Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет47/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
топонимакалық аңыздар. Екіншісі тарихы мен тағдырына 
елеулі болған оқиғалар мен ірі қайраткерлер жайындағы та­
рихи аңыздар. Екінші топқа ен ғасырларда өмір сүрген атақты 
шешендер мен билер туралы шығармалар да кіреді. Яғни 
шешендік сөздердің толық үлгісіндегілері тарихи аңыз болып 
саналады. Рас, шешендік сөздердің қызметі мен мақсаты 
аңызға қарағанда басқаша. Ол ең алдымен қоғамдық қызмет 
атқарады.
Аңыздық прозаның тағы бір тобы – әпсана, хикаят. Бұл 
жанр бұрын жеке­дара бөлінбейтін. Ол тақырыбы мен сю­
жеттік оқиғасына қарай тарихи­мекендік, кітаби­діни және 
утопиялық болып үшке бөлінеді. Тарихи­мекендік пен 


[
245
]
утопия лық сипаттағы әңгімелер әпсана болып есептеледі де, 
кітаби және діни сюжетке құрылған шығармалар хикаят 
тобы 
на енеді. Әпсана – бір мекеннің пайда болуын тарихи 
оқиғаға байланыстыра баяндайтын, сондай­ақ арманнан 
туған жәйттерді әңгімелейтін, қиял (вымысел) мен кереметтік 
(чудес ное) элементтерін мол пайдаланатын көркем шығарма. 
Онда ислам мифологиясы жоқ. Хикаятқа неше түрлі әулие­
әнбие, пайғамбарлар жайындағы және мұсылман дінінің 
мифологиясына негізделген шығармалар жатады. Хикаят – 
көркемдігі жоғары, қиял­ғажайып аралас келетін эпикалық 
прозаның түрі. Қазақстанда өте кең тараған әпсана­хикаяттар 
болып Сүлеймен, Атымтай жомарт, Лұқпан, Ескендір, Зұл­
қарнайын, Қыдыр, т.б. туралы шығармалар са налады. Хикаят­
та шындыққа жанаспайтын жәйттер, көркемдік әсірелеу, діни 
мифология сарыны жиі кездеседі.
Халық прозасының үлкен саласы – ертегілер. Ертегілік проза 
жанрлары есебінде бұрын арнайы зерттелмеген жануарлар 
жайындағы ертегілер, батырлық ертегілер және ғибраттық 
ертегілер қарастырылады. Жануарлар жайындағы ертегілер 
үш ішкі жанрлық түрге бөлінеді: этиологиялық, классикалық 
және мысал ертегілер.
Батырлық ертегілердің басты тақырыбы – кейіпкердің ер­
лікпен үйленуі, оның әр түрлі адам шошырлық мақұлық тармен 
соғысы, ру таласы. Ертегінің бұл тобын батырлар жырымен 
шатастыруға болмайды. Мұнда батырлар жырына тән эпика­
лық кеңдік, қауымдық күш жоқ және тарихи шындықпен 
тікелей жанасу бола бермейді. Батырлық ертегілер генезистік 
және сюжеттік сипатына қарай екі топ құрайды. Біріншісі 
ерте замандарда туған көне (архаикалық) ертегілер. Ол – шы­
ғу кезеңі (стадиялық) тұрғысынан алғанда қиял­ғажайып ер­
тегі мен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр. Екінші 
топта кейінгі дәуірлерде, яғни ХVІІІ­ХІХ ғасырларда пайда 
болған ертегілер. Олар – елге кең тараған батырлар жырының 
прозалық үлгілері.
Ғибраттық ертегілер – көлемі үлкен, қиял­ғажайып 
элементтері аралас, оқиғаға бай, бірнеше сюжеттен тұратын 
көркем шығармалар. Мұнда ортағасырлық шығыс әдебиетінің 
әсері сезіледі, кейіпкердің басынан кешкен оқиғалары бірі­


[
246
]
бірінен қызықты, қорқынышты болып келеді. Мұндай ерте­
гілерде іс­әрекеттің бәрі ортағасырлық шаһарда, хан сарайында 
өтеді, ал басты кейіпкерлер қала тұрғыны, қолөнерші, ақылды 
да тапқыр адам болып келеді. Ертегілердің басқа түріне қара­
ғанда ғибраттық ертегіде биографиялық сипат жоқ. Онда 
кейіпкердің бүкіл өмір жолы көрсетілмейді, көп жағдайда 
кейіпкер өміріндегі ең бір қызық кезең неме се қоғамдағы, қа­
уымдағы бір төтенше жағдай суреттеледі. Бұл жанрда адам­
гершілік және әлеуметтік мәселе басты орын алады. Өйткені 
ол жанр ретінде таптық қоғамда қалыптасқан. Оның жанрлық 
табиғатында қиял­ғажайып ертегісінің, әпсана­хикаяттың, 
аңыздың, кітаби мысалдар мен шығыс әдебиетінің қасиеттері 
бар.
Ертегілердің поэтикасы мен композициясы аңыздық про­
заға қарағанда әлдеқайда көркем және жүйелі. Олардың 
құрылысы тұрақты бірнеше элементтерден тұрады: баста ма – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет