Ойлау
мәдениетіне ие болуы, жалпылауға, талдауға,
ақпаратты қабылдауға, алдарына
мақсат қойып, оған жету жолдарын таңдауға қабілетті болуы тиіс;
ауызша және жазбаша сөзді логикалық тұрғыда дұрыс,
дәлелді және анық құра білу;
өзін-өзі дамытуға, шеберлігі мен квалификациясын жетілдіруге ұмтылу;
болашақ мамандығының мәнділігін жете ұғыну, кәсіби қызметін орындауға деген ынта-
жігерінің жоғары болуы.
Магистратураға түсуші «Классикалық және қазіргі заманғы шығыстану», шығыс тілінен,
Шығыс елдерінің тарихынан (магистр деңгейіне сай) көлемде білімге, біліктілік және машыққа
ие болуы тиіс.
Шығыс тілінің орфографиялық, орфоэпикалық, лексикалық,
грамматикалық
және стилистикалық норма біліміне ие болу. Практика жүзінде сөйлеудің негізгі сөз
формаларын қолдана білу: баяндау, сипаттау, пайымдау.
Шығыс елдері тарихына, оқитын ел
тарихына қатысты білімге ие; оқитын елдің саяси жүйесіне,
әлеуметтік-экономикалық
құрылысына қатысты сұрақтарға жауап бере алады. Магистратураға түсушілер шығыс
қоғамдарының даму ерекшеліктерін және олардың іргелі мәселелерін терең түсінулері керек.
Қабылдау емтихан, бакалаврдың іс-тәжірибелік әрі теориялық дайындығын анықтауға
арналған және дайындық бағыты бойынша магистратурадағы білім беру талаптарына қатысты
студенттердің білімі, машығы мен дағдысының сай келуін анықтау мақсатымен өткізіледі.
Емтиханның формасы – жазбаша емтихан.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
1) Базалық (шығыс) тілі – 3
кредит
2) «Классикалық және қазіргі заманғы шығыстану»
-
2 кредит
Достарыңызбен бөлісу: