Кәлен қарқылдап рахаттана күлді де, жанында жатқан 
жастықты жұмарлап-жұмарлап тақымының астына басып 
алды. Еламан алдына қойған шайға қол созбай, көзін 
төмен салып отырып қалған-ды. Үндемесе де, қазіргі түрі 
әйелінің сөзін іштей құптағандай. Ол сорлыны көзі тіріде 
де осы жұрт сүтке тиген күшіктей, әрі итеріп, бері итеріп 
тәлкек қып болып еді. ақтай жын, алақұйын сорлы от 
басына өскен ошағандай өле-өлгенше өз үйінің де зықын 
алып біткен-ді. Бірақ осы жұрт не десе де, барған жер 
құдды түлкінің күшігін ұстап алғандай іштегі шері тарқап 
қызыққа батып қалушы еді-ау! Сонан ба, осы жұрт күдер 
үзіп ұмытар кезде де іздеуін қоймайды.
– Сөзіміз ауыр болмасын, бейшара қызық жан еді – деп, 
Еламан із-түзсіз жоғалып кеткен жерлесін аяп отырғанын 
байқады.
– Ол да адам ғой. Өлсе өлген болар. Бірақ оның 
судырақтығы өлуді біледі дейсің бе? – деді Кәлен құрысып 
қалған тізесін жазып түрегеп жатып.
Бұлар сыртқа шыққанда күн батыпты. Көшеде кісі аяғы 
басылған. Бір-біріне бата алмай, айбат шегіп тоқтаған ақ 
пен қызыл бүгінде бір оқ атпай, қараңғы түннің күдігі мен 
қорұынышын ұлғайтып тұр екен. Еламан қала сыртындағы 
қорғаныс шебіне тартты. Қанша күннен бері бел шешпей, 
окопта таң атарып, күн батырып жүрген жігіттер жаңа-
жаңа қалғып бара жатқанда, кенет тарс-тұрс мылтық 
атылды. Әсіресе, қорғаныс шебінің оң жақ қанаты у-шу 
боп, қатты әбігерге түсті.


849
– Не болды?
– Жай ма?
– Білмеймін.
– Командир қайда?
Шошып оянған жауынгерлер апыл-ғұпыл қаруға 
жармасты. Мылтықтар сатып-сұтыр оқталды. Жақын 
түстан пулемет тақылдай түсті де, кілт тоқтады. Окоп 
бойы қайтадан жым-жырт боп тына қалды.
Алдағы айқастың бірінші құрбаны жау қолында 
тұтқында кетіп бара жатқанынан бұлар әлі бейхабар еді. 
бірақ ертеңгі қырғын ұрыс алдындағы осынау көзге түртсе 
көрінбейтін тастай қараңғы түнде өздерінің тірлігін жанап 
өткен бір жаманшылықты бәрінің жүрегі сезіп еді.
***
Екі қолын артына қайырып байлаған әлде біреуді 
желкеге түйгілеп, сүйреп әкелген ротмистр Рошальды 
солдаттар кәпелімде қаумалап ортаға алып жатыр.
– Тіл әкелген бе, әй?
– Ну, молодец!
– Да, герой!
Рошаль тұс-тұстан дабырлап сөйлеп жатқан кісілердің 
арасында әлі де ентігін баса алмай тұр. Қалталарын 
қарап ештеңе таба алмады. Сосын: «Кімде темекі бар?» 
– деп сұрап еді, сол арада тұрғандардың біреуінен 
темекінің қиқымы табылды, біреуден оттық табылды. 
Рошаль қалтыраған қолымен темекіні тұтатып жатып, 
қасында тұрған тұтқынға көз тастап еді. Солбырайған 
біреу екен. Қараңғыда желп етіп сөніп қалған оттықтың 
сәулесінен оның көз әйнегі жылт етті. Және осы бір қас 
қағымда шалғысы салбыраған мұрт пен дәл сондай ұп-
ұзын мұрнын аңғарып қалды. Кім де болса, кәперіне 


850
ештеңе кіріп-шығып жатқан жоқ сияқты. Ол тек таң 
алдындағы ұйқысының шырқын бұзып, әлденеге абыр-
дабыр боп жатқан мына біреулерге ренжіп тұрғандай.
Рошаль тұтқынды Федоровке жөнелтіп жібергесін, 
станса басындағы ығы-жығы әскердің арасынан өзінің 
жігіттерін іздеп тапты. Иесін таныған ат «мен мұндамын» 
дегендей, оқыранып қоя берді. Сол маңнан ол өзіне орын 
іздеп тапты да, астына шинелін жайып жата кетті. Сол 
бойда көзі жұмылып ұйықтап бара жатты да, әлденеге 
жаңа, тап жаңа ғана басынан кешкен оқиға есіне түсіп 
көзін ашып алды. Қалай десе де, өзінің оққағары бар. 
Осы жолы да бұнан бұрынырақ ілгері кеткен солдатқа 
оқ тиіп, табанда тіл тартпай кетті де, бұл аман қалды. 
Тұтқыннан тіл тартып ештеңе сұраған жоқ. Тек тұла 
бойын тінтіп қарап, бірнеше документ тапты. 1857 жылы 
туыпты. Коммунист. Коммунистер полкінде бөлімше 
командирі. Оған дейін Шалқар депосында жұмысшы 
боп істеген. Фамилиясы... Иә, фамилиясы қалай еді? 
Сквозняк... жо-қ, зновит... Әлде Озноб... Ознобин. 
Иә, иә, Ознобин. Озно-бин. Рошаль тұтқынның атын 
ішінен қайталап жатып ұйықтап кетті. Ертеңіне ояна 
салысымен тағы да түнде болған жағдайды ойлап, түп-
түгел есіне түсіріп шықты. Өзінің аман қалғанына тағы 
да іштей таң қалып, басын шайқады.
Top шолақ ат оқыранды. «Жануар шөлдеп тұр-ау. 
Суарып алар ма еді» деп ойлады да, керіліп-созылып 
орнынан тұрды. Беті-қолын жуғысы кеп, құдық маңында 
үйме-жүйме боп жатқан кісілерге барып еді. Күзетші 
солдат құдыққа жан адамды жуытпай, безектеп тұр екен. 
Рошальдың есіне тағы да тұтқын түсіп, штабқа барып 
еді; бір жақ іргесін түріп тастаған брезент палаткаға 
тақап келе бергенде іштен жыландай ысқырған әлдебір 
дыбыс шықты. Ішке кірер-кірмесін білмей, есік алдында 


851
іркіліп тұрып, әлгі дыбысқа құлағын салып еді, ауада 
ысқырған дыбыс іле-шала әлдебір былқылдақ нәрсеге 
тиді де, шыпылдап ала жөнелді.
– Ну, гад... Айтасың ба, жоқ па?
Мынау Федоров қой.
– Ну, га-д...
Рошаль ішке кірді. Үй ортасына етпетінен жығып 
салған тұтқын тырдай жалаңаш. Шынысы сынған 
көзілдірік анадай жерге ұшып түсіпті. Қол-аяғын 
керіп тастаған тұтқынның екі жағында еңгезердей екі 
солдат. Федоров аяғындағы шпорлы етікпен тұтқынды 
табанына басып, қалш-қалш етіп тұр екен. Рошаль кіріп 
келгенде, ол қысылып қалды. Сырт айнала бере терін 
сүртті.
– Іске сәт! – деді Рошаль.
Екі жендет құлаштап көтеріп алған қолындағы болат 
сүмбіні сілтер-сілтемесін білмей, ауада ұстап тұрып 
қалған-ды. Олар «не істейік?» деген кескінде Федоровке 
қарап еді. Федоров өздері біліп істейтін нәрсеге бұны 
араластырып тұрғанына ыза боп:
– Соғыңдар! – деді ақырып.
Болат сүмбілер ысқыра жөнелді. Қарт жұмысшының 
онсыз да түз сепкендей удай ашып дуылдатып әкетіп 
бара жатқан қан-қан арқасын темір сүмбілер тағы да 
шыпылдап ала жөнелді. Тұтқын сонда да дыбысын 
шығармай тістеніп алған. Бұршақтаған тер бетін жуып, 
кеудесі көріктей күрсілдеп, ырс-ырс дем алады. Рошаль 
көзінің қиығын Федоровке тастап еді, ол шімірігетін 
емес. Жіңішке ернін жымқырып апты. «Ұр! Соқ!» – 
деп, қалш-қалш етеді. Төрт қазыққа қол-аяғын керіп 
тастаған қан-қан дене темір сүмбі тілгілеген сайын 
қара жерге кіре жаздап, ұзын, арық дене бір созылып, 
бір жиырылып ырсылдап жатып, қолы жеткен жердің 


852
топырағын тырнағымен осқылап, айырып-айырып 
тастапты. Әсіресе, аяғының астын қара тұқайымен 
қазып тастаған екен.
– Тоқ-тат! – деді Рошаль.
Екі жендет тоқтауын тоқтаса да, кейін шегініп кеткен 
жоқ. Қолдарындағы темір сүмбіні көтеріп тұрып: «Не 
істейік?» дегендей Федоровке бұрылып еді.
– Соқ! Соғыңдар! – деді ол.
Екі жендет сүмбіні қайта сермеді. Темір сүмбілер 
тиген жерін тілгілеп, терісін жалбыратып сыдырып 
түсіп жатыр. Қарт жұмысшы шыңғырып жіберді. Қара 
тер көзіне құйылып, өзі де қалш-қалш етіп ырсылдап 
жатып, топырақты аузын толтыра асады да, дір-дір етіп 
қатты да қалды.
Ротмистр Рошаль кабурға қолы қалай барғанын 
байқамады. Қол-аяғын керіп тастаған қан-қан денеге 
жетіп барды да, алты оқты ақырына дейін атты-атты да, 
наганды лақтырып тастады.
– Мынаны қамаңдар, – деді Федоров әлгі екі жендетке 
Рошальды иегімен нұсқап.
***
Рошаль өзін айдап әкеле жатқан екі солдатқа 
назарын көтеріп қараған жоқ; олардан «қайда апара 
жатырсыңдар?» деп сұрамады да. Үйткені, қайда апарып 
қамаса да осы қазір оған бәрібір еді; тек, баратын жерге 
тезірек жетіп, төсек болса төсекке, болмаса, мейлі, 
қара жерге де жата кетуге пейіл боп, өзін айдаған 
солдаттардың алдына түсті де, олар иегін көтерген 
жақты бетке ұстап жөнеле берді.
Есіл-дерті ұйқы. Басында одан басқа ой да, уайым 
да жоқ. Керек десе, өмір деп аталатын осынау дүниеде, 


853
осы мына таң атырып, күн батырып, өмір мен өлімді 
жан біткен жаһаннамның есіне салып, қараңғы мен 
жарықты кезек алмастырып тұрған мына аспан астында 
өзі, сірә, бар ма, жоқ па, бар болса нені тындырды, нені 
бүлдірді? Әлде қараңғыда ұшқан көбелектей, әйтеуір 
құрдан-құр қаңғалақтап күн өткізіп жүрген бұ да көптің 
бірі ме? Бұ да есіне кіріп-шыққан жоқ.
– Бері жүр.
– Енді ары жүр!
– Жоқ, бұнда... былай жүр!
Мыналардың бір сөзі мыйына кірген жоқ. 
– Міне, мында кір!
Рошаль әлдебір үйге келгенін енді ғана аңғарды. 
Алдынан ашқан есікке кіру керек пе, жоқ па, солдат 
иегін көтеріп ыңғай білдіргенше тағы да аңырып тұрып 
қалды. Кірер жерде аяғы табалдырық па, әлде басқа ма, 
сүрініп құлай жаздап, әзер-әзер бойын биледі де, тақтай 
еденге табаны жабысқандай қалшиып тұра қалды. Төрт 
қабырға арасында қаңыраған кіп-кішкентай бөлмеде 
кіп-кішкентай сығырайған соқыр терезеден басқа көз 
сүрінер ештеңе жоқ екен. Табаны астында кішкене 
салмақ түссе де сықырлап қоя беретін қиюы қашқан 
тақтай еден. Беті бір елі шаң. Бұның алдында ғана ішке 
кіріп-шыққан әлде біреудің арбаңдаған ізі жатыр. Бұның 
бәрі алыста, ұмытылып бара жатқан әлдебір елестей, 
жанарына бірде іліксе де, бірде ілікпей бұлдырап кетіп 
тұр еді, жалғыз топсаға ілігіп тұрған алқам-салқам 
есіктің тот басқан темірлері сықыр еткенде, Рошаль 
артына бұрылып еді, солдаттар шығып кеткен екен. 
Рошаль тұрған жеріне сылқ етіп отыра кетті. Қараңғы 
түн енді бұның жанарына орнап, ұйқы қысқан көз 
жұмылып бара жатты. Сонан арғы жағын білмеді.
Тек ертеңіне ғана түс ауа көзін ашты. Ұйқысы 


854
қанбапты. Әлде де болса ұйықтағысы кеп көзін қайта 
жұма берген-ді, әлдебір жақтан келген пойыз разъезге 
жете бергенде жүрісін жайлап, Рошаль жатқан үйге 
бүйірін берді де, ысылдап-пысылдап тоқтап еді. Разъез 
басы әп-сәтте абыр-сабыр, у-шу, азан-қазан болды да 
кетті. Іле-шала су сарылдап, шелектер даңғырап, аттар 
шұрқырап кісінеп, сапырылысқан жұрт даланы басына 
көтеріп бара жатты. Қу тақтайда түнеп шыққан Рошаль 
сүйек-сүйегі сынып, денесін қозғай алмай жатқан-ды. 
Жұртты дүрліктірген мына абыр-дабырға құлағын тігіп 
біраз жатты да, кенет сыртта сарылдаған судың дыбысын 
есіткенде орнынан атып тұрды. Кезерген ернін жалап, 
тілін қуырған ащы кермекті жұтынып қалды. Торшолақ 
есіне түсті. «Суарса болар еді-ау» деп ойлады. Құлағы 
шыңылдап кетті ме, қайтті... Төбе құйқасын шымырлата 
ысқырған алапат дыбыс ауаны тіліп келіп қалды. 
Үйдің төбесін аударып түсетіндей, сорғалап ағып 
өтті де, разъезд басындағы ығы-жығы жиынның шет 
жағына түсті. Үй дірілдеп, терезе әйнектері шалдыр 
етті. Төбеден топырақ сау-сау құйылды. Сол сол екен, 
снарядтар гүрс-гүрс жарыла бастады. Есі шыққан жұрт 
енді жан-жаққа тым-тырақай қашып; түйелер бақырып, 
аттар даланы дүсірлетіп безіп барады. Бір снаряд тұп-
тура паровозға түсті. Цистерндер қирап, су сарылдап 
ағып, станса басы әп-сәтте телегей-теңіз боп кетті.
Рошаль қос қолымен құлағын басты да, тұрған 
жеріне сылқ етіп отыра кетті.
* * *
Генерал 
Чернов 
әскерін, 
ат-көлігін 
суға 
қандырғасын, ертең жоқ, бүрсігүні шабуылға шықпақ 
боп күшін жиып отыр еді, мына жағдай оның бар ойын 


