БағдарламаСы Қызылорда, 2022



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі191,5 Kb.
#95229
түріБағдарламасы
  1   2   3

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«БЕКІТЕМІН»
Ж аратылыстану институты директоры _______________ а-ш.ғ.к. С.У.Қосанов
« 2 » қыркуйек 2022 ж.
6В01405 (6В01406) – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған дипломалды/өндірістік практиканың
БағдарламаСы

Қызылорда, 2022


Құрастырушы жетекшілер: «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушылары: Тютебаев Б.Х., Абдулхасанов А.И., Турспенбетова С.Т., Төлегенов А.И., Турсунов Б.Д.


Бағдарлама «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Х аттама №1 « 31 » 08 2022 ж.


Кафедра меңгерушісі: _______________ Т.Д.Бимаханов


Бағдарлама педагогикалық-жаратылыстану бағыты бойынша Академиялық кенестін мәжілісінде қаралып, бекітілді.


Хаттама №1 « 2 » 09 2022 ж.


Кенес төрағасы: ________________.Х.Курманбаев




Кіріспе
Дипломалды/өндірістік практика студенттерді дайындаудың маңызды саласы болып табылады және 6В01405 (6В01406) – «Дене шынықтыру және спорт» Білім беру бағдарламасы бойынша алған теориялық білімді іс-тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалыптастырумен байланыстыруға мүмкіндік береді..
Білім алушылар практикасының мақсаты практикалық іскерлік пен дағдыларды дамыту, сондай-ақ кәсіби қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде білім алушылардың құзыреттерін қалыптастыру болып табылады.
Практика білім алушы түлектерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес кәсіби қызметті меңгеруінің үздіксіздігі мен дәйектілігін қамтамасыз етуге және жалпы мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Өндірістік практика-бұл педагогикалық кәсіптік практика.
Өндірістік практика процесінде білім алушының теориялық дайындығы тереңдей түседі және оның кәсіби қызмет саласында құзыреттілікке ие болады: "дене шынықтыру" бағытында оқитын студенттер білім беру және дене шынықтыру-спорт мекемелерінің оқытушылары мен қызметкерлері ретінде тәжірибеден өтеді.
Тәжірибе дербес қызметті дамытуға, білім беру мекемесінің жұмыс істеуінің негізгі бағыттарын талдауға, дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын дайындауға және өткізуге мүмкіндік береді. Практика-бұл оқу жоспарында қамтылған пәндерді оқуды қорытындылайтын студенттің өзіндік қызметі.
Болашақ дене шынықтыру пәні оқытушысының бойында кәсіптік педагогикалық және психологиялық дағды қалыптастыру, студенттерді орта білім беру және спорт мекемелерінде жұмыс істеу жағдайына бейімдеу, олардың бойында мұғалім, жаттықтырушы мамандығына деген саналы қызығушылық қалыптастыру іс-тәжірибенің мақсаты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет