Тоғызыншы бағыт, инновациялық экожүйе бойынша технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияның дамуына жағдай жасау үшін бизнес, ғылым саласы және мемлекет үшеуінің арасында байланыс орнатылады. Мемлекет инновацияларды генерациялауға, бейімдеуге және өндіріске енгізуге қабілетті экожүйенің катализаторы рөлін атқарады.
Р.Шаухинаның айтуынша, осы тоғыз бағыт шеңберінде 21 міндет пен 200-ден астам іс-шара жоспарланды, оның қалай жүзеге асып жатқаны, қол жеткізілген алғашқы нәтижелер таяу жылдар ішінде айқын көрінуге тиіс.
Цифрландырудың негізгі тірегі сапалы интернет екені түсінікті. Үкіметтің өткен аптадағы селекторлық отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасаған болатын. Министрдің интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылып жатқанын айтты. Бірінші жоба бойынша мемлекет-жекеменшік әріптестігі арқылы 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға оптикалық интернет желісі тартылуда. Былтыр 56 ауылға оптикалық желі жеткен болатын, биыл барлығы 944 ауыл қосылады. Бұл жұмысқа 75 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды.
Екінші жоба – 250 адамнан көп тұрғын бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технологиясы бойынша мобильді интернетке қосу. Оған еліміздегі ұялы операторлар белсене атсалысуда. Жұмысты ойдағыдай аяқтау үшін мобильді операторларға арнайы салық төлемдерін төмендету сияқты жеңілдіктер жасалғанын айта кету керек.
Адам капиталын дамыту үшін Қазақстанда сапалы кадрлық әлеует құру керек. Сол себепті«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында орта, техникалық жәнекәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттырушаралары қарастырылған:
2-сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» пәні кезең-кезеңімен енгізіледі;
жоғары сыныптардағы бағдарлама роботты техника,
виртуалдышындық, 3D принтинг және басқа пәндермен толығады;
талантты жастарды дамыту және қолдау мақсатында:
тұрақты түрде хакатондар, олимпиадалар мен конкурстар ұйымдастырылуда;
роботты техника мен бағдарламалау бойынша түрлі үйірмелер
ашылуда.
Елді мекендерде тұрғындар, оның ішінде жұмыссыздар, сұранысқа ие цифрлық машықтарға оқытылатын болады және т.б.
Қазақстандағы цифрландыру үрдісі кәсіби мамандары дайындығыдеңгейі қандай? Бүгінде елдің 89 жоғары оқу орнында ақпараттық технологиямамандары оқытылады. 2013-2017 жылдар аралығында осы салада еңбек етуге тиіс 109 557маман даярланды.
Жетекші ІТ мамандарын дайындайтын ЖОО қатарына Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, НазарбаевУниверсиеті («Астана бизнес кампусы» хайтек паркінің базасы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,ҚазақБритан техникалық университеті және т.с.с. кіреді.
Сонымен қатар ЭКСПО кешенінде халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі құрылып, Алматы «Алатау» технопаркі, Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Zerekтехнопаркі» ЖШС және т.с.с. әрекет етуде. Демек,білім және ғылым саласын цифрландыруды дамыту бойынша елде үш бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Біріншісі орта білім жүйесін ақпараттандыруды дамыту, екіншісі білім беруді және ғылымды басқару үрдісін автоматтандыру, үшіншісі ІТ мамандарын даярлау.
Қазақстанның цифрлы қоғам орнатуға, соның ішінде білім саласыүрдісіне, қатысты анықтамалық мағлұматтарды сараласақ, төмендегідейміндеттер айғақталмақ.
Елде балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар ашу қолға алынды. Жоба аясында ел бойынша 1 мың сынып ашылып, 150 мың бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында тереңдетілген білім алады. Бұл бастама мектептерге факультативті пән ретінде енгізіліп, үш айлық және алты айлық курс ретінде жүргізілу көзделуде.
Арнайы WEB-сайт арқылы бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулық сабағы оқытылады. Спорт алаңдары да қысқы және жазғы мезгілге сай қайта жабдықталып, сабақтан тыс уақытта ақылы негізде өзге азаматтарға пайдалануға беріледі. Осы бастамалар аясында елдің мектеп асханалары бірыңғай үлгі бойынша арнайы қондырғылармен жабдықталып, ас мәзірі де мемлекеттік стандарт бойынша дайындалады. Аталған жұмыстар жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүргізіледі. Сөйтіп, елдің 3 миллионға жуық мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалмақ.
ІТ аясында адам капиталын дамыту бағытында орта және жоғары білім беру орындарының бағдарламасы қайта қаралмақ. Бастауыш сыныптарға арналған «Бағдарламалау» және «Робот техникасы» пәндері бойынша жаңа әдістәсілдер енгізілді. Бағдарламалар тілі жаңартылды. Қазіргі таңда 3 мыңнан астам мектеп пен оқушылар сарайында роботтытехника бойынша элективті курс енгізілген.
Жоғары оқу орындарында студенттер Data Science, Enterprise Architekture сынды жаңа үлгідегі, сұранысқа ие бағыттар бойынша оқитын болады.
ІТ-мамандардаярлауісіжүзегеасырылады. Бұл жоба бойынша елде жұмыс беруші ІТ- компаниялар мен жоғары. Оқу орындарының базасында 20 ІТ орталық ашылып, жылына 35 мың адам білім алады. Олардың қатарына жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да жұмылдырылады. Аталған орталықтарда бүгінде әлемдік деңгейде сұранысқа ие цифрлау тәсілдері мен Javа, Python, PHP, Swift сияқты бағдарламалау тілдері оқытылады. Орталық түлектеріне бір жыл бойы қолдау көрсетіліп, олардың жұмысқа орналасуына да мейлінше жағдай жасалады. Сыныптар мен орталықтар Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен бірлесіп жұмыс атқармақ. ІТ-орталықтар жобасы барысында ең алдымен қазақстандықтарға фриланс-биржада жұмыс істеуді үйрететін 40 ментор-тәлімгер даярланады [5, 3б.]. «Атамекен» ҰКП-ның есебі бойынша, осы бастамадан кейін 20 мыңға жуық азамат аталған биржада жұмыс істеп, ондаған мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жоба жемісті іске асқанда, елдің аудан орталықтары тұрғындары да әлемнің ең ірі мегаполистерінде орналасқан компанияларға қызмет көрсетуге мүмкіндік алмақ. ІТ-хабтың базасында Эколь бағдарламалау мектебі мен арнайы шеберхана жобасы ашылады. Мұнда елдің экожүйесінің инновациялық стартаптарын дайындайтын жастар оқитын болады. 2018 жылдың ақпан айында үздік ІТ-жобалары бар жастар мен компанияларға арналған бағдарлама іске қосылды.
Цифрландыру үрдісіне ілескен өңірлер санатынан Қарағанды, Қостанай Оңтүстік Қазақстан және т.б. облыстары табылуда. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында ІТтехнологияның көмегімен мектеп оқушыларының себепсіз сабақтан қалу көрсеткіші 22 мыңнан 2 мыңға дейін қысқарған, бұл, өз кезегінде, олардың оқу үлгеріміне де оң ықпалын тигізіп отырған игі қадам екендігі даусыз.Қолданысқа енгізілген электронды журналдар мен күнделіктер ата-аналарға балаларының үлгерімін бақылауға, оқу бағдарламасы мен үй тапсырмалары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өңірде онлайнсабақтар секілді жаңашыл үрдістер шалғайда орналасқан аудандар мектептеріндегі мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешуге жол ашуда.Интернет байланысы арқылы оқушыларға сабақ немесе мұғалімдерге семинарлар өткізу қолға алынбақ.
2) Жалпы электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі республика бойынша 6 мыңнан астам мектепте енгізілді. ЖОО-да оқу үдерісін автоматтандыру процесі жүзеге асырылып жатыр. ҚР -ның ЖОО да студенттер электронды портал арқылы сабақ кестесін алады, барлық оқу-әдістемелік кешенді, тестілік және емтихан тапсырмаларды табады. Білім беру саласын цифрландыру үрдісінде белең алып отырған кемшіліктер де баршылық. Біріншіден, білім беру ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың басқа да жүйелерімен интеграциялануы төмен деңгейде. Екіншіден, білім беру ұйымдарының жеткілікті түрде жарақтандырылмауы, интернет желісіне қосылу жылдамдығының төмендігі өзекті проблемаға айналып отыр. Үшіншіден, білім беру жүйесін цифрландыруды қолдау бойынша бірыңғай оператордың жоқтығы келеңсіздік тудыруда. Төртіншіден, ақпараттықкоммуникациялық технология инфрақұрылымын қамтамсыз ету үшін бірыңғай техникалық талаптардың болмауы, бесіншіден, кәсіби құзіреттілік деңгейінің төмендігі кері әсер етуде.
2017 жылдың қыркүйек айында цифрландыру мәселесі бойынша өткен республикалық кеңесте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Мен әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтейтін ел қалыпты өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса, біз артта қаламыз және алда келе жатқан мелекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Пайданың, өнімділіктің және капиталдандырудың күрт артуы мәселе осында. Цифрлы экономика осыны береді»,-деп ескертті. Елбасының сөзінен шығатын қорытынды Қазақстан цифрлы болашаққа қарышты да нық қад ам басуы керек. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шешуші мақсаты инновациялық экономиканы қалыптастыру, 2050 жылға қарай бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу және қоғам мен өндірісті жаңарту.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.
Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында экономиканың жедел технологиялық дамуына жол ашып, цифрландыру мәселесіне ерекше ден қою Елбасы қойып отырған маңызды стратегиялық міндет.
Достарыңызбен бөлісу: |