Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет16/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
Шортанбай Қанайұлы шығармалары

 
Соңы.


170
ШОРТАНБАЙ МЕН ОРЫНБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ
1
Тұрдыбектің қасында бір Орынбай деген ақыны бар екен, 
Тұрдыбек қырға барыпты. Қырда Құсбек төренің қасында бір 
Шортанбай қожа деген бар екен. 
Құсбектің  алдында  Орынбай  көп  өлең  айтты,  Құсбек  оған 
көп сый қылыпты. Онан соң Шортанбай қожаменен айтысыпты: 
Шортанбай: 
Жаратқан бәрімізді бір құдайым, 
Патша пендесіне қылар жәйін. 
Атыңа анық, түсіне танық едім, 
Жолың болсын, жүріпсің, Орынбайым. 
Орынбай: 
Диуана қожа атасы барар ма екен? 
Мейрамға имам болған жалғыз жеке. 
Жолың болсын дегенің жақсы лепес, 
Құдай берсе, мол болсын, е Қожеке! 
Шортанбай: 
Өлеңге бір кісідей туысың бар, 
Тіл мен жаққа бақ берген ырысың бар. 
Барымташы кісідей мол болсын деп 
Елде қандай, кісіде жұмысың бар. 
Орынбай: 
Былтыр бізді шақырды Құсбек батыр 
Хан шақырса, не тұрсын ақын бақыр. 
Ақ сұңқардың дидарын көремін деп, 
Орынбай сол жарлықпен келе жатыр. 
Шортанбай: 
Айтасың мақтаныш қылып батыр ханды, 
Ар көрерсің құр келіп қатылғанды. 
Ел бітімін билейтұғын би емессің, 
Құсбек сені неғылсын шақыртқанды. 
Орынбай: 
Қожеке, ханға тағы сөйлеймісің? 
Ханыңды шақырды деп білмеймісің? 
1
  Радлов  В.В.  Алтын  сандық.  Алматы:  «Ана  тілі»  баспасы,  1990. 
–256 б.


171
Ішің тар бұ қайдағы жарықтықсың, 
Ханыңды шақыртса, кейін итеріп, 
 
 
 
 
қой деймісің. 
Шортанбай: 
Еліңе мен насихат сөз айтамын, 
Бар демей беті жүзің тік айтамын. 
Елімнен былтыр алып кетіп едің, 
Ұялмай тағы келдің бе деп айтамын. 
Орынбай: 
Төреңнен алатұғын алымым бар, 
Жақсыдан алып өскен қалыбым бар. 
Төреңе әлің келсе, білдірмей бақ, 
Күндесең алғаныма ішіңді жар! 
Шортанбай: 
Орынбай Тұрдыбекпен келген екен, 
Жан қалмай төре қара берген екен. 
Елімді өзім жоқта қойдай жеңіп, 
Бұ мұндар сонан дәндеп келген екен. 
Орынбай: 
Қожеке соны сөз деп айтармысың, 
Қуанып, бердірмесең, қайтармысың, 
Майрамның қарлығаштай малын қорғап, 
Қызғанған тәңірі, малың шайтан болсын. 
Шортанбай: 
Білдің бе сөйткенменен берерімді, 
Бағана біліп едім келеріңді, 
Менен басқа жан жоқ деп мақтанасың, 
Асырмасаң түк бермен өнеріңді. 
Орынбай: 
Шығыпты орта жүзге атың Қожа, 
Айтасың әлімдікпен батыл, Қожа, 
Сендей сырттың көзіңді укалаушы ем, 
Осы жолы бердірмесең, қатын Қожа. 


172
Шортанбай: 
Орынбай Тұрдыбекпен келдің, кеттің, 
Ау балам, түк бермен, тілің өтті. 
Жалынсаң Қожеке деп, кешер едім, 
Ай, балам, осы сөзің түпке жетті. 
Орынбай: 
Қожеке, сырттан сұрап сағынғаным, 
Құсбектен тәуір болды табылғаным. 
Бұ жерде Қожа билер қарату жоқ, 
Арғында сенен сұрап неғылғаным. 
Шортанбай: 
Қарауыл өрши берді, шыңдамасам, 
Айтпаймын халыққа кеңес тыңдамаса. 
Тіленші елге келген сен деймісің, 
Көрейін халқымнан – ақ бұлдамасаң. 
Орынбай: 
Қожасың, Қарақалпақ, атың басқа, 
Шығыпсың жақпай жалғыз қарындасқа, 
Баласын бір Арғынның екі айырып, 
Үйретті кеткен адам сен қубасқа. 
Шортанбай: 
Болса да баяғыдай заманым жоқ. 
Бозбала бәрің бірдей жаманың жоқ. 
Пір болған жеті атаңа Қожа едім, 
Көрмесең бір заржақтай, амалым жоқ. 
Орынбай: 
Нәсілің төрт жардан тек дер, қожам, 
Алдымнан қыйсық жүрме жөн бер, Қожам. 
Еліңе теріс айтып, дін үйретпей, 
Қазақтың өлеңінде нең бар, Қожам. 
Шортанбай: 
Өлеңін мынау ақын бағады екен, 
Сөйлесе сөз мәнісін табады екен. 


173
Алдынан осындайда бір шықпасам, 
Жанына, қоя берсем, жағады екен. 
Орынбай: 
Айтасың жүйріктікпен, шешен Қожам, 
Күнәңді тәубе қылсаң, кешер, Қожам. 
Алдыма шығарыңды қайдан білдің? 
Айтасың соны білмей, өсер Қожам. 
Шортанбай: 
Беріп пе жалғыз саған тіл мен жақты? 
Деймісің сөзден кедей біз бейбақты? 
Қожаңды жұрт пір қылған есер дейсің, 
Ай, болам, тапсырармын әруаққа. 
Орынбай: 
Деп едім тілім тиер мен бағана, 
Жаратты Қожаны есер аллатағала. 
Е, шал өлең айтқанын қашан көрдің? 
Өлеңді айт, бірліктен кет садаға. 
Шортанбай: 
Хан, қара шақырған соң келе қалдым, 
Ақыңды іздеп келген көре қалдым. 
Қожаны бірлігінен айырып алған, 
Молдаға дәріс оқыған қайдан қалды. 
Орынбай: 
Қожаеке көп шайтанмен салыспаңыз, 
Қараға төре тұрып таныспаңыз. 
Айтамын жаным ашып ақ сүйекке, 
Жасыққа бола атыңды алыспаңыз. 
Шортанбай: 
Өтерін дүниенің ойламасам, 
Алдыңда хан, қараның сайрамасам. 
Орынбай елге келген бұл бір мейман, 
Жұртыма енді айтып майламасам. 


174


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет