Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет14/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
КӘсіБи ӨнЕр ЖолынДа
1936 жылдың наурызында Мәскеуде Украин өнері мен мәдениетінің 
онкүндігі зор табыспен өтті. Ендігі кезекте Қазақ Республикасы еді.
Көктем туа Қазақстанның өнер шеберлері Халық ағарту комиссары 
Темірбек Жүргеновтің басшылығымен дайындық жұмыстарына кірісіп 
кетті. Ұзаққа созылған кеңесу, ақылдасудан кейін Мәскеуге «Қыз Жібек» 
пен «Жалбыр» спектакльдері апарылатын болып шешілді. Бірнеше айға 
созылған тынымсыз дайындықтан кейін жалпы саны 300-дей өнерпаз 
Мәскеуге аттанды.
Мамыр айының 17-сі күні Үлкен театрда «Қыз Жібек» қойылды. 
Қойылды деп айтуға ғана оңай. Шын мәнінде бұл өте жауапкершілікке
толы күндер еді. Профессионалдық тұрғыда буыны енді ғана беки 
бастаған қазақ көркем өнерімен Мәскеу жұртшылығы әлі жақынырақ 
таныса қоймаған-ды. Дегенмен, Мәскеудің қақ төрінде «Қыз Жібектің» 
зор табыспен қойылуы – қазақ халқы жартылай жабайы, тағы, төлтума 
мәдениеті қалыптаспаған, өркениеттен тыс халық деген сияқты сол 
кезде орыс шовинизмімен бірге жасасып келе жатқан еуроцентристік 
жалған ұғымдардың тас-талқанын шығарғандай құбылыс болды. Үлкен 
театрға жиналған Мәскеу жұртшылығы орындарынан тік тұрып қазақ 
өнерпаздарының биік, шынайы, қас өнеріне дуылдаса, ұзақ қол соқты. 
Әсіресе Күләштің жарқын өнері қазақтың бағын асырғандай, қазақ 
өнерінің құдіретін көрсеткендей ұлы оқиға ретінде орын алды. Күләшқа 
«Чудо» деп баға берілетін сәт те осы күндердің еншісіне тигенін айтуға 
тиіспіз. Сондай-ақ Төлегенді – Қанабек Байсейітов, Бекежанды – 
Құрманбек Жандарбеков, Шегені – Манарбек Ержанов зор шеберлікпен 
сомдай білді. Сол жолы онкүндікке барған 300 адамдық делегацияның 
бұл күндегі көзі тірі жалғыз куәгері Хабиба Елебекованың айтуынша, 
Жүсіпбек «Қыз Жібекте» Бекежанның қосшысы болып ойнапты және 
онкүндіктің қорытынды концертінде ән шырқаған көрінеді. Жүсіпбектің 
Бекежанның қосшысы болып ойнағанын Қанабек Байсейітов те қуат- 
тайды және театр саңлағының естелігінде бұл жайттар нақтырақ көрініс 
тапқан: «Ташкенде оқып жүргенде бір кеште жүзден аса ән орындамақ
болып, соның алпыс бестейін орындағанның өзінде даусына қатты зақым 
келген Құрманбектің кейде шаршағанда даусының шығыңқырамай 
қалатыны болатын. Сонысынан қорқып, «Қыз Жібектің» бірінші, екінші 
актілерінде оған Бекежанның әндерін айтқызбайтынбыз, оның орнына 
қасына еріп жүріп Жүсіпбек Елебеков айтатын. Жүсіпбек Бекежанның 
қасына шабарман ретінде еріп жүретін де, Құрманбек Бекежан ымда-
ды бітті, соның атынан сөйлей жөнелетін (ән айтатын). Соның мәнісіне
түсіне алмаған бір басшы Исаевтан:
– Анау неге әнді өзі айтпайды? – деп артына бұрылып сұрапты.
Сонда ана кісінің қасында отырған Сталин Исаевтан бұрын:
– Бұл – шығыс халықтарының дәстүрі, – депті. – Олардың әкімдері 
өздері айтпайды, ол үшін оның қасында жүрген не шешен, не ақын адам 
айтады. Соны бізге айтып келіп: 
– Бір қиын жағдайдан мені құтқарып жіберді-ау! – деп Исаев қуанған 
еді»
32
. Ораз Исаевты төтен туындаған қысылтаяң жағдайдан Сталиннің 
әсіребілгішсінуі құтқарып жібергенін көреміз. Әйтпесе, Ораз Исаев
«большевиктік ақиқатшылдыққа» басып, Құрманбек турасындағы
Қанабек жазып отырған шындықты Сталинге жайып салар болса, мәсе-
ленің қандай сипат аларын кім білген. 
Өткен 2012 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ 
«Хабибаның Жүсіпбегі» атты деректі фильм түсіріп, жарыққа шығарды. 
(Сценарийін жазғандар – Дидар Амантай, Ерлан Төлеутай; режиссері –
Тілеген Ахметов). Осы фильмді түсіру барысында республикалық 
мұрағатта сақталған онкүндік кезінде түсірілген «Қыз Жібек» туралы 
бейнематериалдарды қарап отырып, көпшілік көріністе «Гәкку» әнін ай-
тып тұрған Хабиба Елебекованың бейнесін тауып алудың сәті түсті. Бір 
кереметі, бұл күндері жасы тоқсан жетіге келіп отырған Хабиба әжей
сол күндердің әр сәтін әлі күнге дейін қаз-қалпында жадына сақтай
алған: «Спектакльдің соңына жақындап келе жаттық. Төлегеннің өлімін 
естіген Қыз Жібек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет