Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
114 ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР Бұл Бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген
тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сұрақ қою және сұхбат алу сияқты
әдістердің көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың пікірлерін неме-
се олардың тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің
басқа бөлігінде жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша
деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не бол-
маса кейбір жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға,
атап айтқанда, балаларға қауіп тудыруы мүмкін.
Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді
іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті 10 іс-әрекет
тізімі келтірілген:
• Сіз зерттеу өткізуді жоспарлаған нақты мекеме өкілдерінен бұл мекемедегі зерттеу
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану.
Зерттеу өткізу туралы виртуалды оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша кеңес
алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/category/
publications/guidelines/.
• Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже
әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
• Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың
ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. Ата-аналарға
жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатының толығымен түсіндірілуін
қамтамасыз етіңіз және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. Ата-аналардың
келісімін жазбаша растауын өтініңіз.
• Өз зерттеуіңіздің жоспар-негіздемесін жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен,
атап айтқанда мектеп басшысымен (әріптестермен) өзіңіздің жобаңыздың тиімділігі
жөнінде кеңесіңіз.
• Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты мен
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз.
• Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың,
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында
айқын хаттамалар белгіленеді.
• Қажет болған жағдайларда құпиялылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей
жағдайларда өз жұмысын таныту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағидатты
бұзуы мүмкін.
• Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала
алуын қадағалаңыз.
• Зерттеудің мазмұны мен жүргізілу барысы оқушылардың мүдделеріне барынша сәйкес
болуын қадағалау.
Бұл ұсыныстарға қосымша Сіздің зерттеуіңіздің аясындағы этикалық мәселелерді анағұрлым
кең ауқымда қарастыруға болады. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру
мақсатында Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта
жұмыс істеуге жұмылдыра аласыз, алайда мектеп үшін де, Сіздің қатыстырғыңыз келетіндер
үшін де Сіздің жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету
үшін мектеп пайдалы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен
оқушыларға пайда бола ма?