855
бұзды. Енді не істерін білмей, томаға-тұйыққа тіреліп 
отырғанда, Каспий жағасынан генерал Нокс ұшып 
келді. Бұл ағылшын үкіметінің Орта Азиядағы төтенше 
тапсырмасымен жүрген аса беделді адам-ды.
Тарығып тұрғанда келгесін бе, бұған Чернов қатты 
қуанды. Ағылшын генералы айырпланнан түскесін 
өзін күтіп тұрғандардың ішінен жалғыз Черновпен қол 
алысып амандасты да, қалғандарға басын ғана изеді. 
Сосын Черновты оңашалап шетке алып шықты да, бұнда 
келген шаруасын айтты: «Түстік Армияның тағдыры 
Арал түбінде шешіледі» – деді. «Ертеңгі шабуылда 
қызылдардың қорғаныс шебін талқандап бұзып өткесін 
де, сонан қашан Ташкенге жеткенше бір жаққа мойын 
бұрмай, темір жол бойымен жылжып отырасыңдар» – 
деді. «Оның ар жағында қашан Каспийге шыққанша 
жолдарыңда жатқан бес қала – Қоңырат, Шымбай, 
Үргеніш, Хиуа, Хожаелі, Бұхара арқылы Красноводскіге 
жетсеңдер, сол арада ағылшынның экспедициялық 
корпусы тұр» – деді. «Әрине, бізге жеткенше біраз 
қиындық көресіңдер. Бірақ әлгі қалалардың бәрінде де 
қол ұшын беретін тілектес достар болады» – деді де, 
өзінің айтқандары қаншалық әсер еткенін білгісі келді 
ме, Черновқа қарап еді, жақсылық пен жамандықты 
қатар ойлап тұрған орыс генералы түсін бермеді. Бұ да 
ағылшын генералының көзіне тура қарап тұрып: «Егер 
ертең қызылдардың шебін бұзып өте алмаған күнде 
қайтеміз?» – деп еді, ағылшын генералы әуелі жанынан 
сигар алды. Сосын оны шексем бе, жоқ па деп екі ойлы 
боп тұрды да, дегенмен шекті. Сосын жуан сигарды 
түбінен сығымдап ұстап тұрып:
– Ондай жағдайда Арал теңізінің батыс жағалауымен 
Қарақалпаққа тартасыңдар. Бұл жақ елсіз. Сусыз. 
Сахара. Бірақ сендер біздің назарымызда боласыңдар. 


856
Қазақ пен қарақалпақ жерінің шекарасында теңізге 
сүғынып кіріп тұрған тұмсық бар, онда тұщы су бар. 
Сол араға арғы жақтан азық-түліктерін алып ақ атаман 
Фелишев пен ақ офицер Сафаров, Серов, Елисеевтердің 
отрядтары кеп, сендерді күтіп тұрады. Ал Аралдың 
бұрынғы көкжал көпестері – Марков, Мокеев, Кисиндер 
қаржы жағынан көмектеседі. Ана жақта Хиуа ханы мен 
Бүхар әмірі де қол ұшын беруге әзір отыр, – деді де, 
салмақты сөзін соңында айтты:
– Колчак біздің сенімімізді ақтамады. Сондықтан 
одақтас елдер Колчакты жабдықтауды доғарды. 
Еуропаның қазір көз тігіп отырған кісісі – барон 
Врангель. Сосын, сізсіз, сэр генерал. Сіз әскеріңізбен 
Врангельге қосыласыз, – деді. Тым құрыса, әдеп сақтап 
ақылдасқан сыңай танытпай, орыс жеріне өздерімен 
бірге ала келген озбырлығын жасырмады.
Генерал Чернов бұған келіспей, қарсы бірдене 
айтқысы келсе де, бірақ сөзі мынаған қаншалық әсер 
етерін білмегесін үндемеді.
– Красноводскіден кемеге тиелесіңдер. Каспий 
теңізінің арғы бетіне өткесін Қырымға жету сендерге 
оншалық қиынға түспейді. Совет өкіметіне наразылық 
білдіріп жатқан жерлердің үстімен өтесіздер.
– Ондай жер бар ма өзі?
– Бар, генерал.
– Әй, қайдам?..
– Ондай жерлер бар. Мәселен, Терістік Кавказ бен 
Кубань, Дон жерлерінде халық әлі қаруын тастаған жоқ.
Чернов үндемеді.
– Сіздің әскеріңіз саны жағынан Врангельдің 
әскерінен кем емес. Врангельде қару-жарақ пен азық-
түлік жеткілікті. Танкі де, самолет те бар. Ертеңгі 
күні сіздің армияңыз Врангельге қосылса, Москваға 


857
шабуылдайтын күш екі есе күшейеді. Сондықтан да 
Врангельге тезірек жетуіңіз керек. Осыны есіңізде 
сақтаңыз. Ал сау болыңыз. Шабуыл сәтті болсын.
Чернов балық көз ағылшынның бұнда айналмай, 
тез кеткеніне қуанды. Ағылшын генералы аттанған 
бойда бұл бір топ кісімен алдыңғы шепке барды. 
Бұл жолы қасына алғандары – құрама командирлері. 
Ішінде Тәңірберген де бар. Тәңірберген өзі өз болғалы 
бұншама көп әскерді көрген емес-ті. Ол білерде жер 
қайысқан қол тек халық аузындағы аңыз-хиқаяларда 
ғана болатын. Қала берді кәрі жыраулар айтатын 
әлгі бір ішектей созылған хиссаларда ел шетіне жау 
келгенде, көбіне-көп «әтеңе нәлет ит қалмақтар» 
немесе исі мұсылман пайғамбардың жасыл туы астына 
жиналғанда қарақұрым қол бастаған қас батырлар 
шеру тартып аттанатын... Әдетте, заржақ жырауларды 
жаратпайтын мырза солардың бірде-біріне сенген емес-
ті. Түн-түнімен қақсаған кәрі жырау таң алдында тамағы 
қарлығатын. Сонан бір кезде үні шықпай бара жатқанда 
құшағындағы қу шанақты сабалап, бақыра бастар еді 
де, бұл ар жағын тыңдамай тұрып кетер еді.
Мырза көңілсіз. Аралға келгесін босанармын деген 
дәмесінен ештеңе шықпады. Кешелі-бүгін генералға 
құлаққағыс қып қыңқылдап көріп еді; Чернов: «Шыдай 
тұрыңыз, ертеңгі ұрыстың ыңғайын байқайық» – деп 
жүре жауап берді. Шалқардан бері қараған жерде 
бұл тайталасқан талай ұрысты көрді; қанша кісі 
қырылды; қанша қан төгілді. Соның бәрі ат үстінің 
аударыспағындай алым-берім бірдеңе сияқты еді. Ал 
мына шайқасқа Чернов күні бұрын қатты даярланып, ең 
таңдаулы полктерін осыған дейінгі ұрыстарға салмай, 
Арал түбіндегі шайқасқа сақтапты. Оқ-дәрі мен қару-
жарақты да кейінге сақтаған. Ең арысы, осыған дейін 


858
сығымдап ұстаған азық-түлікті де Аралға келгеннен 
бері ағыл-тегіл бере бастады. «Осы жолы жеңер», – деп 
ойлады Тәңірберген.
Күнге күйген кісілер қап-қара. Шөлдеген аттардың 
да сүдіні қашып кеткен. Осы араға оқ-дәрі артып келген 
түйелер ғана шөлдесе де сыр бермей, сары шаңдақтарда 
шөгіп жатыр.
Бұлардың алды, артынан снарядтар жарыла бастады. 
Аттар үркіп, тақым астында тұрмай дір-дір етеді. 
Тәңірберген өзінің атын тырп еткізбей, қос тізгінді 
қарыстырып ұстап алды. Жұрт жалтақтап Черновқа 
қарады. Қандай жағдайда да өзін ұстай білетін генерал 
жанындағыларға сыр бермей, ақ арғымақтың басын 
бұлтартпай, тура жау шебіне тартып келеді. Әскердің 
сусыз қалғаны жанына қатты батты. Бірақ бұны да 
сыртына шығармай, ішінен тынып тас түйін боп 
алған. Күн-түн ойлап, алдын-ала кесіп-пішіп қойған 
жоспардың күлі көкке ұшқасын, бұл енді шабуылды 
кейінге қалдырмай, күні ертең бастауға мәжбүр болды 
да, шешуші шайқас алдында ертеңгі қан майдан болатын 
жерді тағы да бір рет өз өзімен көріп қайтқысы кеп атқа 
отырған еді. Ес білгеннен бергі бар-бар саналы өмірі 
сарт-сұрт жорық, жортуылда өткен қарт генерал ертеңгі 
қызыл қырғын бұның, бәлкім, ең ақырғы, ең соңғы 
майданы болатынын ойлады. Осы күндері қамауда 
жатқан Рошаль да бір сәт ойынан шықпады. Жас кезінен 
білетін қанжығалас кәрі досының жалғыз баласы еді. 
Бишара баланы аяйды. Бірден босатып жібермегеніне 
өкінеді. Кідірген сайын сорлы баланың жағдайын 
қиындатып, тағдырын қолдан шығарып алғанына жаны 
киналып, енді қайтерін білмей, басы қатып жүр.


859
* * *
Бұл кезде Рошаль шаңы екі елі еденде шалқасынан 
сұлқ түсіп жатыр еді; ештеңеге зауқы жоқ; басына 
ештеңе кіріп-шыққан жоқ; осы дүниеде өзі бар ма, жоқ 
па, о да қаперіне кіріп-шықпай, енжар, сүлесоқ күйде 
жанары сөніп кеткен көзін күн шықса қайнап кететін 
кіп-кішкентай қапырық бөлменің өрмекші ау құрған 
сонау ыс-ыс қара күйе бұрышынан алмай жатқалы 
қашан. Іште, тыста, сірә, дыбыс бар ма, жоқ па, о да 
қаперіне кіріп жатқан жоқ сияқты еді, кенет бір таныс 
дыбыс құлағына жетті де, тық-тық етіп шекесін тесіп 
тұрып алды. Орнынан қозғалмай жатып жан-жағына 
көз тастап еді, көзіне ештеңе ілікпеді, тек шаңнан жүзі 
көрінбейтін еденде күніне котелокпен екі рет ас әкелетін 
солдаттың ізі жатты. Солдат бұрын ішке кіретін де, 
котелокті жерге қоя сала, кідірмей шығып кететін-ді. 
Оның мына бір ізі ілгері озған екен, Рошальдың есіне 
түсті: кеше солдат «уақытты біліп жат» деп, қай заманнан 
бері тоқтап тұрған, ескі сағаттың тілін қозғап, жүргізіп 
кеткен еді. Осындай бір сағат Омбыда әкесі екеуі тұрған 
үйде де болатын. О да қабырғада ілулі тұратын. Кейде 
тоқтап қалғанда не бұл, не әкесі тілін қозғап жүргізіп 
жіберетін. Түстік Армияға жүрерден бір күн бұрын бұл 
әкесімен сөйлескен-ді. Онсыз да сөздері жараспай, әке 
мен бала қатты ширыққан бір тұста қабырғада тұрған 
сағат тықылдап жынына тиіп болған-ды. Бұл ертең 
генерал Черновтың Армиясына жүретінін айтқанда, 
жұмысқа барғалы жатқан әкесі бұның сөзіне онша мән 
бермей, жүре сөйлесіп: «я, тағы не айтасың?» – деді.
– Шын айтам, папа. Черновпен келісіп те қойдым, – 
деді бұл.


860
– Мен де шын айтып тұрмын. Қазір ойынның заманы 
емес, отыршы өзің.
– Ал отырдым. Бірақ папа... Бұл үзілді-кесілді 
шешілген мәселе.
– Е, онда маған айтудың керегі қанша. Қайтпек 
керек, онда дегенің білсін, балам.
Қабырғадағы сағаттың шекеңді тесіп тық-тық еткені 
аз болғандай, енді қоңыраулатып зың-зың еткені. Рошаль 
сағатты тоқтатты да, қайтып кеп орнына отырды.
– Чернов жақсы адам, – деді әкесі, – оның өз басы 
жақсы болса да, әскерінің жағдайы қиын. Аса қиын.
– Ендеше, оған дәл осындай қиын кезде...
– Сөзімді бөлме. Басқаны қойғанда оларға біз қазір 
оқ-дәрі жеткізіп бере алмай отырмыз. Ертең бұл күнге 
де зар боламыз. Әркім өз басын сауғалап кететін күн 
туады. Чернов бар әскерімен шөл далада қалуы мүмкін. 
Сен оны білесің бе?
– Білем...
– Түк те білмейсің. Білсең бүйдемес едің ғой.
Қанша сарқылып айтса да сөз қонбай қойған 
баласына қатты ренжіген қарт генерал қолын сілкіп, 
орнынан тұрып кетті. Сосын ашумен біраз ықтырып 
алғысы кеп:
– Сен осы не ойлайсың? Қайда жүресің, кіммен 
жүресің? – деді.
– Өзім де білмеймін.
– А? Не?
– Нансаңыз, осы күнгі тірлігім өзімді де тойдырды.
– Әне, айтпадым ба, сендердің ұрпақтарың шетінен 
осындай. Жанбай жатып сөнеді, тумай жатып қартаяды. 
Ну и народ!
Жас Рошаль ішін алдырмай үнсіз томсарып отыр. 
Қарт әке оған бір-екі рет көз қиығын тастады. Қанша 


861
ұрысса да онын, салғыласпай, төмен қарап сазарып 
алған түрінен шошыды. Баласына айтқанын тыңдата 
алмай, амалы құрығаны соншалық, қарт генерал енді 
қайтерін білмей үй ортасында аңырып біраз тұрды да:
– Ай, балам-ай – деп, кенет күрт қалжырап, 
жанындағы бір орындыққа отыра кетті, – дүниеде сен 
білмейтін нәрселер көп. Мәселен, осы күні біз қит етсе 
ату жазасына бұйырамыз. Себебі не, соны білесің бе?
Жас Рошаль үндемеді.
– Атуға кесілген кісілерге екі дүние бір қадам, – деді 
қарт генерал. – Өлім жазасына кесілгендер соғысқа 
жіберуін сұрап Колчакқа өтініш жазады. Біз қазір 
халықты осындай шарасыз халге мәжбүр етіп отырмыз.
– Мынау сұмдық қой...
– Тоқтай тұр. Сорақысын кейін көресің.
– Не деп отырсыз, папа?
– Иә, иә, біз қазір осындай ажалға басын байлаған 
кісілердің бәрін жиып, генерал Черновтың армиясына 
жөнелтіп жатырмыз.
Жас Рошаль әке жүзіне таңырқай қарады. Не қылса 
да, үнемі ұйқысы шала болған адамдай қабағы салбырап 
жүретін осынау бір олпы-солпы әке бойында өзі біле 
бермейтін талай нәрсе жатқандай болды. Қарт генерал 
сөзге түсінбейтін кияңқы баланы бетінен қайтардым 
деп ойлап, көңілі жайлана бастаған-ды. Жас Рошаль:
– Ертең жүрем – деп, орнынан түрегеле беріп еді, 
әкесі оны шалғайынан тартып қасына отырғызды. 
Сосын айтқан тілді алмайтын қиқар баласын иегінен 
ұстап, бетін өзіне қарай бұрды:
– Сен осы не деп тұрсың?
– Ренжіме, папа...
– Ренжіме.... ренжіме... Сен әлде шешең екеуміздің 
өзіңнен басқа баламыз жоқ екенін ұмыттың ба? Неге 
күлесің? Неңе жетісіп күлесің, а?


862
– Папа, иегімді қоя беріңізші.
– Тфу! Жарайды, бар. Бара ғой! Қайда барсаң 
онда бар. Сен Рошальдардың тұқымына ұрпақ боп та 
жарымассың.
– Романовтардың аяғы аспаннан кеп жатқанда 
Рошальдар кімге тұлға болады дейсің?!
Осыдан кейін әке де, бала да үндемеді. Сағат тоқтап 
та қалған. Үй жым-жырт. Қарт генерал жанынан темекі 
алды, бірақ шеккен жоқ, қолына ұстап біраз отырды 
да, қайтадан қалтасына салды. Орнынан тұрды. Бұған 
назарын салмастан, ақырын басып шығып кетті. Бұл сол 
күннің ертеңіне Түстік армияға жүріп кеткен-ді. Сонан 
бері хабарсыз.
Рошаль төңірегінен түк көргісі келмегендей 
алақанымен бетін басып біраз отырды да, шаң-шаң 
еденге жантайып жата кетті. Ол енді жардағы сағаттың 
тықылын да есітпей, керең кісіше төңірегінен түк 
сезбей, бар мен жоқтың арасында сұлқ жатқан үстіне 
генерал Чернов келді. Қасында подполковник Федоров. 
Рошаль орнынан құлықсыз ақырын тұрды. Сақал-мұрт 
өскен. Беті, әсіресе, көзінің алды күлтілдеп ісіп кеткен. 
Көзін жерден көтермеді. Генерал да оған назарын тіктеп 
қарай алмады. Тіл қатпай үнсіз тұрды да, ләм деместен 
бұрылып жүре берді. Келгеніне өкінді. Атына міне сала 
қамшы басты. Федоров қалмай, үзеңгі қағысып келе 
жатып:
– Генерал мырза, – деп тіл қатып еді, Чернов 
үндемеді. Тек разъезден ұзап шыққасын ғана ат басын 
тартты.
– Генерал мырза, қандай әмір етесіз? – деді Федоров.
– Өз ойың?..
– Рошальдың қылмысы ауыр. Жау әскері жөнінде 
ешқандай мәлімет ала алмай отырғанда...


863
– Қайтесің, ойыңды айт!
– Менің ойым... маған салсаңыз, басқаларға үлгі 
болу үшін бұны қатты жазалаған жөн.
– Жә, оның бәрі белгілі...
– Менің ойым, оның офицерлік шенін сыпырып 
алып, ертеңгі шабуылда алдыңғы лекпен жіберу керек. 
Күнәсін қанмен жусын.
Генерал Чернов оған ат үстінен бұрылып, адырая 
бір қарады. Федоровтың қатал екенін білетін. Оның 
рақымсыз қаталдығына таңданған да жоқ; тек өзінің 
аузы бармай тұрған үкімді мына қаныпезердің жүзі 
шімірікпей, қайта сонан рахат, ләззат алғандай 
жайбарақат айтқанына жаны түршігіп кетті.
* * *
– Ел-аға...
– Ел-аға, қайдасыз?
Еламан аузына ала берген асты шала-пұла жұтты 
да, жұрт аңтарыла қарап қалған жаққа бұ да көз тастап 
еді, 68-разъездің бет алдындағы сары жалға қалың 
қол қаптап шыға-шыға келген екен. Олар осы арада 
аттарының басын тежеп, өздерінен кейін қалған екінші 
лекке сәл іркілді. Бәрінің бас-аяғы жиналып, қарамы 
бұрынғыдан әлде қайда ұлғайған қалың қол онсыз да 
тақым астында тұрмай тықырши бастаған аттардың 
басын қоя берді.
Еламан оңы мен солына көз тастап үлгірді. Жігіттер 
қамсыз емес. Мылтықтар оқталып, сатыр-сұтыр боп 
жатыр екен. Сүйткенше... әлде бір тоғанын бұзған 
су ақтарылғандай сары жалдан етекке қарай салған 
қалың қолдың арасынан он шақты атты сурылып озып 
шығыпты. Әсіресе, торшолақ аттының түрі бұзық. 


864
Жалаң бас. Сақал-мұрт басқан қара қошқыл бетте аппақ 
тістер ақсияды. Белінде белбеу, иығында погон жоқ. 
Күнге күйген сұр көйлектің омырауы ашылып кеткен.
Еламан бір қарағаннан-ақ мынаның талай айқасты 
бастан кешкен жырынды жау екенін білді. Өзгелерге 
ұқсап көп дүрмекке ілесіп бет алды ұрынбай, қолындағы 
қылышты да қамшыдай сермеп келе жатқан жоқ.
Снарядтар жарыла бастады. Қайсы біреулер ағызып 
келе жатқан ат үстінен ұшып түсіп, жер құшып жатыр.
Осы кезде Еламанның оң жағындағы пулемет 
тақылдап ала жөнелді. Окоптың ұзына бойынан түтінін 
түтініне, даусын даусына қосып, қардай борап оқ 
жаудырған мылтықтар барған сайын бел алып үдеп 
барады.
Еламан мыналарды тым жақын жіберіп алғанын 
білді. Көзіне тер құйылды ма, тап жаңа қарауылында 
ұстап тұрған торшолақ аттыдан көз жазып қалды. Онан 
көздер жерде қолы қалтырап, оғы тимей қапы кетті. Енді 
мылтықты оқтауға да, атуға да үлгермеді. Сүйткенше, 
торшолақ атты да емініп келіп қалған екен. Еті қызып 
алған ат ештеңеге қарамады. Ат құлағын жымып ааты. 
Езуін айырған темір ауыздықтан ауыз ашылып, тістер 
ақсиып, окоптан ырғып атылғалы алдыңғы аяғын 
бауырына жиып ала қойған екен. Соның ар жағы 
Еламанның есінде шала-пұла қапты. Басын қорғап, 
жандәрмен бұққанын біледі. Үстінен ырғыған аттың 
шала терлеген бауыры мен ауаны есіп лып-лып еткен 
төрт тұяғын көрді ме, жоқ па, есіне түсіре алмады. Тек 
ырғи берген аттың үстінен әлдене аударылып түсті. зіп-
зілдей жансыз бірдеңе бұның жанына былқ етіп құлады. 
Еламан есін жиып ала қойды. Әлгі пагонсыз солдат 
қылыш ұстаған қолын астына алып окопта бүктетіліп 
жатыр екен.


865
Әлдекімнің «грана-та-а» деген даусы шықты. Еламан 
гранатаға жармасты. Ат басын туралап келіп қалған 
төрт-бес аттының әлде де жақындай түскенін күтіп 
әзір тұр. Сүйткенше олар да қары жететін шамаға келіп 
қалған еді; бұл окоптың кенеріне қарғып шыққанын 
өзі де білмей қалды. Аузына түскен әлдебір ызалы 
сөзді айқайлап, қолындағы екі гранатты құлашын керіп 
бірінен кейін бірін лақтырды. Ол бірақ осынау астаң-
кестені шығып жатқан тарсыл-гүрсіл арасынан өзінің 
де, гранаттың да жарылған даусын есіткен жоқ еді, тек 
көз алдында бірінен кейін бірі бұрқылдап аударылып 
түсіп жатқан үйдей, үйдей топырақты көрді. Сосын 
аспанға шапшыған аттарды, ер үстінен ұшып түсіп 
жатқан солдаттарды көрді.
– Жарайсың, – деді Дьяков. Еламан сияқты, бірақ бұ 
да өз даусын өзі есіткен жоқ. Еламаннан он қадамдай 
жерде үні өшіп қалған пулеметке жүгірді. Жап-жас бала 
жігіттің қылыш шапқан қан-қан денесін иығымен ары 
ысырып ауната салды да, пулеметке жабысты.
– Келіңдер. Қане, кәне, жақындаңдар... иттің 
асыраған төлдері, – деді Дьяков. Үнсіз пулеметке тіл 
бітіп, тақылдай жөнелді.
Шыбын жанын шүберекке түйіп алған ақтар 
төсек боп қырылғанына қарамай, аттарын борбайлап, 
қылышты оңды-солды сермеп, қайта-қайта шүйлігіп 
еді. Қанша шүйліксе де, бірақ жарға соққан толқындай 
кейін лықсып, аттарын борбайлап қашып бара жатты. 
Окоптын өн бойынан ыңырсыған дауыстар шықты. 
Носилка көтерген біреулер жүгіріп өтті. Ұрыс 
даласының үстін басқан жүлге-жүлге түтіннің етегі 
ыдырап, ойпаңға қарай ойысып барады.
Көкірегі сырылдап ырсылдап дем алған Дьяков әлі 
құрып бара жатқасын окопқп асыла кетті. Көкірегі 


866
қыжылдап күйіп бара жатқасын алақанымен ысқылап, 
дем алып тұрған үстіне Еламан келді.
– Қалайсыз?
Дьяков: «Қайтесің, белгілі жағдай ғой» дегендей, 
ыңғай бермеген күйі қолын сілтеді де:
– Шабуылға шығамыз. Хан-Дауровтың бұйрығын 
естідің бе? – деді.
Еламан бір ырғып окоптан қарғып шықты да, 
кейінгі жақта тұрған аттарға басқалардан бұрын жетті. 
Мес қарын қараға ырғып мінді. Күрең қасқа аттан қол 
үзгелі осы мес қараға үйрене алмай-ақ қойды. Осы 
жолы тіпті аяқ алысына ызасы кеп, қамшымен тартып-
тартып жіберді. Мес қарын қара ыңыранып бір-екі 
тезек тастады. Еламан сай бойының қарсы қабағына 
көтеріліп бара жатып, артына бұрылып қарап еді, 
жігіттер жапырлап атқа мініп жатыр екен. Кейінгі 
жақтан Қостанай полкі көрінді. Еламан өздерінің осы 
шабуылда Қостанай полкімен тізе қосып, қоян-қолтық 
қимылдайтынын білетін-ді. Тоқ ат денесін ауырлап, 
ырсылдай бастағанына қарамай жарқабаққа бұл 
басқалардан бұрынырақ сыдырып шыға бергенде бір 
солдат кейінгі жақтан құйғытып шауып келді де, әзір 
іркіле тұрсын деген Хан-Дауровтың әмірін жеткізді. 
Қостанай полкі де тоқтады. Еламанның жігіттері аттан 
түсті. Сонан тек түс ауа атқа қонды.
Бұл кезде ақтар бас-аяғын жинап шабуылға қайта 
шыққан еді. Ақтарға қарсы Қостанай полкі ұмтылды. 
Олардың алдына Еламанның жігіттері түсіп кетті. Әли 
бастаған аты ұшқыр жігіттер салған жерден суырылып 
шығып, Еламанды шаң астында тастады. Қанша мінсе де 
тоғы басылмай, салқы қарын шермиіп жүретін қара ат ә 
дегенде, сірә да артта қалатын. Қара аттың сырына қанық 
Еламан бұрын шаң астынан тезірек шығуға тырысып, 


867
ылғи да бір қапталды ала шабатын-ды. Бүгін көңіліне 
қобалжу енді ме, өзінің қатты тұтынатын дағдысы есінен 
шығып, «шүу» дегенде қалың дүрмектің арасына түсіп 
кетті. Аттар бауырын жазып, көсіліп шапқанша түйдек-
шоғырлары жазылмай, бір-бірімен бүйірлері соғысып 
қап, үзеңгілер шылдырап келеді. Салған жерден алдына 
түскен тобылғы торының артқы қос тұяғы бейне бұған 
қос уыстап топырақ шашқандай. Жаз бойы жаңбыр 
тамбаған кебір даланың құмын, кесегін бұның беті мен 
қара аттың ілгері созған мойнына жентек-жентектеп 
лақтыра бастады. «Шіркін-ай, күрең қасқа болғанда ғой» 
деп ойлады Еламан. Алдыңғы аттың тұяғынан ұшқан 
топырақ көзіне ұра бастады. Бірақ оған қараған Еламан 
жоқ. Тізгін ұстаған қолын ілгері созып, қайта-қайта 
аттың көзін сүртіп келеді. Тобылғы торының шаңынан 
шыққысы келген Еламан шауып келе жатып өз атының 
басын оңға да, солға да бұрып еді, соның бәрінде де ана 
ат та бұның бұрылған жағына жалт беріп, құрық бойы 
алдына түсіп, төңкерген қазандай сауыры бұлтылдады 
да отырды. Бір тұтамдай шолақ құйрығы шолтаңдап, 
қара аттай емес, ол қайта төрт аяғы денесін ауырламай 
пыр-пырлап келеді.
Қара ат тағы да тезек тастады. Еламан жау шамасын 
байқағысы кеп қайта-қайта ілгері қарады. Соңғы 
қарағанда көргені – жау боз төбенің баурайына құлаған 
екен. Түйдек шоғырымен кеп ұмар-жұмар айқаса 
кететіндей еді; кенет күтпеген жерден аттарының сірісін 
жапыра жалт-жалт беріп, бұларға сыртын тосып зытып 
берді. Қашқан әскердің кейінгі жағында қалғандар 
жалтақтап артына қарап-қарап қояды.
Еламан қара аттың қалай көтерілгенін байқамады. 
Сұр төбеге жұрттың бәрінен бұрын шауып шықты да, 
қашқан жаудың соңына түсіп, ылдиға қарай құлдилатып 


