БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАНУЫ АПТАСЫНА – 1 САҒАТ, БАРЛЫҒЫ – 34 САҒАТ
№
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
Кіріспе.
|
1
|
2
|
PISA халықаралық зерттеуі.
|
1
|
3
|
PISA тест тапсырмаларының құрылымы.
|
1
|
4
|
Оқу сауаттылығы.
|
1
|
5
|
Мәтін және мәтін типтері.
|
1
|
6
|
Оқу сауаттылығы бойынша үлгілік тапсырмалар. 1-мәтін. Бақыт.
|
1
|
7
|
2-мәтін. Табиғатты сақтау – болашақты сақтау.
|
1
|
8
|
3-мәтін. Болашақ – ғаламтор-журналистикада.
|
1
|
9
|
4-мәтін. Болашақтың мамандықтары.
|
1
|
10
|
5-мәтін. Роботтар әлемі.
|
1
|
11
|
6-мәтін. Ғаламтор ғаламаты.
|
1
|
12
|
7-мәтін. Цифрлық инфрақұрылым.
|
1
|
13
|
8-мәтін. Жастар жадына ғаламтор жау.
|
1
|
14
|
9-мәтін. Жадынама.
|
1
|
15
|
10-мәтін. Үнпарақ.
|
1
|
16
|
11-мәтін. Тағылым отбасынан басталады.
|
1
|
17
|
12-мәтін. Достық уақытпен сынала ма?
|
1
|
18
|
13-мәтін. Жарнама.
|
1
|
19
|
14-мәтін. Қазақтардың ежелгі баспанасы – киіз үй.
|
1
|
20
|
15-мәтін.Кітапхана.
|
1
|
21
|
16-мәтін. Тамақтың құндылығы.
|
1
|
22
|
17-мәтін. Екі дос.
|
1
|
23
|
18-мәтін. Қасиетті Түркістан қаласы.
|
1
|
24
|
19-мәтін. Тұмау.
|
1
|
25
|
20-мәтін. Хельга Хилтунен.
|
1
|
26
|
21-мәтін. Қымызмұрындық.
|
1
|
27
|
22-мәтін.Жүргіншілер.
|
1
|
28
|
23-мәтін.Морелэнд.
|
1
|
29
|
24-мәтін. Ит жетектеген әйел.
|
1
|
30
|
25-мәтін. Аралар.
|
1
|
31
|
26-мәтін. Чад көлі.
|
1
|
32
|
27-мәтін. Маконда.
|
1
|
33
|
28-мәтін. Күн.
|
1
|
34
|
Қорытынды сабақ.
|
1
|
1 – МӘТІН. БАҚЫТ
Ерте, ерте, ертеде жайқалған үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала үнемі сол алма ағашының көлеңкесінде ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ер жетіп, ағаштың көлеңкесінде көп ойнамайтын болды. Бір күні бозбала көңіл күйі болмай, алма ағашына келеді.
Менімен ойнашы, – деп өтінеді ағаш.
Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін. Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ, – деп жауап береді жігіт.
Қап, менде де ақша жоқ... Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, табыс таба аласың.
Бозбала қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, тағы да ұзақ уақытқа жоқ боп кетеді. Бірер жылдан соң ғана қайтып келеді. Кешегі бозбала ендігі азамат болды. Ағаш оны көріп қатты қуанады.
Менімен ойнашы! – деп өтінеді ағаш.
Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, балашағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба? – Кешір... Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады...
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам тағы да ұзақ уақытқа көрінбей кетеді. Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың жанына келеді.
Ағаш:
Досым,кешір. Саған беретін еш нәрсем қалмады. Алма да жоқ...
Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім де қалмады, – дейді
адам. Ағаш:
дейді.
Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ, –
қатты мұңайтады. Бар қалғаны – кәрі, қурап бара жатқан тамырларым ғана, деді ағаш мұңайып.
Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса, болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты, – деді адам.
Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой, – дейді кәрі ағаш. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп, тағы бір қуанды.
тапсырма. БАҚЫТ
Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды анықтаңыз. А) Адамның сұлулығы – шыншылдығында.
В) Ары таза жігіттің ары таза. С) Уақыт – көшкен керуен.
Д) Бақыт белгісі – білім.
Е) Кең болсаң – кем болмайсың.
тапсырма. БАҚЫТ
Ағаштың отбасылы жігітке берген көмегін белгілеңіз. А) Арманын тыңдады
В) Алмасын берді
С) Гүлдерін сыйлады Д) Тыныштық сыйлады
E) Бұтақтарын кесіп берді
тапсырма. БАҚЫТ
Адамның ағашты риясыз жақсы көретіні қай өмір кезеңінде суреттеледі?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 1
E) 3,4
тапсырма. БАҚЫТ
Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқаны табыңыз. А) Ағашты үнемі күтіп-баптады.
В) Ағаштың жемісін сатты.
С) Ағаштың жемісін жинап алды.
Д) Бала кезінде ағаштың нәрлі жемісін жейтін.
E) Ағаштың бұтақтарын кесіп алды.
тапсырма. БАҚЫТ
Мәтін соңында ағаштың мұңаю себебін түсіндіріңіз.
тапсырма. БАҚЫТ
Мәтіннің «Бақыт» аталу себебін түсіндіріңіз.
2-МӘТІН. ТАБИҒАТТЫ САҚТАУ – БОЛАШАҚТЫ САҚТАУ.
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда. Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың еш қиянаты жоқ,»
деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше,заңсыз аң аулаушылар
«Қызыл кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады.
Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан- жануарларға, құстар мен өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы, елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде. Табиғаттың қай байлығы болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің құйрығы өзінің соры» дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң
болмасын, өзінің бір артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің немесе бұғының мүйізі қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе,
«Қызыл кітапқа» енген аң-құсты жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза қарастырмасақ, «Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін. (251 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |