Байланысты: Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)
36. Блум таксономиясы. Блум таксономиясы пайдалану арқылы сұрақтар құрастыруды талдаңыз. Бенджамин Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны: Білу түрінің мазмұны: Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi:жабық тест тапсырмалары;қалдырып кеткен белгiлердi қою;жатқа айту;анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
Түсіну түрінің мазмұны: мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру;есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау.ұқсастықтарды анықтау;айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу. «Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:1.Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау:”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену;”Салыстырыңыздар”; ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау. 2.Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы сөзбен айтып беру; графиктi оқып беру; суреттi түсiндiру; мәліметті өз сөзiмен мазмұндау. 3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi. 4. Анықтамалар: атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу; таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек).
Қолдану түрінің мазмұны: 1.Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру;2.Білім алушы мұғалiмнiң көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек;3.Ұстаз тек шешiмге емес, шешу процесiнiң құралуына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.
Талдау (анализ) түрінің мазмұны: Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу;Білім алушы әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi.Талдаудың түрлерi:1. Негiзiн тану – құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар/ студенттер оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту;2. Астарлы мағынаны ажырату – екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн);3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау - себептердi айқындау. Оқушы /студент тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек
Синтез түрінің мазмұны: жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру;болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.Жұмыс және нәтиже түрлерi:шығармашылық жанрлар; жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу; абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.
Бағалау түрінің мазмұны: Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдейді;Білім алушылар өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздейді;Білім алушылар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.