Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет1/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)


1. PISA зерттеуінің өткізілу кезеңдерін, халықаралық зерттеу бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз.
Халықаралық зерттеу бағдарламасы. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.
Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) жүзеге асырылады. PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. 2009 жылы бағдарламаның төртінші кезеңі аяқталды.
PISA-2009 зерттеуін ұлттық орталықтар мен ЭЫДҰ қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын Консорциуммен жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей жетекші ұйымдар кірді:
- Білім беру аймағындағы Нидерланд Ұлттық өлшеу институты (Netherlands National Institute for Educational Measurement, CITO);
- АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing Service, ETS);
- Білім беру аймағындағы Жапония Ұлттық зерттеу институты (National Institute for Educational Research, NIER);
- Статистикалық ақпараттар жинау бойынша түрлі зерттеулерді орындайтын Америкалық ұйымы (WESTAT).
Консорциумның жұмысын педагогикалық зерттеулердің Австралиялық Кеңесі үйлестіреді (The Australian Council for Educational Research, ACER).
Халықаралық үйлестіруші орталық дайындаған бірыңғай ережелерге сәйкес зерттеу барлық қатысушы елдерде бірдей болу үшін жүргізіледі.
Қазақстанда зерттеу жұмысын ҚР Білім және ғылым министрлігінің, білім беру органдары мен аймақтық білім беру ұйымдарының көмегімен «Ұлттық білім беру сапасын бағалау» орталығы жүргізеді. Зерттеуді ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсету үшін аймақтарда облыстық үйлестірушілер, сонымен қатар зерттеу өткізетін білім беру ұйымының үйлестірушілері анықталып, тағайындалады.
PISA зерттеуі өткізілетін әрбір аймақта облыстық үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілердің мiндеттерi – бекітілген кестеге сәйкес өз аймағында зерттеудің өтуін қамтамасыз ету, зерттеу материалдарын білім беру ұйымдарына дейін жеткізу, олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру ұйымының үйлестірушісімен және тест өткiзушi тұлғамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу. Зерттеуге қатысатын әрбір білім беру ұйымында 15 жастағы оқушылардың тізімін жасау үшін және зерттеуді ұйымдастырып, өткізу үшін білім беру ұйымының үйлестірушілері тағайындалады. Сонымен қатар тест аяқталған соң зерттеу құралдарын Ұлттық орталыққа жөнелту де білім беру ұйымдары үйлестірушілерінің міндетіне жатады.
Тест өткізуші тұлғаның ең басты мақсаты барлық қатысушыларды буклеттермен және сауалнамалармен қамтамасыз етіп, тестті және сауалнаманы зерттеу жүргізу рәсімі бойынша өткізу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет