УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)-44
Ұ 25
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Ұзақов Бегабат.
Ұ 25 Жантаза. Əңгімелер. / Бегабат Ұзақов. Алматы: «Қазы-
ғұрт» баспасы. – 2014. – 168 бет.
ISBN
978-9965-22-480-5
Жазушы Бегабат Ұзақов «Жантаза» атты бұл кітабына енген
шығармаларымен адамның жан-дүниесіндегі буырқаныс, толғаныс-
тардың жұмбағына үңіліп, өмірдегі сан түрлі қайшылықтарды су-
реттеу арқылы пəлсапалық ой түйіп, рухани ізгілік пен адалдыққа
шақырады.
Шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орнықты. Əртүрлі стиль-
де жазыла тұрып, ортақ парасат арнасында тоғысатын əңгімелер-
дің болмысынан жазушының бөлекше қолтаңбасы айқын таныла-
ды.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)-44
ISBN
978-9965-22-480-5
© Ұзақов Б., 2014
© «Қазығұрт» баспасы, 2014
3
БАЛУАН ҚЫЗ
...Бəтима балуан бойын ыза мен кек кернеп, бұл күнді
жарты жыл күтті. Күткенде уақыт шіркін тасбақа жүріске
салынып, мəңгі өтпейтіндей көрінеді. Жүйкеге салмақ салар
сəттерде үміт қана жабырқаған көңілге медеу. Сол үміттің
шырағына кек май құйып тұрса, лаулай бермек. Бұл от шар-
пуынан көз байланып, бар дүние əдіра қалады. Жарты жыл
бойы ол жалқы мақсатпен өмір сүрді. Ол да болса, ар-на-
мысты көзінің қарашығындай сақтайтын балуан затына жа-
распайтын қылық істеген Алдағұлды күресте алып ұрып,
басынан аттап өту. Əдетте, жығылған балуанның басынан
аттауға болмайды. Бұл жеңілген жақ үшін өліммен тең əрекет.
Кейде ездік қылған балуан осылай жазаланады. Мəрттікті ту
етіп көтерген елдің жазылмаған заңы осы. Бəтима балуан
осылай істеуге бекінген. Сонда ғана нəмəрттіктің құрбаны
болған ағасы Абылай балуан көрінде тыныш жатпақ, сонда
ғана күреске адалдық қайтады.
Міне, бүгін оның іздеген жауы алдынан шықты. Ауылда-
ғы Мергенбай шопанның келін түсірген тойына Алдағұл бал-
уан өз аяғымен келіп тұр. Салт бойынша, келіннің беті
ашылған соң немесе одан бұрын ас тартылады. Сосын адам-
дар құрға жиналады. Құр деген сахна іспетті нəрсе. Ор-
таға кілем төселіп, жан-жағында халық қаумалап тұрады.
Əуелі жыршы-жыраулар өнерін көрсетеді. Əн-күй, терме-
толғаулармен əлеуметтің құлағының құрышын қандырған
соң өнерпаздар құрды балуандарға босатып береді. Күрес
біткеннен кейін тойға жиылған халық ауылдың сыртына
шығып бəйге, көкпар тамашалайды.
4
«Иттүйнек те уақытында бір гүлдейді» демекші, жұрт
мұрнын шүйіріп менсінбейтін Мергенбай шопанның тасы
өрге домалап тұр. Қырық-елу түйе, жүз шақты жылқы,
үш мыңға тарта қойы бар. «Мұрным барда бір сіңбірейін»
деген-ау, шамасы, дүниесін шашудай-ақ шашыпты. Дастар-
хан – ағыл-тегіл. Жақын маңайдағы Жайық аздық еткендей,
Бесқаланың батысында тұратын Ақпанбет пен Тауелібайдан
Алдашты да алдырған. Жайық аруақты батырлар Кəдір
мен Сəдір, Дабыл жайлы жырларын селдей ағызды. Дом-
бырасының күмбірі ерекше. Шауып бара жатқан мың
тұлпардың тұяғының дүбірі естіліп тұрған сияқты. Отты
жырдың əсері соншалық, өзіңді Кəдір мен Сəдір, Дабыл ба-
тырлардай сезініп, тұлпарға қарғып мініп, бес қаруыңды
асынып жауға шапқың келеді.
«Ендігі кезек – Алдаш жыраудікі», – деп тоғашы дүйім
жұртқа жариялаған кезде сұңғақ бойлы жігіт ағасы ортаға
қалтақтаған соқыр шалды жетектеп шықты. Жайықтың көр-
кіне көзі тойып отырған жұрттың көңілі қоңылтақсып қалды.
«Ойбай-ау, атағы жер жарған Алдаш осы ма, не?» – деген ой
жырауды бұрын-соңды көрмеген елдің санасында қылаң бере
аңтарылды. Мұндай таңданыстың талайын көрген болар,
ештеңені елемей құрдың дəл ортасындағы құрақ көрпешеге
жайғасып отырып алған Алдаш домбырасын сол қолымен
қағып-қағып жіберіп əндете жөнелді. Алдаш домбырасы ‒
нағыз əннің домбырасы екен. Бейтаныс əуен лезде баурап
алды. Тауелібайдың тамылжыған əндеріне елтіген жұрт жы-
раудың табиғи кемістігін ұмытып та кетті. Ашық əуез, ас-
қақ дауыс Қаратаудың етегінде орналасқан ұядай ауылды
жаңғыртып жіберді. Бұл елдің бір қасиеті – əшейінде абыр-
сабыр боп жатса да, құрда отырғанда сабырлы келеді. Тіпті,
тентек суға тойып алғандар да сілтідей тынып, шырқалып
жатқан əн-жырдан басқаны ұмытады. Тек ара-тұра айтушы-
ны қолпаштау, рухын жани түсу үшін «бəрекелді!», «шап!»
деген сөздер ғана естіледі.
Алдаштың əні əуелей барып үзілген кезде маймаңдап
басып Ақпанбет шықты. Көзі көреді демесең, мұның да
Алдаштан артықтығы шамалы екен. Қисық-қисық бірдеңе.
Бірақ, дене бітіміне мəн беріп жатқан ешкім жоқ. Жаңа ғана
Алдаштың қораш түрін көріп көзі үйренген ел бұл жыраудың
одан да асқан дүлей екенін өте жақсы біледі. Өзін енді көріп
5
тұрса да үнтаспалары əрбір үйде бар. Жайық пен Алдаштың
жанына отырған Ақпанбет Орынбай ақынның Жанқожа ба-
тыр жайлы дастанын жырлады. Бұл жырау нөсерге ұқсайды
екен. Төкпелеп-төкпелеп бір қайырғанда манағы сабырлы
халық ду қол соққанын білмей де қалды. Əйел-қыздардың
арасында отырған Бəтиманың ойынан жыраудың кейбір
сөздері кетпей қойды:
Абырой менен ар ойла,
Адамдық түссе ойыңа!
Ол бұл жолдарды іштей қайталай берді, қайталай берді.
Қолын түйіп ап, қалшылдап кетті.
Ердің құны бітпейді,
Төрт түлік малдың құнымен.
Қандасқан жауға қан кетсе,
Құрығаны шынымен.
Жампоз жырау балуан қыздың жанды жеріне тиіп, ши-
рықтырып жіберді. Тұла бойында қан тулап, көз алды қа-
раңғыланып кетті. Ашу мен ызадан бірер сəт есеңгіреп
тұрды да мұнан əрі тыңдауға дəті жетпей ақырын жылыс-
тап, əйелдер арасынан шығып кетті. Артына бір қайырылып,
ерлер жаққа көз жіберді. Қарақұрым адамның ішінен хас
жауы Алдағұл көрінбеді. «Бір жерде отырған шығарсың,
əйтеуір, келгенің анық қой, – деп күбірледі ол. – Тоқал ешкі-
ден басқаның кегі о дүниеге кетпейді. Дəл бүгін сазайыңды
тартасың». – Кілт бұрылды да бойына бұла күш енгендей
ақыл-ойын бірден жиып алып, жылдам қадам тастап Мер-
генбай шопанның көршісінің үйіне бет алды. Ауылдың
балуандарының шəй-суын беру осы үйге жүктелген. Киімін
ауыстырып, алда болар күреске сақадай-сай тұруы керек.
Ақпанбет те жырын бітірді. Жұрт дуылдап-шуылдап үш
жырауға қошамет көрсетіп жатыр. Жыраулардың алдына
жайылған орамалға ақша деген үйіліп қалды. Жеті жасар-
дан жетпіс жасарға дейінгінің бəрі көңілінен шыққанын тас-
тап жатыр. Жоралғы солай. Үш жырау да маңғаз қалпында
орнынан тұрып кезектесіп бата берді. Ақшаға көзінің қиығын
да салған жоқ. Тоғашы орамалды жинап алды. Той тарқаған
6
соң бұл ақшаны оларға береді, əрине. Жыраулар ортаны бо-
сатып, шетке ығысты. Елмен бірге күрес тамашалайды.
Төрт-бес адам жүгіріп шығып, көрпешелерді алды. Құрды
кеңейтіп кілем төседі. Енді балуандар шықпақ. Манағы
сыпайылықтан жұрнақ та қалмады. Нағыз ырду-дырду бас-
талды.
– Қай балуандар келген екен?
– Кім жеңеді екен?
– Атаңның басы, сəл шыда, қазір көресің ғой!
– Сұрауға болмай ма, не?...
– Тынышталыңыздар, – деп сабырға шақырды ақ сақалды,
ірі денелі кісі құрға шығып. – Күресті бастаймыз. Таны-
майтындар үшін айтып өтейін, мен Артықбай балуанмын.
Бүгінгі күреске мен төрешілік етемін.
– Əй, Артықбай, – деп саңқ ете қалды жеті-сегіз балуанның
қасында тұрған бұжыр бет шал. – Балуандықты қатырғандай
енді елге төрелік айтайын дедің бе? Байқа, төреші болсаң,
адал бол. Ауылдас бауырларыңа бұра тартып, масқара бо-
лып жүрме. Белінде белбеуі бар жігіт бар ма өзі ауылыңда?
– Əй, байғұс Бақберген, – деп жауап қатты Артықбай
пəленбай жыл бəсекелескен балуан құрдасына. – Жиырма бес
жыл күресіп саған есе жіберген жерім жоқ. Қайратымыздың
барында шап бергенге тап бердік. Жеңсек, ел көтерді,
жеңілсек, жер көтерді. Адалдығыма күмəнің болса айт!
– Енді бұл бір сөздің салты ғой, – деп бəсең тартты əлгі
кісі.
Артықбай ішінен не өткенін өзі біледі. Өмірінде Бақбер-
ген балуаннан бір рет те жеңілмегені ақиқат. Алайда, қазір
Бақбергеннің түйе балуан атанып жүрген Алдағұл деген
шəкірті бар. Сондықтан, шаршы топта ірі-ірі сөйлейді.
Негізінде, Бақберген балуан сөзден қалатын адам емес. Қа-
зір тайқып шыға келгенінде гəп бар. Өткен жолғы қанды
оқиғадан соң ел дүрлігіп кетпесін деген болар. Ал, Артықбай
балуанның дəл қазір мұндай шəкірті жоқ. Бұл дайындап
жүрген өз баласы Ниет пен ауылдың төрт-бес жігіті əлі ша-
лалау. Бір қыз балуан бар. Бірақ, ол өз бетінше жаттығып
жүр. Жаңа Бақбергенге «пəлен балуаным бар» деп айта
алмағаны да сол себепті.
– Міне, ініміз Мергенбай той жасап елдің батасын алып
жатыр, – деп сөзін жалғастырды Артықбай. – Əрине, тойдың
7
сəні – əн-жыр, бəйге, көкпар. Ал, күрестің орны мүлде бөлек.
Елдің еңсесін көтеріп, қайсар рухын сақтау – ұрпақ парызы.
Бүгінгі күрес əдеттегідей бірнеше топқа бөлінеді. Ең алғаш
құрға түйе балуандар шығады. Жеңгеніне – Мергенбай іні-
міз төрт жасар түйе тіккен. Екінші өгіз балуандар сайысы.
Үшінші қошқар балуандар бəсекесі. Əр балуан өз қайратына
қарай қай топта күресетінін өзі таңдайды. Тігілген жүлделер
үшін той иесіне алғысымыз шексіз. Алайда, балуан жүлде
үшін емес, ар үшін күреседі. Балуандық – өз нəпсіңді жеңу
деген сөз. Жүлдеге қызығып, топ таңдауда адаспаңдар. – Ол
сəл тыныстап алды да жан-жағына қарады. – Рұқсат болса,
бас жүлде үшін күресті бастаймыз.
– Рұқсат. Рұқсат.
– Тезірек бастаңдар, – деген дауыс шықты əр жерден.
– Ал, онда білегіне сенгендер ортаға шықсын.
Сол жақ бұрыштан еңгезердей жігітті ертіп Бақберген бал-
уан шықты.
– Уа, халайық, мынау біздің Ақшакөлдің Алдағұл деген
балуаны. Талапкер бар ма, əлде бас жүлдені күрестірмей бе-
ресіңдер ме?
– Ой, əкеңнің... мынау баяғы қанішер ғой, – деп Қызылқа-
ланың бір жігіті жұлқына кетті. – Қақ басынан атайын ба,
осы?
– Тоқтат былшылды! – Ақырды Артықбай балуан. – Көне
дауды қозғап қайтесің? Арлы болсаң күреске түс.
Сірə, жақындары болуы керек, əлгі жігітті екі кісі сүйре-
лектеп əрі əкетті. Алдағұл балуан қос қолын бүйіріне тая-
нып, ортада қасқайып тұр. Езуінде мысқыл ойнайды. Белде-
суге жарайтын балуанның жоқтығына сеніп тұрған сыңайлы.
– Назархандықтардың ішінде Алдағұл балуанмен күре-
сетін бар ма? – деп айқайлап сұрады Артықбай балуан.
Ешкім селт еткен жоқ. Пірназар шойыншыдан тəлім ал-
ғандар шау тартқан соң бұл өңірдің балуандарының жүні
жығылып қалған-ау, шамасы. Бұрын бұлар ешкімге дес бер-
меуші еді.
Назархандықтардың басынан бағы таяр деп кім ойлаған?
Жерлестерінің мына мүшкіл халін көргенде жауырыны жер
иіскемеген балуан Пірназар шойыншы арыстандай ақырып
шығар еді-ау! Əттең, бақилық боп кетті.
– Талдының балуандары, сендер не дейсіңдер?
8
– Біз кейінгі топта бақ сынасақ па дейміз, – деп күмілжіп
тіл қатты Талдылықтарды бастап келген балуан.
– Аязқалалықтар, талапкерлерің бар ма?
– ...
– Əй, басқаның басын ауыртып қайтесің? – Ретті же-
рі келгенін біліп Бақберген балуан іле түсті. – Өзіңнің Қы-
зылқалаңда белдесер балуаның бар ма? Жоқ болса, жұрттың
уақытын алмай бер жүлдені.
Қап, мынаның қорлығын-ай? Шəкіртінің үстемдегіне се-
ніп құтыруын қарашы. Ғұмыр бойы мұны жеңе алмай өткен-
дігінің ызасын осы сəтте алып тұрған сыңайлы. Артықбай
балуан шынымен тығырыққа тірелді. Дегенмен, салт бойын-
ша өз ауылдастарын да күреске шақыруға тиісті. Жүлдені
күреспей беру – балуандыққа сын. Бəлкім бір шəкірті тəуе-
келге бел байлар.
– Ауылдастар, – деді ол оң жақтағы бұрышқа қарай. – Сын
сəті келіп жетті. Нағыз күшті құрда білінеді. Мына тұрған
Алдағұл балуан ана жолы ауылдасымыз Бейімбеттің тойын-
да беткеұстар арысымыз Абылай балуанды жеңді. Күрестің
соңы қайғылы аяқталғаны да баршамыздың есімізде. Шейіт
кеткен боздақтың ары үшін күресер сəт туды. Мына Алдағұл
балуанмен алысатын кім бар?
Қызылқалалықтардың да үскініне су құйылған тəрізді.
Ешкім белсене шыға қоймады. Мұны көрген Артықбай
балуанның қаны миына шапшыды:
– Неге үндерің шықпай қалды? Қызылқаланың қатындары
еркеккіндік тууды қойған ба? Сақалым сарбиып өзім алы-
сайын ба, алде бас жүлдені күреспей-ақ бере салайық па?
– Жоқ! – деген дауыс құрды селт еткізді. Оң жақ бұрышты
қақ жарып, ақ жейде киген Бəтима балуан құрға кіріп кел-
ді. – Ер өлсе де, ел өлген жоқ. Міне, мен бармын!
Артықбай балуанның көзі жасаурап, дауысы дірілдеп
кетті:
– Айналайын-ай, бар екенсің ғой!..
Ақшакөлдіктердің бірнешеуі қарқылдап күліп жіберді.
Қағытып қалу үшін Бақбергенге тағы бір сылтау табылды.
– Түйе балуанмен күреске қыз шыққанын алғаш көруім.
Бəтиманың балуан екенін көріп-біліп жүрміз ғой, дегенмен
ыңғайсыздау екен. Жігітпен ұстасқанда денесі балқып кетіп,
астына түсіп қалса... – деп ыржалақтады Бақберген балуан.
9
Кезінде ортанқолдау балуан болған, бүгінде ақсақалдыққа
жетіп, ауылының жастарын күреске баулып жүрген Бақбер-
ген балуанның келекесі қызылқалалықтардың шамына тиіп
кетті.
– Əй, алжыған қырт, сені де жұрт балуан дейді-ау!..
– Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.
– Біздің қызға төтеп берер қауқары бар ма Алдағұлыңның?
Артықбай балуан сөз тізгінін қайт қолға алды:
– Құрда тұрған балуан кез келген талапкермен күресуге
міндетті. Бас тарту – жеңілу, – деп бір қайырды да Алдағұлдан
сұрады:
– Бəтима балуанмен белдесе аласың ба?
– Белдесе алмай Құдай ұрып па?...
* * *
...Қызылқала ‒ көне қала. Есте жоқ ескі дəуірдің ескерт-
кіші боп қызғыш лайдан соғылған қорған күн нұрына ша-
ғылыса қызыл жалын шашып тұрғандай.
Ертеде бұл жерде ел жасағаны анық. Алайда, осы қала-
ны салып, абат өмір сүрген елдің қайда кеткенін ешкім
айтып бере алмайды. Талай ғасырлардан бері қаңырап
жатқан қала тілсіз. Қала деген аты ғана. Уақыт деген ұлы
əміршінің тегеурініне төтеп бере алмай айналасы түгел
қирап, аман қалған жалғыз қорған аспанмен таласып, өткен-
дердің өр рухын еске түсіреді. Соңғы жүз жылдықта бұл
өңірге ел қоныстана бастаған. Суы мол, жері құнарлы.
Шаруашылықпен шұғылдануға қолайлы. Бірте-бірте көбей-
ген ел əжептəуір ауылға айналған. Мал бағумен айналы-
сады. Ауыл атауы да осы ескі қаланың атынан алынған.
Ауылдың теріскейінде шөккен нардай боп Қаратау созы-
лып жатыр. Дəл іргеде Кесіктау бар. Аты затына сай. Қара-
таудың құдды кесіп алынғандай бір сілемі. Омарқұлдың үйі
Кесіктаудың етегінде. Бар ғұмыры осында өткен. Жалын-
даған жиырма бес жасында Гүлдəуренге үйленген соң
біразға дейін бала сүйе алмады. Жары үш рет түсік тас-
тады. Əулие Сұлтан бабаға барып, Жаратқанға жалбарын-
ды. Жолбарысаттағанға түнеді. Сөйтіп жүргенде Алланың
шапағаты түсіп, қошқардай ұлды болды. Қуанышы қойнына
10
сыймай ат шаптырып, құр құрып той жасады. Арада тағы
екі жыл өткен соң қызды болды. Сірə, нағашысы Сəлімбай
балуанға тартқан болуы керек, екеуі де ірі сүйекті. Гүлдəурен
тіл-көзден аман болсын деп, тұмар тағып қойды.
Уақыт шіркінде тоқтау бар ма? Тəспісінен жаңылмай
күндер, айлар, жылдар өте берді. Қос перзент есейе бас-
тады. Зарығып көргендіктен бе, бетінен қақпағасын екеуі де
сотқар. Ауылдың маңайлап кеткен баласын ұрып-соғып, жы-
латады да жүреді. Сосын таяқ жеген балалардың шешелері
Омарқұлдың үйіне келіп, қиғылықты салады. Ашуланған
Гүлдəурен ұрысқан кейіп танытады. Алайда, иі бос, сабауға
қолы бармайды. Жайдары мінезді Омарқұл миығынан күлу-
ден танбайды:
– Балам мықты екен деп жүрсем, қызым да осал емес
екен ғой. Бұған бірдеңені біліп ер баланың киімін кигізіп
қойғансың ба, деймін?
‒ Ой, кигені құрысын! – деп бұрқан-талқан болады Гүл-
дəурен.
‒ Көршілерде мұнымен тең қыз жоқ. Жалғызсырап жүр-
месін деген оймен ер балаша киіндіре салғам. Бұл балдармен
қосылып ойнаудың орнына алысып-жұлысады да жүреді.
Ағасының сотқарлығы аздай.
Перзенттерінің есесін біреуге жібермейтін боп өсіп келе
жатқанына іштей марқайып қалған Омарқұл сезімін сыртқа
шығармай, ұлы мен қызын жанына шақырып алады да сес
көрсетеді:
– Мына шешелеріңнің шашын ағартатын болдыңдар ғой.
Ендігіден былай тыныш жүріңдер. Əйтпесе, таяқтың көкесін
менен жейсіңдер.
– Мақұл! – деп жарыса уəде береді ұл мен қыз. Өкінішке
орай, былай шыққасын уəдесін ұмытып кетеді. Əр сапар
осындай жағдай жалғаса береді. Омарқұл бір рет те қол кө-
термейді.
Күйгелектенген əйеліне басу айтады:
– Əлі екеуі де жас қой. Бала балалығын қылмай қоя ма?
Несіне күйіп-пісесің? Абылай ұлымыз мұрнына самал еніп,
қызға қырындайтын болғанда, Бəтима қызымыз бойжеткен-
де ақыл тоқтатып, тентектігін қойып кетеді.
– Əй, қайдам, – дейді Гүлдəурен. – Нағашыларына тарт-
қан болса, əлі біраз жерге барар. Жеті атамнан келе жатқан
11
балуандық бұла күш бұларға да жұққан болса, тегіндікте ба-
сыла қоймас. Əкеме көп барғыштайды. Ол кісі де қартайғанда
баламен бала боп бұлармен арпалысады да жүреді. Бірдеңені
үйрете ме-ау...
– Е, Сəкеңе барса несі бар. Нағашы атасынан əдіс-тəсіл
үйреніп балуан болса, бағыңның жанғаны емес пе? – деп
мырс етеді Омарқұл. Сəкең деп отырғаны – Гүлдəуреннің
əкесі, атақты Сəлімбай балуан. Алысқанды алып ұрған
алапат күш иелерінің жетінші ұрпағы. Ерте жетім қалып
əйгілі балуан Пірназар шойыншыға шəкірт түскен. Ұстазы
да, өзі де темірші ұста. Орақ, кетпен, күрек, қазық, сүймен
сияқты заттарды жасаумен айналысады. Кезінде жауыры-
ны жерге тимеген. Бұл кісінің есімі аталған жерде жұрттың
езуіне еріксіз күлкі үйіріледі. Ертедегі бір қызық жағдай əлі
естен кетпеген. Ақжазықта бір той болған көрінеді. Тұрмыс
тауқыметі еңсені езіп, жоқшылық жомарттың қолын байлап
тұрған кезең болса керек. Сонда да қазақтың салты қалсын
ба, кішігірім жүлде тігіліп, күрес ұйымдастырылыпты. Тал-
дыдан келген балуандар шыққанның шаңын қағып, əбден
састырыпты. Ақжазықтықтар аласұрып Сəлімбай балуан-
ды іздепті. Əшейінде мұндайды құр жібермейтін балуан
көрпеге оранып үйінде жатқан-мыс. Бүкіл ауылдың намы-
сы тапталып жатқанына шыдамаған шалдар «Сəлімбайды
шақырып кел» деп бір баланы жүгірте салыпты. Бал-
уан келмепті. Тағы біреуді жіберген екен, балуан үзілді-
кесілді «бармаймын» деп айтып жіберіпті. Ең беделді екі
шал «Сəлімбайдың ел намысы сынға түскенде бұра тар-
тар əдеті жоқ еді ғой, бірдеңеге ренжіп қалды ма екен?
Өзіміз барсақ, сақалымызды сыйлағандықтан еріп келер»
деп, қалғандарына амалдап уақытты соза тұруын өтініп,
балуанның үйіне бет алыпты. Үйіне абыр-сабыр екі шалдың
кіріп келгенін көрген Сəлімбай балуан сөзге келместен ора-
нып жатқан көрпесін лақтырып жіберіп, үстіндегі жадағай
шапанымен шалдарға ере шыққан екен. Келген бойда құрға
шығып, Талдының беткеұстар балуанымен айқаса кетеді.
Біраз салғыласа жүріп, қарсыласының белінен мықтап ұстап
алған Сəлімбай балуан оны бар күшімен өзіне тартып қап,
лезде талдылықтың аяғының артына аяғын қойып, кейінге
сілтеп жіберіп, үстінен баса құлайды. Сол сəтте шапаны
құрғырдың түріліп кетпесі бар ма, жалаңаш құйрығы жарқ
12
ете қалады. Алғашында не болғанын түсінбей аң-таң болған
жұрт дереу мəселенің байыбына барады да, қыран-топан
күлкіге батады. Арлы балуан «ел артымды көрсе де бетімді
көрмесін» деп, жығылған балуанның үстінен атып тұрып,
шапанын басына бүркеп тұра қашыпты. Түнде əйелімен
əлденеге бола тəжікелесіп қалған балуан бұтындағы жалғыз
дамбалын таңертең жуғызып, кеппегесін көрпеге оранып
жатқан ғой. Шалдар барғанда намысқа шыдамай кетіп,
тобығына түсетін ұзын шапанды кие сап, жалаңбұт ере
шыққан...
Гүлдəурен ұл-қызының тентектігін айтып, Омарқұлға
қанша шағымданғанымен əңгіменің соңы перзенттерінің
нағашы атасы Сəлімбай балуанға тіреледі де, ылғи жады-
раңқы кейіпке еніп, мəселені жылы жауып қоя салады. Сөйтіп
жүргенде Абылай он алтыға, Бəтима он төртке келді. Түске
дейін мектепке барады. Түстен соң мал жаюға кетеді. Бұлар
барысымен Омарқұл үйіне қайтады. Кесіктаудың батыс
жағында тас көп. Оны ауылдың жігіттері жинап, машинаға
артып жібереді. Там тұрғызбақшы болған көрші ауылдың
адамдары сатып алады. Əкесі кеткен соң бұлар да кезек-ке-
зек тас қопаратындарға көмектеседі. Алғашында «жап-жас
боп ауыр жұмысқа аралассаңдар майып боп қаласыңдар»
деп, олар қарсылық танытқан. Бұлар алған бетінен қайтпаған
соң еріксіз келісім берген. Бастапқыда қиындау тигенімен
қазір екеуі де ысылып қалды. Тас қопарушылармен түскен
ақшаны теңдей бөліседі. Бұл ісін əке-шешесі білсе, аш-
тан өлсе де тасқа жолатпайды. Сондықтан, нағашы атасы-
на барғанда «кетпен, күрек жасауға көмектескеніміз үшін
атам берді» деп жиылып қалған ақшаны шешесіне ұстата
салады. Əрине, атасы да ақша береді. Бірақ, теміршіліктен
түскен ақша тас қопарғандағы ақшадай көп болмайды ғой.
Соның өзіне «теміршілік оңай кəсіп емес, жарақаттанып
қаласыңдар» деп əке-шешесі азар да безер болады. «Біз ана-
ны əперіп, мынаны əперіп атама жай көмектесіп жүрміз»
деп құтылады ондайда. Нағашы атасының екеуін күрестіріп,
ерінбей əрбір əдісті үйрететінін айтпайды. Əйтеуір, екеуі де
ата-анасының аузына ертерек нан салғанына мəз.
Бір күні Абылай мен Бəтима мал жаюға барған соң
Омарқұл митыңдап Кесіктаудың ұшар басына шықты. Осы
шоқыдан асып өтсе тура үйіне баратын төте жолға түседі.
13
Шоқыны айналып өтіп, мал айдайтын жолдан жүруді ұзақ-
сынды. Төмен қарай бір-екі адым жүргенде сүйір тасқа сү-
рініп кетті. Құлауға шақ қап, тəлтіректеп барып бойын əрең
жиып алды. Бірақ, əлгі сүйір тастың кесірінен сол аяғындағы
етігінің табаны түсіп қалды. Шоқының жазықтау жеріне
отырды да, сол аяғындағы етігін шешті. Сосын түсіп қалған
табанды етігінің астына жабыстырып ұстаған күйі бір қолы-
мен қалтасынан жіп алды да, байлауға кірісті. Амалдап үйіне
жетіп алса болды. Қалғанын көре жатар. Етігін киіп, орны-
нан көтерілді. Кенет мал жаққа көз тастап есінен танып қала
жаздады. Қос тайлақты екі құбыжық көтеріп ап, аяңдап бара
жатыр екен. Қорыққаннан көзі шарасынан шығып кетті. «Ла
Илаһа Илалла, Мұхаммадүр расул Алла», – деп күбірлеп
кəлима қайтарды. Балалары есіне түсіп, айқайға басты:
– Абылай, Бəтима, қайдасыңдар? Ойбай, құрыдық! Қа-
шыңдар! Көтеріп бара жатқан тайлақтарын жерге қоя сал-
ды да, Абылай мен Бəтима шоқыға жүгіріп шығып, əкесінің
қасына жетіп келді:
– Не... боп... қалды? – деді ентігіп Абылай.
– Не...ге ай...ғай...ла...дыңыз? – деп сұрады аптыға жет-
кен Бəтима.Омарқұлдың тілі күрмеліп үнсіз қалды. Реңінде
қан жоқ. Бірер сəттен соң «уһ» деп суық демін алды.
– С-сендер ме, тайлақтарды көтеріп бара жатқан? Б-бұ-
ларың не? – Ол қасында тұрған өзінің ұл-қызы екеніне кү-
мəнданып, бейне бір өң мен түстің арасында жатқан адам
сияқты олардың қолдарынан ұстап, шымшып көрді. Қорқы-
нышы əлі басылар емес. Қалш-қалш етеді.
– Біз ғой, – деді Абылай.
– Сайтан болушы ма еді, – деп жайбарақат күлімдеді Бə-
тима. – Сонша үрейленгеніңіз не?...
Омарқұл үйіне қайту ниетінен айнып, кешке дейін бұ-
лардың қасында жүрді де қойды. Қиялы сан-саққа жүгірді.
Перзенттерінің қатарластарынан күшті екенін іштей сезге-
німен тайлақ көтеретін дəрежеге жетіп қалғанын байқамаған.
«Жаратқанның шапағаты мол-ау, – деп ойлады. – Сүйген
пенделерінен ештеңені аямайды. Қаншама балуандар ерен
күшке ие болу үшін жылдар бойы шұғылданады. Сонда
да санаулылары ғана кемелдікке жетеді. Мына қаршадай
балалардың істеп жүрген қылығын біреуге айтсаң сенбейді».
Əрине, аңғал əке Абылай мен Бəтиманың нағашы атасынан
14
əр барған сайын əдіс үйренетінін, мал жайылып жүргенде
күреспен шұғылданатынын, тіпті ауыл жігіттеріне қосылып
тас қопаратынын білмейді.
Кеште отбасында төрт көз түгелденіп, тамақ ішуге отыр-
ғанда Омарқұл көргенін ағызбай-тамызбай əйеліне айтып
берді.
– Көз тиіп кетіп жүрер. Жеті шелпек пісіріп тарат, – деп
нығарлауды да ұмытпады.
– Не дейсің, ойбай-ау, шалықтағаннан саумысың? – деп
шыр-пыр болды Гүлдəурен. – Көзіңе елестеген шығар. Он
алтыдағы бала мен он төрттегі қыздың қолынан сондай іс
келуші ме еді?!
– Мұның таңданатын түгі де жоқ, – деп тайлақты өзі кө-
тергендей қоқиланып қойды Омарқұл манағы ахуалын
ұмытып. – Бұлар дүниеге келгенде сенің шешең екеуін де
қасқырдың терісіне орап алған. Соның шарапаты ма, əлде
сенің балуан бабаларыңның аруағы қонды ма, балалар ел-
ден ерекше. Əйтеуір тіл-сұқтан аман болсын. Ешкімге айтып
жүрме.
– Мына шал не деп сандырақтап отыр? – Гүлдəурен бала-
ларына қарады. – Зақымданып қалған жоқсыңдар ма?
– Ой, бізге не болушы еді? – Қолын жəй ғана сілтей салды
Абылай. – Үйреншікті əдет қой.
Гүлдəурен ыршып кетті:
– Не дейсің, күнде өстіп жүрсіңдер ме? Сенікі жөн-ақ
делік, қыз басымен мынаған не жоқ? Тынышыңа жүрмей
бұған да үйреттің бе? Мертігіп қалса, қайтесің?
– Бар пəле Бəтиманың өзінен шыққан. Оның айтуын-
ша, жер жүзінің атақты балуандарының бірі жас кезінде
мал бағып жүріп, жетім бұзауды өткелден көтеріп өтеді
екен. Бұзау да өсіп бара беріпті, əлгі жігіт те оны көтеруін
қоймапты. Сөйтіп, ол мықты балуан боп кеткен көрінеді.
Біз де солай істедік. Бұл екі тайлақты бота кезінен бастап
көтереміз. Əдепкіде əліміз жетпей əуреленгеніміз рас. Бірақ,
кейін көтере алатын болдық...
Осы жолы Омарқұл мен Гүлдəурен балаларымен ұзақ
сөйлесіп, болашақ жайлы ой бөлісті. Балуандыққа құлшынып
тұрғандығын біліп, кедергі жасамауға бел буды. Тек Бəтима
мəселесі шешімін таппаған күйінде қалды. Бұл өңірде қыз
балуан жоқ. Ол кіммен күреседі? Қарсылас табылмағасын
15
өзі-ақ бір күні райынан қайтар. Əзірге көңілін қалдырмау
үшін оған да разылық бере салды. Енді екеуі еркінсіп
Ақжазыққа жиі баратын болды. Нағашы атасы Сəлімбай бал-
уан бұлардың тəрбиесін шындап қолға алды. Белден ұстау,
жамбасқа алу, ішке кіріп кері жығу, қарсыласты белден тар-
тып еңкейтіп, жылдам үстіне шығып, қапсыра құшақтап
лақтыру сияқты көптеген əдістерді мұқияттап үйрете баста-
ды. Көбіне құм салынған қапты арқалатып жүгіртеді...
Сол жылғы тамыз айының тамылжыған күндерінің бі-
рінде бұлардың өмірінде елеулі оқиға орын алды. Осы ай-
да елде той-томалақ көбейеді. Əсем көңіл-күймен жады-
рап жүргенде жайдары жазбен қоштасып, салқын қабақты
күздің құшағына еніп кеткеніңді аңғармай да қаласың. Ел-
мен жарыса Бисенбай түйеші де той берді. Қара күшіне сен-
ген алып балуандар түйеге таласты. Былайғылары өгізден
дəмелі боп құрдың шаңын шығарды. Ең соңында жас бал-
уандарды ынталандыру үшін қошқар тігілді. Жұрт жүлдесіне
орай жастарды «қошқар балуан» деп атай салады. Ел наза-
рына түсу осы сəттен басталады. Болашақта балуан болу,
болмауың айқындалады.
Абылай күреске шықты. Ізді-ізінен бес-алты жігітті жы-
ғып, қошқарды көтеріп əкетіп бара жатқан Абылайдың құла-
ғына құрда төрешілік жасап жүрген Артықбай балуан сы-
бырлады: – Біздің кемпірмен алысар қауқар қалмады. Түптің
түбінде осы ауылдың бас балуаны өзің боларсың-ау. Ерінбей
еңбектене бер.
Ұлының күресін тамашалаған Омарқұл мен Гүлдəурен-
нің қуаныштан төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалды.
– Əй, Бисенбай түйешінің де пейілі тарылған екен. Тіккен
түйесі мен өгізіне дауымыз жоқ. Ал, өлейін деп тұрған жал-
ғыз қошқар тіккені несі? – деп айқайлады біреу.
– Күресетін жігіт көп. Оларға не береді?
Тойға сəл кештеу жетіп, құрдың бір шетінде тұрған он-
шақты жігітті көрген Артықбай балуан үндемей қалса,
ауылдың беделіне нұқсан келерін түсінді. Бисенбай түйеші
сараңдау кісі. Бір түйе, бір өгіз, бір қошқармен күресті өт-
кізіп бересің деген. Оған қайта қолқа салудың реті жоқ.
– Ау, халайық, абыржымаңдар! Абырой баршаға ортақ.
Бір қошқар бізден. Күресем дейтіндерге кедергі жоқ. Көрсет-
сін қайратын!
16
Манағы қошқарын əлдебір жерге апарып қойған болар,
құрға қайта келген Абылай Артықбай балуанның жеңінен
тартып, шетірекке шығарды да ақырын ғана өтініш біл-
дірді:
‒ Менің қарындасым Бəтима да күреспекші. Оны да
шығарыңызшы.
– Не дейсің? – Селк ете қалды Артықбай балуан. – Мына-
уың зор жаңалың қой! Баяғыда атам қазақтың қыздары атқа
қонып жауға шапқан деуші еді, ерліктің орнын ездік иелеп
бара жатқан мына заманда да бір қыз балуан шыққаны ма?
Шақыр қане!
Абылай қолын көтерісімен Бəтима жетіп келді. Қысқа
шашты, сұңғақ бойлы, ірі сүйекті ақ жейде киген қыздың
дене бітіміне бір қарағаннан-ақ көңілі толған Артықбай бал-
уан оны ортаға жетектеп шықты.
– Уа, халайық, қазақтың бойындағы ерен күш əлі де өл-
меген екен! Сайтанның дəретіндей ащы суды сіміріп, шы-
лым тартып халқым ұсақталып кетті-ау деп едім. Көне сал-
тымызды жалғастырып мына қыз күреспен шұғылданып
жүр екен. Бұл қыз жаңағы Абылайдың қарындасы. Əрірегін
айтсақ, əйгілі Сəлімбай балуанның жиені. Осы қызбен кү-
ресетіндерің бар ма?
Манағы білегін сыбанып тұрған жігіттер қапелімде абыр-
жып қалды. Сосын біреулері күңкілдеді: «Байтал шауып
бəйге алмас! Енді қалғаны қызбен күресу ме еді? Жеңіл-
сең – сорлағаның, жеңсең де мерейің өсе қоймайды».
Ұрыста тұрыс жоқ демекші, олар бір байламға келген бо-
лу керек, ортаға шымыр денелі, аласалау жігіт шықты.
– Қарындастың аужайын мен байқап көрейін. Мұндай
ару қыздың белінен ұстау да бір ғанибет қой!
Оның кекесін толы сөзіне Артықбай балуан мəн берген
жоқ. Күресті бастауға белгі берді. Олар белдесіп ұзақ жүрмеді.
Бəтима ұрымтал сəтті пайдаланып, менменшілдікпен əлі
жағдайға бейімделе қоймаған жігіттің оң қолынан ұстап,
шапшаң қимылмен бауырына кірді де жамбасқа алып, иы-
ғынан асыра лақтырды. Оңбай түскен жігіт орнынан тұра ал-
мады. Əліптің артын бағып отырған жұрт шу ете қалды:
– Мына қыздың пəлесін қарай гөр.
– Орынбайды орнынан тұрмастай қылды.
– Біздің Қызылқаланың қыздары да мықты ғой, шіркін!
17
– Деміне нан пісіп жүрген жігіттер қайтер екен енді?
Екі жігіт Орынбайды көтеріп əкетті. Бəтима мұнан соң да
үш жігіттің жауырынын жерге тигізді. Сосын ешкім беттей
алмады. Артықбай балуан жүлдені берер сəтте Абылайды да
жанына шақырып алды:
– Бүгінгі той ерекше өтті. Тағдырдың тосын сыйына
жолыққандай болдық. Осындай дарынды жастарды кезіктір-
геніміз тағдырдың сыйы емей не? Ендігіден былай бұларды
балуан деп атайтын боламыз.
– Абылай балуан, Абылай балуан!
– Бəтима балуан, Бəтима балуан! – десіп қалың қауым
оның сөзін іліп əкетті...
Омарқұл мен Гүлдəурен балаларын ертіп, қос қошқарды
айдап Ақжазыққа тартты. Он шақты күннен бері төсек тар-
тып, жатып қалған Сəлімбай балуанның батасын алды.
Мына қызығы мен шыжығы мол өмірде балуандық жо-
лын осылай бастаған жастардың атағы лезде Қаратау бау-
райына жайылып кетті. Сəлімбай балуан да өмірден озды.
Бұлар оқитын мектеп аудан орталығынан едəуір қашықта
болғандықтан жарыстарға апаратын адам болған жоқ. Сонда
да жасымай, тойларда күресіп жүре берді. Өмір-өзен өз ар-
насымен ағып, өткенді тарих қойнауына ысырып, болашаққа
сапарынан жаңылмады. Алдымен мектепті бітірген Абылай
əскерге де барып келді. Бұлшық еттерінің бұлтыңдауынан ол
жақтағы екі жылын босқа өткізбегендігі байқалады. Бəтима
да оқуды аяқтады.
Əрі қарай оқуға талпынбады. Ұл əкесінің таяғын қолынан
алып, мал бағумен айналысса, қыз анасының көмекшісі.
Алайда, екеуі де күресті бірер сəтке тастаған емес. Омарқұл
мен Гүлдəуреннің ендігі арманы ‒ ұлын ұяға, қызын қияға
қондыру. Бірақ, пенденің ойға алғаны орындала бермейді
екен. Əшейінде жерде бір тиын түсіп жатса, иіліп алып қал-
таға басудан арланбайтын ауылдың дүкеншісі Бейімбет қу
той берді. Үлкен ұлы аудан орталығындағы бір дөкейдің
қызын əкелген. Жеті-сегіз баласы бар Бейімбетті даңғазалы
той жасайды деп ешкім ойлаған жоқ-ты. Байлығын көрсеткісі
келді ме, əлде ауқатты құдалардан қысылды ма, аянып қал-
мады. Тойға жайған дастарханы, жыршы-жырауы өз алды-
на, балуан біткенді түгел шақыртты. Жараған бурадай ай-
бат шашып жүрген алыптардың ең мықтысы – Ақшакөлден
18
келген Алдағұл балуан. Бірер жылдан бері оның айдары-
нан жел есіп тұр. Қарсылас шақ келтірмейді. Кей жерлер-
де бас жүлдені күреспей-ақ ап кетеді. Артықбай балуанның
бар үміті – Абылай балуаннан. Егер ол жеңе қоймаса, бұл
маңайда Алдағұлды алар жау жоқ. Əзірге екеуі шаршы топта
бір рет те кездескен емес.
Күні бұрын Артықбай балуан шəкіртіне басты қарсыласы
осы екенін айтумен əлек. Қолына жара шығып, дəрігерге
көрініп жүрген Бəтима бұл сапар күреспейді. Ағасының
өнерін тамашаламақ...
...Ортада екі балуан ойқастап жүр. Бірі Алдағұл да, екін-
шісі – Абылай. Екеуінің де өліспей беріспейтін түрі бар.
Əсіресе, Алдағұл деген əккі пəле екен. Қарсыласының қолын
белі мен жағасына жуытпайды. Қолдан қағудың шебері.
Абылай оның осы қырын біліп алды да, қарсы қимылға
көшті. Бұл да белі мен жағасын бермейді. Текетіресте
Абылай балуанның кішкене үстемдігі байқала бастады.
Ол қолдарының ұзындығын пайдаланып, ұстаған жерінен
жұлқылай тартып, қарсыласының сілікпесін шығарады.
Алдағұл балуан да осал емес. Бірін-бірі жұлқылаумен де
біраз уақытты алды. Балуандардың жақтастары шоқтың үс-
тінде отырғандай тыпыршиды:
– Алдағұл, тобықтан қағып, жамбасқа ал!
– Абылай, белден ұстап лақтыр аспанға!..
Айтуға ғана оңай. Бұлар тегіндікте əдіске түсіп қалатын
балуандар емес. Бұл жүрістерінен ештеңе өнбесін екеуі
де түсінді білем, бір-бірінің жағасынан ұстап ары тарт та,
бері тарт басталды. Бірі қос қолын жағадан ажыратып ап,
жауырыннан ұстаса, екіншісі еңкейіп, басын басына тақап
əкеледі де, аяғын кейінге тартады. Басқа əдіс қолданудың
мүмкіндігі жоқ. Тегеурінді қолдар оңай жаздыра салмайды.
Мұндайда алыса-алыса аптығып қалғаны жеңіледі. Абылай
алдырар емес. Алдағұл ырсылдай жабысқанымен түк те бі-
тіре алмауда. «Апыр-ай, шынымен де мынаны жеңе алмай-
мын ба? – деген ой жылт ете қалды Алдағұл балуанның
қиялында. – Бір амалын таппасам, масқара боламын». Оның
осы бір сəт босаңсығанын байқаған Абылай балуан белден
ұстап шалқайта бергенде жағдайының насырға шауып бара
жатқанын сезген Алдағұл балуан Абылайдың қабағына бас-
пен соғып жіберді. Күтпеген соққыдан көзінің оты жарқ етіп,
19
қапелімде не болғанын аңдамай қалған Абылайдың нықтап
ұстаған қолы Алдағұлдың белінен жаздырылып кетті. Осы
бір оңтайлы сəтте Алдағұл балуан шалт қимылдап, оң қо-
лымен Абылайдың мойнынан орай ұстап, жамбас ала бе-
ре қағып жіберді. Əлсіресе де бірден беріле қоймай, бір
қапталдай құлаған Абылайдың мойнынан білегін жазды-
ра қоймаған Алдағұл оны тұрғызбауға тырысып, ышқына
ырғап қалды. Абылай балуанның мойын омыртқасы шым
ете қалды...
Жұрт абыр-сабыр боп кетті. Шуды əрең тоқтатқан Артық-
бай балуан адамдардың арасынан жанұшыра ағасының қа-
сына жеткен Бəтимамен бірге Абылай балуанды көтеріп
ап шықты да, өзінің «Уаз» машинасына салып, ауруханаға
тартты.
Тойдың шырқы бұзылды...
Қабағы жарылып, көзін ісік басып, аяқ-қолы қимылдан
қалған Абылай балуан ауруханада ыңырсып жатып, көз
жұмды. Тек, ақтық сəтте ғана «Бə...ти...ма...» деген дыбысы
үзіліп-үзіліп шықты. Ағасының суып бара жатқан денесін
құшақтап, ағыл-тегіл жылаған Бəтима, қыршын кеткен
бауырының көмейіне көміліп қалған өксік пен адыра қалған
арманның ендігі жоқтаушысы тек өзі ғана екендігін түсінді.
Алдағұлдың ағасына не істегенін анық білмесе де, іші бір
зұлымдықтың жасалғанын анық сезген Бəтима «опасыз Ал-
дағұл, қылғаныңды алдыңа келтірермін» деп өзіне-өзі серт
берді..
Омарқұл мен Гүлдəуреннің шашы құсадан бір-ақ күнде
ағарып кетті...
Бақберген балуан Алдағұлды ертіп Омарқұлдың үйіне
кешірім сұрай келді.
– Шалқайып бара жатып серпіліп қалғанымда басым
Абылайдың маңдайына кездейсоқ тиді. Қастан соққаным
жоқ, – деп ақталды Алдағұл балуан. – Кешіріңіздер... Абылай-
дың ажалы өзі жасаған қараулықтан келгенін жұрттың сезіп
қалуынан қорқып, неше күннен бері ішкені ірің болған оның
даусы қалтырай шықты.
– Əдейі жасаған болсаң, ешқашан көгермейсің, – деді
Артықбай балуан. – Бір күні ит өлімімен өліп кетесің.
Ауылдың ақсақалдары: «Кешірім берілмейді. Қалай бол-
ғанда да бір азамат жазым болды. Күнəсін абақтыда отырып
20
жусын», – деп қасарысқанда, Алдағұл балуан еңкілдей жы-
лап Омарқұлдың аяғына бас ұрды:
– Бір қасық қанымды кешіңіздер! Төрт атадан бері қарай
жалғызбын... Шаңырағымды ортасына түсіре көрмеңіздер...
Омарқұл ұлынан айырылып, қанша қапалы боп отырса
да, алдына келсе, атасының құнын кешетін елдің перзенті
емес пе, Алдағұлдың зарлағанына шыдай алмады.
– Құдайлық іс шығар. Өлер бала өлді. Тағы біреуді сор-
латқанмен ештеңе орнына келмейді. Кештік...
Гүлдəурен шалының айтқанынан шыға алмады. Көрші
бөлмеде, есік ашық тұрғандықтан, бұлардың сөзін естіп
отырған Бəтиманың жұдырығы тастай түйіліп, жүрегі атқақ-
тай соғып, кеудесін жарып кетердей дүрсілдеп тұр еді бұл
кезде...
* * *
Құрға Бəтима балуанның шыққанын көрген жұрт бір
сойқанның боларын сезінді. Алдағұл балуан сыр бермегені-
мен, іштей қаймығыңқырап қалды. Ол Бəтимамен күресіп
көрмесе де, дақпыртын естіген. О баста Алдағұл балуанның
бұл тойға келу ниеті жоқтұғын. Бірақ, шақырушы тойдың
хабарын бес-алты балуанның көзінше айтты. Сөзқұмар
біреуі «қорықты» деп өсек таратпауы үшін баруға еріксіз
уəде берді. Айтылған сөз – атылған оқ. Кері шеіне алмай-
ды. Бір жағынан оның ішкі есебі де болды. Ана қанды
оқиғадан соң беделі біраз кетіңкіреп қалған. Егер сол ауыл-
ға қайта барып, бас жүлдені алса, Абылай балуанды кез-
дейсоқ жазым етіп қойғандығын дəлелдегендей болады.
«Қастан істесе, жүрегі дауалап қанды жерге қайта кел-
мес еді» демей ме жұрт? Ізіңнен «нəмəрт» деген сөз еріп
жүрсе, балуандықтан не пайда? Ағасы қайтыс боп кеткесін
Бəтима балуанды күреске шыға қоймас деп ойлаған. Қазір
оны көрген кезде Абылай балуанды баспен соққан сəті есіне
түсіп, қалтырап кетті. Іші алай-дүлей боп жатыр. Қауқиып
тұрған құр сүлдері сияқты.
Бəтима балуан жиналған жұртты көзбен шолып шықты.
Бүрісіп бір шөкім боп отырған əке-шешесін аяп кетті. Мына
жексұрын иттік жасамағанда олар осындай мүсəпір халге
21
түсуші ме еді?! Манағы жырауларға да көз тоқтатты. Алдаш
пен Ақпанбет мүгедек бола тұра елді қалай аузына қаратты
екен? Құлағы барды сиқырлап тастайтындай ішкі бір бұла
күш бұларда қайдан пайда болған? Бұл он екі мүшесі сау
тұрғанда ағасының кегін ала алмаса, жер басып жүре алмас...
Артықбай балуан күресуге белгі берді. Бəтима салған
жерден Алдағұл балуанның өзіне қарай созған қолын қағып
жіберіп, жағаға жармасып, жұлқи тартқанда қарсыласының
қолы да мұның жағасынан ұстай алды.
Екеуі де тізерлеп отырып қалды. Орындарынан қайта тұр-
ды. Енді Алдағұл балуан шапшаң қимылдап қолы мұның
жеңіне іліккен сəтте шалт бұрылып жамбасқа алмақшы бол-
ды. Əдіс сəтсіз аяқталды. Бұл қарама-қарсы бетке шығып
кетті. Қолдан ұстаса, бір сəрі, жеңнен ұстаған сəтте əдіске
көшіп Алдағұл балуан қателік жасады.
Бəтима балуан алты-жеті қадам артқа шегінді де алға ұм-
тылды.
Аппақ жейдемен ұшып келе жатқан оны көргенде Алда-
ғұлға өзі мерт қылған Абылай балуанның аруағы келе жат-
қандай көрініп кетті. Көз алды бұлыңғырланып, бойын əлсіз-
дік билеп алды.
Меңіреу қалпында өзге бір əлемге топ ете түскен сияқты.
Алдынан бұған қарай тозақтың отындай лапылдап келе
жатқан ақ жалынға қарауға жүрегі дауаламай еңкейіп қалды.
Сол сəтте екпіндете жеткен Бəтима балуан мұның еңкейе
қимылсыз тұрғанын көріп, қапталдай келе белінен қапсыра
ұстады да, бар пəрменімен аспанға лақтырды. Дел-сал күйі-
нен арыла алмаған бұл байғұс əуелей барып жерге гүрс
ете түсті. Халық толқып кетті. Омарқұл мен Гүлдəуреннің
көзінен жас ыршыды. Шетте шəкіртінің қимылын бақылап
тұрған Бақберген балуанның төбесінен мұздай су құйып жі-
бергендей селк етсе, Артықбай балуан қуаныштан жүрегі
жарылып айқайлап жіберді...
Бəтима балуан жерде ыңырсып жатқан Алдағұл балуан-
ның қайта тұра алмасын білді де ешкімге қайырылмай құрды
қақ жарып шығып, бағанаға байлаулы тұрған Күрең аттың
шылбырын шешіп ап қарғып мінді. Батысқа қарай құйғыта
жөнелді. Он бес шақырымдай жердегі Сұлтан баба əулиенің
қорымына, ағасының қабіріне бармақ, шамасы...
22
Достарыңызбен бөлісу: |