868
ағыза жөнелді. Сөйткенше қара жал сары атты біреуге 
шаужайласып қалған екен. Өзінің бейқамдығына ыза 
болған Еламан қара аттың тізгінін қатты жұлқып, шабуға 
ыңғайлы жағына қарай шапшаң бұрып алды. Көзіне 
құйылған терді қылыш ұстаған қолының сыртымен 
сүртіп, емініп ілгері ұмтылды. Соны сезгендей анау да 
бұған жалт қарап еді, жас солдат екен. Ағы айналып 
кеткен көзден жанұшырған үрей көрді. Еламан осы 
қазір оның бойында қарсыласатын қауқар қалмағанын 
байқады. Онан өлік иісін сезгендей, бетін қашыртып 
бұра берді. Шынында да, оның қылыш астында бір уыс 
боп қалған денесі құла атқа өңгерген өлік тәрізденді 
де, қылышты қынаусыз сілтеді. Бұл қылыш сілтер-
сілтеместен-ақ анау аттың арғы жағына аударылып 
түсті. Топырақ бүрқ етті. Үріккен ат қос аяғын артына 
қарай сілтеп-сілтеп қалды да, жөніне тартып баратты.
Еламан ерден аударылып бара жатқан денесін 
тез билеп, түзеліп отырды. Жас солдатқа бұрылып та 
қарамады.
* * *
Бұлар ақтардың тағы бір шабуылының бетін 
қайтарды. Дьяков темекі шеккісі кеп аңсары ауып 
тұрғанын байқады. Құты түбінде қалған сумен аузын 
шайды. Бір-екі рет жұтып еді, жылымшы су жүрегін 
айнытты. Сосын жөтел буып, ішегі үзілердей ұзақ 
қиқылдады. Тізе бүгіп дем алғысы келіп еді, бір отырса 
қайтадан тұра алмайтындай көрінді
.
Қалжыраған 
денесін окоп кенеріне сүйеді. Күн еңкейіп қапты. 
Күндізгі қапырық ыстықтың аптабы әлі қайтпаған. 
Оқта-текте өрттей жалын соғады. Окоптың кенерінде 
жатқан үйінді топырақ сусылдап, бет жағы борап кетіп 


869
тұр. Аспанда жөңкіп көшіп жатқан аудан-аудан ала 
шабыр бұлт. Ұрыс даласының үстін басқан түтіннің 
етегі ыдырап, аттар мен адамдардың өліктері қарайып 
жатқан ойпаңға қарай ығып бара жатты.
Дьяковтың ұрыс кезінде тас боп бітіп қалған құлағы 
ептеп ашылып, окоп бойынан ыңырсыған дауыстарды 
ести бастады. Біреулер жүгіріп өтті. Жаралыларды 
тиеген арбалар сықырлап кейінгі жаққа кетіп жатыр. 
Окоп маңында селтиген қадау-қадау жусандардың 
түбінен шегіртке шырылдады. Бір торғай окоп үстінен 
ұшып өтті де, ілгері барып қонды. Сұр кесектей кіп-
кішкентай құс сұр жерге бауырын басып жата қалды. 
Бұл сорлылар да жаңағы алапат ұрыстан аман қалғанына 
мәз боп, осы мына маужыраған айдай әлемге өздерінің 
кішкентай қуанышын паш етіп білдіріп жатыр-ау, 
шамасы.
Дьяков күлімсіреді. Өзін қоршаған жарық дүниені 
жаңа көргендей, жан-жағына бір түрлі таңырқаған 
кескінде зейін қойып қарады. Жә, бәлкім, ертеңгі соғыс 
жер бетіндегі ең соңғы, ең ақырғы зор майдан болар. 
Бұнан кейін бәлкім енді ақтар шабуылға шықпас. 
Ендігі әуселесін ертең көрерміз. Бүгін ұрыс толастап, 
солдаттар дем алса жарар еді дегенше болмады, 
әлдекім: «Идут га-ды!» деді. Дьяков дүрбіге жармасып 
еді. Сары жалдан тағы да шаң шықты. Іле-шала алдына 
броневиктерін салған жаяу әскерлер тулары желбіреп, 
лек-лек боп келе жатты.
– Дайындалыңдар!
* * *
Ертеңіне таң қараңғысынан оянған Дьяков зілдей 
басын зорға көтерді. Сол бойда солқылдап ала жөнелген 


870
қос шекесін алақанымен қысып біраз отырды да, 
орнынан әрең-әрең көтерілді. Кешегі қырғын ұрыстан 
қалжыраған кісілер әлі де ес жия алмай, мылтығын 
бауырына қысып қалғып-шұлғып отыр екен.
Дьяков бір жерден Еламанды көрді. Бұ да пулеметке 
басын сүйеп, таң алдындағы тәтті ұйқыда талықсып 
кетіпті. Кеше қатты тойтарыс алған жау үнсіз. Кім 
біледі, кешегі күні қолдарынан келмеген қайратты бүгін 
көрсетер. Бұлардан әлі де күші басым. Қару-жарағы
сайлы. Бүгінгі қырғынның түрі басқа болары анық.
Жазғы таң баяу атып келеді. Жел жоқ. Ақ 
иектене бастаған бейқам дүние ештеңеден қаперсіз. 
Жауынгерлер бір-бірлеп ояна бастады. Кейінгі жақтан 
оқ тасыған кісілер еңбектеп кеп сырғанап окопқа түсіп 
жатыр. Күн әлі шыға қойған жоқ еді; окоптың әрегірек 
тұсынан әлдебіреу «басталды» деп айғайлап жіберді. 
Дьяков дүрбіге жармасты. Шынында да, кешеден бері 
жау әскері тұрған ілгергі жақтағы сары белден шаң 
көрінді. Дьяков оңы мен солына жылдам көз тастап 
еді, жауынгерлер мылтығын сатыр-сұтыр оқтап, 
гранаталарын әзірлеп жатыр екен. Бір ұзын қазақ селебе 
пышақты шар қайраққа жанып-жанып ап, қынына қайта 
салды.
Дьяков «оқ атпаңдар» деді. Арт жақта тұрған 
батареяларға да сондай әмір берілді. Ақтар қанатын 
жайып, лек-лек боп келеді. Алдыңғы лекте келе жатқан 
бір еңгезердей ірі солдаттың қолындағы ту желсіз 
тымық ауада желбіремей, сағасына жиырылып қапты. 
Ұзын мұртының шалғысы салбыраған офицерді Дьяков 
анық көрді. Қолында қылыш. «Қалып қойған жоқ па?» 
дегендей өзінен кейін келе жатқан солдаттарға жалтақтап 
қарап, жусанды сұр далада жиі сүрініп келеді. Қалың 
қол сары белдің етегіне құлады. Осы арада жирен мұрт 


871
командир тағы да артындағыларға бұрылып, бірдеңе 
деп айқайлады да жүгіре жөнелді.
– Бұнан артық жақын жіберуге болмайды, – деді 
біреу.
Дьяков оны есітті ме, жоқ па, белгісіз. Екі көзін ілгері 
тігіп алған. Мына келе жатқан Пластун полкі. Түнде 
бұлардың жағына өткен солдаттың айтуына қарағанда, 
осы полкте наразылық күшті екен Әсіресе, атаман 
Дутовтың атты казактарымен қырғи қабақ көрінеді. 
Қазақ жеріне кіргеннен бері бұлар орыс жерінен қара 
үзіп алыстап бара жатқандарына наразы сияқты.
– Комиссар, бұдан артық...
Дьяков үнсіз. Жаудың жақындап қалғанын бұ да 
көріп тұр. Аяғын сылтып басқан әлгі мұртты офицердің 
күнге күйген бетінде моншақтап сорғалаған терді де 
көрді. Апырай, қайда осындайда тап болатын демікпесі 
ұстап, алқына бастады. Окоптан екі-үш ұмтылып, 
тырмысып әзер шықты.
– Бауырлар!..
Шамасы осыған ғана жетті. Көкірегі қысылып, әлі 
құрып барады. Көзіне құйылған терден түк көрмеді. 
Осыдан кейін не боп, не қойғанын білген жоқ. Полк 
командирімен шалғайласып қатар келе жатқан әлдебір 
офицер бұны атпақ болғанда, бірақ оны өздерінің ішінен 
біреудің атып тастағанын да көрмеді.
* * *
Бұл күні генерал Чернов шабуылды ертеңгі 
салқынмен бастап еді: өзі де шабуылға шығатын 
әскермен бірге атқа қонып, қызыл қырғын ұрыстың 
іргесіне жақындап барды. Қасында бір қора кісі. Ішінде 
Тәңірберген.


872
Биік қара жалға көтерілгесін генерал ат басын 
іркіп, ілгергі жаққа дүрбіден көз салып еді. Бүгінгі 
шабуылды бірінші боп бастаған полк қызылдардың 
қорғаныс шебіне жақындап барып қалған екен. Енді 
сәл кідірсе аналардың окобына баса-көктеп кіріп, 
жағаласып айқаса кететін сияқтанып еді. Бірақ… неге 
екені белгісіз, қызылдар үнсіз. Олардың зеңбіректері де 
оқ атпай тым-тырыс жатып алғанына түсінбей, ақылы 
дал боп тұрған-ды. Кенет… тықыршып ат қозғалды ма, 
дүрбі буланды ма, әйнектің ар жағындағы дүние әп-
сәтте ұйқы-тұйқы боп кетті. Жаудың қылығына қайран 
қалғаны сонша, табан астында бұған қарсы не істерін 
білмеді де, дүрбіге қайта қарап еді, иә, пластун полкінің 
солдаттары бір оқ шығармай, тым-тырыс жатып алған 
аналардың окобына баса-көктеп кіруін кіріпті, бірақ… 
әй, әй, бұлары қалай?.. Кәзіргі нағыз жан алап, жан 
беретін жерде… қайта иттің балалары… қаруларын 
лақтырғаны… бір-бірімен апақ-шапақ құшақтасқаны 
қалай? «Атаңа нәлеттер-ай!». Қоңыр төбе басы құдды 
кісі өлігіне жиналғандай. Тіл-жағы байланғандай тым-
тырыс, бірінен-бірі көзін алып қашып әлек.
«Өзімнен болды», – деді генерал. Жаяу әскерлердің 
арасында наразылық барын білді. Оларға сенуге 
болмайтынын да білді. Шабуылға шығардан бір күн 
бұрын Пластун полкінде болғаны бар. Үсті-басы алқам-
салқам солдаттардың жаз бойы ұстара жүзі тимеген 
сақал-мұрты қаулап өсіп кеткен. Қолбасы кете-кеткенше 
назарын жерден көтермей, тұнжырап тұрып алған-ды. 
Ат басын кейін бұрған генералдың соңынан қап-қара 
боп күнге күйген солдаттар оқты көзбен ата қарап 
ұзатып салған-ды. «Өзімнен болды», – деді генерал.


873
***
Келесі күні қалайда бұлардың бір жағы жеңіп, бір 
жағы жеңілетін шашуші шайқас болды. Оны қызылдар 
да, ақтар да білді. Екі жағы да осыған дейін ұрысқа 
салмай кейінгі ақырғы шайқасқа сақтаған әскерін 
көтерді.
Пластун полкінен кейін Чернов ұрысқа Каппел 
корпусының тың полктерін салып еді; соның өзінде 
қызылдар табан серіппей тұрып алды. Ақтар кішкене 
күш ала бастағандай болған бір кезде олар да дереу қам 
жасап, кейінгі жақта тұрған Қазалы, Жосалы, Ақмешіт 
отрядын көтеріп ұрысқа салып еді; үстінен қара май 
киімін тастамаған теміржолшылар топырлап кеп, 
ақтардың атақты офицер полкімен шартпа-шұрт айқаса 
кетті. Окоп іші бұрқылдаған шаң. Қашырлаған темір. 
Ырсылдаған алыс-жұлыс. Осы жолы қалайда бір жағы 
жеңіп, бір жағы жеңілетін ең бір шешуші сәт еді; оны 
қызылдар да, ақтар да білді.
Генерал Чернов өзімен үзеңгілес қатар тұрған атаман 
Дутовқа бұрылды:
– Александр Ильич, қазір ұрысқа сіздің жігіттеріңді 
салса қайтер еді?
Ағылшын генералы келіп кеткенен бері атаман 
Дутов қабағын қарс жауып алды. Өзін керек десе көзіне 
де ілмей, Черновпен екеуара оңаша сөйлесіп, бұны шет 
қалдырғаны шамына қатты тиді. Ертеңгі күні Арал 
түбіндегі қызылдар бекінісін бұзып өтсе де, өтпесе де, 
ол өзіне қарасты әскермен Жетісуға өтіп, сәті түссе, ар 
жағында Үрімшіге бір-ақ аспақшы боп, өз ішінен қатты 
бір байламға кеп қойған-ды.
Дутов қасында тұрған адъютантқа мойнын бұрып: 


874
«Бастаңдар!» – деді. Адъютант құйындатып ала 
жөнелді. Іле-шала бұлар тұрған қара жалдың күншығыс 
жағынан Казачий полк шықты. Бұларда зеңбірек жоқ. 
Шұбатылған обоз да жоқ; оларды аяққа оралғы көреді. 
Бұлар жауға қапысын тауып әрқашан ұрымтал жерден 
тұтқиыл тиетін-ді. Осы жолы да жабындыдан найзасы 
шошаңдап шыға салысымен лап қойды. Жазық далада 
жайылып шаппай, жұдырықтай түйіліп алған-ды. 
Қызылдар жақтан оларға қарсы мың қаралы атты әскер 
шықты.
– Бұлар кім? – деді Чернов.
– Білсем не дейсің. Какой-то дикий полк.
– Моңғолдар емес пе?
Дутов басын шайқады. Бәрінен бұрын мыналардың 
басындағы дағарадай қауқиған сеңсең бөріктерге 
қайран қап тұр. Астарындағы аттар да бір түрлі. 
Салған жерден көсіле жөнелмей, әзір сып-сидам ұзын 
сирақтар ерең-сереңдеп қасқыр шоқақпен келеді. 
Тәңірберген бұлардың кім екенін бірден білді. Ана 
жылы Жөнеуіт хан қазақ аулын шапқанда көргені бар. 
Бұлар сонда да ә дегенде ебедейсіз көрінген. Оңға 
бір, солға бір ойқастаған аттардың басымен алысып, 
өздерімен-өздері әлек болған-ды. Қазір де аттарын 
құр бекер ұрындырмады. Сонан бір кезде араласа 
кететіндей аралары жақындағанда ғана тізгінін тежеп 
келген аттардың басын қоя берді. Бұрын-соң дәл 
мұндай әскерді көрмеген генерал Чернов түсі қашып 
жалтақтап Дутовқа қарай берді. Дутовта үн жоқ; екі 
көзі жігіттерінде. Жаудан бұлардың да жүзі ығысатын 
емес. Салақтаған ұзын найзаларын ат құлағынан 
асыра оздырып, тас түйін ұмсынып апты. Алғашқыда 
бар оқиға дәл бұның өзі ойлағанындай болды; ұзын 
найзалар қылыш сілтейтін жерге жеткізбей, ат үстінен 


875
аударып тастап жатты. Бұрын бұндайда жау жүрегі тез 
шайлығып, шабуылда – жасқаншақ, қорғануда – шорқақ 
болатын. Соның ар жағында қарсыласып қайрат көрсетер 
жерде тайқып, ат басын асығыс бұрып, жалт беріп қаша 
жөнелетін. Атаман Дутов мыналар да сөйтеді екен деп 
дәмеленген-ді. Жоқ, мыналардың қатары ыдырамады. 
Қайта, ат үстінен ұшып түскендердің орнына екеуі, 
кейде үшеуі ұмтылып, көре көзге күш алып барады. 
Сумаңдап жүрген ұзын-ұзын сүңгілердің арасында ер 
жүрек түрікпендер жанталасып, ұзақ салғыласты. Жау 
найзасын денесіне дарытпай, жарқылдаған қылышты 
оңды-солды сілтеп жүрді де, ақыры, әйтеуір қол жетпей 
жүрген жаумен алқа-қотан айқасты да кетті. Сонан 
арғы жағын генерал Чернов та, атаман Дутов та көре 
алмады. Ат тұяғынан ұшқан шаң арасында екі жағы да 
өлген-тірілгеніне қарамай, бірін-бірі үн-түнсіз кескілеп 
жатты.
Генерал Чернов осының алдында ғана өздерінің 
жеңетініне құйттай да күмәнданған жоқ-ты. Әскерінің 
алды қызылдардың окобына баса көктеп кіргесін-ақ 
ол осыған дейін өздерін маңына жуытпай қойған жау 
шебінің көбесі сөгіліп кеткендей көріп еді, осындай 
жағдайда бұрындары күшке күш қосып, сәл-пәл демеп 
жіберсе, қандай табанды мықты жау да қара дауыл 
бұзған мұздай быт-шыты шығатын. Осы жолы... Жоқ, 
мыналарға бірдеңе көрінді.
– Енді не істейміз? – деді штаб начальнигі.
Чернов сұп-сұр. Қасында үнсіз иіріліп тұрған өзге 
офицерлер сияқты, осы қазір енді не істеу керек екенін 
оның өзі де білген жоқ-ты.


876
* * *
Осы жолы қалайда, қайткен күнде де Арал қаласына 
баса-көктеп кіргісі келген Чернов қолда бар әскердің 
басы-көзіне қарамай ұрысқа айдап сала берген-ді. Бұл 
бұрын бұлай емес еді. Бұрын дәл осы бүгінгідей небір 
қызыл қырғын шайқастарда бұл қайта желөкпе жастар 
мен қызу қанды командирлерді ырқына жібермей, не 
істесе де алды-артын ойлап істейтін. Бүгіннің артында 
ертең барын ойлайтын. Осы жолы ол құдды қолы 
шықпаған ызалы ойыншыдай. Не де болса тезірек бір 
жағына шыққысы келді. Үш күнге созылған соғыстың 
бүгінгі, соңғы күні де жаулар табан тіреген жерінен 
тапжылмай тұрып алды. Бұ да қолда қалған әскерді 
топырлатып ұрысқа сала берді.
Бірақ қызылдар бұл күні де міз бақпады. Шарасы 
құрыған генерал әшиіндегі салқынқандылығынан 
айырылып, шиыршық атып тұр. Ол: «Енді не істеу 
керек? Енді қандай амал бар?» – деп ойлап тұрған жоқ; 
үйткені, бар амалын тауысқан еді; және енді не істесе 
де ем қонбасына көзі жетті. «Дүниеге не болды? Бізге 
не болды?» деп ойлады. Осынша ұзақ жасаған өмірінің 
ақырғы шағында бұл, сірә, өзінің соңғы, ең соңғы 
шайқаста тас-талқаны шыға жеңілем деп ойлап па еді?
Генерал Чернов тізгінін созып ілгері жүріп кеткен 
аттың басын тартты. Жегі құрттай жанын жеп бара 
жатқан жаңағы сауалға қайта оралып, «ел азды ма, әлде 
ер азды ма?» деп ойлады. Осы Ресей күні кеше айбары 
алысқа тараған аруақты ел еді ғой? Ұлы елдің ұйтқысы 
қалай шайқалды? Апырай... Апырай, бұл дүниеге, 
дүниесі құрғырға не болды? Ғұмыр бойы темір бұғаумен 
тырп еткізбей ұстап келген қара тобырды қалай уыстан 


877
шығарып алды? Міне, енді сол қара тобыр бұлардың 
түбіне жетеді. Ел билігін осылар қолға алады. Сонда 
өздері ұстап тұра алмаған дүниеге мына жалаң аяқтар 
тұлға бола ма? Сорлы... Сорлы Ресей. Соры арылмаған 
ел. Апырай, келешек қайтер екен? Он жыл, жиырма, 
отыз, елу жылдан кейін не болар екен? Тентек баланың 
қолына түскен қуыршақтай ел тізгіні қолына тиген бір 
сотқар басын жарып, көзін шығарып, бұтын бұт, қолын 
қол қылмай тынбас-ау! Қалай да келешек тұйыққа 
тірелді. Осылай бола берсе, кім біледі, дүние қарап 
болмай қайтер дейсің. Сонда әлгі бір топан су астында 
қалып қарап боп бара жатқанда Нұх пайғамбардың 
кемесіндей тағы бір талшыққа мәжбүр боп жүреміз бе? 
Сүйтпей қайтер дейсің?
– Қолбасы мырза...
Генерал Чернов дір ете қалды.
– ...Екі броневик қирады.
«Иә, бәрі қирады. Қирап жатыр», – деді генерал.
– Қолбасы мырза... қолбасы мырза, біздің әскерлер 
шегіне бастады, – деді ұрыс ішінен шыққан бір жас 
офицер шауып келіп.
Генерал Чернов селт етпеді. Осының алдында ғана 
ағылшындар берген үш аэропланды да қызылдардың 
алдыңғы шебін бомбылап жүргенде атып түсірген-ді.
Үш күнге созылған қырғын ұрыстың ақырғы күні 
аяқталып қалды. Шілде айының аспан айналып жерге 
түскендей өрттей ыстығының беті қайтып, кешкі күн 
бесіндікке тақағанда қарт генерал да өз өміріндегі ең 
соңғы шайқастың жеңіліспен аяқталғанына көзі әбден 
жеткен-ді. Қасында тұрған үнсіз топқа тіс жарып тіл 
қатпастан, ат басын кейін бұрды.


878
* * *
– Жау қашты!
– Жау қашты!
Окоп үсті у-шу. Қуанышты кісілер қырғын ұрыстан 
қалжырап шыққанына қарамастан, бірін-бірі құшақтап 
апақ-шапақ. Әлдеқайдан Дьяков жүгіріп келді. Мына 
хабарға сенер-сенбесін білмей, апақ-шапақ боп жатқан 
жігіттердің әрқайсысына бір қарады. Жау қашқанын 
кештеу есітті. Бірақ дер кезде есіткенде де қашқан 
жауды қуатын күш бұларда жоқ еді. Өзі де аяғына 
әзер тұр. Мезгіл-мезгіл көкірегі қысылып, тынысы 
тарылып қала береді. Соған қарамастан атқа отыра 
сала Түркістан армиясы орналасқан екі қабат көк үйге 
шапты. Бұнда құрама командирлері жиналып жатыр 
екен. Қашқан жауды беталды жөніне жібере береміз 
бе, әлде ізіне әскер салып түре қуамыз ба, қайтеміз деп 
әрі-бері қауқылдасты да, ақырында бәрі бірауыздан 
пәтуаға келіп, Еламанды бала-шағасымен кемеге 
отырғызып, түн ішінде апыл-ғұпыл жөнелтіп жіберді... 
Түн жамылған кеме таң алдында Үшшоқының шығыс 
жағындағы үлкен қолтыққа кірді. Үнсіз қимылдаған 
кісілер Еламан мен Кенжекейді және өздерімен бірге 
кемеге тиеп әкелген үш қанат киіз үй мен бір түйе, 
бір атты жағаға шығарып, күн шықпай келген жағына 
жөнеліп те кетті.
* * *
Бұл өңірге ақтар әлі келе қоймапты. Тіпті, ақтар 
келер-ау деген ой ешкімнің басына кіріп-шықпай, жұрт 
өзінің бұрынғы бәз баяғы жайбарақат қалпы. Малын 
жасырып, дүние-мүлкін тығып, қыз-келіншекке есікте 


879
жүрген малай қатындардың ескі-құсқысын кигізіп, әпі-
шәпісі шығып жатқан бір жан жоқ. Бұл өңірдегі ауылдар 
– байың бол, жарлың бол – мал баққан шаруаның ежелгі 
бейжай енжарлығына бағып, қаннен-қаперсіз ашылып-
шашылып жатыр екен.
Еламан да олардың үрейін алғысы келмеді. Жөн 
сұраған кісіге жағдайын айтып, «Сыр бойының Жақайым 
руынанмын» деді. «Ағайын-туманың ұлтаны теңіздің 
арғы бетінде, сонау адай, табынмен іргелес отырған 
балықшы ел еді» деді. «Беті қатты мына заманда ауыс-
күйіс бөліп берері болмаса да, зәуде бір бас ауырып, 
балтыр сыздағанда, тым құрыса, көңіліңді сұрап, аузыңа 
қара су тамызатын ағайын-туманың арасында отырайын 
деп, бір түйе, бір аттың әуенімен көшіп келе жатыр 
едім» деді. «Мына ыстықта жас балалармен көшем 
деп қиындық көріп келем. Көлік жағы тапшы. Жалғыз 
түйеге әрі жүк артып, әрі бала-шағаны мінгізген соң 
кешкі салқында да қатты жүре алмайсың. Және жануар 
буаз, алдына қарай боталайтын болғасын соның бабына 
қарап, жүрісім өнбей қойды» деді. Осы арада да үш-
төрт күн ерулей тұратын ойым бар деп, басына түскен 
қиындықты басып айтты.
Еламан көшіп келген күннің ертеңіне ұлы теңіз 
жақтан баржа сүйреткен кеме келді. Сыртта шай 
қайнатып жүрген Кенжекей өздеріне қарай салып 
ұрып келе жатқан кемені көріп, іштегі күйеуіне асығыс 
дауыстап: «Әшімжанның әкесі, сыртқа шықшы, тез, 
тез!» –деп еді, Еламан қозғала қоймады. Түрулі есіктен 
көз салып, бәрін көріп-біліп отырған-ды.
Үй алдына кеп тоқтаған кемеден Дьяков түсті. 
Қасында қару асынған бір топ кісі. Жағаға шыға сала 
жан-жағына сергек қарап шолып өтті. Жуық маңда 
көңілге күдік туғызғандай ештеңе байқалмаған соң 


880
Петр Дьяков қасындағы кісілерді ертіп, Еламанның 
жаппасына жүрді.
– Ал, қалайсың? – деді ол сыртқа шығып, өздерін 
күтіп алған Еламанға.
– Ой, тамыр, сұрамаңыз. Ыссыда көшем деп, 
қиындық көріп келем.
– Сайтан алғыр, не деп тұрсың өзің?
– Сыр бойының Жақайымы едім. Көкарал жақтағы 
ағайын-тумаларыма көшіп барам.
– Өтірік айтып тұрған жоқсың ба?
– Тақсыр, о не дегенің. Міне – иманым, міне – жаным.
– Ну и ну! Қызылдарды көрдің бе?
– Қы-зыл?
– Немене, сен қызылдарды білмеуші ме едің?
– Ой, олар дінсіз кәпір ғой. Тәңірім ол кәпірлердің 
жүзін әрмен қылсын.
– Олар саған не істеді?
– Жаныма теңгерген жалғыз атым бар еді. Астымнан 
аударып ап, орнына мына мес қарын қараны берді.
– Бұны бермегенде не істер едің?
– Иә, бұған да шүкір. Бірақ, әй неғыласың, өз атым 
жақсы еді.
Дьяков ішек-сілесі қатқанша күлді. Түр-түсі момақан 
шаруадан аумайды. Басында киіз қалпақ. Үй жанындағы 
көк құрақтан басын алмай бырт-бырт жайылып жүрген 
месқарын қара аттың тұсауымен белін тастай ғып 
буып алыпты. Үпірлі-шүпірлі балалары да түсі басқа 
кісілерге үрпиісе қарап, кішкентай жаппаның есігінен 
сығалап жылтың-жылтың етеді. Дьяков осы жолы оның 
балаларын ала кетпек боп келген-ді. Бір есептен, бұның 
дәл осы бір ашылып-шашылып жатқан бейкүнә түрі 
дұрыс сияқты.
– Ақтардан хабар бар ма?


881
– Олар әлі келген жоқ.
– Онда, дегендей екен. Былайырақ барып шолғындап 
қайтайық. Сен бізбен бірге жүр.
Баржаға тиеп әкелген аттарды жалма-жан тездетіп 
жағаға түсірді де, бас-аяғы он-он бес кісі жүріп кетті. 
Қыр жақтағы ақ үзікті бай ауылға маңдай түзеп, сыдыра 
шоқытып келе жатқан-ды. Күн өткен бе, теңіз жағасынан 
ұзап шыға бергенде Еламанның мұрны қанады. Еламан 
қан саулап қоя бергең мұрнын қолымен басып, ат басын 
тежеді. Қалғандары да иіріліп тоқтай қалды. Петр 
Дьяков атын Еламанның атымен қатарластырып тоқтады 
да, мұрнынан аққан қанды алақанына толтырып алып, 
бет-аузына үйкеп жағып-жағып жіберді. Ақ көйлектің 
омырауына да қан шашырап, мына түрі бұны мыналар 
сілейтіп соққыға жығып салғандай болды да шықты.
– Е, бәлем, сазайыңды тарттың ба?
– Өзіңе де сол керек.
– Ал, қызылдарды жамандайсың ба ендігәрі? – деп 
жігіттер күліп жатыр.
Бұлар қыр жақта отырған қойлы ауылға келді. Петр 
Дьяков қасындағы кісі-қаралармен ауыл шетіндегі қоңыр 
үзікті үйге түсті де, Еламан аттардың жанында тұрып 
қалды. Кешеден бері бұнымен жүз таныс боп қалған 
мына ауылдың кісі-қаралары Еламанды мүсіркеп, аяп: 
«Қарсыласпа, атып тастар» – деп, ақыл айтып жатыр. 
Бір жігіт жүгіріп барып, құманмен су әкелді. Біреулер 
ағарған әкелді.
– Қызылдар кісіге тимейді дегені қайда?
– Құрысын, ақ бол, қызыл бол, зәті басқа болғасын 
сену қиын ғой.
– Иә, сақ болу керек. Әне, аналар бері келе жатыр. 
Ал, шырағым, қарсыласпа. Аға-еке, көке-еке деп алдына 
түсіп жүгіре бер.


882
Еламан оларға алғыс айтты да, аналарға еріп жүріп 
кетті. Ауылдан ұзап, бір қырдың астына түскесін бәрі 
жиналып, оны ортаға алып ішек-сілесі қатып күліп 
жатыр.
– Әлгілерге бізді келістіріп жамандадың-ау деймін.
Кенет көз ұшынан шаң шықты. Дьяков аттың басын 
тартып тоқтай қалды да, шаң көрінген жаққа дүрбімен 
қарап еді, бұрқылдаған түйдек-түйдек шаң арасынан 
аттылар қылаң берді.
– Еламан, сен жаңағы ауылға мыналардан бұрын 
жет.
– Мақұл.
– Абайла, сақ бол. Бізді сұлқитып жамандай бер.
– Тәжірибем бар ғой.
– Біз түнгі бірде сенің үйіңнің тұсына кеп тоқтармыз. 
Сол кезге үлгір. Ұмытпа: түнгі бір. Ал жөнел!
Еламан қара аттың басын кейін бұрды. Ақтардан 
бұрын жетерін білгесін асықпай, сыдыра шоқытып 
келеді. Жаңа ғана жайбарақат отырған ауыл үсті 
у-шу. Үстеріне келіп қалған әскерді көріп, есі шығып 
кеткен жұрт абыр-сабыр. Баласын іздеген қатын. Қыз-
келіншекті қайда бой тасалата тұрарын білмей, етегіне 
сүрініп, үй мен үй арасында жанталасып жүгірген ата-
ана. Бас сауғалаған әлдебіреу белдеуде тұрған атқа міне 
сала қыр асып, шауып барады.
Бұлар ес жиям дегенше ауыл үстіне әскер құлады. 
Ел шетіне кірер-кірместе олар екіге бөлініп, қоңыр 
төбенің баурайында отырған ауылды ортаға ала қоршай 
шапты. Еламан тоқтаған үйдің жанынан атты әскерлер 
дүсірлетіп шауып өтті. Жолында тұрған үйлерге бестен, 
оннан бөлініп түсті де, өрістен қайтқан қойлардың 
алдынан жүгіріп шықты. Қолға іліккен қойларды 
тыпырлатып сойып, көтеріп апарып қазанға салып 
жатыр.


883
Бір көзі ежірейген жирен сары офицер мына жақта 
қатындарға қой сауғызып, өзі бір шетте қамшы ұстаған 
қолымен бүйірін таянып тұр еді. Түбінде бір кәдеме 
жарап қалар деп ойлаған Еламан, қалайда осының 
көзіне түскісі кеп, қой сауып жатқан қатындарға жетіп 
барып:
– Жеңеше, қозы салайын ба? – деп еді.
– Қайтесің, қайным, – деді әйел ыңғай бермей.
– Осынша қойды сауу оңай ма, көмектесейін.
– Адыра қалсын. Жан киналтып жатқам жоқ, 
салдаттарға сүт сауып бергенше қозылардың емгені 
артық. Мына сары сайтанға көз ғып, әшейін саусағымның 
ұшымен үрпісін тартып жатырмын.
– Дегенмен көмек берейін.
– Өзің біл. Қозыны ағыта қой.
Еламан қай қозыны ағытарын білмей сасып қалса 
да, бірақ кейін бұның да тәсілін алып, көп қозының 
ішінен қолды-аяққа тұрмай, көгенді үзе жаздап ұрынып 
тұрғанын босататын болды. Қайтсем шегір көз офицердің 
көңілінен шығам деп, әр қозыға бір жүгіріп жүргенде 
қасынан өтіп бара жатқан мырзаны кеш байқады да, қой 
сауып жатқан қатынның тасасына бұғып отыра қалды.
Тәңірберген екі жағында екі офицер. Түйе жүн боз 
шекпенді қара зегірен бешпеттің сыртынан желбегей 
кие салған. «Байқады ма, жоқ па?» 
Қараңғы түскесін Тәңірберген түскен үйге 
жақындады. Ішке кіруге бата алмай, сыртта, есік алдында 
тұрған ауыл адамдарының арасына кірді де, алдында 
тұрған біреудің иығының үстінен созылып, ішке көз 
тастап еді. Үлкен үйдің қақ төрінде Тәңірбергенмен 
тақымдасып қатар отырған офицерді бірден таныды. 
Бас қондырысы мен бет әлпеті аумаған баяғы Тентек 
Шодыр. «Иттің сідігінің асылын қарашы», – деді Еламан. 


884
Әкесі сияқты бұ да мұртын қырса да, бірақ есесіне сары 
қира сақалын өсіріп жіберіпті. Подполковник Федоров 
өзінен төменірек отырған тілмашқа бұрылып:
– Мынадан сұрашы, – деді есік жақта қымыз сапырып 
отырған үй иесін иегімен нүсқап, – қызылдардың кемесі 
бұл жаққа келе ме екен?
Тілмаш Федоровты тыңдап алды да, дереу үй иесіне 
бұрылды. Еламан оның сөзін есітпеді. Үй иесінің оған 
не дегенін де есіткен жоқ. Ол тек үй иесінің тақиялы 
басын тез изеп, әлденені ықыластана құптағанын көрді.
Татар тілмаш енді Федоровқа бұрылды:
– Қызылдардың кемесі жиі келетін көрінеді.
– зеңбірегі бар ма екен?
– Бар... Бар көрінеді.
– Жағаға жақындай ма?
– Офицер мырза жағаға жақындай ма деп сұрайды.
– Жақындайды... Жақындайды, тақсыр.
– Қай жерге келеді?
– Үш-шоқы. Сосын... осы маңға да келеді. Жағада 
отырған жалғыз жаппаның тұсына тоқтайды.
– Жа-п... Қалай... қалай дедің?
– Тақсыр, жаппа. Бағана келе жатқанда байқаған 
шығарсыз... Теңіз жағасында жалғыз жаппа тұр еді ғой.
– Ол кім өзі, күл шыққан адамдай жалғыз үй отырған? 
– деді Тәңірберген.
Еламанның жүрегі мұздай болды.
– Қызылдардың кемесін атқылауға қай жер ыңғайлы? 
– деді тілмаш.
– Біз мал баққан кісіміз. Бізден мал жайылымын, 
жердің оты-суын сұрамасаң...
– И, Алла... Бұл қаһар соққыр қазақлар ықылассыз 
болса, аузында тұрған сөзді айтпи.
– Бұларға енді қайт дейсің, – деді Тәңірберген. – 


885
Жау кемесі жақын келетін жерді айтты. Сендерге нағыз 
қолайлы жер – Үш-шоқы.
– Үш-шоқы бұл арадан қанша жер?
– Төрт-бес шақырымдай. Солай ма, жігіттер? – деді 
Тәңірберген ішке кіруге бата алмай сыртта есік алдында 
тұрып қалған осы ауылдың ер-азаматтарына қарап. 
Олар онша елпілдемей, жай ғана қоштады.
– Үш-шоқыға алты дюймді төрт зеңбірек қою керек, 
– деді Федоров.
Ішке офицер кірді. Ол Тәңірбергенге қолбасшының 
шақырып жатқанын хабарлап еді. Өзін ұстай білетін 
қу неме мыналардың алдында онша елпілдемейді екен. 
Аспай-саспай орнынан тұрды. Кереге басында ілулі 
тұрған қалпағын алды. Сосын боз шекпенді иығына 
желбегей салды да, үй ішіндегі бір жанға көз салмай 
сыртқа беттеді. Оған ілесе Федоров та түрегелді. 
«Чернов осында болды ғой. Ендеше оның штабында 
бұны бәрі біледі». Көзге түспей тұрғанда бұл арадан 
тезірек тайып тұрғысы келді. Әне, үркер көтеріліп 
қапты. Кеме келетін уәделі уақыт та таяу.
Бағана жирен сары офицердің ауыл шетіне 
күзет қойып жатқанын көрген-ді. Сонан бері оның 
ұлықсатынсыз сыртқа бір адам аяқ басқан жоқ. 
Тәңірберген шыққан бойда Еламан ішке кірді. Жирен 
сары офицердің алдында қолын кеудесіне қойып тұрып, 
үйіне жіберуін сұрады.
– Үйің қайда?
– Осы арадан қашық емес. Әйелім сырқат еді. Бағана 
қой сауғызам деп айналып қалдым.
– Неге жалғыз үй отырсың?
– Сыр бойынан көшіп келе жатыр едім...
Жирен сары бұның сөзіне онша тебірене қоймады. 
Оның сезікті көңілін қайтсем жібітем деп ойлаған 


886
Еламан әлгі сөзін тағы да қайталап, балаларының жас, 
әйелінің сырқат екенін айта бастағанда, мына жақтан 
үй иесі қостап:
– Тақсыр, айтқанының бәрі рас – деп еді, есік 
алдында тұрған осы ауылдың ер-азаматтары да сөзге 
араласып:
– Бұл бейшараны бағана қызылдар да сабап, өлтіре 
жаздады.
– Мұрнын даладай қан қылды.
– Үйіне жіберіңіз, тақсыр, – деп тілек білдірді.
Жирен сары офицер Еламаннан әлі де көзін айырмай, 
тесіле қарай отырды да, онан енді әлгіде үй иесінен білген 
мәліметтерді қайталап сұрай бастады. Шүбә туғызғысы 
келмеген Еламан оның бар сұрағына дәлме-дәл жауап 
берді; «қызылдардың кемесі Үш-шоқыға жақындап 
келеді» – деді. Өздерінде мәлім жоқ, кейде күндіз, кейде 
кешкісін, кейде тіпті түнде келетінін айтты. Жирен 
сары офицер сырттан бір солдатты шақырып алды да: 
«Мынаны өткізіп жібер» – деп әмір етті.
Еламан қолын тағы да кеудесіне қойып, басын иіп 
алғыс айтты да, енді кетпек боп бұрыла берген-ді. 
Жирен сары тағы да тоқтатып:
– Бетіңдегі... ана тыртық не? – деді.
Еламан тұла бойын баурап бара жатқан дірілден 
үрейі ұшып, алақанымен бетіндегі тыртықты сипады:
– Мынау ма? Бұл баяғыда… бала кезімде… бас 
білдірем деп жүргенде тай теуіп...
Жұрт тыртықты жаңа көргендей, жағаларын ұстады.
– Апырай, ат тұяғы әлемет-ау! Қайта құдай сақтаған...
– Иә, жас мал болды ғой. Әйтпегенде, кім біледі...
Жирен сары бажбық көзін айырмай қадала қарады.
Еламан мына сары сайтан Федоровке апара ма деп 
зәресі қалмай тұрған еді.


887
– Бар! – деді жирен сары қолын сілтеп.
Еламан айсыз қараңғыда адасып үйін шаққа тапты. 
Кенжекей ұйықтап жатқан балалардың аяқ жағында 
тізесін бауырына қысып отыр екен. Еламанды көргенде 
атып тұрды.
– Кетейікші осы арадан. Кетейікші...
– Кенжеш... шыдамды едің ғой.
– Енді шыдайтын жайым қалмады.
– Не-ге?
– Қорқам. Кетейікші.
– Сөз болғаныңа...
– Қорқам... қорқам...
– Балалар оянып кетер, ақырын. Кел, отыршы, 
сөйлесейік.
Еламан дір-дір етіп, бар денесімен жабысып алған 
әйелін құшақтап:
– Түу, саған не болды? Қорқатын не бар? Есіңде ме, 
баяғыда кәрі әжелер отқа салса жанбайтын, суға салса 
батпайтын темір өзек…
– Әне, сен тағы да әзілге айналдырып бара жатырсың. 
Кетейік... Кетейікші…
Ішке нар тұлғалы ірі кісі кіріп келе жатты. Еламан
атып тұрды. 
– Кәлен аға! Апырмай, қатты қорқыттың ғой.
– Жүрісіміз жайсыз екенін білем, кешір бала, – деді 
Кәлен. Сосын Еламанның тасасында тұрған Кенжекейге 
амандасты да, бұған:
– Бері шығып кет! – деді.
Сыртта бір топ атты келіп тұр екен. Еламан Кәленнің 
қай ісіне де таңданбайтын. Қаратазға қосшылық 
қылып, баукеспе ұры атанып жүргенде де, ол бірақ 
ауыл арасының тоқты-торымына тимей, не істесе де 
өрлігі мен ұрлығын сыртқа істеп, түу-түу түрікпен 


888
асып, қарақалпақ асып, ылғи да бір елдің маңдайына 
біткен не сәйгүлік саңлақты, не текті дегдар аруананы 
жетегіне алып қайтып жүргенде де, бұрын-соңды 
көрмеген жерден жол табатын қасиеті ел ішіне аңыз боп 
кеткен-ді. Солай болғанда да дәл мынадай көзге түртсе 
көрінбейтін қараңғыда жапан түзде жалғыз үй отырған 
жаппаны қалай тапқанына қайран. Және оның осынша 
атты кісімен дыбыс шығармай келгені бұны тіпті дал 
қылды. Кәлен атқа мініп алды.
– Ал, сапар оң болсын! – деді Еламан.
– Әумин, айтқаның келсін.
– Жай жүрсіз бе?
– Ой, шырағым-ай – деп, Кәлен тақымы астында 
тықыршып тұрған аттың сауырына қарай шалқалап, 
әдеттегідей рахаттанып қарқ-қарқ күлді де, – жаман 
ағаңның жай жүрген кезі болған ба. Басына бүлік тілеп 
ап жүреді ғой. Ағаң қазір де бір қауырт жұмыспен 
келеді, – деді.
– Сонда ол не бүлік?
– Сенің досың бар емес пе?
– Дос?
– Иә, әлгі көксау кәмісар...
– Петр Дьяков пе?
– Иә, сол. Кеше сол досың мені шақырып алды. «Әй, 
тамыр» деді, «жігіттеріңді ал да ақтардың алдына түс» 
деді. «Жарайды, түсейін» дедім. Әзір жауабыма ырза 
болды ғой деймін, арқама қағып-қағып қойды. «Ақ 
әскердің жолында отырған қазақ ауылдарына алдын 
ала хабар бер. Жол-жөнекей кездескен құдықтардың 
бәрін көміңдер» деді. «Бұл әмірің бе?» деп едім, енеңді 
с... ақылды ит екен, «жоқ, өтінішім» деді. «Е, онда 
өтінішіңді орындайын» дедім.
Еламан күлді.


889
– Неге күлесің? – деді Кәлен. – Сенің досың маған: 
«Осыны істесең, жасақты жауға жалғыз шапқан қас 
батырдың нағыз өзі боласың» деді. «Е, жарайды, болсам 
болайын» дедім. Ал қалай, осыным дұрыс па?
– Әбден дұрыс.
– Ой, енеңді с... – деп, Кәлен өзінің әр кездегідей 
ашық кететін еркіндігіне басып жіберді. – Осы халық 
сені қызылдарға иманын сатқан деп, тегі, бекер айтып 
жүрген жоқ. Сен қай бір менің қамымды ойлап жатырмын 
дейсің. Қызылдардың мүддесі ғой ойлап жатқаның. Ал, 
сау бол!
– Жолдарың болсын!
Кәлен атқа қамшы басты. Шаба жөнелмек болғанда, 
Еламан оны сәл бөгеп, үй сыртына ұзатып салды. 
Таралғыдан қос қолдап ұстап қатарласып келе жатып 
ол Кәленге ақ әскердің алды бүгін бұл араға құлағанын 
айтты. Ақтардың арасынан Тәңірбергенді көргенін 
айтқанда, Кәлен ат басын оқыс тартып, тоқтай қалды.
– Ол неғып жүр?
– Ақтарды шөлге ұрындырмай, ел бар, су бар 
жерлермен бастап апара жатқан көрінеді.
– Ә, солай де?..
– Солай.
– Енеңді с... Ендеше, бәлем, тұра тұр! – деді де, 
Кәлен шекпеннің шалғайын тақымына басып алды. 
Қолындағы өзегіне қорғасын құйған дойыр қамшыны 
нығарлап қысып: «Бұл даладан сендерге бір тамшы 
су татырсам Кәлен атым құрыр-ау, менің» деді. Тақым 
астында тықыршып тұрған атты тебініп, шаба жөнелді. 
Тұяғын киізбен орап алған аттар құдды құм кешіп бара 
жатқандай, дыбыс шығармай қараңғы түнге сіңіп кетті.
Әне, бұлар да бірдейлік үшін түн қатып барады. 
Бұның өзі де анада бірдейлік болмағасын орыс 


890
байын өлтіріп еді ғой. Кешегі жылы ақ патшаға жігіт 
бермейміз деп, қазақ даласы ереуілдеп шыққанда, 
ашынған жандардың аузындағы сөз осы «бірдейлік» 
болмап па еді? Бірдейлік!.. Бұлардан бұрынғы ата-
бабалар да бірдейлік жолында басын бәйгеге тікпеді 
ме? Еламанның жетінші атасы Тойғожа батыр – қызыл 
қырғын соғыста «жау марқайып кетеді» деп, садақ оғы 
тиген аяғын қанжығаға қайырып байлап тастап, соғыса 
берген-ді. Кейін ұшына тиіп, өлуге қарағанда би ағасы 
Қыдырбай сынықшы алғызып, тізеден төменгі жағын 
кескізіп тастатқан еді. Сонан ол ел арасына «ақсақ 
бөрі» атанып еді. Тойғожа батыр не үшін соғысты? Бар 
өмірі жорық пен жортуылда өткен жетінші атасының 
жүрегін тебіреткен сондағы арман не? Алаңғасар батыр 
әлсізге әлім жеттік істеп, көрінгенге қоқаңдай берді 
ме? Онан басқа аталары Тойғожадай батыр болмаса да, 
олардын да өмірі ел арасының барымта-қарымтасымен 
өтіпті. Олардан кейін ат жалын тартып мінген жастар да 
өмірден өз бетінше жол іздемей, төрде отырған үлкеннің 
аузына телміріп күн кешті. Бәтір-ау, сонда ата жолын 
тәрк етпегеннен не ұтты? Не мұратына жетті? Ал біз 
ше? Біздің нені ұтып, неден ұтылғанымызды кім білсін.
Еламан селдір сұйық қамыс арасымен жан-жағына 
сергек қарап келеді. Әлгінде Кенжекейдің үрейін алған 
қорқыныштан бұның да жүрегі шайлығады. Құдай 
оңдағанда, әйтеуір, Тәңірбергеннің көзіне түспегені 
жақсы болды. Жирен сары офицер... Қайдам, сол пәле 
сезіктеніп жүрмесе?..
Еламан қараңғыға көзін тігіп алған. Теңіз көрінбесе 
де, бірақ ілгергі жақтан жағаға шылп-шылп ұрған бала 
толқынды құлағы шалып келеді. Соған қарағанда, теңіз 
жақын. Еламан аяғын жылдамдап жеделдете басты.
«Дьяков та кешікпес, келіп қалар» деп ойлады. 


891
Ара-тұра қыр жақтағы ауылға құлағын түреді. Әлгі бір 
алажабыр әбігер аяқсыған сияқты. Бай ауылдың қотанын 
күзетіп, түн-түнімен үріп шығатын маң төбеттерде де 
үн жоқ-ты. Кенет, мас солдаттар қосылып айтқан көп 
дауыс алыстан талып естілді. Бұл Еламанға таныс. 
Әдетте, қайсыбір қырқысқан қатты ұрыстан кейін 
қараңғы түскесін атыс тоқтап, тірі қалғандардың ішінен 
әлде біреу дәл осылай ыңырсып ән салатын. Сондай 
ән кейде жау шебінен шығатын. Құлаққа талып жеткен 
әннің бір сөзін есітпесе де, зарлы саз жүрекке шауып, 
сай-сүйегіңді сырқыратып қоя беретін. Ән біткенде 
әркімдер-ақ күрсінер еді. Қалта түбін қағып темекі 
орар еді. Үсті-үстіне құнығып тартқан ащы махоркаға 
қақалып-шашалып қалар еді. Сонда әркімдер-ақ өз 
мұңы, өз басындағы қасірет-қайғыға уланып, сұлық 
отырып қалар еді-ау. Неге екенін қайдам, басқа кезде 
бірін қалдырмай қырып тастағысы кеп, көзіне қан 
толып жүрсе де, қызыл қырғын ұрыстан кейінгі осы бір 
саябыр толаста жау окобындағылардың да шерлі зарын 
түсінетіндей еді.
Уәделескен уақытта кеме келді. Еламан оларға жау 
әскерінің қарамын, қару-жарағы жөнінде өзі білген 
мағлұматтарды берді де, ақтардың Үш-шоқыға зеңбірек 
орнатып жатқанын да ескертті.
Кеме кеткесін Еламан үйіне кеп балалар жатқан 
төсектің шет жағына кисайды. Шаршағаны соншалық, 
басы жастыққа тиер-тиместе көзі ілініп барады екен. 
Үй жанында жатқан түйе пысқырып оянып кетті. 
Жастықтан жұлып алған басы қатты ауырып кетті де, 
қос шекесін қысып отырып қалды. Біраздасын төсекке 
қайта қисайды. Көзін қалай жұмса да, қашан жазғы 
таң сарғайып атқанша ұйықтай алмады. Неге екенін 
қайдам, биыл осындай кірпік ілмей шығатын түндер 


892
көбейіп барады. Әлде осының бәрі жасқа байланысты 
ма? Жұдырықтай басты тауға да, тасқа да соғып жүріп, 
ақыры, міне, қырыққа қалай келіп қалғанын байқамай 
қалды. Қырықтың арғы жағында кәрілік те қашық емес. 
Неге көнбеген бас, оған да мойын ұсынасың.
Үй жым-жырт. Тар төсекте тығыншықтай толық 
денесімен бұның бір жақ бүйірін қыж-қыж қайнатып 
жатқан Кенжекейдің ақырын алған тынысы естіледі. 
Адам жас санап жүйкесін құртады, әйтпесе, «көңіл 
қартаймайды» деген рас. Өзіне салса бұл әлі де баяғы 
Ақбалаға үйленер алдындағыдай жап-жас қалпымен 
қарап тұрғандай. Тек, бұны жүйкелеп, діңкесін 
құртатын – ес біліп, етек жапқалы тақым жазбай бірге 
жасаған кешегі сол Мөңке, Есбол, Рай, Итжемес, 
Құлтума дүние салып, қатары селдіреп қалды. Судыр 
Ахмет сорлы да көз жұмды. Бұлардан басқа да қаншама 
қимас жандар кетті. Тірлікте бұл солардың бірімен дос 
болса, бірімен жүз жыртысыпты. Неге сүйтті? Дүние 
тарлық етті ме? Не жетпеді? Әлде, көңіл түбінен қос 
уыс орын жетпеді ме? Енді, міне, сол итшілеп өткізген 
азғантай өмірде ащы-тұщыны бірге татып, бірге жасаған 
кешегі жандардың қазір көбі жоқ. Қатал тағдыр әуелі 
төңірегіңді тақырлады. Сосын өзіңе ауыз салады.
Еламан күн жеп тастаған ескі түндіктің шұрқ-
шұрқ тесіктерінен сонау шалғай алыста жыпырлаған 
жұлдыздарға қарап жатыр. Ұйқы шайдай ашылып 
кеткен. Кешегі қатар жүрген жайсаң жандарды ойласа 
болды, көкірегі құрғыр құсаланып, қай-қайдағы еске 
түседі. Сондайда өз үйіңде, қатын, бала қасында жатып 
та жапан түзде қалғандай, жалғызсырап боласың. Басқа 
басқа болсын, өмірі моқауды білмейтін темір сүйек 
Кәленнің өзі де ана бір жолы не деп еді, ол сонда? «Ай, 
шырағым-ай» деген еді-ау, «кісі кәрілікті мойындамайын 


893
десе де елуге келгесін баяғы бала кезде табаныңа тікен 
кірген, асық тиген, қыз шымшыған жеріңнің бәрі 
сырқырап ауырып тұрады екен». Әркімнің де көңілінде 
жүрген көкейтесті сөз ғой бұл.
Кең төсекте айқыш-ұйқыш жатқан төрт баланың бірі 
ұйқысырады ма, жырқылдап күле түсті де, кілт тыйыла 
қалды. Кенжекейдің ұйқысы сергек еді оянып кете 
ме деп қорқып кетті. Үш қатыннан туған үш баланың 
бабын тауып, бір оттың басында ұстау бұған да оңай боп 
жүрген жоқ. Тек соңыра осы шіркіндер сорлы әйелдің 
сол жақсылығын білсе жарар еді-ау!
Еламан балаларға көз қиығын тастап: «Бұлар қандай 
болар екен?» деп ойлады. Не біліп айтатынын қайдам, 
Дьяковтің сөзіне сенсең, ол кезде жер басқан жанның 
бәрі бірдей болады дейді. Соған басы жетпейді. Қанша 
сенейін десе де, көңілінде бір күдік тұрады. Жарайды, 
ішер асы, киер киімі, сөйлер сөзі бірдей болсын. Бірақ…
Құдай тәйір әу баста бәрін бірдей ғып жаратпаса 
кайтеді? Адам баласының көкірегінде алалық болмай 
тұрған ба? Басқаны койғанда, бір оттың басында бір 
қазаннан ас ішіп, бірге жатып, бірге тұрып жүрген, 
бауырлас кісілердің арасында да бірдейлік деген пәле 
бола қоймаушы еді ғой. Олардың арасында да бірінің 
сөзі үстем. Бірінің өзі үстем. Бірі ертеден кара кешке 
қой соңында қоңын күн тесіп жүрсе, енді бірі алшайып 
ат үстінен түспейтіні қайда?
Құдай каласа, ертең осы жұрт жауды жеңер. Дегеніне 
жетер. Өмір өзгерер. Қара борбай кедейлер теңдік алар. 
Бірдейлік орнар. Бірақ… бірақ, ішер ас, киер киімі 
бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма? Сол мүмкін 
бе?
Баяғыда Құдайменденің жылқысын бағып жүргенде 
бұл талай асауды бас білдірді. Темірдей тақымға түскен 


894
небір заңғар асаулар да жіптіктей боп жүре беретін. Тіпті 
үстіндегі кісінің құлқын көш жерден танып, тізгінді 
демеген жағыңа елпілдеп отыратыны қайда? Адам 
бойындағы асаулықты да соңыра бір тентек тақымға 
салып бас білдірсе, бірдейліктен не қалады? Жоқ, жоқ, 
түсінбеймін. Ақыл жетпейді. Адамдар құлқы бірдей 
болмаған жағдайда да, көрерсің де, білерсің, соңыра 
мына балалардың заманында да біреу артық, біреу кем 
орында жүрмес дейсің бе?
Еламан елең етіп жастықтан басын көтеріп алды. 
Кенет лүпілдеп қатты соғып кеткен жүрек дүрсілін үй 
іргесіне келіп қалған ат тұяғының дүсірі есіттірмей 
жіберді.
– Ақ-тар ма? – деді Кенжекей ұйқысынан шошып 
оянып.
– Не болса соған үрейлене бермеші...
– Актар ма?
– Сен жата бер. Мен тысқа шығып...
– Жоқ, жоқ, жібермеймін.
Еламан мойнынан тас ғып қысып алған әйелдің 
құшағынан қалай босағанын білмеді. Таң ағарып 
атыпты. Түндігі түсірулі үйдің іші бозарып қалған екен. 
Тасырлатып шапқан біреулер жолындағы жаман үйді 
тапап өтетіндей, аттарын кимелетіп кеп есік алдына 
тоқтады.
– Әй, шоқыншық, шық үйден!
Еламан түрулі есіктен тақым астында тықыршыған 
аттардың аяғын көрді. Иініне киімін жамылуға да 
үлгірмей, сыртқа атып шыға бергенде көз қиығы түтіні 
будақтап келіп қалған кемені шалып қалды. Тәңірберген 
жанында тұрған Федоровқа бұрылып, басын изеді. 
Бұнысы «дәл өзі» деген ишарасы еді; татар тілмаш 
қылышын суырып ап:


895
– Әй, шоқыншық! – деп ақырып, атын омыраулата 
беріп еді, бірақ ол қылышын сілтегенше бұл атып 
жіберді. Тілмаштың қолынан қылыш түсіп кетті. Еламан 
сонан арғының бірін біліп, бірін білген жоқ. Үйден 
шырқырап жүгіріп шыққан Кенжекейді итеріп жіберді. 
Іштен у-шу болған балалардың даусы шықты.
Еламан өліктей құп-қу. Бұл ес жиям дегенше 
Федоров та атын кимелетіп, үстіне төніп қалған еді, 
бұл жалт беріп ытқып түсті. Қылыш жай оғындай жарк 
етті. Тәңірберген астындағы аттың басына әлі келмей, 
алыстап бара жатып артына бұрылып еді; Еламанның 
ағы айналып кеткен үрейлі көзін көрді. Қапы кеткеніне 
күйініп, қайта ұмтылған Федоровтың ақсиған тісін, 
жарқылдаған жалаңаш қылышты көрді. Федоров 
осқырып үріккен атты сауырына қылыштың қырымен 
тартып-тартып жіберді де, мылтығын кезеген Еламанға 
тағы да табан жерден тап берді. Мылтық тарс етті. 
Жалаңаш қылыш жарқ етті. Мына қылыш бұның өзіне 
сілтенгендей, тұла бойы түршігіп кетті. Көзін қалай 
жұмып қалғанын да байқамады. Үрейлі көзін қайта 
ашқанда, Тентек Шодырдың баласы басы қатты атты 
тоқтата алмай, сырттап кетіп бара жатты. Ал Еламанның 
қан-қан денесі жаңа ғана ат тұяғы шаңдатқан жерде 
жатыр екен. Шашы қобыраған алау-далау әйел өкіріп 
кеп Еламанның үстіне құлай кетті. Ұзап кеткен Федоров 
қайта оралмақ болғанда, жағаға кеп қалған кемені 
көрді. Сүйткенше зеңбірек күркіреді. Бірінен кейін 
бірі жарылған снарядтар Федоровтың жолын кеселеп, 
астындағы үркек ат далаға қарай ала қашты.
* * *
Ақтар Аралдан шегінгелі Тәңірберген төтен бір 
халде. Бұған не көрінгенін қайдам, осы күні ойына 


896
алған іске басқадан бұрын бұның өзі сенбей, тартынып 
қала береді. Сондайда «осы менмін бе?» деп, көңіліне 
күдік қашып, өзінің осы күнгі халіне түсінбей тосырқай 
қарайды. Өйткені өзінің бұрын қандай болғанын біледі. 
Қанша бай, бақты, базарлы болса да, бұрын да ойына 
алған ісі оп-оңай орындалып жатпайтын. Бұрын да ел 
ішіндегі айтыс-тартыстарда жағада жүретін қолдар 
жазылмай, небір тар өткелде тайталаспен күн өткізіп еді; 
соның бәрінде де жас мырза қаһарын тіккен дұшпанына 
қарсы істер әрекетін жер түбінен ойлап, тор-тұзағын 
күні бұрын құрып тастайтын. Сосын келешекте қайткен 
күнде де бұның дәл өзінің ойлағаны болатынына кәмілі 
сеніп, миығына мысқыл жиятын да, міз бақпай безеріп 
алатын еді. Сонан болар-ау, көлденең бөгде кісілер 
түгіл, тіпті тірлікте тақым жазбай жүрген қанжығалас 
достар мен төңірегіндегі қосшы-қолаңдардың өзі де 
жас мырзаның арғы жақ ойының анық-танығын болжап 
білген емес-ті.
Иә, қалайда бұған бірдеңе көрінді. Айрықша, 
Аралдан бері қараған жолда бір ісі оңғарылмады. Бұған 
салса, өз басы бұрынғысынан құттай да өзгермеген 
сияқты. Ақылы орнында. Айла-амалы баяғыша. Не 
істесе де, өзіне тән машықты сақтықпен аңысын 
аңдап істеп жүр. Сонан келе, бұған не көрінді? Бұрын 
қандай істің тұсында да кішкене кеудеге caп, күштеп 
жіберсе болғаны, соның ар жағында істің өзі сәті түсіп 
оңғарылып жүре беретін еді. Бұған енді не болды? Не 
көрінді? О, Жасаған, бір пәледен соң бір пәлеге ұрынып 
жатқаны қалай? Басындағы қазіргі хал бұған лайық па? 
Кешегі шайқаста тас-талқаны шығып жеңілген әскердің 
қосын тігіп, жол сілтеп, етегі далақтап шауып жүру 
тұзы жеңіл біреу болмаса бұған лайық па? Шынында да 
базары тарқап, бағы қайтқаны ма?


897
Рас, заман өзгерді. Амал өзгерді. Адамдар да өзгеріп 
жатыр. Тек өзгермеген бұл болғаны ма? Апырай, 
апырай, бұрын бұған жол көрсетіп, қосшылық қылған 
кешегі елпілдектердей, сірә, ендігі кезек бұған келгені 
ме?
Қорлыққа көну оңай ма, басында бұ да өзінің осы 
күнгі халіне көнбей бұлталақтады. Бірақ амал қанша, 
көнді. Көнгенді айтасың, басына түскен пақырлық 
халге мойын ұсынып, генералды айтпағанда, тіпті, 
атаңа нәлет, Тентек Шодырдың баласы мен жез мұрт 
офицердің алдында елпілдегенін кәйтерсін.
Бұл жан баласына бас иіп пе еді? зәті қатты еді. 
Болыс ағасы өлгенде де көзіне жас алмап еді. Енді 
тіріде көрмеген қорлықты мыналардан көрді. Сыр 
бермей шыдап бақты. Қанша тістенсе де, төзімде де 
шек бар. Және басына күн өтті ме, қараптан-қарап, ащы 
өксік көкірегін қысып, кірпігі суланып бара жатқасын 
қамшы ұстаған қолының сыртымен көзін уқалап-
уқалап жіберді. Көк ат та ызасына тиіп болды. Өзінің 
шайқалақтап отыратын жол жорғасынан жаңылып, 
қайта-қайта сүріне берді.
Жастайынан шаһарлы жердің орыс, татар байларына 
араласқан жас мырза осы даланың бұтқа толып жүретін 
байларының тірлігіне ызаланатын. Сонан ба, өз басы 
ата-баба салтын, дәстүрін тәрк етпесе де, әлгі бір 
берекесіз, бөксе басар бойкүйездіктен бойын аулақ 
салғысы кеп еді. Осы жолы да басқа түскен тауқыметтің 
бәріне мойын ұсынып, от басында жалпиып жата 
бермей, беті қатты заманның тамырын басып қайтқалы 
әдейі Шалқарға барып еді. Көрмейсің бе, қаланың алаяқ 
қулары ұстап берді. Бар пәле басқа емес, Теміркеден 
болды. Апырмай, адам қалай өзгереді? Бұрын көрген 
жерде қолын қос қолымен ұстай алатыны қайда? 


898
Әшиінде асты-үстіне түсіп, мал-жанын, ауыл-аймағын 
сұрап өліп-тіріліп жататын неме, сол күні бұл генерал 
Черновтан көңілі пәс боп жүдеп шыққанда, бұның 
жүзіне тура қарай алмай, көзін алып қашып, өзі де 
күйген терідей құрыса қалып еді-ау? О, сұмырай! 
Басына іс түскен кісіге рай бермейтін әдеті. Бұл бірдеңе 
дейін десе де аузындағы сөзін айтқызбай, «и, и, Алла» 
деп, ішіне тікен қадалғандай тыжырынып қала бермеді 
ме?
Әуелде бұларды Алтықұдыққа дейін бастап апарсам, 
ар жағында керегім де болмас деп ойлады. Қызметім 
жақса тез босанармын деген оймен жан-тәнін салып 
қызмет істемеді ме. Жер қайысқан әскерді жол бойы 
шөлге ұрындырмады. Қарнын ашырмады. Оты-суы 
мол Ұлықұм мен Кішіқұм бойында иін тіресіп, сыңсып 
отырған малды, жанды ауылдардың үстімен алып жүрді. 
Бұл өңірдің бетке ұстаған игі жақсыларын Қарашоқатқа 
жинаған үлкен жиында тілінің ебін, бетінің ажарын 
салып, бұлардың мінерлігі мен сойыстығына қойды 
да, сиырды да, жылқыны да үйір-үйірмен айдап әкеліп 
жатпады ма, бұларға істеген көл-көсір жақсылығы ана 
жақта қызылдардың құлағына жетсе, мына жақта генерал 
Чернов пен атаман Дутов бұған ырза боп жуық арада 
айырылатын түрі жоқ. Бұнан өзгелер қатал заманның 
қаһарына ілікпеуге тырысып, таса-тасаға тығылып 
жатса, о, пәруардіғар, бұл, бұл байғұс қайда бір басынан 
бағы тайғандардың қосын жегіп, қосшылық етіп көзге 
түсіп жатқанын да сезбепті. Бұл не? Өлетін баланың 
әлгі бір көрге қашатыны ма? Ақылды, айлалы болғанда, 
қулық, сұмдықты көзі тірілердің бәрінен асырмақ боп 
жүргенде тапқан ақылың осы ма? Қанды көйлек жауыңа 
өзіңнің қолыңмен ата алмаған оқты орыстың қолымен 
атқанда не таптың? Кек қайтты ма? Көңіл көншіді ме? 


899
Соңыра арттағылар ақ-қараны ашатын заман туа қалса, 
көрерсің де, білерсің, исі қазаққа орыс қандай зорлық 
істесе де, оларға зәредей де пәле жуымайды. Ал қазаққа 
қазақ кегін жібермесі анық. Жә, не қылса да, итің қырын 
жүгіргесін істің беті оңғарылмайтын әдеті ғой.
– Ну, гад! Құдық қайда?
Тәңірберген қолынан түсіп кеткен тізгінді тез 
жиып алды. Ала жөнелген аттың басын тежеп, артына 
бұрылды. Үзеңгі қағысып, қатарласып қалған жирен 
сары офицердің тұздай көк көзіне бұ да тайсалмай тура 
қарады да, ләм-мим деместен тебініп қалды. Иесінің 
ширыққанын сезгендей ірі көк ат пысқырып, аяғын 
жеңіл тастап желіп кетті.
Іші у жалағандай өртеніп жатса да, ой заңғар-ай, 
сырты жағын бермейді. Жаңағы жанжалдан кейін де ол 
күміспен шолулаған көк бас ерде қыбыр етпей, қазықтай 
шаншылып отыр. Көп кісі боп жүргенде алдына қара 
салмай, бауырын керіп аяңдап, елеңдеп отыратын ірі 
көк аттың тас төбесінде шаншылған құлағынан көзін 
айырмай қадалып апты. Жаңағыдан кейін артына 
бұрылып қарамаса да, әлгі офицердің өзіне ту сыртынан 
қадалған көк көзі тесіп барады. Аралдан бері қарай 
шыққалы осы жирен сары офицер мен Тентек Шодырдың 
баласының бұған қаны қатып алды. Қалғандарында да 
аяйтын ниет жоқ. Тек генерал Черновтың тәк-тәгімен 
жан сақтап келеді. Және бұл болмаса өздігінен жол таба 
алмайтын болғасын амалсыз.
Бастапқы кезде бұлардан қайбартып еді, қазір өзінің 
де көкірегі қарайып, қанын торсыққа құйып алғасын 
ба, бұл әрі-берідесін енді жаңағы жирен сарыдан да, 
Тентек Шодырдың баласынан да жүзі ығыспады. Осы 
қазір басындағы бақ пен өрістегі үйір-үйір малдан, 
қойнындағы жардан, өрттей ыстық күн жанын қоярға 


900
жер тапқызбай күйдіріп бара жатқан тас төбеде 
шақырайып тұрып алған мына күн мен мына аспан, 
мына жарық дүниеден әбден көңілі қалып торыққан. 
Басындағы бір жапырақ тірліктен де түңіліп, талақ деуге 
әзір. Қалжыраған жаны тек тыныштық қалайды. Бір 
жұтым су тілейді. Шегенді құдықтан қауғамен тартып 
алған мұздай суға аңсары ауып, әлсін-әлсін ернін жалап, 
аузын қуырған ащы сілекейді тамсанып қояды.
Осы күндері шаруа жайы мүлде жадынан шығып 
кетті. Керек десе, Шалқарға бара жатып, жолшыбай 
Қарала-Көпке қондырып кеткен ауылын да ойлаған 
жоқ. Софы ағасына «менен хабар болғанша Қарала-
Көптен қозғалмаңдар» деп кеткен-ді. Сонан бері бір 
айдың жүзі асты. Малды-жанды ауыл бір орында ұзақ 
отырып қалды-ау деп қынжылады. Мал тұяғы тигесін 
жерде түк қала ма? Үй маңы сары жұрт боп, шаңдағы 
шығып кеткен болар. Және биылғы жер сыңайы жаман. 
Жылдағы шабындық жерлерде тіске ілінер қылтанақ 
жоқ. Биыл қалайда алдағы қыстың мал баққан шаруаға 
ауыр сын боларын сезсе де, көңіл сүлесоқ енжар 
болғасын ба, әйтеуір ертеңгі тірлік қамы ойына кіріп-
шықпады.
Неге екенін қайдам, адамдардан да гөрі жол бойы 
жұрттың жанын қоярға жер таптырмай, апшысын 
қуырып бара жатқан өрттей ыстықта аяғын әзер алып, 
қыбыр-қыбыр келе жатқан арық аттарды көбірек аяды. 
Сосын Черновты аяды. Қанша күн тақым жазбай, бірге 
келеді. Шалқардан шыққалы жол бойы онан көзін алмай 
байқап келеді. Аз сөзді. Ұстамды екен. Тек, әттең, 
тағдыр бұған басынан бақ тайғанда кездестірді. Арқа 
тірер үкіметтің сиқы анау. Әскерінің сиқы мынау. Арал 
түбіндегі шайқастан кейін тас-талқаны шығып жеңілген 
әскер ешкімді тыңдамай бет-бетіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет