116
C
C
Шығармалары
C
C
Ішкі сезім көріністері
Біз жан тәрбиесіне кіргенде жан көріністерін үшке бөліп
едік: ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері һәм қайрат кө-
ріністері деп. Ақыл көріністерінің қандай түрлерге бөлінуін
һәм оларды қалай тәрбие қылу керек екендігін біз жазып
өттік. Енді ішкі сезімдерге көшеміз.
Ішкі сезімдер. Адам бір нәрседен әсерлену алып, сол
нәрсемен таныс болып тұрғанда, адамның жаныңда не
жағымды, не жағымсыз бір күй болмай қоймайды. Мысалы,
жағымды дыбыстан әсерлену алғанда, жан жағымды күйде
болады. Жағымсыздан жағымсыз күйде және болып озған
бір әсерленуді суреттеу жасағанда да жанда не жағымды,
не жағымсыз күй болады. Мысалы, біз жақсы көрген адам-
дарымызды суреттесек, жанымыз жағымды күйде болады.
Жек көрген адамымызды суреттесек, жанымыз жағымсыз
күйде болады. Қысқасы, әсерлену уақытында яки сурет-
теу уақытында жанымызда не жағымды, не жағымсыз бір
толқын болмай қоймайды. Міне, осы әсерлену һәм суреттеу
уақытында жанда болатын толқын ішкі сезім деп аталады.
Әсерлену мен ішкі сезім арасыңда көп айырма бар.
Әсерлену дене мен жанның қатынасуымен болатын көрініс.
Ішкі сезім – таза жан көрінісі. Бұл – бір. Екінші, әсерлену
арқылы біз сыртқы заттармен танысамыз. Ал енді ішкі сезім
арқылы біз заттарға, көріністерге баға береміз. Егер қадірлі
деп тапсақ, жанымыз жағымды күйде болады, қадірсіз деп
тапсақ, жанымыз жағымсыз күйде болады.
Ішкі сезімдердің жасалуы. Адамда ішкі сезім болу үшін
біздің жанымызда бұрын бірнеше әсерленулер һәм сурет-
теулер болу шарт. Себебі ішкі сезім бір тұқымдас бірнеше
әсерленулерді һәм суреттеулерді бір-бірімен салыстырумен
болады. Мысалы, біз «мына қартина әдемі екен» десек,
сонда біз сол картинаны оймен басқа картиналармен са-
117
C
C
М. Жұмабаев
C
C
лыстырып айтып отырмыз. Салыстырылатын бұрынғы мен
жаңа екі суреттердің бұрынғысы ішкі сезімнің негізі деп,
соңғысы ішкі сезімді оятушы деп аталады. Негізгі суреттеу
әр адамда әр түрлі болады. Әрбір адамңың ішкі сезімі сол
адамның жанының қандай күйде тұруына, оның біліміне
һәм денесінің қандай күйде тұруына байлаулы болады.
Мысалы, бір әннен бір уақытта жағымды әсерлену, екінші
уақытта жағымсыз әсерлену алуға мүмкін, яки білімді,
оқыған адам бір нәрседен жағымсыз әсерлену алғанда,
сол нәрседен оқымаған надан адамның алған әсерленуі
жағымды болуға мүмкін. Яки сау адамның бір нәрседен
алған әсерленуі жағымды болғанда, сол нәрседен ауру
адамның алған әсерленуі жағымсыз болуға мүмкін.
Ішкі сезімдердің сыртқа шығуы. Жаңда болған әрбір
ішкі сезім сыртқа шықпай, яғни денеге әсер бермей қой май-
ды, не бет өзгереді, не дауыс өзгереді, не жай денеде бір
әсер болады. Мысалы, ұялғанда бет қызарады, қорыққанда
дауыс, дене дірілдейді. Халық ішкі сезімдердің орны жүрек
деп біледі. Бұл пікірде әжептәуір дұрыстық бар. Шынына
кел генде әрбір ішкі сезімнің болуына ми себепші, бірақ
ішкі се зімнен көп әсерленетін – жүрек. Мысалы, қуаныш
уақытында жүрек жұмысын жылдам атқарады – «ойнай-
ды», ал енді реніш уақытында жұмысын шабан атқарады –
«қысылады».
Ішкі сезімдердің бөлінуі. Бірінші, ішкі сезімдер мінезіне
қарап екіге бөлінеді: жағымды һәм жағымсыз ішкі сезімдер.
Яғни қандай болса да ішкі сезім мінезіне қарағанда не
жағымды, не жағымсыз болмай қоймайды. Екінші, ішкі
сезімдер күшіне қарап бөлінеді. Күшіне қарағаңда сезімді
екіге айыруға болады: жанның күйі һәм аффект жан күйі.
Адамда бір ішкі сезімнің ұзақ болуы ж а н к ү й і деп ата-
лады. Мысалы, адамда қайғы ұзақ болса, оның жан күйі де
қайғылы мінезді болады. Кейбір адамдардың жаны өмір
118
C
C
Шығармалары
C
C
бойы бір күйде болады. Мысалы, туғаннан бері тарлық,
кемдік, жоқтық, науқас көрмеген адам ылғи қуанышты,
шат болады. Өмір бойы кемдік, тарлық көрген қу қанжыға
адам жадырауды білмейтін болады.
Аффект. Тіпті күшті болған ішкі сезім аффект деп
аталады. Аффект көбінесе кенет болады. Оны құйынмен
ұқсастыруға болады. Ішкі сезім аффект дәрежесіне жеткен
уақытта жанның басқа күштері әлсіреп, жұмысы шабандап
қалады. Мысалы, ашу уақытта, қатты қорыққан уақытта
ақыл жөнді жұмыс қыла алмайды. Аффект тым күшті
дәрежеге жеткенде, не істеп, не қойғанын ойлай алмай-
ды. Мысалы, күшті аффект уақытында адам төбелесіп
қалады. Кісі өлтіріп тастайды. Кенет күшті болатын аффект
адамның денесіне де күшті әсер береді. Бетті қуартады,
қызартады. Денені дірілдетеді, күлдіреді, жылатады, кейде
кенет шашты ағартады. Аффект нерв системасына күшті
әсер береді, аффектіден соң адам әлсіреп қалады.
Ішкі сезімдер тағы екіге бөлінеді: өзімшілдік (эгоизм)
ішкі сезімдер һәм көпшілдік (альтруизм) ішкі сезімдері.
Кіндігі өзімізде болған, яғни біздің не әлсіздігімізді, не
күштілігімізді көрсететін ішкі сезімдер өзмшілдік ішкі
сезімдері деп аталады. Ұялу, қорқу, батырлық, ашу, жек
көру, тәкаппарлық, күншілдік сықылды. Ал енді басқа адам-
дар һәм жаратылыс үшін болатын ішкі сезімдер көпшілік
ішкі сезімдері деп аталады: достық, аяу сықылды.
Баланың ішкі сезімдері. Баланың тұрмысында ішкі
сезім зор орын алады. Бала бір нәрседен әсерлену алғанда,
ол әсерленудің жағымды яки жағымсыздығын бірінші
орынға қояды. Баланың ішкі сезімдері тез, жеткен адам
сезімдерінен былайша айрылады: 1) баланың ішкі сезімдері
(ұшқыр. – ред.) болады. Жылдам оянады. Мысалы, бала
тез қуанады, тез қайғырады, күлуі де, жылауы да тез; 2)
баланың ішкі сезімдері күшті, құйындай екпінді болады.
119
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Мысалы, баланың қолындағы ойыншығын ойнап қана
алсаң да, ол қатты ашуланады; 3) баланың ішкі сезімдері
тұрақсыз, құбылымпаз, құйындай тез басылады. Мысалы,
қатты ашуланып тұрған бала бір қызық нәрсе көрсе, қуанып
кетеді, күліп жібереді. Ішкі сезімдердің адам өмірінде
ұстаған орны зор. Әсіресе баланың өмірінде ішкі сезім
көп рөл ойнайды. Біздің ісімізге белгілі бет алдыратын –
көбінесе осы ішкі сезімдер. Біз жағымды нәрсені істейміз,
жағымсызды істемейміз. Бізде жағымды сезім оятпайтын
істі біз шабан, көңілсіз істейміз, оятатын істі шаттықпен,
шын ынтамен істейміз. Адамның бақытты, бақытсыз болуы
да осы ішкі сезімдерден. Жөпшенді нәрседен жағымсыз
іш кі сезім алмайтын адам бақытты, тым сезімпаз адам
ба қытсыз. Сондықтан ішкі сезімдерді дұрыс тәрбие қылу
керек.
Ішкі сезімдерді тәрбие қылу, тәрбиеден мақсұт һәм
тәрбие жолдары. Баланың ішкі сезімдерін тәрбие қылғаңда
тәрбиеші алдымен баланы үйрету керек. Дұрыс, пайдалы,
жоғары нәрседен ләззат алуға, төмен, пайдасыз нәрседен
жиренуге һәм осы ұмтылу мен жиренуді терең, берік қылуға
тырысу керек. Бұл мақсатқа жеткізетін жолдар:
1) Дұрыс ішкі сезімдердің көп болуына, нашарлардың
болмауына жәрдем көрсету керек. Яғни баланы ұнамсыз
ішкі сезімдерді оятатын себептерден сақтау керек. Мысалы,
балалардың біреуіне базарлықты, ойыншықты көп беріп,
біреуіне аз беріп, арада күншілдік туғызбау керек. Жану-
арды, малдың төлін, мысықты әуре қылғызып, ұрғызып
үйретпеу керек, бала қатал болып шығады.
2) Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мысал.
Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-
анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сөйлегенде
ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана қатал болса, бала
да қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Қымс етсе
120
C
C
Шығармалары
C
C
ашуланып, ақырып-бақырып қоя беретін ата-ананың баласы
да сондай. Сондықтан баланың маңайындағы адам дұрыс
мінезді болу керек.
Өзімшілдік ішкі сезімдердің біреуі – ашу. Екінші кісі
тарапынан бізге әдейі көлденең тартылатын бір бөгетке,
кедергіге ұшырасақ, біздің жанымызда ашу сезімі пайда бо-
лады. Бізге бір жансыз нәрсе зиян қылса, кедергі болса, яки
бір адам байқамай бізге кедергі жасаса, біз оған ашуланбай-
мыз. Қысқасы, ашу сезімі адамда екінші бір адамға қарсы
ғана оянады. Баланың ашуланып қуыршақты, шыбықты
ұруы баланың сол нәрселерді жанды деп білуі нен. Ашу
ең күшті дәрежеге, құтыру дәрежесіне жеткенде, адам
ақылынан айырылып, не істегенін білмейді. Балада қайрат
әлсіз, бала өзінің күшін шамалай алмайды һәм маңайын-
дағы нәрсенің бәрін жанды деп біледі. Сондықтан балада
ашу сезімі тез оянады: ол жылдам ашуланады. Баланың
ашуы жылаумен, айғай салумен һәм ашу тудырған нәрсеге
зиян келтіруге ұмтылумен жарыққа шығады. Бала қатты
ашуланғанда не шалқасынан, не етпетінен домалайды,
жер тепкілейді. Қолына түскен нәрсені тырнайды, тістейді.
Баланың мұндай ашуын бітіру үшін долданып жатқан ба-
ланы байқамағандай болу керек. Бала өзі басыл ған соң,
ұрыспай, жай ғана балаға былай долданудың ұнамсыз
екенін, түбі пайдасыз екенін ұқтыру керек. Ашуланған бала
сол ашуды туғызған нәрседен өш алуға ұмтылады. Балаға
өш алдырып үйретпеу керек. Адамнан, малдан өш алды-
ру былай тұрсын, жансыз нәрседен де өш алдыру дұрыс
емес. Мысалы, табалдырыққа сүрініп жығылған балаға
табалдырықты ұрғызу яки ұру жөнге келмейді. Өш алды-
рып үйрету баланы малға, жанға – бәріне де қайырымсыз,
қатал қылып шығарады.
Қорқу сезімі адам жанында адам бір бақытсыздық
күт кенде болады. Қорқу сезімінің бірнеше басқышы бар.
121
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Жеңіл қорқу тынышсыздану деп, қатты қорқу үрей ұшу деп
аталады. Қорқу сезімінің күштілігі келе жатқан қорқы ныш-
тың шамасына, дененің сезімпаздығына байлаулы. Қиялы
бұзылған яки денесі ауру адам қорқақ болады. Корқу сезімі
неғұрлым күшті болса, оның жанға һәм денеге әсері де
сонша күшті болады. Үрей ұшқанда адам қозғала алмай,
сөйлей алмай қалады. Есінен айрылады, кейде кенет шашы
да ағарып кетеді.
Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың қиялы
тым тірі һәм денесі әлсіз. Бала желден, сықырлаған есіктен
қорқады, қозыдан, лақтан қорқады, жат кісіге жоламай-
ды. Әсіресе көп қорқытылған бала тым қорқақ болады.
Ал енді қорқытылмай өскен бала батыр болады. Мұндай
бала қараңғы үйге кіріп жүре береді. Жалғыз жатып
ұйқтай береді. Баланы қорықпайтын ер қылып өсіру үшін
оның денесін һәм жанын сау, берік қылып тәрбие қылу
керек. Алдымен баланы ешбір уақыт қорқытпау керек.
Бөки келеді, жалмауыз кемпір келеді, пері, жын, шайтан,
албасты, обыр келеді деген сықылды сөздермен баланы
қорқыту қып-қызыл зиян. Мұндай сөздерді, ертегілерді,
әңгімелерді естіп өскен бала өмір бойы су жүрек, қорқақ
болады. Жасында қорқытып үйренбеген бала өскенде ер
болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген құр
сөз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы,
қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам өзі бірге
алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсыл-
гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың
не екенін білмейді.
Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сөзден
балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады.
Яғни баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Жазамен
қорқытқанда бала нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса
істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан ғана
122
C
C
Шығармалары
C
C
не істейді, не істемейді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға
үйренеді. Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа ұнамайтын
іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар
жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен айрылып, миғұла
болады. Өтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ
болады. Ұру баланың денесіне де көп зиян келтіреді.
Қазақта бала ұрмайтын ата-ана сирек шығар. Талай ата
«жүгермек» деп, талай ана «көкала келгір» деп жап-жас
балаларын салып-салып жіберіп, сілейтіп тастаушы еді-ау!
Әсіресе молдекелер!
Таң атқаннан күн батқанша, көк шыбық сынғанша са-
байды. Баланың көзі кітаптан кішкене бұрылып кетсе, са-
лып жібереді. Қарғыс тигір көк шыбықтың сорлы баланың
арқасына шып-шып тимейтін шағы бар ма еді? Көк шыбық
тиген сайын қайқаңдап, жас жүрегіміз елжіреп, көзіміз
ыстық жасқа толып, зарменен әліпсін-ә, әлбәсін-әй деп та-
лайымыз отырмап па едік? Молда атын көтерген хайуан бар
күшімен құлағымыздан тартқанда, тістеніп тұрып тілімізді
тартқанда, талайымыздың құлындағы дауысымыз құраққа
шықпайтын ба еді?
Надан молданың осындай хайуандық әсерінен талайы-
мыз-ақ «сабақ», «молда» деген сөздерді естігенде денемізге
суық су құйып жібергендей болмаушы ма едік.
Қазақтың кейінгі буын балалары! Хайуан құлықты надан
молдалар заманында тумағаныңа қанша шүкірлік қылсаң
да аз.
Ал енді баланы ұрма, ұрыспа, сөкпе дегеннен бала бір-
жола тізгінсіз болсын, істеген істері туралы ешкімге жауап
бермесін деген сөз шықпайды. Абзалы, тәрбиеші баланың
нашар істі өзі істемеуіне, нашар мінезден өзі қашуына
тырыссын. Яғни ешкім айтпай, қорқытпай, баланың өзі
жамандықтан, нашар мінездерден жиренетін болсын. Бала-
ны мұндай қылып шығару қорқыту, үркіту арқасында емес,
123
C
C
М. Жұмабаев
C
C
бәлки махаббат, жылы сөз, жұмсақ іс арқылы ғана болуға
мүмкін. «Жылы-жылы сөйлесе, жылан інге кіреді» есте бо-
лу керек. Таяқ адамды емес, үйретсе аюды ғана үйрете алар.
Жоғарыда біз бала істеріне жауапты болуға тиіс дедік.
Бұл сөздің мағынасы баланың нашар ісіне жаза шеттен алы-
нып келінбесін. Яғни бір нашар іс үшін баланы ұру, ұрсу,
бір нәрсе бермеймін, яки бір нәрсесін алып қоямын деп
қорқыту жарамайды. Бұлай істегенде бала нашар істен сол
істің нашар болғандығы үшін тыйылмайды, бәлки таяқтан,
сөзден аман қалу үшін, бір нәрсені алу, яки бір нәрседен
айрылып қалмау үшін ғана тыйылады. Ал енді бала нашар
істен сол істің нашарлығын біліп тыйылсын десек, сол
істің нашарлығын іспен көрсету керек. Яғни нашар істің
нәтижесі де нашар болатынын бала іспен көрсін. Мысалы,
өтірік айтқан адамның сенімі кетеді, ұрлық қылған адамның
қадірі кетеді.
Ұялу сезімі. Егерде біз өзіміз қымбат көретін адамда-
рымыз мінегендей бір мін іс істесек, біздің жанымызда
ұялу сезімі болады. Жер жүзінде ұялмайтын адам жоқ.
Бірақ білі мі, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы
да әр түрлі болады. Мысалы, білімсіз адам айылын жи-
майтын істен білімді адам ұялып өліп қалады. Жұмсақ
мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу оңай нәрсе емес. Адамға
ұялудан күшті жаза жоқ. «Өлімнен ұят күшті» дейді қазақ.
Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс істеген адамдарға істеген
жазаларының көбі ұялту болған. Мысалы, қазақтар әйелді
қара өгізге теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып, үстіне құрым
жауып ауылды айналдырады екен. Әрбір елдің заңыңда
ұялтуға негізделген жаза нағыз қатты жаза деп саналады.
Сондықтан тәрбиеші баланы ұялтып, жаза қылуға өте сақ
болуы керек. Ұялту, келемеж қылу баланың жақсылыққа,
жоғарылыққа ұмтылатын барлық ынтасын байлап, өлтіріп,
баланы жасық, ынжық қылады. Бала қорғаншақ, өзіне-
124
C
C
Шығармалары
C
C
өзінің сенімі жоқ, жасқаншақ болады. Ұялу сезімінің
қарсысы – өзіне-өзі разы болу сезімі. Адамда бұл сезім
басқалар оны жақсылағанда, мақтағанда болады. Өзіне өзі
ылғи риза болып жүретін тәкаппарлық сезім пайда болады.
Тәкаппарлық сезімі яғни адамның өзін ірі деп санауы, шек-
тен шығып кетпесе, әрине, дұрыс сезім, дұрыс мінез. Бірақ
шектен шығып кетпесін, яғни адам өзінің істері, мінездері
ірілігін емес, төмендігін көрсетіп тұрғанда, өзін ірі адам
деп санайтын болмасын. Жоғарыда айтылған себептерден
баланың өзіне-өзі разы болу сезімін өте сақтықпен тәрбие
қылу керек. Баланың өзін мақтама, ісін мақта. Мақтағанда
мақтауға тұрарлық ісін мақта. Баланың жеңіл істерін мақтай
беру балада менмендік, ретсіз тәкаппарлық туғызады. Қайта
бір жеңіл дұрыс ісі болса да, нашар шәкіртті мақтау керек.
Қалайда мақтауға мырза болу жарамайды. Бір шәкіртті,
бір баланы мақтау басқа балалардың рухын түсіреді, ын-
тасын өлтіреді. Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін
шәкірттерге сый (наград) беру, үлестіру тіпті дұрыс емес.
Мұндайда сый алған балалар сый алу үшін ғана тырысып,
кеуделеріне орынсыз менмендік, ретсіз тәкаппарлық кіріп,
сый алмаған бала лар күншіл һәм өзіне-өзі сенбейтін жасық
болып шығады.
Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық.
Аяу сезімі әр адамда болады. Адам бір нәрсені аяғанда бір
мақсұт үшін яки сол нәрсе дұрыс болғандықтан аямайды,
тек сол нәрсе аяныш көрінсе, аяйды. Біз суға батып бара
жатқан адамды көрсек, осыны құтқарып, осыдан олжа
алайын деген оймен емес, ешбір ойсыз, жанымызды өлімте
байлап толқынға кіріп кетеміз. Яки біз өзінің тиісті, жолды
жазасын тартып жатқан, яки тартайын деп тұрған бір жаза-
лы адамды көрсек те, аяймыз. Қасірет, бейнет көрген адам
неғұрлым бізге жақын болса, сонша терең аяймыз.
125
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуанышы-
на ортақтаса алмайды. Біреудің қуанышына ортақтасу
орнына адамда күншілдік пайда болады. Бұл жалпы
адамдықтың бір төмен, ұнамсыз мінезі. Бір ғалым айтып-
ты: қайғыға ортақтасу үшін адам болу жетеді. Қуанышқа
ортақтасу үшін періште болу керек. Тәрбиеші балада осы
мінезді де әлсіретуге ұмтылу керек.
Достық сезімі адамда сол адамның жанына екінші
бір адамның жаны барлық мінездермен үйлесетін болса,
сонда болады, Аяғанда адам ойламай, аңдамай аяйды. Дос
болғанда ойлап, аңдап дос болады. Екі дос бірге болса,
араларында достық беки береді. Егер айрылса, достық
әлсірейді. Аяу сезімі адамда ерте басталады: бір жасқа
толмаған бала күлсең – күледі, жыласаң – жылайды. Ал
еңді достық ақыл біраз орныққан соң болады.
Жеткен адамдардың баланы аяуы балаға өте қымбат.
Баланы кім аяса, оған сол жақын. Ата-анасы өліп, жетім
қалған баланы ең алғаш кім бауырына тартса, бала соған
бауыр басып кетеді.
Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған кез-
де, онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын балалардың
ішінен бала өзіне дос тауып алады. Достық сезімінің балаға
көп пайдасы бар. Досының көңілін тауып үйреніп, бала
өзімшілдік мінездерден аулақ болады. Өзінің дос баласы-
ның сөзін бала үлкен адамның сөзінен артық тыңдағыш
келеді. Сондықтан тәрбиеші баланың достарының дұрыс
балалар болуына қам қылуға міндетті.
Ішкі сезімдердің біреуі – іш пысу. Іш пысу – көңілсіз
бір сезім. Іш пысудың жоғарғы дәрежесі – еш нәрсеге
қызықпау, еш нәрсеге ұмтылмау. Еш нәрсеге қанағаттанбау
дәрежесінде іш пысу апатия деп аталады.
Іш пысудың бас себебі – іссіздік. Ісі жоқ, жұмысы жоқ
адамның іші пысымпаз болады. Ылғи еңбек қылатын адам
126
C
C
Шығармалары
C
C
іш пысудың не екенін білмейді. Баланың сотқар, тентек
болуы өзіне лайық іс таппай іші пысқандықтан. Іші пысқан
соң әр нәрсеге тиісіп, бүлдіре береді.
Іш пысудың екінші себебі – бір түрлілік. Бір түрлі
әсерлер, бір түрлі суреттер адамды жалықтырады, қа-
жытады, ішін пыстырады. Мысалы, біз бір кітапты қайта-
қайта оқысақ, бір әңгімені қайта-қайта тыңдасақ, біздің
ішіміз пысады. Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе,
шәкірттің де іші пысады. Әсерлер, суреттер тез алмасса да,
адамның іші пысады. Мысалы, көз алдымызда түрлі-түрлі
нәрселер тез-тез алмасқандықтан, біздің отарбада кетіп
бара жатқанда ішіміз пысады. Мұғалім үсті-үстіне төпеп,
түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, баланың да іші пысады.
Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін балаға тез
білдіруде емес, еппен, жинақты, жігерлі, қызықты болуға
тиісті. Сонда ғана ол баланың іскерлігін өзіне қарата ала-
ды. Болмаса баланың іскерлігі басқа нәрсеге ауып кетеді.
Сабақ уақытында ба лалардың ойнауы, тыныш отырмауы,
бір-бірімен сөй леулері мұғалімнің жинақ, жігерлі бола
білмегендігінен.
Ішкі сезімдердің адам үшін ең қымбаттары – сұлулық
һәм құлық сезімдері.
Сұлулық (эстетика) сезімдері
Жаратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам
жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл,
күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ,
шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптер мен толқын-
данған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл
алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне осы-
лар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері
яки искусствоның тылсымдай жанды билеп алып кететін
ән, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлері адам
127
C
C
М. Жұмабаев
C
C
жаныңда бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай
қоймайды. Архитектура, сұлу сурет (живопись), скульпту-
ра сықылды пластика искусствосы адамның көру сезімін
сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне,
сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта
жақ сылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуына көп
кө мек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері
жақ сы тәрбие қылынуға тиісті.
Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. Әр адамңың сұлу-
лық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі
музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан.
Искусствоның әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын,
біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің
міндеті – балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта
бар екенін тауып, сол ынтасын, сол туғызатын сұлулық
сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі
жолдарды көрсетуге болады:
1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жара-
тылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың
былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын,
орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін;
жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көкті, түрлі
түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды
көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың
құшағында болсын. Балада сұлулық сезімдері еріксіз ояна-
ды. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың
іскерлігін аудара білу керек.
2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті,
таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Те гін-
де қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың ма-
ңа йындағы нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті
болсын. Үйдің іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі таза болуға
|