464
Қарсы
алған кедей бала демей мені,
Думанды жылдар қайда Семейдегі?
Алаштың арыстарын аңсағанда,
Кеудені қоймайды екен жемей жегі.
Солардай ұлтын ойлап қайғырған кім?
Ісі емес мұның бәрі жай бір жанның.
Шәкәрім, Ахаң, Жақаң, Жүсіпбекті,
Біртіндеп тұғырынан тайдырған кім?
Ал ертең тағы кімге тіс батады,
Жаламен тағы кімді ұстатады?
Соңыма түскендердің ойы бөтен,
Сылтау ғой, көрдің деуі Мұстафаны.
Жендеттер, аш
бетіңді кәне бері,
Құрбан ғып шалғың келсе және мені.
Мен емес қуғын көрген, басқа да емес,
Ол – қазақ, оның тілі һәм өнері.
Құрылған оңымда тор,
солымда тор,
«Жаусың» деп шошаяды соңымда қол.
Ұлтымның әнін жайдым күллі әлемге,
Білгенге бағым да сол, сорым да сол.
Күн болды лай суға құлан батқан,
Құрбақа құлағында ұрандатқан.
Бейкүнә нәрестедей халық әні –
Түбінде Ақшоқының жылап жатқан.
Жазылып Жапал – тағдыр маңдайыма,
Шырқырап қалмасын деп ән жайына.
Тапсырып
кеттім саған, халық – ана,
Орап ап шапанымның шалғайына.
Үш жендет, тұрмын бәрін жетік танып,
Жоюды бүгін мені шешіпті анық.
Қара аттай тұлпар құрлы қайратым бар,
Өлейін өз көмбеме жетіп барып.
Шапшыңдар, шибөрілер, шаршамаңдар,
Дүрегей мен емеспін арсалаңдар.
465
Аққасқа
тазы құрлы азуым бар,
Етіңде тісім кетсін, ал, талаңдар.
Жазулы үнім қалды, тыншы жаным,
Өнерім, өмірдің сен сүрші ұзағын.
Шыққанда ел алдына білмеп едім,
Ішінде
тыңдаушы емес, тыңшы барын.
Дүниеге келе берсін тек тарландар,
Жарандар, аялаңдар, кеш қалмаңдар.
Ал сендер, үнсіз жүріп құртушылар,
Көлгірсіп, үнсіз мені еске алмаңдар.
Ерлер
бар шыңда туып, шыңда жанған,
Ерлер бар толқын жуып, құмда қалған.
Туғандар, тұлғалармен мақтаныңдар,
Тұлғалар, сақтаныңдар сұлбалардан!
Достарыңызбен бөлісу: