Жоба
«ЖАСТАР
–
ОТАНҒА!»
«ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ
БАҒДАРЛАМАСЫ
I.
«ЖАС ОТАН»
–
ТӘУЕЛСІЗ ҰРПАҚ
#ZHASTAR
БІЗ КІМБІЗ
БІЗ ҚАЙДА
ҰМТЫЛАМЫЗ
БІЗДІ НЕ БІРІКТІРЕДІ
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ
БІЗДІҢ ІС
-
ҚИМЫЛЫМЫЗ
БІЗДІҢ ҰСЫНЫСЫМЫЗ
II.
ТАБЫС ТРАЕКТОРИЯСЫ: «ЖАСТАР
–
ОТАНҒА!»
ОТАНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕМЕЛДЕНУ
БІЛІМГЕ ҰМТЫЛЫС
ЕҢБЕК ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ
ІІІ. «ЖАС ОТАН».
#VISION2020
2
«
Мен сіздерге
-
жаңа буын
қазақстандықтарға үміт артамын.
Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер
»
Нұрсұлтан Назарбаев
I.
«ЖАС ОТАН»
–
ТӘУЕЛСІЗ ҰРПАҚ
#ZHASTAR
БІЗ КІМБІЗ
Біз, Қазақстанның жас және еркін азаматтары, қуатты, гүлденген ел
құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің
дамыған 30 мемлекетінің
қатарынан көреміз. Біз «Нұр Отан» партиясымен бірге өз қуатымыз
бен
білімімізді «Қазақстан
-
2050» Стратегиясын жүзеге
асыруға
жұмылдырамыз.
Біз уақыттың сынақтарына
дайынбыз,
біз
«Нұрлы
Жол»
экономикалық саясатын өз арман
-
мақсатымызды
жүзеге
асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреміз.
«
Жас Отан» елінің жарқын болашағына
сенетін
отаншыл
жастардың ақыл
-
ойы мен тілегін тоғыстырады
.
Тарихи дамудың 15 жылы ішінде
біз еріктілер қозғалысынан
толыққанды ұйымға дейінгі жолдан өтіп,
Елбасының Мемлекеттік
бағдарын жақтаушы
жастар коалициясының
негізіне айналдық
.
Бүгінде «Жас Отан» еліміздің барлық аймақтарында жастармен
бірлесе жұмыс істейді
.
Біз бәріне ашықпыз
–
Қазақстанның барша
жастарының тілектері мен мақсаттары біз үшін маңызды әрі
жанымызға жақын
.
«Жас Отан»
–
«Нұр Отан» партиясының келешегі. Елбасы
–
Партияның негізін қалаушы, оның басшылығымен Қазақстан халқы
қарқынды даму үстіндегі мемлекет құрды. Біз
-
оның идеяларын
таратушылармыз
.
БІЗ ҚАЙДА
ҰМТЫЛАМЫЗ
Біздің
миссиямыз
:
әр
жасқа табысқа жетудің жолын нұсқау және
Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі
күні батыл қимылдап
,
келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын
қалыптастыру.
БІЗДІ НЕ БІРІКТІРЕДІ
Біз болашағы біртұтас ұлтпыз. Бізді еліміздің табысты болашағына
деген жауапкершілік, Қазақстанды гүлденген, бақуатты мемлекетке
айналдыруды қалаған ортақ ниет біріктіріп отыр.
Біздің басты байлығымыз және ең маңызды құндылығымыз
–
Ел
Тәуелсіздігі. Қазақстанның гүлденуі
–
біздің ортақ идеямыз.
Біздің барлық күш
-
жігеріміз бен іс
-
қимылымыз мемлекеттілікті
нығайту мен елді дамытуға бағытталған.
3
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ
Біз бәріміз, ортақ шаңырақ
астында өсіп
-
өнген бір халықтың
балалары, мемлекетімізде салтанат құрған
бейбітшілікті, бірлік пен
келісімді
болашақта да сақтайтын боламыз. Әркімнің
жеке табысы
–
тұтас елдің табысы. Жас ұрпақтың берекелі өмірге ұмтылысы
Қазақстан тәуелсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз ететініне біз кәміл
сенеміз.
Біз Адамды, оның құқығы
мен бостандығын жоғары құндылық деп
тануға негізделген әділдік
және заңның үстемдігі
идеяларына
адалмыз.
Бес институттық реформа және «Нұр Отан» партиясы саяси
Доктринасының негізін құрайтын бұл құндылықтар біз үшін бағдар
болып табылады
.
Бабадан қалған рухани мұраны барынша
ұлықтау, отбасы
институтын нығайту және
дәстүрді сақтау
біздің ерекше сипатымызды
қалыптастырып, мемлекеттілігімізді дамытудың
кепілі болып
табылатынын анық білеміз
.
Еліміздің бақытты болашағы
–
бұл біздің
таңдауымыз, және бізді жасампаздыққа
жетелейтін құндылық.
БІЗДІҢ
ІС
-
ҚИМЫЛЫМЫЗ
Біз баршаға
ашықпыз. Біз келешекке батыл және сенімді
қараймыз.
Бос сөз
бен жалаң ұранның
орнына біз нақты әрекетті
жөн көреміз
.
Біз
еліміздегі жетекші саяси күш
–
«Нұр Отан» партиясымен бірге
өз
жобаларымызды жүзеге асыра отырып, жұмысты нақты
көмек
түрінде
жүргіземіз
.
Біз транспарентті және есеп беруші мемлекеттің қуатты азаматтық
қоғаммен, белсенді және жауапкершілігі жоғары үкіметтік емес
ұйымдармен әріптестік танытуы арқылы құрылатынын жете түсінеміз.
Ашықтық, жауапкершілік
,
есептілік және тиімділік
–
«Жас Отан»
басшылыққа алатын қағидаттар.
Біз өткеннің үздік тәжірибелерін ала
отырып, алға баса береміз
!
Біз
Қазақстанның әр
түкпірінде
жүріп, әр аймақтың табысын мемлекеттің
табысына
айналдыру жолында қызмет етудеміз
.
Біз күрделі әрі
елеусіз
жұмыстан тайсалмаймыз, себебі, біз жұмсаған күш
-
жігер
–
ол
Қазақстанның болашағына салынған инвестиция!
БІЗДІҢ ҰСЫНЫСЫМЫЗ
Жаңа кезең алдымыздағы жаңа сынақтармен байланысты.
Жаһандану жағдайында әлемде елдердің және адами капиталдың
бәсекелестігі артуда. Ғаламдық деңгейде дәстүрлі құндылықтар
дағдарысы байқалуда.
Тұтынушылық идеологиясының тығырыққа
тірейтіні анық байқалды.
Ол жаппай әлеуметтік масылдық тудырды
,
дағдарыстың басты себептерінің бірі де осы
.
4
Біз
әлемнің тұрақсыздығына куә болып отырмыз. Ол тез арада
шешім қабылдап, әрекет етуімізге түрткі бола отырып, көз алдымызда
құбылуда. Дағдарыс дегеніміз
-
қашанда стратегиялық тұрғыдан
ойлап, әрекет ете алатындар
үшін алға суырылып шығудың мүмкіндігі.
Біз оны қалыптасқан құндылықтарды жаңаша қырынан
түсініп,
дамытудың
қозғаушы күші ретінде пайдаланамыз. Жаһандық
тұрақсыздық кезеңінде «Нұрлы Жол»
жаңа экономикалық саясаты
–
әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы сенімді
қадамымыз.
Осындай жағдайда табысқа
жетелейтін
жалғыз жол
–
еліміздің
барша
жастарының ауызбіршілігі мен ынтымағы. Біз Елбасы
айқындап
берген табыс траекториясы, бес институттық реформа
қуатты
Қазақстанды
құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Біз
өз
идея
-
ұстанымдарымыз
бен
құндылықтарымыздың
төңірегінде топтасамыз, бұл
–
бізді
жарқын келешекке бастайтын
жол!
II.
ТАБЫС ТРАЕКТОРИЯСЫ: «ЖАСТАР
–
ОТАНҒА!»
«Жастар
–
Отанға!» табыс траекториясы
–
тұтас қоғамның пайдасы
үшін жеке жетістіктерге жетелейтін жол. Біздің сеніміміз
бен
ұмтылысымызды, бес басты өзгеріс жолындағы деген біздің іс
-
қимылымыз бен үлесімізді
дәл осы формула
анықтайды
.
Табыс траекториясы
–
бұл біздің отаншылдығымыз, біздің
жалындаған жүрегіміз, бұл
–
біздің біліміміз мен ақыл
-
парасатымыз,
бұл
–
біздің кәсібилігіміз бен еңбегіміз.
Бүгінде біздің алдымыздан
зияткерлік тұрғыдан дамуға, өзімізді
танытуға
және
шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр.
«Нұрлы Жол»
–
жасампаз еңбекке деген қабілетімізді шыңдап
,
білімге
ұмтылысымызды паш етуге
тамаша мүмкіндік
.
Жастар
–
«Мәңгілік ел»
ұлттық идеясының басты тірегі. Елбасы айқындаған бағытпен жүре
отырып, біз жаңа Қазақстанды құрамыз.
«Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу
Мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс
»
Нұрсұлтан Назарбаев
ОТАНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕМЕЛДЕНУ
Біз
СЕНІМДІМІЗ
:
-
Отаншылдық,
туған
елге
деген
сүйіспеншілік
адамның
рухани
және
тұлғалық
кемелденуінің
өлшемі
болып
табылатынына;
5
-
Жаңа
қазақстандық
патриотизм
–
бұл
ең
әуелі
өз
еліңді
және
оның
жетістіктерін
мақтан
тұту,
алдыңа
жоғары
мақсат
қойып,
оған
жете
білу,
ортақ
игілік
үшін
жұдырықтай
жұмыла
қызмет
етуге
даяр
болу
екеніне;
-
Әр
адамның
талантты
екеніне
және
жастардың жан
-
жақты
дамуына
мемлекеттің
мүдделі екеніне;
-
Адамның табысқа жетуін оның дүниетанымы мен сенім бекемдігі,
мінезінің беріктігі
айқындайтынына;
-
Денсаулықтың мықты болуы және
зиянды әдеттерден бас тарту
тұлғалық кемелденудің іргетасы екеніне;
-
Қарқынды
даму
үстіндегі
әлемде
мықты
және
жауапты
азаматтары
көбірек
ел
табысқа
жететініне;
-
Белсенді азаматтық ұстанымы бар жастың қалыптасуында өз
ойын тұжырымдай білуі, көзқарасын танытуы мен қорғай алуының зор
рөл атқаратынына;
-
Шығармашылық тұрғыдағы өз қырын таныту үнемі даму мен өзін
-
өзі жетілдіру үрдісінде басым маңызға ие екеніне;
-
Табыстың экстремизм мен
радикализмнің, басқыншылықтың кез
-
келген түрі мен көріністерімен үйлеспейтін
ұғым екеніне
.
Біз
ОРЫНДАУҒА
ТИІСПІЗ
:
Патриоттық
тәрбие
жүйесін
жетілдіруді
белсене
қолдауды
:
-
Аға
буынға
құрмет
көрсету
арқылы;
-
Отанымыздың
тарихи
және
мәдени
мұрасын
терең
және
жүйелі
түрде
зерделеу,
мемлекеттік
рәміздерге
ұқыпты
қарау
сезімін
тәрбиелеу
арқылы;
-
балалар
мен
жасөспірімдердің
«Жас
Ұлан»
ұйымын
жан
-
жақты
қолдау
арқылы;
-
әскери
-
техникалық
мектептер
мен
әскери
-
патриоттық
клубтар
желісін
одан
әрі
дамыту
арқылы,
жобалар,
бастамалар
және
әртүрлі
іс
-
шаралар
арқылы
.
Волонтерлік
қозғалысын
жалпыұлттық
деңгейге
шығаруды:
-
волонтер
мәртебесін
көтеру
үшін
«Волонтер
туралы»
заң
жобасын
қабылдауға
себепкер
болу
арқылы;
-
волонтерлікті
қоғам
алдындағы
парызды
өтеудің
түрі
және
жастардың
келешек
кәсіби
өсуі
үшін
әлеуметтік
лифт
ретінде
дамыту
арқылы.
Жастардың
бос
уақытын
пайдалы
өткізуі
және
салауатты
өмір
салтын
ұстануы,
сондай
-
ақ
шығармашылық
әлеуетін
жүзеге
асыруы
үшін
жағдай
жасауды
:
-
қызығушылықтары
бойынша
үйірмелер,
аула
клубтары
және
тағы
басқаларды
пайдалана
отырып,
тұлғаның барлық сипаттағы
қабілеттерін анықтау арқылы;
6
-
жастарды спорт
секцияларына, мектептеріне жаппай тарту, жас
спортшыларды
қолдау арқылы;
-
ұлттық
және әлемдік өнердегі
шығармашылықты
қолдай отырып;
-
жастар арасында бос уақытты шығармашылық тұрғыда өткізу мен
қоғамдық қызметтің белсенді формасын дәріптеу
арқылы
.
Ұлттық
мәдениетімізді, тіліміз бен дәстүрімізді жан
-
жақты және
ұлы қалпында сақтауға септігімізді тигізуді:
-
мемлекеттік тілді заң,
ғылым
және
жаңа
технологиялар
тілі
ретінде
дамыта
отырып,
оның
жастар
арасында
белсенді
түрде
қолданылу
аясын
кеңейтуге
шақыру
арқылы.
Діни экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет етуді
:
-
жастарды жоғары мораль және толеранттылық, ұлтаралық және
конфессияаралық келісім рухында патриоттық тәрбиелеу
жүйесіне
тарту арқылы
.
Жоғары құқықтық мәдениетті, қоғамдық қауіпсіздікті, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс
-
қимылды нығайту және құқық бұзушылыққа
төзбеушілік
ахуалын қалыптастыруға ықпал етуді.
«
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін
біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз
керек
»
Нұрсұлтан Назарбаев
БІЛІМГЕ ҰМТЫЛЫС
Біз
СЕНІМДІМІЗ
:
-
Білім және
өзіңді
үздіксіз жетілдіру
–
қазіргі
заманғы әлемде
адамның
және елдердің табысқа жетуінің
стратегиясы
екеніне
;
-
Практикалық қолдану
–
білім сапасының өлшемі
екеніне
;
-
Әр
жас сапалы білім алуға, соның ішінде шетелде де білім алуға
құқылы
екеніне
;
-
Білім
–
әрқайсымыздың бойымызда жинақталған ресурстар мен
әлеуетті ашатын кілт болып табылатынына;
-
Білім
мен сыбайлас жемқорлық сыйыспайтын ұғымдар екеніне;
-
Бүгінде Қазақстанда әр кезеңде жан
-
жақты сапалы білім алу мен
оқуға барлық мүмкіндіктер бар екеніне
;
-
Білім адамның өзіне және өз болашағына салған ең бағалы
инвестициясы болып табылатынына
.
7
Біз
ОРЫНДАУҒА
ТИІСПІЗ
:
Дуальді білім беруге, яғни оқытудағы теория мен тәжірибені
техникалық және кәсіби білім беру саласында ұштастыра
дамытуға
белсенді қатысуды
:
Білім культін ілгерілетуді, сондай
-
ақ, ғылыми
-
инновациялық
қызметті
дамытуды:
-
жастар арасында инновациялық және кәсіпкерлік мәдениетті
қалыптастыру
арқылы;
-
индустрияландыру бағдарламасы
шеңберінде еліміздің 10 ЖОО
-
да қарастырылған ғылыми зерттеулерге студенттердің белсенді
қатысуы арқылы
;
-
стартап және инновациялық жоба байқаулары арқылы;
-
ТжКБ ұйымдары, ЖОО
-
лар, мектептерде кәсіпкерлік негіздерін
оқыту арқылы;
-
жастар арасында кітап оқу культі мен сыни ойлау қабілетін
қалыптастыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыра отырып;
-
инновациялық жобалар, олимпиадалар және
байқаулардың
жеңімпаздары мен қатысушыларын ынталандыру арқылы
.
Жастардың бейресми білім алу жүйесін құруға бастамашы
болуды:
-
әртүрлі тренингтер, семинарлар және әлеуметтік жобалар
арқылы;
-
жастарды интернет мүмкіндіктерін прагматикалық түрде
пайдалануға үйрету, желілік бағдарлау бойынша жарыстар өткізу
арқылы
(
практикалық тапсырмаларды орындау, қажетті ақпаратты
іздеу,
мемлекеттік және өзге қызметтерді алу
);
-
бейресми
білім алуды дамыту
үшін менторлық институтын құра
отырып
.
Білім беру мен тұлғалық жетілудің барлық деңгейлерінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез
-
құлық үлгісін жасау және
енгізуге
белсене араласуды
:
-
меритократия қағидаттарын қорғау және ешбір салада сыбайлас
жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді қолдай
отырып
;
-
біліктілікті (кәсіби жарамдылықты) дәлелдеудің тәуелсіз жүйесін
дамытуды жақтау арқылы
;
-
педагогтар мен оқытушылардың кәсіби деңгейі мен мәртебесін
көтеруді жақтау арқылы;
-
білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі қоғамдық бақылаудың
түрлі үлгілерін жетілдіре отырып (студенттік өзін
-
өзі басқару ұйымдары
және
қамқорлық кеңестері)
.
Қарым
-
қатынас пен жаңаша
білім алудың негізгі құралы есебінде
үштілділікті ілгерілетуді қамтамасыз етуді:
-
тілдік курстардың тиімділігін және қолжетімділігін арттыра отырып
.
8
Жас адамның ерте кәсіби бағытталуына және өз өмірінің
траекториясын саналы түрде таңдауына септік етуді.
«
Ұлттық байлығымыздың, әл
-
ауқатымыз бен
әлеуетіміздің
түп негізі
–
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
»
Нұрсұлтан Назарбаев
ЕҢБЕК ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ
Біз
СЕНІМДІМІЗ
:
-
Табыстың шыңына апаратын жолдың еңбекті сүюден
басталатынына;
-
Елдің жетістігі мен байлығы
–
оның азаматтары мен алдыңғы
буынның еңбегінің нәтижесі екеніне;
-
Еңбек
–
өзіңді, өз дарыныңды таныта алатын, табыс пен құрмет
-
қошеметке жеткізетін сара жол екеніне;
-
Кәсіби тұрғыда өзіңді өзің дамыту
–
сұранысқа ие болудың кепілі
екеніне;
-
Кәсіби маман есебінде жан
-
жақты және үздіксіз даму
–
табысты
жас қазақстандықтың ұстанымы екеніне
;
-
Мемлекетке қызмет ету
–
қоғамымыздың бірлігін нығайтудың
негізі
бола алатынына;
-
Индустриализация және инновациялар
–
табысты экономикалық
өсімнің басты стратегиясы екеініне.
Біз
ОРЫНДАУҒА
ТИІСПІЗ
:
Кәсіби
мамандардың кадрлық корпусын құруды
қамтамасыз
етуді:
-
өңірлік және салалық деңгейде еңбек сіңіру принципі бойынша
табысты кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру арқылы;
-
ел дамуының басты бағыттары бойынша болашағынан үміт
күттіретін қазақстандық жастар қатарынан жастар резервін
қалыптастыруға белсенді қатыса отырып
.
Жастар жұмыссыздығы деңгейінің төмендеуіне септігімізді
тигізуді
:
-
жастардың жұмыспен қамтылуына жан
-
жақты көмектесу арқылы;
-
«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жастарды ауқымды көлік
инфрақұрылымы құрылысына тарту арқылы;
-
оқудағы жастарды, сондай
-
ақ, жұмыссыз жастарды алдын ала
кәсіби бағыттау жүйесін ілгерілету арқылы.
9
Шағын және орта бизнесті экономикалық өсімнің драйвері
ретінде дамытуға септік етуді:
-
іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандырудың
жаңа бастамаларын қолдай отырып;
-
кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың
несие желілеріне және оқыту курстарына жастардың қолжетімділігін
қамтамасыз ету арқылы;
-
табысты жеке компаниялардың жастар алдындағы тәлімгерлік,
жұмыспен қамту және оқыту үшін әлеуметтік жауапкершілігін арттыра
отырып;
-
жастара арасындағы кәсіпкерлік бастамаларға жан
-
жақты қолдау
көрсете отырып.
Мемлекеттік және жеке секторда оқыту мен біліктілікті үздіксіз
арттырып отыру жүйесін дамытуды:
-
еңбекке жас кезден дағдыландыру арқылы;
-
аға қызметкерлердің еңбек тәжірибесі жастарға өнеге болып
қалуы үшін жетекшілік пен өндірістік тәлімгерлікті дамыту арқылы;
-
кәсіби тұрғыда өсуге, шығармашылық ізденіс пен жаңа кәсіби
межені бағындыруға ықпал ету арқылы;
-
барлық негізгі салаларда жас мамандарды үнемі оқыту, даярлау
және біліктілігін арттыруға жағдай жасау арқылы;
«
Үйдің
берекесі
қабырғасының
қиюымен
емес,
теңінің
жиюымен,
отбасындағы
сыйластықпен,
татулықпен
кіреді
»
Нұрсұлтан Назарбаев
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ
Біз
СЕНІМДІМІЗ
:
-
Әр
адам
бақытты
болуға
лайық,
ал
отбасы
–
жеке
табыстың
тірегі,
адамның
үйлесімді
дамуының
қозғаушы
күші
екеніне
;
-
Отбасы
–
қазақстандық қоғамның арқауы, ал әр қазақстандық
отбасының табысы
–
тұтас мемлекеттің табысы екеніне;
-
Кемел және үйлесімді тұлғаның дамуы
отбасында
басталатынына;
-
Әр отбасы жайлы өмір сүруге және әлеуметтік кепілдіктерге ие
болуға лайық екеніне;
-
Отбасы институтын нығайту және дәстүрді сақтау
–
мемлекеттігіміздің даму кепілі екеніне;
-
Ұрпақтар сабақтастығы, бір
-
біріне демеу болу дәстүрлері,
еңбексүйгіштік, мінез
-
құлық мәдениеті мен басқа адамның құқығы мен
бостандығын сыйлаудың отбасында қалыптасатынына;
10
-
Аға буынды қолдау
–
жастардың адамшылық парызы болып
табылатынына
.
Біз
ОРЫНДАУҒА
ТИІСПІЗ
:
Өмірде
қиын жағдайға тап болған жас отбасыларға дербес
психологиялық және құқықтық көмек көрсетудің механизмдерін
дайындауды және іске асыруды қамтамасыз етуді:
-
жас отбасыларға заңдық және психологиялық қызмет көрсете
отырып;
-
үлгілі жас отбасыларды мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық
ұйымдар
мен
бизнес
-
қауымдастықтардың
қолдауын
және
ынталандыруын жақтау арқылы
.
Жастардың некеге, отбасыға және жауапты ата
-
ана болуға
саналы түрде және жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал
етуді:
-
үлкенге ізет,
тұрақты неке, көпбалалы отбасы секілді дәстүрлі
құндылықтарды дамыта отырып
.
Жас отбасыларды қолжетімді баспанамен және балабақша
орындарымен қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіруге қол
жеткізуді:
-
жас отбасыларға арналған арендалық баспананың бөлінуіне
қоғамдық бақылау орнатылуын және жастардың қолданыстағы тұрғын
-
үй бағдарламалары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету арқылы
;
-
инвестициялар тартудың, жас отбасылардың қатысуымен тұрғын
үй, балабақшалар құрылысының балама үлгілерін енгізе отырып.
Жас отбасылардың бос уақытын өткізу өрісін дамытуды
қамтамасыз
етуді:
-
қызығушылықтары бойынша түрлі клубтар мен қауымдастықтар
құру, байқаулар мен іс
-
шаралар ұйымдастыру арқылы;
-
жас отбасылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін
олармен жұмысқа қоғамдық
ұйымдарды тарту арқылы
.
ІІІ. «ЖАС ОТАН». #VISION2020
Біз өз елімізді шын жүрегімізбен
сүйеміз және оны іспен
дәлелдейміз. Біз әр жас қазақстандықтың
табысқа жетуі мен өрлеуіне
барлық жағдайды жасай
отырып, әлемнің ең табысты
елдерінің бірі
бола аламыз. Және бәріміз
бірге өсіп
-
өркендеуге
ықпал етуге әзірміз.
Қазақстанның
алға ұмтылу жолында бізге үлкен үміт артылып отыр.
Тәуелсіздік
жылдарында аға буын қол жеткізген игіліктің бәрін сақтай
отырып, ХХІ ғасырдағы тұрақты дамуды
жалғастыру біздің
қолымыздан келеді.
11
Біз
–
«Қазақстан
-
2050» Стратегиясын жүзеге асырудың қозғаушы
күшіміз, оның орындалуы
–
бізді жаңа мүмкіндіктерге жетелейді. Біз
жұдырықтай жұмыла отырып, жаңа Мемлекеттік бағдарда қойылған
міндеттерді іске асыруға нәтижелі серпіліс жасай аламыз. Бес
институттық реформа
–
замананың жаңа сынақтарына біздің
жауабымыз, біз оларды тек бірге және табанды қимылдау арқылы ғана
жүзеге асыра аламыз.
Біз күш
-
жігерімізді зияткер ұлт пен кемел, кәсіби жас
қазақстандықты қалыптастыруға, сондай
-
ақ, жастардың арасында
жалпыға ортақ еңбек қоғамының идеясын насихаттауға бағыттаймыз.
Біз
–
тәуелсіз елде шыңдалған Қазақстан жастарының жаңа
буынымыз. Біз топтаса отырып, қазіргі заманның сынақтарына төтеп
бере аламыз және оларды зор мүмкіндікке айналдыра отырып, елімізді
әлемнің шоқтығы биік 30 елінің қатарына қосамыз. Біз 2050 жылғы
Қазақстанды құрудың және онда өмір сүрудің тарихи мүмкіндігіне ие
болып отырмыз.
«Нұрлы Жол» экономикалық саясатын жүзеге асыру арқылы 2020
жылы көлік, энергетика, тұрғын үй және әлеуметтік салада
болашақтың инфрақұрылымы құрылады.
2020 жылы Қазақстанның әр жас азаматы бәсекеге қабілетті, еркін
ойлы, жауапты, болашаққа ұмтылған, еңбексүйгіш, белсенді
мемлекетшіл
,
азаматтық
позициясы бар және өз ісінің кәсіби маманы
болуы үшін барлық жағдай жасалады.
Біз бар күш
-
жігерімізді жұмылдыру нәтижесінде
Қазақстанның
әр
жас азаматы
:
-
өз елін сүйетін, әркез оның тәуелсіздігін қорғап қалуға әзір
тұратын, оның дамуына жеке табыстарға жете отырып үлес қосатын;
-
өз халқының дәстүрін сыйлайтын және отбасы құндылықтарын
ұлықтайтын;
-
үздіксіз білім алуға, тұлғалық кемелденуге және жаңа білім мен
дағдыға бағытталған;
-
еңбекті құрметтейтін және мамандығының майталманы болуға
ұмтылатын кемел келешек құра алатынымызға кәміл сенеміз.
Біз Елбасының «Қазақстан
-
2050» Стратегиясында баяндалған
жаңа саяси бағыттың бас қозғаушы күші дәл осындай жастар
болатынына сенімдіміз.
БІЗ БЕЛГІЛЕГЕН МЕЖЕ
Жастар
саясатындағы
индикаторлардың
олқылықтары,
нәтижелерді есепке алудың
күмәнді жүйесі тиімділікті бағалауда
қиындықтар туғызады. Біздің міндетіміз
–
жастар ортасындағы елеулі
өзгерістерді қоғамның қадағалап отыруы үшін нақты индикаторларды
енгізу арқылы басқару сапасын жоғарылату
.
12
Аталмыш Бағдарламада
жастар дамуының халықаралық индексі
қолданылған, онда Қазақстан
27-
нші орын алады. Біз қол
жеткізген
нәтижелермен тоқтап қалмай, 2020 жылы үздік
20 елдің қатарына
кіруді жоспарлап отырмыз.
Біріншіден, біз волонтерлік қозғалысын дамыту және өзгелерге
қолұшын берудің ауқымын көтеру арқылы жастардың азаматтық
белсенділігі индексін
арттырамыз.
Екіншіден, жастардың өкілдік көрсеткішін және сайлауға қатысу
деңгейін жоғарылату арқылы жастардың саяси белсенділігі индексі
ұлғаяды.
Үшіншіден, жастар арасында жұмыссыздықты азайту және
жұмысбастылық деңгейін көтеру арқылы жұмыспен қамту саласы
индексінің
көрсеткішін сақтап қаламыз.
Төртіншіден, жастардың сауаттылық деңгейін және білім берумен
қамтылған жастардың пайызын көбейту арқылы білім беру саласының
индексі
жоғарылайды.
Бесіншіден, салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың пайызын
өсіру арқылы біз денсаулық сақтау саласының индексін арттырамыз.
#P.S.
Аталмыш Бағдарлама әр жас
өз өмірінде табысқа жете отырып,
елінің гүлденуіне септігін тигізетін Қазақстан келешегінің
көрінісін
сипаттаған «Жас Отан» Жастар қанатының құжаты болып табылады.
Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің ертеңіне іргетас боларлық
басты құндылықтар қалыптасты. Тәуелсіздік пен гүлдену, әділдік пен
ынтымақ ұғымдары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясынан көрініс тапты. Тек
ұлттық идея төңірегінде біріге отырып қана біз әлемнің дамыған 30
елінің қатарына кіреміз. Жастық және көшбасшылыққа ұмтылу
–
«Мәңгілік Елдің» сарқылмас қозғаушы күші.
Бағдарлама
-
біздің іс
-
қимылымыздың идеологиялық нұсқаушысы,
табысты болашаққа
нақты қадамдар.
Бағдарлама жас қазақстандықтың өмірден өз орнын табуына және
ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді. Біз 2020 жылы өткенін
бағалайтын және болашаққа қадамын нық басқан табысты
азаматтардың жаңа буынын біріктіреміз.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
КЕЛЕШЕГІ СЕНЕН БАСТАЛАДЫ!
Достарыңызбен бөлісу: |