алматы – қарағанды – қарқаралы – Егіндібұлақ – Өсібай –
қойтас – алматы.
192
193
ЖүсіпБЕК ЕлЕБЕКоВКЕ арнаУ ӨлЕңДЕр
ЕКінші ӘмірЕсіз
Әлемге Сіз ұшырған «Қанатталды»,
Секілді әлі күнге әннің алды.
Қанаты талмай, қайта ширай түсіп,
Заманым жарты ғасыр ләззат алды.
Пәрменді құдіретіндей бір Құдайдың,
Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырайдың.
Мұрасын маржандай тере жүріп,
Өркенді ұрпағыңа өзің жайдың.
Тиексіз домбыра жоқ, екі ішексіз,
Дарын жоқ аруақсыз, елсіз, тексіз.
Екінші Әміреміз тағы өзіңіз,
Бірақ Сіз, ең бірінші, Жүсіпбексіз.
Өмір шіркін самғап өтер сәйгүлік,
Көз жүгіртсек, ой жүгіртсек, бейне өң мен түс екен.
Қасиетті өнер ғана мәңгілік,
Мәңгі жаса, ән құдіреті – Жүсекең!
Шахан Мусин
қҰрДас
Әншісі бұл заманның Жүсіпбегім,
Қартайма, жасай берші, бар тілегім.
Құлағын домбыраңның берік бұрап,
Шырқай бер мың құбылтып, тассын көңілім.
Арқадан ән мұрасын алып келдің,
Өр әнші Ақан, Біржан салтын кудың.
Алдыңда ағаларың – Қали, Ғаббас,
Әміренің шәкірті боп соңына ердің.
Халқыңа қызмет еттің бала жастан,
Көп көрген жоқшылыққа мұқалмастан.
Әнін сап Абай, Мәди, Естайлардың,
Жарқ етті жас талантың ерте бастан.
Жасыңнан талай жарыс, топқа түстің,
Әрдайым бәйге алып озып жүрдің.
Сұлу ән майда дауыс шеберлікте,
Шыңына жетпіс жастың самғап ұштың.
Ер жетті ақылшы боп ұлың Ақан,
Көмекші, қолқанат боп өсті Біржан.
Ермегің, үй ішінде кенжең Естай,
Хабибаң қасыңда отыр, бар ма арман.
Дариға, ең қымбатың жеке дара,
Теңі жоқ, сүйкімді боп өсті бала.
Үлгілі сендей ата-анасындай
Бұлар да бақытты боп артсын сана.
Тілек сол, бұл мереке құтты болсын,
Ден сау боп, қуанышқа көңіл толсын
Еңбегің үстем шығып, орнады бақ,
Қартайма, қайрат жігер өрлей түссін!
Қолжазбаның соңына «Елебековтің 60 жасқа толған тойына арнап жа-
зып едім. Өзіне оқып бере алмай жүрмін» деп жазылып, Қапан деп қол
қойылған.
Қапан Бадыров,
24 қаңтар 1965 жыл.
194
195
Достарыңызбен бөлісу: |