1
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мазмҧны
1. Бағдарламаның тӛлқұжаты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы жағдайды талдау
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және нәтижелерінің кӛрсеткіштері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
және тиісті шаралар
6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
7. Қажетті ресурстар
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік
бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны
әзірлеуге жауапты
мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
Бағдарламаны іске
асыруға жауапты
мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі, Астана және Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдіктері
Бағдарламаның
мақсаты
Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық
ӛркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың
тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.
Міндеттері
1
.
Санитариялық әл-ауқатты, қауіп факторларының
профилактикасын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттау
мен саламатты ӛмір салтын ынталандыру негізінде халықтың
денсаулығын нығайту.
2. Халықтың мұқтаждығына бағытталған, интеграцияланған
денсаулық сақтау жүйесінің негізінде медициналық қызмет
2
кӛрсетудің қолжетімділігін, тұтастығы мен сапасын қамтамасыз ету
3. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін,
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы
мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ
жауапкершілігіне негізделген денсаулық сақтауды қаржыландыру
жүйесін құру
.
Іске асыру мерзімі
2016-2020 жылдар:
бірінші кезең: 2016-2018 жылдар
екінші кезең: 2019-2020 жылдар
Нысаналы
индикаторлар
2021 жылға қарай:
Қазақстан Республикасы халқының күтіліп отырған ӛмір сүру
ұзақтығының 73 жасқа дейін ұлғаюы;
ана ӛлім-жітімінің 2009 жылғы деңгейден 3 есеге тӛмендеуі;
нәресте ӛлім-жітімінің 2009 жылғы деңгейден 2 есеге тӛмендеуі;
Қазақстан Республикасы халқының жалпы ӛлім-жітімінің 2010
жылғы деңгейден 30%-ға тӛмендеуі;
туберкулезден болатын ӛлім-жітімінің 100 мың адамға шаққанда
3,8-ге дейін тӛмендеуі;-
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының
таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстап тұру
Қаржыландыру
кӛздері мен кӛлемі
2016-2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық
және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да
қаражат қосымша бағытталатын болады. бағдарламаны іске асыруға
мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар __________
млн. теңгені құрайды.
Жылдар
бойынша
Барлығы
Республикалық
бюджет
Жергілікті
бюджет
Басқа да
кӛздер
2016 ж.
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
2020 ж.
Барлығы:
Бағдарламаны қаржыландыру кӛлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тиісті қаржылық жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді
бекіту кезінде нақтыланатын болады.
КІРІСПЕ
Осы 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
әрі – Мембағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922
3
Жарлығын, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлыжол – болашаққа
жол» атты Қазақстан халқына жолдауын және «Бес институционалдық реформаны іске
асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында
әзірленген, денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған және 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» алдыңғы мемлекеттік
бағдарламаларының қисынды жалғасы болып табылады.
Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың
2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – 2005-2010 жылдарға арналған
мембағдарлама) негізгі шаралары саланың инфрақұрылымын құруға бағытталған болатын.
Бұл кезеңде республикада 500-ден астам жаңа денсаулық сақтау нысандары салынып, 4000-
нан астам аурухана мен емхана күрделі жӛндеуден ӛткізіліп, 75 миллиард теңгеден астам
сомаға заманауи құрал-жабдық сатып алынды.
Сонымен бірге мамандарды жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында
диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларына үйрету бойынша ауқымды шаралар
ӛткізілді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015
жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (
бұдан әрі
–
«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасы) негізгі міндеті салада қаржы ағындарын
басқарудың жаңа тетіктерін ендіру және денсаулық сақтау субъектілерінің экономикалық
орайластырылған амалдармен
ӛзара қарым-қатынастарымен жүйенің тиімділігіне қол
жеткізу болды.
Бұл тетіктердің катализаторы – пациенттердің дәрігер мен медициналық ұйымды
еркін таңдауын қамтамасыз етуді, медициналық қызмет кӛрсетудің бәсекелес ортасын
қалыптастыруды және әрбір емдеп жазылған пациент үшін Бірыңғай тӛлеуші арқылы
медициналық қызметке ақы тӛлеуді кӛздейтін Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін
(
бұдан әрі
– БҰДСЖ) ендіру болды.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде жүйенің кӛлденең және тік деңгейлері арасында
жаңа қарым-қатынас қалыптастырылып, ол, ең алдымен, шетелдік клиникалардан, әсіресе,
кардиохирургия және трансплантологияға жоғары технологиялар трансфертінің күрт
артуынан кӛрінді.
Елімізде қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізудің басты
зертханасына айналған, JCI халықаралық сапа сертификаттауынан сәтті ӛткен және бүгінгі
күннің ӛзінде Қазақстанның медициналық туризм орталығы ретінде танылып отырған
қуатты Ұлттық медициналық холдинг құрылды.
Жоғарыда сипатталған іске асырылған шаралар денсаулықтың нысаналы
кӛрсеткіштерін жақсартуға және даму саласындағы мыңжылдық даму мақсаттарының
жекелеген кӛрсеткіштеріне қол жеткізілді, атап айтқанда, бұл сәби мен бала ӛлім-жітімін
тӛмендетуге, ана ӛлім-жітімі мен туберкулезден болатын ӛлім-жітімді азайтуға беталысқа
қатысты.
2014 жылғы желтоқсанда Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің (
бұдан әрі
–
ХҚДБ) сарапшылары «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру нәтижелері
туралы есепті жариялады және, олардың пікірінше, оның 6 негізгі бағытын іске асыру
нәтижелері мынадай:
1) профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, әлеуметтік
маңызды негізгі аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды
жетілдіру – ӛте сәтті;
2) қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және
ведомствоаралық ӛзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру – айтарлықтай сәтті;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру – айтарлықтай сәтті;
4) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық кӛмекті
ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру – ӛте сәтті;
4
5) медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру; медицинадағы
инновациялық технологияларды дамыту және енгізу – сәтті;
6) дәрі-дәрмектердің халық үшін қолжетімді болуы мен сапасын арттыру,
денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту –
сәтті.
«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру салаға түбегейлі жаңа ӛзара
қарым-қатынастар ендіруге мүмкіндік берді:
Медициналық қызметке ақы тӛлеу комитеті (
бұдан әрі
– МҚАК) түрінде Тегін
медициналық кӛмектің кепілдік берілген кӛлемінің (
бұдан әрі
– ТМККК) Қызметке
бірыңғай ақы тӛлеушісі құрылды;
кӛрсетілетін медициналық қызметтің жеке секторының үлесін 24%-ға дейін
молайтуға мүмкіндік берген ТМККК бәсекелес қызмет нарығы құрылып, соның есебінен
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі басымдықты бюджет қаражатын қарапайым
игеруден нәтижеге ойыстыра алдық;
кӛрсетілетін қызметтер сапасы мен қанағаттанушылық критерийлерінің негізінде
пациенттердің таңдау құқықтарын ынталандырумен бірге олардың мінез-құлқы да ӛзгерді.
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде стационарды еркін таңдауды пайдаланған
азаматтардың саны 2,3 есе ӛскен және орташа алғанда жылына 800 мың адамға жеткен.
Нәтижесінде тӛсек қорының 14 мыңнан астам бірлігі қысқартылды және қайта бейінделді;
жоғары мамандандырылған медициналық кӛмек (
бұдан әрі
– ЖММК), әсіресе,
кардиохирургияда, интервенциялық араласулар мен трансплантологияда қол жетімді болып,
ол ЖММК кӛлемін 2009 жылғы 7000-нан 2014 жылы 60000-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік
берді;
аурудың 11 түрі бойынша Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді, бағдарла іске
асырылғаннан бастап 102 миллионнан астам скринингтік зерттеулер: жылына 12,7
миллионнан астам адамды қамтыған 25 миллионнан асатын зерттеулер ӛткізілді;
кәсіби менеджментті ендіру және мемлекеттік медициналық қызмет берушілердің
дербестігін арттыру жӛніндегі іс-шаралар басталды, кейінгі 3 жылда шамамен 7 мыңдай
менеджер оқытылып, 70%-дай медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығындағы
(
бұдан әрі
– ШЖҚ) кәсіпорын мәртебесін алды;
медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету тетіктері жасалды: ішкі аудит, сыртқы
бақылау, аккредиттеу;
медициналық кӛмекке ақы тӛлеудің халықаралық қағидалары (клиникалық-
шығындық топтар, кешенді жанбасылық норматив, жаһандық бюджет) енгізілді;
медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы тӛлеудің сараланған жүйесі ендірілді,
орташа жалақы 2,4 есе кӛтерілді;
2014 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық буынды кезең-кезеңімен күшейту
басталып, ең тӛменгі кешенді жанбасылық норматив (КЖН) енгізілді, ТМККК-пен
қамтамасыз етудегі теңсіздік қысқартылды, МСАК-ке берілетін қаржы қаражатының кӛлемі
17%-дан 26%-ға дейін үлкейді;
кӛліктік медицина дамыған: республикада жыл сайын 300 мыңнан астам
пациенттерді тексеріп-қарайтын 49 жылжымалы ұтқыр кешен, 200 мыңнан аса адамды
қамтитын 3 медициналық пойыз және жыл сайын ел ішінде де, оның шекарасынан тысқары
да әуеге 1000-ға жуық рет кӛтерілетін санитарлық авиация жұмыс жасайды.
«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асырудың басты сапалық
нәтижелері мыналар болды:
республикадағы халық саны 17 417,5 мың адамға дейін ұлғайды;
күтіліп отырған ӛмір сүру ұзақтығының кӛрсеткіші 2010 жылғы деңгейден (68,41
жас) 2,04-ке ӛсіп, 70,45 жасты құрады;
халықтың жалпы ӛлім-жітімі 2010 жылғы деңгейден 11,7%-ға тӛмендеген (2010
жылғы 1 мың тұрғынға 8,94-ке қарағанда 2014 жылы 7,65);
5
туу кӛрсеткіші 10,3%-ға артқан (2014 жылғы 1 мың тұрғынға 23,20-ға қарағанда 2010
жылы 22,54).
ана ӛлім-жітімінің кӛрсеткіші шамамен 2 есеге азайып, 2010 жылғы 22,7-ге
қарағанда 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 11,5-ті құрады;
сәби ӛлім-жітімінің кӛрсетіші 40%-ға тӛмендеп, 2010 жылғы 16,54-ке қарағанда 1000
тірі туылғандарға шаққанда 9,83-ті құрады;
халықтың туберкулезге шалдығуын тӛмендету динамикасы жыл сайын 10%-ды
құрайды, ӛлім-жітім 5 жылда кемінде 2,5 есеге азайған, ол ДДҰ стратегиясына сай келеді,
туберкулезге қарсы қызмет диагностикалау құралдарымен және емдеудің барлық
кезеңдерінде қажетті дәрі-дәрмектермен барынша қамтамасыз етілген;
АИТВ/ЖИТС таралуын шоғырландыру сатысында ұстап тұра алдық (2009 жылы
0,16%), ретровирусқа қарсы терапияны кеңінен енгізуге байланысты ем алатын науқастар
тобында ЖИТС-тен болатын ӛлім санының тӛмендеуі байқалады.
Сонымен бірге, «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасының қорытындысы жүйеде
бар кемшіліктерді де неғұрлым анық кӛрсетіп берді. Олардың шешімін таппай республика
азаматтарының денсаулығын одан әрі жақсарту қиын болмақ. Ең алдымен, бұл –МСАК
деңгейінің әлсіздігі және жүйенің ӛсіп келе жатқан қажеттіліктерімен оны қазіргі
қаржыландыру қағидаларының бейадекваттығы.
Бұдан басқа, әлемнің бүкіл елдерімен қатар, Қазақстан да медициналық қызметті
тұтуыну мен құрылымының одан әрі ӛсуіне алып келетін халықтың ӛмір сүру
ұзақтығының, созылмалы инфекциялық емес аурулардың ӛсуімен байланысты жаһандық
қауіптер бойынша міндеттерді шешуі керек болады.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев ӛзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулықты мемлекет дамуының
маңызды факторы ретінде айқындады, сондай-ақ қызметкердің денсаулығы үшін
мемлекеттің, жұмыс беруші мен оның ӛзінің ортақ жауапкершілік алатын денсаулық сақтау
жүйесін дамытудың негізгі қағидасын белгіледі. Еліміздің алдына әлемнің неғұрлым
бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жӛніндегі жаңа міндет қойылды, ол денсаулық
сақтау сапасының жоғары деңгейін білдіреді.
Бұл мақсатқа қол жеткізу жүйеден қысқа мерзімде ӛз күшін халықаралық және ӛз
тәжірибесінің озық мысалдарына негізделген, әлемдік және отандық экономиканың кез
келген ауытқулары кезінде қаржылық тұрақтылығын сақтай отырып, медициналық
қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін, жаңа, ұзақ мерзімді
денсаулық сақтау үлгісін жасауға шоғырландыруды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, осы Мембағдарлама қол жеткізілген
табыстарды бекіту мен дамытуға және денсаулықты қорғау сұрақтарында қордаланған
мәселелерді шешуге, сондай-ақ саланың 2050 жылға дейінгі жоспарлы және қарышты
дамуы үшін негіз болуға бағытталатын болады.
3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жҥйесін ЭЫДҦ елдерінің
ҥлгілерімен салыстырмалы талдау.
Қаржыландыру кӛздері мен басқару жүйелерінің әралуандығы кезінде ЭЫДҰ
елдерінің денсаулық сақтау үлгілерінің біздің жүйеден ерекшелендіретін негізгі
айырмашылықтары мыналар болып табылады.
1. Денсаулықтың басымдығы және қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту.
Алаңдаушылық және инфекциялық емес ауруларға (
бұдан әрі
– ИЕА) баса назар
аудару – барлық дамыған елдердің денсаулық сақтау саласына тән сипаттардың бірі, ол ең
алдымен, біршама жоғары кӛрсеткіштерге жеткен және жақын келешекте ӛрістейтін, ауруға
шалдығудың тұрақты ӛсуге беталысымен байланысты болды.
6
ДДҰ деректері бойынша адамның денсаулығы денсаулық сақтау жүйесіне небәрі
10% тәуелді және 50% – адамның айналасындағылардың, таңдау құқығының, ӛмір сүру
сапасы мен денсаулықты нығайту мүмкіндіктерінің қолжетімділігінің әсерімен
қалыптасатын ӛмір салтына тәуелді екен. Профилактика ИЕА-мен күрес үшін құны
жағынан ең тиімді, ұзақ мерзімді стратегияны ұсынады. Денсаулықты нығайту
мәселелеріндегі ауызбірлік, азаматтық қоғамның денсаулық сақтау мәселелерін шешуге
белсенді қатысуы ЭЫДҰ елдерінің денсаулықты сақтау жүйелерінің басты
ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда профилактикалық жұмыс мәселелері, ИЕА мәселелері бойынша
сектораралық ӛзара іс-қимыл жасауға күш салуды ӛсіру, денсаулық сақтау ұйымдарының
барлық деңгейлерінде медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған созылмалы
ауруларды басқарудың арнайы бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бастапқы кезеңде
тұр.
2. Денсаулық сақтауға бөлінген қаражаттың жалпы көлемінде МСАК-ті
басымдықпен дамыту.
ЭЫДҰ елдерінде МСАК пен стационарды қаржыландыру кӛлемдерінің арақатынасы
34% - стационар және 61% - МСАК-ті құрайды. Халықаралық тәжірибе денсаулық сақтауға
жұмсалатын шығыстардың кемінде 40%-ы деңгейіндегі қаржыландыру кӛлемі кезінде
халықты қажетті қамтуға және МСАК қызметін тиімді кӛрсетуге қол жеткізілетін
дәлелдейді ПМСП.
Қазақстанда ТМККК кӛрсетуге жұмсалатын қаражаттың 62%-ы стационарлық
секторға және тек 34%-ы ғана МСАК-ке жолданады.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау
саласының әртүрлі буындары арасындағы «шектескен жерде» тиімсіздік аймағының негізгі
бӛлігі– арнайы мамандар жүктемесінің ӛсуі, негізсіз емдеуге жатқызудың жоғары үлесі,
біріншілік буын жұмысының нәтижелілігі тӛмен болғандықтан, емханалар мен
стационарларда диагностикалық зерттеулердің қайталануы орналасқан.
Елімізде МСАК рӛлін кӛтеруге қарамастан, алғашқы буындағы медициналық
қызметтер кӛрсетуді жақсартуда кӛзге кӛрінетін алға жылжулар әлі болған жоқ. Ӛзінің
техникалық және кадрлық жарақтандырылуы бойынша бұл сектор денсаулық сақтау
жүйесіндегі орталық буынға айналып, амбулаториялық және стационарлық деңгейлердегі
емдеу кезеңдерін ұтымды үлестіруді қамтамасыз ете алмады.
Күшті МСАК-тің болуы ЭЫДҰ елдеріне 80%-ға дейінгі науқастардыӛз деңгейінде
ұстап тұруға мүмкіндік беріп, ол осылайша, барлық жүйенің үйлестірушісіне айналады. Ал
біздің жүйеде негізгі жұмыс жасайтын құрылым стационарлық сектор болып қала береді.
3. МСАК деңгейінде халықтың негізгі дәрілік заттарға барынша қолжетімділігі.
Денсаулықты күту және қолдаудағы дәрі-дәрмектік қамтамасыз етудің рӛлі
айтарлықтай, сол себепті де ЭЫДҰ елдерінде дәрілік заттар сапасы мен қауіпсіздігі
мәселесі ұлттық биологиялық қауіпсіздік деңгейіне дейін кӛтерілген.
ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландырудың
жалпы кӛлемінің 80%-ы амбулаториялық деңгейде пациенттерді дәрілік заттармен
қамтамасыз етуге жолданады.
Дәрілік
заттарға
жұмсалатын
мемлекеттік
шығыстардың
құрылымында
амбулаториялық дәрі-дәрмектік қамсыздандырудың үлесі Қазақстанда небәрі 55%-ды
құрайды. Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі
МСАК дамуын тежеп, стационарға шамадан тыс емдеуге жатқызуды ынталандырады.
Бұл ретте, ЭЫДҰ-на мүше елдерде стационарлар шығыстарының жалпы кӛлеміндегі
дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындардың үлесі 20%-дан аспайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл кӛрсеткіш 50%-ға дейін жетеді.
7
Бұдан басқа, медициналық ұйымдардың дәлелденген тиімділікті бағалау әдістерін
жеткілікті меңгермеуі, дәрілік формулярларға экономикалық және клиникалық тиімділігі
тӛмен препараттарды қосып қою фактілері шынайы сұранысты кӛрсетпейтін дәрілік заттар
тізімін жасақтауға алып келеді. Соңында, медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың бір
түрлері бойынша тапшылық, басқа түрлері бойынша – профицит пайда болады.
4. Еңбектің жоғары уәждемесі және медициналық персоналдың кәсібилігі.
Қазақстанда дәрігердің айлық орташа номиналды жалақысы шамамен 125 000
теңгені құрайды, ол ЭЫДҰ елдеріндегі кӛрсеткіштен 16 еседей тӛмен (шамамен 2 000 000
теңге). Бұл кәсіптің беделінің түсуіне және Қазақстанның медицина қызметкерлерінің
еңбек уәждемесінің әлсіз болуына жағдай жасайды.
Сондай-ақ еңбекке тӛленетін ақының оның қарқындылығына және нәтижесіне,
сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігіне тәуелділігінің әлсіздігін атап кӛрсету керек.
Орта медициналық персоналдың кәсіби деңгейі әлі де болса ақсап жатыр, оған кінәлі
оларды үйрету әдістерінің ескіруі, кәсіптің беделінің тӛмендігі және қанағаттанарлықсыз
жалақы.
Медицина ұйымдары мен персоналды еңбекті қарқынды етуге, қызметтердің ӛзіндік
құнын тӛмендетуге, олардың сапасын арттыруға уәждеу деңгейі әлі де болса жеткіліксіз.
Еңбекке сараланған ақы тӛлеу бос қызмет ставкалары мен сақталып отырған мамандар
тапшылығының есебінен, әсіресе, ауылдық денсаулық сақтауда, жүргізіледі.
Менеджерлер дайындау мәселесі тӛмен деңгейде қалып отыр, ол қызметтің
тиімсіздігінің басты факторларының бірі болып табылады. Медициналық ұйымдар, саланы
басқару органдары басшыларын лауазымға тағайындау үміткерлердің біліктілік
деңгейлерін және оның жүйені басқару қабілетін ескерусіз жүргізіледі. Іс жүзінде
жергілікті жерлердегі менеджерлердің 50%-дайы белгіленген біліктілік талаптарына сай
келмейді.
5. Медицина ғылымының басымдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |