БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


деген  еөз  -   белгілі. дәрежеде  шартты  ұғым»  -   серияның  1-



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45

деген  еөз  -   белгілі. дәрежеде  шартты  ұғым»  -   серияның  1- 

ші томындагы «Қазақ дастандары» атгы беташар мақаланың 

авторлары -  Сейіт Қасқабасов пен Бақытжан Әзібаева осылай 

дейді [207,106.]. Ғ алымдар «Шыгыстық қазақ дастандарын» 

төл фольклорымыздан оқшауландырып тұратын белгілердің 

алдыңғыларының  бірі  ретінде  мына  жайды  атайды:  «Егер 

дәстүрлі  қазақ фольклорында оқига  көбінесе  сайын далада, 

тау ішінде, қалын қамыста, яғни ашық табиғат аясында өтсе, 

дастанда  оқига  көбінесе  шаһарда,  патшаның  сарайында, 

немесе  кала  базарында,  ягни  феодалдық  мемлекет  ішінде 

өтеді»,  «Дастандардагы  кейіпкерлер  құрамы  да  біздің  төл 

фольклорымыздагыдан  гөрі  өзгешелеу,  бірақ  мүлде  басқа 

емес»  [207,  12  б.].  Міне,  осының  өзінен  дастанның  жанр 

ретінде  әуелде  сыртган  сіңгендігін  көре  аламыз.  Ал  бұл 

сіңісуде аудармага тэн белгілер болган ба? Болған.

«Дастандық 

шығармаларды 

ел 

ішінен 

жинап, 

айтушылардан  жазып  алып,  өзінше  жөндсп  баспага 

жіберіп  отырган  бастырушылардың  басым  көпшілігі  өз 

атгарын  міндетті  түрде  мэтінге  қосып  отырган.  Өз  еңбегін 

олар  былай  багалаган:  жырладым,  жаздым,  шыгардым, 

қазақшаға  аудардым,  қазақша  жырладым,  нәсірден  назым

237

еттім,  көшірдім,  т.б.»  [207,  26  б.].  Хикаялық  дастандарды 

да,  ғашықгық  дастандарды  да,  діни  дастандарды  да  оқып 

отырсаңыз,  олардың  талайы  «қазақшаға  аудару,  қазақша 

жырлау,  нәсірден  назым  ету»  жолымен  жасалғанын 

көресіз.  Аты-жөні  белгісіз  авторлар  да,  белгілі  авторлар  да 

өз  туындыларының  дүниеге  қалай  келгенін  сөз  арасында 

болса да айта кетеді:  «Насыр сөзден аударып өлең қылсам», 

«Ноғайша қисса екен мұның өзі» («Қисса Г үлшаһра дохтари 

сұлтан  Кашмир»  -  1  том),  «Тэртіптеп  кітап  сөзін  тәржіме 

еттім»,  «Бұл  кітап  нэсір  екен,  назым  емес»,  «Есжанның 

тэржімелеп жазған хаты» («Хикаят дастан Хатымтай» -4 том 

), «Өлең қьшып аударған бұл кітапты» («Қисса хазірет Жүсіп 

алэйһиссалам илән Зылиханың мэселесі» -18 том), «Хикаятгы 

өлеңге  айналдырып»  («Қисса Дандан»  -  18  том),  т.б.  Серия 

кітаптарының  ғылыми  қосымшаларында  «шығыстық  қазақ 

дастандарының»  қай  шығармаларды  арқау етіп туындағаны 

жөнінде:  «Ғаяр  қатын»  дастанының сюжеті  б.д.д.  I  гасырда 

қағазға  түсірілген,  «Сыршы  молданың»  сюжеті  біздің 

дэуіріміздің  V-VI  ғасырларында  қүрастырылған  «Шукасап 

тати»  кітабынан  (бізде  тараған  аты  -   «Тотынама»)  белгілі, 

«Балықшы  илэ  ғифрит  қиссасының»  сюжетіне  «Мың  бір 

түндегі»  4-10  түндер  аралығында  айтылатын  әңгімелер 

негіз  болған,  «Әбуғалисина,  Әбілхарис»  Зиятдин  Сайт 

Яхьяның  кітабынан  тараған,  «Қисса  Ләйлі  -   Мәжнүнге» 

1902  жылы  Қазанда  «Мэшһүр  ғашық  мағшүқ  Лэйлэ  илән 

Мэжнүн  хикаясы»  деген  татар  тілінде,  қара  сөз  бен  өлең 

араластырылып  жырланған  кітапқа  сүйенген  деген  сияқгы

нақты деректер бар.

«Ертеден ел ермегі ертегі, олең, / Коркем ғой кешеуілден

ерте деген. / Жырлайын ертедегі ер еңбегін

- I

 Ермекке ерінсем 

де  ертең  олем»,  деген  сияқты  қүйылып  келетін  олең  орнегі 

«Дастандарды  тудырған  белгісіз  ақындар  мен  жыршылар 

шетген келген шыгармаларга ұлттық сипат пен қазақ рухын 

сіңірген.  Сойтіп,  олар  ел  арасына  қазақ  дастандары  больт 

тараган»  [207,  20  б.]  деген  пікірдің  дұрыстыгын  дэлелдей 

түседі.  Сонымен  бірге,  эу  баста  бір  тілде  дүниеге  келген 

шыгарманы арқау ете отырып, кейіннен басқа тілде шыгарма 

туындатуда  нәзирашылдықтың  жекелеген  нышандары  бар

екендігін де айтуымыз керек. Әуелбек Қоңыратбаев  та [208, 

Б.385-386] «эпос назирасы» тіркесі («Қисса» деген атау бізде 

көбіне  эпос  нәзирасына  қолданылган»,  «Эпос  нәзирасы 

халық  поэзиясы  стилінде  жырланды»)  болатын.  «Бабалар

238


сөзі»  сериясы  бұл  анықтама  біздің  әдебиеттануымызда  өз 

орньш  алуға  құқылы  екенін  тағы  да  дэлелдеп  беріп  отыр. 

Эпос  нәзирасы,  эрине,  сөздің тура  мағынасындағы  аударма 

емес  (жалпы  нәзираның  өзі  де  аударма  емес  қой),  бұл 

мазмұндаудың  (переложение),  өзінше  қайталап  айтудың 

(пересказ)  көрінісі.  Әр томның  соңындағы  сөздік тіліміздің 

араб,  парсы  сөздерімен  толығуында  дастандардың  орны 

орасан екенін дэлелдейді.

Сонымен,  эпос  нәзирасы  эдісімен  туындаған  діни 

дастандарда,  ғашықгық  қиссаларында  аударманың  өзіндік 

элементтері  бар  екенін  дэлелдегендей  болдық.  Ал  осы 

діни  дастандар  жазба  эдебиетіне  жата  ма,  жатпай  ма?  Бұл 

жөніндегі  төрелікті  де  Мұхтар  Әуезовтен  сұралық.  1927 

жылы  Қызылордада  шыққан,  араға  алпыс  төрт  жыл  салып, 

1991  жылы  қайта  басылған  «Әдебиет  тарихы»  кітабында 

[209,  227  б.]  былай  делінеді:  «Бұл  күнге  шейін  қазақгың 

жазба  эдебиеті  жайынан  сөз  жазушылардың  көбі  біздін 

жазба эдебиетіміздің басы Абайдан басталады деп есептейді. 

Бұл  пікір  художественная  литература  ретінде  қарағанда 

дұрыс  болса  да,  эдебиет  тарихының  ретімен  қарасақ, 

үлкен  адасқандық  болады.  Қазақга  жазба  эдебиет  Абайдан 

көп  бүрын  болган.  Бұл  есепке,  көбінесе,  дін  мақсұтымен 

жазылған қиссаларды (астын сызган біз -  С. А.) кіргізбесек те, 

айтыс өлеңдерді  кіргізбеуге болмайды».  Ол кезде Әуезовтің 

діни  дастандарды  жазба  әдебиетіміздің  қорына  кіргізбеуге 

болмайды  деп  жазбайтыны  белгілі.  «Кіргізбесек  те»  деген 

сөздің өзінде кіргізу керектігін аңғарта алған ғой.

2.4.3. 

Дара  дастандар.  Басы  ашық  нэзира  үлгісін 

іздесек,  қазақ  әдебиетінде  ол  жаты  да  жетіп  жатыр.  Соның 

бірі -  Шэкэрімнің «Лэйлі-Мэжнүні».

Мэжнүннің Ләйліменен аз жұмысы,

Әне сол шын 

ғашықтың 



кылған ісі.

Бұлардың әпсәнәсін жазган адам —

Физули Багдади деген кісі.

Ондай гып еш бәйітші жаза алмаған,

Нақысын шын келтіріп 

қаза 


алмаган.

Кітабын Физулидің іздеп тауып,

Кез болды былтыргы жыл азар маган.

Мен оның келтіре алман мыңнан бірін,

Айтуга тіп жетпейді тэтті жырын.

239

Мэжнүннің атын білер, жайын білмес,

Қазаққа ұқтырайын біраз сырын.

— 

деп  сыпайы  сөзбен  сырғытьш  бастайтын  Шәкәрім 

жыры  аңызға  айналған  махаббат  хикаясын  қазақы  қалыпқа 

түсіріп, жатықтілмен, көркем баян етеді. Балтабай Әбдіғазиев 

ІНәкәрім  шығармашылығы  жайындагы  зерттеуінде  [210] 

ақын  нэзирашылдығьшың  өзіндік  өрнектерін  эдемі  ашқан. 

Шәкәрімнің түпнұсқада жоқ деталь, штрихтарды ғана емес, 

оқиғаларды  да  туынды  тініне  табиғи  кіріктіруіне  мысал 

ретінде  мына  жайды  айтуға  болады.  Қос  ғашықты  бала 

күнінен  өсірген  кемпір  шырқырап  жылаған  Қайысты  қолға 

алган сәтті Шәкәрім былай суреттейді:

Қайысты кемпір алып сүйіп еді,

Тал бойы жас бапаға иіп еді.

Жіберді сүт сорғалап емшегінен,

Баланың қолы барып тиіп еді.

«Аудармашы  Қайысты  емізерде  шыққан  сүтгің  Лэйліні 

емізерде қайтып кетуін занды халықтық моральға сыйғызады. 

Оның себебі,  бір  емшектен  нэр  алған  жандардың  бір-біріне 

«емшектес»  болары  анық,  ал  ғашық  болуы  ар  жағында 

ерлі-зайыпты  болуы  заңға  қайшы  құбылыс.  Шәкәрім  бұл 

детальдарды  өз  поэмасына  батыл  енгізген»  [139,  47  б.]. 

«Шығыстық  нұсқаларда  жоқ  бұндай  эпизодтар  мен  қазақы 

көріністер поэманың көркемдік бояуын қанықтыра түсуімен 

қатар, Шэкэрімнің дэстүрлі нәзирашылдық жолдағы өзіндік 

қолтаңбасының  болтаны  танытары  сөзсіз»  [210,  180  б.]. 

Қазақтың «Мэжнүн болып кетгің бе, немене?» деп сөйлейтін 

салтын орнықтырған көп жайдың бірі—осы поэмада Шәкэрім

салған суреттер.

Елсізде аңмен бірге қаңғырыпты,

Тау мен тас дауысына жаңғырықгы.

Жартаспен жаңғырытқан жауап тасып,

Лебізі тиген жерді жандырыпты.

«Әй, жартас, мен айтқанды сен де айтасың,

Дертімді мазақ қылып ұлғайтасың.

Лэйлінің менен өзге ғашығы жоқ,

Үқтыршы, сен Лэйлі деп кімді айтасың?».

240


Поэма  бастан  аяқ  осылай  қазақы  тілмен  төгіліп  түр. 

«Лэйлі-Мэжнүн» Шэкәрімнің шығыс алыптарымен жарысқа 

түскенде  көтерілген  жаңа биігі,  жаңа тауы десек те  болады. 

Бұл  тау  қазақ  даласына  түгел  көрінген  қарлы  шыңы,  қара 

орманы,  тасқын  өзендерімен,  барлық  ғажайыптарымен 

көрінген  бүкіл  халқымызды  қуанышқа  бөлеген  биік  еді. 

Біз  кешегі  аталарымыз  жырлаған  «Қозы-Көрпеш  —  Баян 

сұлудың»  ұлы  махаббатына  тең  Шәкәрім  жырлаған  жаңа 

«Ләйлі-Мәжнүн»  махаббатын  қабылдадық»  [211,  Б.16-17]. 

Шәкәрім  нэзирасына  баға  беруді  түйер  тұста  ол  нэзира 

жасаған  Физули  нұсқасының  өзі  атақты  Низами  дастанына 

жырмен  жауап  екенін  гана  еске  сала  кетейік.  «Ең  алғаш 

Низами бүл сюжетті шығыс ертегісінен алып жырласа, арада

жүз  жыл  өткен  соң  Әмір  Хұсрау,  1483  жылы  Науаи,  1484

жылы Жэми жырлайды. Ал бұлардан кейін қазақ даласында 

бұл  дастанға  қалам  тартқан  ақын  -  Шәкәрім  болды»,  дейді 

зерттеуші Кенжетай Жекеева.

Шығыс  классикалық поэзиясьшың  біз  сөз  етіп  отырған 

нэзира  дэстүрінің  қазақ  топырагындагы  сан  түрлі  үлгілері 

Фирдоусидің 

«Шахнамасымен» 

байланысты. 

Қазақ 

«Шахнамаларын»  талдауға  ауысардың  алдында  олардың 

тарихына аз-кем аялдай кеткен артық емес.  «Айқап» бетінде 

басылган аударма еңбектердің ең үлкені -  парсы жэне тэжік 

халыктарының  ұлы  ақыны  Фирдоусидің  «Шаһнамасынан» 

үзінділер.  Бүл  эпопеяның  «Рүстем-Зораб»  дейтін  тарауын 

осы  журналдың  эрі  шығарушысы,  эрі  редакторы  белгілі 

жазушы-акын  Мұхаметжан  Сералин  қазақ  тіліне  аударып, 

«Айкаптың» 

1914-1915 

жылдардағы 

жеті 

нөміріне 

бастырады.  Оның алдында аудармашының өзі үлкен  кіріспе 

мақала  жазып,  оқушьіларды  «Шаһнама»  эпопеясының 

тарихымен, маңызымен таныстырып өтеді.  Егер біз аударма 

өнерін  зерттеуді  гылыми  тұрғыдан  дамыта  беруді  мақсат 

ететін  болсақ,  онда  қазақ  оміріне  шыгыс  әдебиетінен 

аудару аркылы  енген туьгадыларды  өз алдына бір жүйе етіп 

зерттеуді қолга алуымыз керек.  Бүл біздің болмысымыздагы 

тым  арыдан  келе  жатқан  жэне  аса  бір  күрделі  де  тың  сала. 

Ал сөз болып отырган еңбектің бізді қызықтыратыны — орыс 

тілінен  аударылгандыгы.  «Рүстем-Зорабты»  М.Сералин 

орыс  акыны  ВА.Жуковскийден  алып  аударган»  [206,  50 

б.].  Орыс  тілінен  жасалган  аударма  болгандығынан  емес, 

сөздің тура магынасындағы  аударма  болгандығынан  нэзира 

табиғаты туралы айтатын бұл тұста біз Мұхаметжан Сералин

16-2915


241

жасаған  «Шаһнама»  жайында  сөз  етпейміз.  Әрі  ол  аударма 

жөнінде  бірқатар  еңбектерде  біршама  қамтылып  айтылған. 

Біз  бұл  арада  «М.Сералиннің  «Рүстем-Суһрап»  аудармасы 

қазақ  әдебиетінде  аударма  өнерінің  классикалық  үлгісі 

болмағанымен, эпикалық шығармаларды аударудың алғашқы 

тәжірибесі  екендігі,  көркемдік  қасиеті  онша  ойсырап 

жатпағаны,  шытырманды  оқиғаға  құрылған,  оқушыны 

қызықтырып  отыратын  сюжеттік  желі  қазақ  оқушысының 

талап-талғамын  тәрбиелегені  даусыз  көркемдік  шындық», 

деген Т.Кэкішев  [212, Б. 132-133] пікірімен шекгелеміз.

Қазақ топырағындағы  «Шаһнаманың»  басы  М.Сералин 

нүсқасы емес. Оның өзі «Айқапта»: «Мұнан жиырма-жиырма 

бес жылдар  бұрын Ақмешіт (Перовский) шаһарында Молда 

Ораз  деген  бір  найман  «Шаһнаманы»  қазақшаға  аударған 

екен.  Баспа  болып  шыққан,  шықпағанын  біле  алмадым», 

деп  жазғаны  зерттеулерде  келтірілген.  Ә.Қоңыратбаев, 

М.Байділдаев 

еңбектерінде 

«Шаһнаманың» 

эр 

түрлі 

нүсқаларын  Сердалы  ақын,  Ораз  Молда,  Мүхаметжан 

Сералин, 

Мәжит  Дэулетбаев,  Тұрмағамбет  Ізтілеуов, 

Айманкүл 

мен 

Қалмақан 

Әбдіқадыров 

жасағандығы 

жөнінде  деректер  бар.  Тәкен  Әлімқүлов:  «Дүние  жүзіне 

тараған  «Шаһнаманы»  қазақ  тіліне  алғаш  рет  Шәді-төре 

Жэңгірұлы аударады. Әрине, түгел аудара алмайды» [213,84 

б.], дегенді де айтады. Біз солардың ішіндегі ең көрнектісіне

— Тұрмағамбеттің «Рүстем-дастанына» тоқталайық.

Осы  түста  мына  жайды  еске  алуға  тура  келеді.  Хафиз 

өлеңін  бірнеше  қазақ  ақыны  қатар  аударғанын  талдаған 

тұста  да  осы  эңгімеге  сілтеме  жасағанымыз  бар  еді.  2004 

жылдың  күзінде  Тәжікстанға  жолымыз  түскен.  Барған 

елім  жайында  біле  берсем  дейтін  журналистік  эдетпен 

Душанбедегі  елшілік  қызметкерлерінен  Тэжікстан  туралы 

қажет  деректерді  табуға  болатын  кітаптар  сұрастырғанбыз. 

«Осында Әбдусаттар Нуралиев деген  ағамыз  бар, өзі тәжік- 

қазақ  эдеби  байлаиыстарынан  докторлық  диссертация 

қорғаған,  профессор,  сол  кісімен  сөйлессеңіз  мән-жайға 

эбден-ақ қанық боласыз»,  деді  елшіліктегілер.  Ертесінде  ол 

кісімен  жүздестік,  эңгімемізді  диктофон  таспасына  түсіріп 

алдық.  Сонда  «Шахнамаға»  қатысты  айтылған  жайлардың

бір парасы мынандай:

« -   Әбеке,  тэжік-қазақ  эдеби  байланысы  дегенде  біз 

алдымен  «Шаһнаманы»  айтамыз  ғой.  Осы  жағын  қалай 

зерттедіңіз?

242

-  Студент кезден (КазГУ-дің журналистика факультетін 

бітірген -  С.А.) қатты қызыққан тақырыбым осы еді. Бұл бір 

телегей-теңіз тақырып екен. «Шаһнаманы» қазақшаға алғаш 

аударған  адам  — Ораз  Молда.  1836-1870  жылдарда  эртүрлі 

тапсырыстарды орындай жүріп, ол аударманың үш нұсқасын 

жасаған,  соның  біреуі  ғана  қазір  Қазақстанның  Ғылым 

академиясында  тұр.  Сердалы  ақынның  Қазаннан  шығарған 

«Қисса-и Рүстемі» де қызғылықты. Мұхаметжан Сералиннің 

аудармасын  өздеріңіз  білесіздер  ғой.  «Шаһнаманы»  Мәжит 

Дэулетбаев  та  аударып  көрген.  Енді  бұлардың бэрі  бір төбе 

де,  Тұрекеңнің  «ПІаһнамасы»  бір  төбе  ғой.  Оның  қалай

аударылғанын білесіз бе?

-  Үзьш-ырғасын білеміз ғой.

-   Жоқ,  мен  аударманың  Тұрмагамбет  Ізтілеуовке  қалай 

тапсырылғанын айтқалы отырмын. Тұрекеңбіздіңклассигіміз 

Садриддин  Айнимен  Бұхарада,  Көкелташ  медресесінде  он 

жыл бірте окыған, ол кісі  парсы-тэжікшені өте еркін білген. 

Өзбекстандағылардың көбі қазір де тәжікшені еркін біледі...

1934 жылы,  букіл адамзат  Фирдоусидің туғанына  1000 жьіл 

толуын  тойлауга  кіріскен  кезде  Қазақстанда  да  арнайы 

үкіметтік комиссия кұрылган, оны нарком Темірбек Жүргенов 

басқарған.  Сол  Темірбек  ағамызға  Садриддин  Айни  айтпай 

ма, «Шаһнаманы» бір аударса Тұрмағамбет аудара алады деп. 

Содан  Тұрекенді  Темірбек  Жүргенов  Алматыға  алдыртып, 

бар  жағдайды  жасап,  сол  гажайып  аударма  дүниеге  келген 

гой.  Маган  бұл  деректі  Мардан  Байділдаев  айтып  еді.  Рас, 

мен  өзім  оның  архивтік  дерегін  таба  алмадым,  бір  заманда 

Айнидің  басына  да  бұлт  үйірілгенде  хаттарының  бәрін 

жогалтып жіберген.  Бірақ, Темірбек Жүргенов осында алты 

айдай  оқу  министрлігінде  жұмыс  істеген  деген  дерек  бар,

сол кездегі ауызша эңгіме болуы да мүмкін.

Тұрмагамбет  «Шаһнамасы»  40  мың  жолдан  тұрады. 

Бірінші  бөлігі  «Жәмшиднама»  -   12  мың  жол,  екінші  бөлігі 

«Рүстем-дастан» — 24  мың жол, үшінші  бөлігі  «Дарапнама»

-  4  мың  жол.  Комиссия  әуелде  қазақша  «Шаһнаманы»  төрт 

том  етіп  басуга  ұйгарым  жасаган  екен.  1939  жылы  ақын 

репрессияга  ұшырап,  қолжазба  сол  күйінде  қалып  қойған. 

Оның  ортаңгы  бөлігі  — «Рүстем-дастан»  1961  жылы  жеке 

кітап  болып  шыюгы.  Қазір  таптырмайды.  Біздсгідей  емес, 

сіздерде  кітап  шыгару  жагдайы  дұрыстау  ғой,  Тұрекеңнің 

«Шахнамасын»  толық  күйінде  басып  шыгармайсыздар

243


ма?..  (Бұл  -   2004  жылғы  әңгіме.  Онан  бері  Т.Ізтілеуо

«Шахнамасы»

С.А.)

Онан  кейінгі  кезде  де  қазақ  елінде  «Шаһнамаға» 

қызығушылық  сақгалып  келді.  Бекділда  Алдамжаровтың

Құсрау

ИГ1Л1КТ1


Бізде  қазір  Президент  тапсырмасымен  «Мэдени

алынып

жүз  томдық  «Әлем  эдебиетінің  кітапханасы»  шықпақ. 

«Шаһнама» толық күйінде жаңадан аударылмақ.

-  

Тұрмағамбеттің еңбегін аударма деу де шартты.  Мұны 

қазақ  ақынының  Фирдоуси  шығармасының  негізінде  қайта 

жырлаған  нұсқасы  деп  қарайтын  Әуезовтің  пікірі  орынды. 

Мен  Фирдоуси  дастанын,  Тұрмағамбет  нұсқасын  толық 

салыстьфып шыққанда Тұрекеңнің түпнұсқаны соншалықты

терең  түсінгендігіне  талаи  рет  аиран  асыр  қалдым. 

Шығарманың  сюжетін  онан  сайын  қызғылықты  ете  түсу 

үшін Түрмағамбет «Шаһнамаға» талай түста жаңа эпизодтар 

енгізіп  отырған.  Олардың  бэрі де туындының тініне  сондай 

табиғи  сіңісіп  түрады.  Мысалы,  Рүстем  мен  Сұхрабтың

—  эке  мен  баланың  жекпе-жегін  суреттеген  жерден  кейін

ТӨГ1ЛТ1П


талаи

салт-дәстүріне  тэн  белгілерді  де  еркін  енгізіп  отырады, 

сонан  да  дастанның  ішіне  бір  кіріп  алсаңыз  оқиғалар 

қазақ  жерінде  өтіп  жатқандай  әсерге  де  бөленетініңіз  бар. 

Түрмағамбет Ізтілеуовтің өзі шығармасын арнағалы отырған 

оқырманның  ерекшелігін  ескеруі  де  бөлекше  атайтын 

қасиет.  Мынау Иранның үғымында ағайын  адамдардың бір- 

бірімен қүдандаласа беруі сөкет саналмайды. Түрекең ондай 

жерлердің бэрін айналып өтіп отырған, өйткені қазақтардың 

мүны ұнатпайтынын ескерген»  [214].

Міне,  екі  тілді  еркін  меңгерген,  «Шаһнаманың» 

түпнұсқасын да,  Тұрмагамбет нұсқасын да оқыған адамның 

айтқаны  осы.  Сондықтан да біз Түрмағамбет «Шаһнамасы» 

түпнүсқаның  идеясын,  рухын,  сюжетін,  образдар  жүйесін 

толық  меңгеру  арқылы  жасалған,  нәзираның  классикалық 

үлгілері  ізімен  жазылған  дүние  деп  қарауға  қүқылымыз. 

Әдеби  ерлік  деген  ұғым  бар.  Кейде  ретті-ретсіз  жерде  де 

қолданылып  қалып  жатады.  Тұрмағамбеттің  көлемі  40  мың 

жолдық  «Рүстем-дастанды»  айналасы  он  айдың  ішінде 

жазып шығуы — әдеби ерліктің дэл өзі.

244


Жасымнан назым сезге шебер едім,

Өзімнен шебер кім деп кебер едім.

Әргүрлі хикая мен дастандардыц,

Ширатқан шын жібектен көгені едім.

Тай түгіл түйе етіне тоймайтұғын 

Шаһналық шаммен қайнар шөген едім.

Байтақтан басып озып, бэйге алуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет