2. Дәйекcөз.
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абай
1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
2. Осы дәйексөзден қандай құндылықты байқауға болады?
Сабақтың тақырыбы: Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір
3.Топқа бөлу. 1 топ: Ыстық қайрат
2 топ: Нұрлы ақыл
3 топ: Жылы жүрек
Дәйексөзді оқып, оқушылар мағынасын ашады.
Балалар әр түрлі фигуралармен 3 топқа бөлінеді.
4. Әңгiмелеу (мұғалім сыйы) Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби әңгімесі. Мұхтар Құл-Мұхаммед. 119 бет.
Сұрақтар: 1. Әңгімедегі Мұхаммедтің іс-әрекеті қандай еді? Ол қай құндылықты көрсетеді?
2. Мұхаммедтің бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадың? 3. Өзің Мұхаммедтің қасындағы жолдастарына қандай кеңес берер едің?
"Болжау" әдісі арқылы баяндау.
Балалар әңгімені тыңдау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап береді.
5.Шығaрмaшылық жұмыc: 1-топ тапсырмасы: Берілген сөздерден Ой, сөз, іс-әрекет туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу және олардың мағынасын түсіндіру.
1.Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы.
2. Түріне қарама, ісіне қара.
3. Ойлай берсең дана боларсың, ойнай берсең бала боларсың.
4. Асыңа тойғызбасаң да, ниетіңе тойғыз.
5.Жақсы сөз, жарым ырыс.
2-топ тапсырмасы: «Қиянат жасамау дегеніміз...» тапсырмасы. Оқушыларға аяқталмаған сөйлеммен қағаздар үлестіріледі. Оқушылар сөйлемдерді аяқтап А3 форматына жабыстырып, қысқаша түсіндіріп өтеді.
Жақсы ой ойлау - әлемге қиянат жасамау,
Жақсы сөз айту - тілге қиянат жасамау, Жақсы әңгіме тыңдау – құлағымызға қиянат жасамау Жақсылықты көре білу – көзге қиянат жасамау, Дұрыс іс - әрекет жасау - денемізге қиянат жасамау.