Бағдарламасы бойынша жарық көрді ЖҰбаныш а. Жаңбыр жауса екен әңгімелер, пьесалар



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата08.01.2017
өлшемі4,64 Mb.
#1413
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Хадиша:
— Думай дейсің бе?! (ойланып калады) 
Сенікі де жөн шығар. Бірақ құрбым-ау, ол 
умер болса, қара қағаз келер еді, табытпен 
сүйегі жетер еді. 
Ольга:
—  Наверное ваши родственники знают 
об этом. Но не знают как тебе айтуга... 
Хадиша (терең күрсінді):
— Бірде Ақшай кемпір «Шалабайға ти, 
ти» деп қыр соңымнан қалмаған. Бәлкім, 
сол сұмпайы бірдеңені білген шығар. Бірақ 
ол мұндай хабар естісе, жерден жеті қоян 
тапқандай сүйінші сұрайды ғой. Суыт хабар 

207
Жаңбыр жауса екен...
жетпеген жарымның төсегін қалай ластай-
мын мен Өлгә. 
Ольга:  
—  Ты права... Но в то время выйти за-
муж к нормальному мужчину... 
Хадиша:
—  Нармәлно мужшина не керек маган, 
Мақсұтым тұрғанда (күледі)
Ольга: 
— Ладно, старая, мен уйыктады. Если 
помощь надо то скажи. 
Ольга көрпесін жамылып, әдеттегідей 
қорылдап ұйықтап кетеді. Хадиша тере-
зеге қарап өз-өзінен күбірлеп сөйлейді. 
Хадиша: 
— Сені алпыс жыл күттім, Мақсұт. 
Бұл сұм дүниеде келмесең келмей-ақ қой. 
Енді мен сені ана дүниеден, шын дүниеден 
іздеймін, әдірәм қалғыр! 
Терезе алдына шымшық келіп қонады.  
Хадиша енді құсқа қарап сөйлейді. 
Хадиша:
— Е, шымшық құс, сенде біреуді күтіп 
жүрсің бе? Байқаймын, өзің тоңып қалғанға 
ұқсайсың. Қазір мен сені бөлмеге кіргізіп 
аламын. 
Хадиша орнынан тұрып, терезе әйнегін 
ашпақшы болады. Ольга Хадишаның 
тықырынан оянып кетеді. 

208
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Ольга:
— Что ты делаешь, старая?
Хадиша: 
—  Мына, байғұс шымшық зәмерзлә бол-
дым дейді. Бөлмеге кіргізейік. Құс демесең, 
мұның да кеудесінде жаны бар ғой.
Ольга:
—  Эй, эй-й, старая, подожди. Нельзя, 
врачи  урсады сейчас.
Хадиша:
— Ә-ә, солай екен-ау. Өлгә, терезе 
ашпақшы болғанымды сен ешкімге тісіңнен 
шығара көрме. «Отыз тістен шыққан сөз 
отыз рулы елге тарайды» деген. 
Ольга:
— Да, я знаю  старая, болды енди ложись, 
уйыкта!
Хадиша ана терезеден ескерткішке 
қарайды.
Хадиша:
— Әй, Мақсұт әлі тұрмысың есік ал-
дында. Келсеңші бері. Қолыңа қару ұстап 
алғансың ба? 
Ескерткіш:
— ??? (тілсіз)
Хадиша:
— Қараң қалғыр, қақшиып тұрасың 
да қоясың. Тым болмаса, адамға жылы сөз 
айтсаң қайтеді?!
Хадишаның көз алды тұманданып, 
елестер елестейді. Бөлме есігі ашылады. 

209
Жаңбыр жауса екен...
Үстел үстіндегі қағаздар ұшып, терезе 
жапқышы қозғалады. Хадиша орнынан 
тұрып, есікті жаппақшы болады. Бірақ 
долы жел Хадишаны құлатып тастай 
береді. Хадиша есікті итере береді. Әбден 
шаршап,  қиналып, есікті жабады. Ке-
нет ол жылаған баланың даусын ести-
гендей болады.  Хадиша кереуетіне ба-
рып, жастығын бауырына басып, сәбидей 
көтеріп, аймалай бастайды.
Хадиша  (жастықты көтеріп, бала 
сияқты әлдилейді):
— Қоя ғой, жарығым, қоя-я-я ғой. 
Әлди-әлди, әлди-ай-й... Қазір әкең келеді, 
құлыным, көтереді сені. 
Хадиша жастықты көтеріп жүріп 
бесік жырын айтады.  
—  Әлди, әлди, ақ бөпем,  
Ақ бесікке жат бөпем... 
Біреу терезе қаққандай болады. Ха-
диша тың тыңдайды. Терезе тағы 
қағылғандай. Хадиша қолындағы 
жастыққа қарап тіл қатады. 
Хадиша: 
— Әні, балақай, айттым ғой, Мақсұт 
келеді деп. Енді біз ауылға қайтамыз. Ақшай 
кемпірдің көзіне көк шыбын үймелетпесем 
бе, бәлем!

210
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Терезе қаттырақ қағылады. Сәлден 
соң есік қағылады. Хадиша киімдерін 
сөмкесіне сала бастайды. 
Хадиша:
— Мақсұтжан-ау, есік-терезені тарсыл-
датып қаға бергенше сәл күте тұрсаң нетті, 
заттарымды жинап алайын. Алпыс жыл 
күткенде бір қыңқ еткен дыбыс шығармап 
ем, қараш мұның шыдамсыздығын... 
Ольга орнынан қозғалады. 
Хадиша:
— Өлгәжан, ояна көрме. Қазір Мақсұттың 
келгенін естісең, жарияға жар саласың. 
Мен кеткен кезде ғана сүйінші сұрарсың... 
Есік қатты қағылады.  
Хадиша: 
—  Бұл кім? 
— ??? (үн жоқ)
Хадиша: 
—  Үндемегені несі?! 
Хадиша есікті ашып қарайды. Ешкім 
жоқ. Кереуетіне келіп отырады. 
Хадиша:  
— Япырай, терезе қаққан кім болды 
екен, а? Есікті ашып болмаған соң, кетіп 
қалды-ау деймін. 
Хадиша терезе қарайды. Терезе алдын-
да шымшық құс тұр. 
Хадиша:

211
Жаңбыр жауса екен...
— Ей, шымшық құс, далада түнделетіп 
неғып жүрсің? Әлде барар жерің жоқ па еді. 
(Шымшық құс сөйлегендей дыбыс 
шығарады) 
Хадиша:
— Е, өзіңде тіл бар екен ғой. Қанша 
уақыт терезенің алдында жатып, сенің 
үніңді естімеппін... Әй-й, осы, мен қайда 
жүрсем, сен ізімнен бір елі қалмайсың ғой 
а!.. Әлде сені Мақсұт маған арнайы жіберіп, 
ізінен еріп, аңды деді ме?!. 
Шымшық құс тағы да қаттырақ дау-
ыс шығарады. Хадиша терезе жақтауына 
мініп алып, сыртқа басын шығарып 
құспен тілдеседі. 
Хадиша:
—  Ай, пәтшағар-ау, сен шымшық емес, 
Мақсұт екенсің ғой. Өзің әндетпесең сөйлей 
алмайтын болыпсың! (Күледі)
Шымшық даусы. 
Хадиша:
— 
Әртістер сияқтысың. Айтпақшы, 
мені бірде немерең Арман театр дегенге 
алып барды. Опыра дей ме, өпірә ма сондай. 
Әртістердің бәрі ән салып сөйлесетінін сон-
да көрдім (күледі)
Шымшық Мақсұт болып сөйлейді. 

212
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Шымшық: 
— Аспанда да сондай, Хадиша. Ол 
жақтағылар әндетіп, нәзік әуенмен 
 
сөйлеседі.  Дөрекілік, қатты сөйлеу де-
ген атымен болмайды. Бәлкім, сол жаққа 
кетерміз а, Хадишажан...
Хадиша:
—  Қайда байғұс-ау?
Шымшық: 
— Жаннат Жұлдызға. Менің мекенім 
сонда ғой. 
Хадиша:
—  Бәсе-ау, сені мына жер бетінен таба 
алмай жүрсем, көкте ұшып жүр екенсің 
ғой. Сенімен бірге кетер едім, бірақ менің 
қанатым жоқ қой, Мақсұт...
Шымшық:
— Сол да сөз болып па, қанатсыз да 
ұшуға болады. Ол үшін алдымен өзіңе сенім 
керек. Менің Кемпірқосақ деген пырағым 
бар, бәлкім соған мініп алармыз. 
Хадиша:
— Мені мындағылар жібермейді. 
Шымшық:
— Қашып кет! 
Хадиша: 
— Қалай? 
Шымшық: 
—  Терезені аштың ғой, енді содан секір! 
Хадиша: 
— Құлап кетсем қайтем. Аяқ асты жазым 
боп қалармын. Онсызда көзім көрмейді. 

213
Жаңбыр жауса екен...
Шымшық: 
— Құламайсың. Құласа тек қабығың 
ғана құлайды. Өзің кемпірқосаққа қарғып 
мінесің. Кәні, енді ойланба, секір! 
Хадиша ана терезеден жерге үнсіз 
қарап тұрады. 
Шымшық: 
—  Дайынсың ба, Хадишажан, жоғарыға 
қарашы, кемпірқосақ сені күтіп тұр... 
Хадиша: 
—  Дайынмын, Мақсұтжан, дайынмын. 
Мен осы сәтті алпыс жыл күттім емес пе?! 
Ал, Мақсұтжан, маған демеу бол!  
Хадиша терезеден секіріп кетеді. 
Ольга шошып оянып, ашық тұрған те-
резеден төменге қарайды. 
Ольга: 
—  О, господи боже! Я молюсь... Ой, ста-
рая, что ты сделала... 
Ольга жатын киімімен сүрініп-
қабынып дәрігерлер бөлмесіне қарай 
жүгіреді. Бөлмеде Ізет, Гүлбану және 
басқа мамандар отырады. 
Ольга: 
— Наша старая походу умерла. 
Ізет (шошып кетеді):
—  Не дейді? Кто умерла? 

214
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Ольга: 
— Наша старая упала через окно. Навер-
ное она умерла. 
Дәрігерлер зыр жүгіреді.... 
Оныншы көрініс.
Қарттар үйінің алды. Есік алдында 
полицейлер, мекеме қызметкерлері мен 
осында жататын қариялар жиналған. 
Дәрігерлер Хадишаның мүрдесін алып 
бара жатқанда қарттар бәрі жылайды. 
Зібайда:
—  Байғұс, жақсы адам еді... 
Дәметкен:
—  Иманды болсын! 
Тәрбия:
—  Жатқан жері жайлы болсын!
Ольга қатты жылайды. 
Ольга: 
— Эх, старая, почему ты умерла, а?! От-
куда мне теперь найди такую подружку  как 
ты?!  Ты же умница болдын, но неге секир-
дин терезеден... Эх старая, покойся с ми-
ром!.. Хорошие люди и небесам нужны...   
Шымылдық 
СОҢЫ 

МАЗМҰНЫ:
Алғы сөз 
1-бөлім Әңгімелер 
Қара сөмке.........................................9 
Қуыршақ.........................................15 
Жаңбыр жауса екен..........................28
Есіл жағасындағы екеу .....................36
Гиппократ анты үшін........................42
Ақымақ...........................................50
Бөрте...............................................58
Соңғы вальс.....................................71
Ақшаның құлы................................79
Адалдық..........................................88
Тағдыр............................................91
Алтын балық....................................94
Күләш.............................................98
Жағымпаз......................................107
Ит.................................................113
Ақ апа...........................................121
2-бөлім Пьесалар 
Қызғаныш......................................128
«Соғыстың соңғы жесірі».................169

Айгүл ЖҰБАНЫШ
ЖАҢБЫР ЖАУСА ЕКЕН...
Редакторы                             Алмагүл Ниязбекова
Қате түзеуші                         Назерке Кәкен
Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы
Техникалық сарапшы      Ержан Жамалбаев
Суретшісі                               Аңсаған Мұстафа
ISBN 978-601-03-0285-3
ИБ № 69
Басуға 15.10.2014 ж. қол  қойылды. 
Пішімі 80х100 
1
/
32
.  Офсеттік басылым. 
Қаріп түрі “MM Academy”.  Көлем 10,0 шартты баспа табақ. 
Таралымы 2000 дана. 
Тапсырыс № 69  
«ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет