Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Қанипаш Мәдібаева


Б
ірінші
 
Бөлім
Т
ОЛҒАУЛАР
А
ЙТЫСТАР
Д
АСТАНДАР


10
ЗАР ЗАМАН
1
Сөздің басы бісмылла,
Мұсылманның тарығы,
Төрт аяқты жануар 
Бұл дүниенің жарығы. 
Әдебі кеткен жігіттің 
Бетінен алар зайыбы,
Кәпір ниет болған соң
Тартпады діннен кеткен нәсібі.
Бір алладан өзгенің 
Көп-тұр қылған айыбы,
Сол себептен қорқамын.
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондағы зорлар қор болды
Әуелгі байлар жоқ болды,
Сондағы жоқтар тоқ болды.
Жан білмеген жамандар,
Ел білмеген надандар.
Ел билеген би болды
Көтере алмай билігін
Ол асар үлкен көк болды.
Ниетіне қазақтың 
Тым-ақ тәуір еп болды.
О заман зар болар деп,
Сол себептен қорқамын.
Қыс көбейді, жаз аз боп,
Бай таусылды мал аз боп,
Ағайыны көре алмай, 
1
Радлов В.В. Алтын сандық. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1990. 
–256 б.


11
Ата мен бала араз боп,
Кетер енді дініміз
Сол себептен қорқамын.
Әр нәрсенің болжалы 
Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салды.
Елді еркіне қоймайды.
Бура ішіндей тақымдап
Дуан басы, болыстар,
Орыстың сөзін мақұлдап.
Айтқан сөздің бұлы жоқ
Құр жылайды қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар
Балам қайда жылайд деп,
Құр келеді сақылдап,
Қорлықпен өткен күніміз,
Ашылмас болды көзіміз,
Сол себептен қорқамын.
Елге бірдеме жайылды,
Байға қоңсы жоламас,
Алдап арбап жұмсаймын,
Өз тілеуін сұрамас. 
Арам сідік балаға
Ата менен шешенің
Айтқан сөзін ұнатпас, 
Адам азар болар деп,
Сол себептен қорқамын.
Мынау ақыр заманда
Алуан-алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Кедей қайтып күн көрер деп,
Сол себептен қорқамын.
Келе жатыр жақындап
Ай мен күннің арасы
Таңда мақшар болғанда,


12
Таразыны аударар.
Зәлімнің қылған күнәсі,
Әлімнің қылған зинасы,
Қалиматын шәдат
Тамам кісінің расы.
Тауба, таупұқ келтірмес
Азған елдің молдасы.
Оның айтқан сөзінің 
Асылы болмас расы,
Айта тұрар аузыңда 
Әр кімдерді алдаушы
Жылдам келді дозағы,
Шайтан болды жолдасы.
Құбыласын білмеген адамның
Кешпеді деді құдайым, 
Бес намазының қазасын,
Құрт-құмырсқа, жын-шайтан
Кетірер оның мазасын.
Дозақтың белгісі,
Қалғанға бір арасын
Мұстайап қылмас құдайым
Ол зәлімнің дұғасын, 
Сақта құдай сонан деп,
Сол себептен қорқамын. 
Бір пара жанды зорсынды,
Бір пара жанды қорсынды,
Осы күнгі адамның,
Еш нәрсе жоқ қолында.
Әдет қылып зорлығын,
Қасиет қылмас бойында 
Арамға баулар баласын.
Ит есебі көрмейді
Әке менен шешесін,
Сол шақтағы төреден,
Үміті бар кәпірден,
Олар қорықпас құдайдан.
Әр нәрсе болса алладан,
Нәпсі жақын баладан,
Құда, тамыр дос кетер


13
Іні жүрмес арадан.
Бұл дүниенің қазабын,
Ол дүниенің азабын,
Көргенімді айтайын,
Сондай нәрсе бар қиын.
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды зәлім қып,
Бір пара жанды әлім қып,
Бір пара жанды жынды қып,
Бір пара жанды жінсіз қып,
Шариғаттан жанды жаратты, 
Мұсылманды бір бөлек,
Кәпірлерді бір бөлек,
Өз дініне қаратты,
Жиырма тоғыз әліптен
Арап, парсы кәріптен
Шариатты шығарып,
Шариатқа қаратты.
Ал құранды алты мың.
Алты жүз алпыс алты аяттан.
Кітап пенен құраннан
Мақұлдыққа жаратты.
Сопы алдияр кітаптан
Сұрап тұрсаң сұрауды,
Тәңірдің ісі қымбат-ты,
Айтқа берген мықынатты,
Қарызға берген мекнетті
Бас бермейін дегеннің 
Жалғызын жардан құлатты.
Мал бермейін дегеннің 
Етіне шекпен кигізіп,
Иініне қоржын ілдіріп, 
Ақ таяғын ат қылып,
Ағайынын жат қылып,
Елден тамақ сұратты.
Жазды, күзді мінеді,
Бай баласы құр атты.
Жарлы да өліп қалған жоқ 
Оны да бір нәрсеге жұбантты.


14
Жалғанның беріп жарығын
Бір пара жанды қуантты,
Мінер атқа кем қылып,
Қара жермен тең қылып,
Азды-көпке жем қылып,
Бір пара жанды жылатты.
Ашты, тоқты болса да
Иманын сақтар ұятты.
Діннен кеткен әдепсіз,
Әр адамды ұялтты.
Қолында тұрып ұрлығы,
Мойнында тұрып зорлығы,
Ойында тұрып жалғаны,
Көңілінде тұрып арманы, 
Баласын беріп молдаға, 
Көксун беріп аллаға,
Дүниеге көңілін жұбатты
Мүңкір менен Неңкірге
Құнасын жазып сұратты,
Күнәлі құлды шығарып
Жеті тамұққа қаратты, 
Бейістен қорды шығарып,
Иманды құлмен ойнатты.
Әзірейіл жаннан жазғырып,
Қолын қандай қайнатты.
Бір пара жанды көрсеңіз,
Тасбиық алғансып қолына,
Бойтұмарын тағынып,
Намазын оқыр дәретсіз 
Әлім деп айтсын мені деп,
Құдайын алдар әдепсіз.
Таңда мақшар болғанда,
Танып тұрар құдайым,
Жазып тұрар кітабын.
Жазып тұрар кәрімін,
Со иман күнәм,
Қиямет қайым болғанда
Сақтар бір соны ылайым.
Араларың ашылды,


15
Аталарың бөлектей
Жалмап едің ініңді,
Ертегі ер Көбектей.
Үйде отырып кепкенде
Алқымың болы көнектей,
Тасып едің, төгілдің,
Сүзгісі жоқ шүмектей,
Тауасқандай үй тігіп,
Түңдіктерің үзіктей,
Туырлығың тұтқыштай,
Үзіктерің терліктей, 
Жарды байың әдет қып,
Жүріп едің ерікпей.
Бола алмады бұл заман,
Жай отырсаң желікпей.
Байлығыңды мақтанып,
Жал шайнадың білектей.
Иманының парызы 
Іні қарыс жүректей,
Азан тегбір болмаса,
Кетіп едің еліктей.
Ораза мен намаз тұр,
Дін бекіткен тілектей,
Асылы асқан замандай,
Шөп сұйылды жердегі
Құс таусылды көлдегі,
Бай таусылды елдегі.
Жалғыз шақпақ сыймады,
Кисе қара белдегі.
Байлық бастан асқан соң, 
Жанның бәрі мас болды,
Бір-біріне қас болды.
Үлпершігін май басып,
Шай сары су ас болды.
Жұрт білмеген хан есті,
Ел ішінде бай есті,
Сақтап ішті сандыққа,
Көнбейсің бе жарыққа?
Ұстауға енді тақалдық,


16
Тобылдық пен Тарлыққа.
Мынау адам өткелі
Елде неше жыл болды?
Дүниенің тозғаны
Адамға қайғы бір болды,
Бейшараның кеңесі
Ойсыз ұлға тез болды,
Жолаушы қызға қонақ,
Бір-біріне себеп болды,
Жалшыны жалмыт қойдың,
Мына заман қор болды.
Дүниенің тозғаны,
Ақыр біз артқы болды.
Ер сасқанда сыйынған
Керемет кетті пірінен,
Жақсылықтан мінім жоқ,
Жан қуанып сүйінген
Есіткенің жамандық,
Жұрт жиылып бүлінген.
Бала қайтып жұрт болсын?
Білген жақсы елінен,
Әр заман айтып қорқамын,
Ұшпу сөздің түбінен
Ал мына указной шыққалы,
Ұзатқан қызда неке жоқ.
Өлгендерде ысқат пенен құран жоқ,
Ел ішінде қожаның есебі жоқ,
Жеті атасы пір болған,
Балалары молда боп.
Парыздан мағына айырған,
Қияметте қожалар 
Дуана болып барады.
Ақыр мынау елге тілмаш шықты,
Шошқаның етін қақтаған
Құбылаға бақпаған,
Атасының жанындай
Арақты ас қып сақтаған.
Суалталда амалың болса қылшы енді,
Кәлиматсыз кәпірге


17
Кіріптар қылдың құдіретім,
Ал бұ зар заманның аяғы!
Заман кетті баяғы,
Жаның жалғыз сүйінші 
Мал болыпты тамағы,
Ықылас ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады
Ұлықсыған ұл туып,
Бұлықсыған қыз туып,
Заман жаман болған,
Сол жамандық мұнша таласты.
Жарысқа кірген жақсылар
Жақыным деп тартпай
Жауменен бірге қинасты
Аузына кәпір қаратты
Дін мұсылман алашты
Дүниенің тұтқасы,
Ойлап тұрсам мал екен.
Кәпір мен қазақ таласты.
Заман қайтіп озалсын?
Адам қайті қуансын?
Жандарал болды ұлығың,
Майыр қалды сыйлағың
Айырылмастай дерт болды,
Нашарға қылған зорлығың,
Кінәзді көрдің жырыңдай,
Дуалды көрдің үйіңдей,
Тілмашты көрдің биіңдей,
Абақты тұр көріңдей.
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей,
Билер пара жейді екен.
Сақтап қойған сүріндей.
Заманның түрі бұзылды,
Текеметтің түріндей,
Ойлағаның жамандық, 
Жарадан аққан іріңдей
Жеті ел кеткен бұл жерден, 
Сен тұрмайсың бүлінбей.


18
Қазақтың ұлы жиылып,
Құдайына сиынып,
Қайлықарға хат жазып,
Кешіктірмей бата жазып,
Өлмей сіздің қамын жеп,
Ойлар бір басын сүтке ілінбей.
Мынау заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман,
Тарлығының белгісі
Бір-бірлерін күндеген, 
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі зар заман
Жақсылар малдан түңілген,
Жамандар жаннан түңілген.
Мұның өзі зар заман.
Зарлығының белгісі
Ұл сыйламас атасын,
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын
Қазы, болысын хан қойды
Қайда бір некесіз туған шатасын
Өзі қылған өкінбес,
Күнінде сонан татасың,
Сол заманның кезінде 
Қыз сыйламас шешесін
Ер жеттім деп шатасып
Салысар дүниесін.
Старшина қойып пысықсыған немесін
Көзін ойып барады,
Күнде тсіп төбесін. 
Мұсылманнан әл кетті,
Сол заманның күнінде
Жасы кіші інісі
Сыйламайды ағасын,
Алысып жыртар жағасын.
Әдет қылар баласын,
Рас қойып айтсаң тіл алмас
Ақ сақалдан ұялмас,


Атасының хабарын алмайды,
Бұл жалмауыз енді туған соң,
Қара жерді жалмайды.
Көшеде жүрген көп солдат
Көкірегін көргендей
Соны мініп шығар жанға,
Дұшпаның кім сұраса
Көп алады аузына
Қас қылғандай болады,
Туған бауырына кем қылған соң,
Кім аясын? Жығып салар дүреге.
Қызықсаң барарға 
Кетіп жүрер жерің жоқ,
Жаудан аяр малың жоқ,
Сөйтіп қылмай не қылдың?
Бейшара болған сұм қазақ,
Құтылмастай пәлеге.
Асың жұқпас бойыңа,
Әр нәрсе түсер ойыңа,
Жалмауыз болды ұлығың,
Қазақ еш нанбас сөзіңе!


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет