Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Мұғалімдерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауда қалай көмектесуге болады? Америка Құрама Штаттарының Білім беру саласындағы зерттеу және жетілдіру кеңсесі
(1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсыр-
ма ұсынған:
• талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
• мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей
мүмкіндік ұсыну;
• оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті
жетістіктерін анықтау;
• ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану;
• уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым
«күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001) Выгот-
ский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөз келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты
зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды
жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. Ол, Выготский
бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып
көрінетіндігін дәлелдейтін «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың
өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр теорияның
осы бөлігін пайдалана отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу
жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және пробле-
маларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.