Бағалаудағы нақтылауға қойылатын талаптар: тұлға бойындағы қасиет қатесіз сараланып, басқа қасиеттерден оңай ажыратылып, нақты берілуі қажет. Яғни сіз кім үшін, не үшін қандай әрекет жасамақшысыз, ойланып көріңіз.
Бағалаудың 6 қағидасы1-ші қағида: “МАҢЫЗДЫЛЫҚ”.Бағалау үшін пәннің ең маңызды, күтілетін нәтижені таңдап алу қажет.2-ші қағида: “ДӘЛДІК”.(адекваттық) Оқушылардың қажетті білім, білік дағды, құндылықтарды қандай деңгейде менгергендігін көрсететін бағалау.3-ші қағида: “ОБЪЕКТИВТІК” Бақылау жұмысын орындаудың нәтижелерін бағалау- көп жағдайда субъективтік процесс.4-ші қағида: “ОҚУДЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ”.Бағалау мен үйрету – бір тұтас процесс. Мұғалімнің өзіне қоятын сұрақтары: бағалау талаптары (критерийлері) оқу процесіне енгізілген ба? Мен оқушыларымды бағалайын деген нәрселерге үйреттім бе?5-ші қағида: “ЖАРИЯЛЫЛЫҚ” Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланатындығын білуі керек.
6-шы қағида: “ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ”бағалау процесі мен оның формалары қолданысқа қарапайым және ыңғайлы болу тиіс. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемдігін туғызбауы керек.
42. Сынып микроклиматы және оқушыларды ынталандырудың формаларын айтыңыз. Мектепте оқу адам өмірінің көп уақытын алады, оның барысында тұлға белсенді түрде дамиды. Психологиялық климат – бұл ұжым мүшелерінің жақындығының, бір-бірін ұнатуының, мінездерінің, қызығушылықтарының, қабілеттіліктерінің ұқсастығының негізінде туындайтын психологиялық байланыстардың эмоционалды бояуы. Бұл сыныптың топ ретіндегі тұрақты жағдайы, ол үшін барынша тұрақты және өзіндік эмоционалды көңіл күй, ол топішілік әрекеттестік пен тұлғааралық қарым-қатынастың нақты жағдайын сипаттайды. ӘПО ұғымының 3 "климаттық аймақтары" бар: Моральды климат, ол аталған ұжымда қандай құндылықтар қабылданғандығына байланысты анықталады. Әлеуметтік климат – аталған ұжымда қызметтің мақсаттары мен міндеттері қаншалықты деңгейде қабылданған, оның мүшелерінің барлық құқықтары мен міндеттерін сақтауға қаншалықты деңгейде кепілдік берілген. Психологиялық климат, яғни бір-бірімен тікелей қарым-қатынас орнатқан адамдар арасында қалыптасатын ресми емес қарым-қатынастар. ӘПО қалыптастыру және жетілдіру – бұл сынып жетекшілерінің, пән педагогтерінің, мектеп психологы мен басшылықтың тұрақты практикалық міндеті.
Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда. Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.