136
137
көкірегі соқыр кейбір басшылар кезінде бағалай білмеген соң, жағдайы
келіспей елге қайтып кетті. – дейді Жүсекең өкініш білдіріп.
– Мен сол кісінің
өмірін жақсы білмейді екем, – дейді Шәкен әңгі-
мені Тоқбайға қарай аударып. Олар шаршай бастағанда әннен әңгімеге
ауысып кететінін өздері де байқамай қалатын.
– Жарықтықта өмір дейтін өмір болған жоқ шығар-ау! Талайдың
отын өшіріп, өмірін қайғыға салған небір ауыр замандар өтті ғой. Ой,
заман-ай, десейші, – деп Жүсекең өткен күннен әңгіме қозғайды. – Тоқ-
баймен 1939 жылы ел аралап концерт беріп жүріп, Бесқарағай ауданын-
да кездесіп едім. Ондай адамдар қай жерге де керек қой, өзіммен бірге
Алматыға алып келіп, филармонияға әнші ғып орналастырдым. Бірақ
жағдайы болмағандықтан, көп аялдамай қайтып кетті. Осыдан кейін
Тоқбайдан көз жазып қалдым. Ұзақ жылдар бойы кездестіре алмай
қойдым. Тым болмаса әнін жаздырып алмағаныма өкінем.
1960 жылы тағы сондай концерт беріп жүргенде машинамен ағызып
келе жатып, бір аттылы адамға көзім түсті. Дұрыстап қарап үлгергенімше
болған жоқ, машина зуылдап өте шықты. Санамда әлдебір қимас адамның
бейнесі жарқ ете түскендей болды. Дереу машинаны тоқтатқызып:
–
Мынау адам Тоқбай болуы керек, тұлғасы соған ұқсайды, – деп
машинаны кері бұруын өтіндім.
– Қойыңызшы, Жүсеке, бейсауат өтіп бара жатқан мықырайған
біреуді Тоқбай деп шатасқаныңыз не? Сіз де не болса, соны айта береді
екенсіз! – деп күлді қасымдағылар.
– Меніңше сол, Тоқбайдың нақ өзі, көзім ешқашан алдамаушы еді. Сол
екенін жүрегім де сезіп тұрғандай. Барайық, машинаны кері бұрыңдар,
басқа адам болса, тонымызды шешіп алып қалмас, көрейік, – дедім.
Сонымен, әлгі аттылыға қапталдаса кеп тоқтадық. Машина жолдан
қашықтау бара жатқан соң, көзім жете қоймады. Айқайлап қол бұлғап
едім, әлгі кісі бізге қарсы жүрді. Жақындағанда оның Тоқбай екенін жаз-
бай таныдым.
– Тоқбай! – деп машинадан қарғып түсіп тұра жүгірдім. Бара аттан тік
көтеріп алып құшақтап жатырмын. Оның да қуанышында шек жоқ.
– Жаман ағаңды қайдан таныдың? Ұмытпапсың ғой, шырағым. Рах-
мет! – деп жылап жіберді. Шүйкедей болып шөгіп кетіпті. Атын біреуге
қалдырып, өзін машинаға отырғызып алдық!
Жиырма жыл жоғалтқан Тоқбайды осылай тауып алғам.
– Арада жиырма бір жыл өткенде, бірден қалай таныдың? – деймін мен
де сөзге араласып. (Сөзге араласып отырған Хабиба Елебекова. Әңгіме
Шәкен Айманов пен Жүсіпбек Елебек арасында өрбуде. – Е.Т.).
– Тоқбай сияқты адам ұмытыла ма? Ол ойымнан шыққан емес. Елге
шыққанда оның қайда екенін сұрастырып жүретінмін. Ешкім білмейді. Бір
рет бұрынғы жүрген жеріне іздеп барып, таба алмай қайтқам. Кейінірек
дүниеден өткен шығар деп ойлаушы едім. Арқа сүйер адамы жоқ шүй-
кедей жаман шалды кім керек етсін. Кеуде соғары жоқ бұйығы адамның
өнері ашылмай қала береді екен-ау деп ойға қалушы едім. Қойшы,
әйтеуір, көтеріле біткен танауыңнан айналайын шүйкедей Тоқбайды
таптым ғой.
Жүсекең әңгімесін соза түседі. Шәкен үнсіз ойға батып тыңдай береді.
– Сол жолы Тоқбайды қонаққа шақырып келдім. Онда осы өзің жатқан
үйді жаңа алған кезіміз. Қыс түсе Тоқбай да келді. Қолында балалайкасы
бар. Өзіне жеке бір бөлмені босатып бердік. Күнде таңертеңгі тамақтан
кейін қоймай отырып ән айтқызам.
Дайындалып жаттыға бер, әніңді
жазып аламыз деймін.
– Қой, Жүсіпбек, мені мазалама. Сексеннен асқанда менде ән айта-
тын не қауқар қалды дейсің. Өзіңе ғана мына әлсіз даусыммен, сұраған
әніңді айтып берейін деп, мына балалайкамды ала келдім, – деп көнгісі
келмейді.
– Мен бұдан бір сәт ажырай алмаймын. Бұл менің өмірлік жолдасым
ғой. Кешегі қайғы басқан қиын жылдарда, тек осы ғана, сырымды ұғар
сырласым, зарымды ұғар мұңдасым болмады ма. Кейінгі кезде домбыраға
қайта ауысуға болар еді. Оған дәтім бармады. Ауыр күндерде серік болған
сырласымды тастай алмадым. Кейбір әндердің балалайкаға көнбейтінін
білем. Бірақ амал жоқ! Тастай алмадым. Қиын кездегі жан аяспас до-
сын бас пайдасы үшін сатып кететін жаман жолдастай болмайын деймін.
Мен оны өлмей тастамаймын, – дейді. Дегенмен, сол жылы оның біраз
өлеңдерін радиоға жаздырдым
74
.
Жүсіпбектің Шәкенге шерткен осы әңгімелерінен Тоқбай өмірінің
кейінгіге белгісіз көп сырлары көрініс береді.
Есет ағамыздан алған дерегімізде «1961 жылы Жүсекең Тоқбайдың
26 әнін таспаға жаздырған» делініп, әншінің радиоға жазылып алынған
шығармаларының дәл саны көрсетілген.
Өкініштісі, арада бірнеше
жыл өткенде радионың музыка редакциясындағы әлдебіреулердің
немқұрайдылығынан, не әдейілеп қастық етуінен Тоқбайдың таспаға
түсірілген әндері тегіс өшіріліп кеткен. Мұндай құнды мұралардың,
74
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы: Өнер, 1989. 213–214-б.
138
139
сирек дауыстардың ешқандай жауапкершіліксіз өшіріліп, бүлдіріліп оты-
руы – еліміздегі телевизия мен радио саласының, қала берді, мұрағат
жүйелерінің күні бүгінге дейін ортақ дерті болып кеткендігін несіне жа-
сырамыз?
Осылайша Жүсіпбек ерекше бағалаған, қадірлеген Тоқбай әншінің
дауысы жойылып кетті. Тоқбаймен бірге Жүсіпбек айтқандай, «жеке
әншілік мектебі боларлықтай» бір әншілік мектеп жоғалып тынды. Ән-
шінің өзі 1964 жылы 82 жасында қайтыс болды. 2012 жылы Тоқбай
әншінің туғанына 130 жыл толды. Алайда
еліміздің ұлардай шулаған
ақпарат құралдары әнші Тоқбай Жұмағұловтың мерейтойы туралы бір
үзік жылт еткен ақпарат беруге жарамады, ел мәдениетіне жауапты
мекемелердің де ешқайсысы селт етпей, үнсіз қалды. Тәуелсіздік алған
бостан елдің бұқара мәдениетіне жауапты мекемелерінің халық өнеріне
деген көзқарасы осындай болған соң, басқаларға не жорық?
Достарыңызбен бөлісу: