25
Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және жеке үдеріс екенін көрсетеді. Бұдан түйетін ой – бұл
саладан бейхабар адамдарға
өзгелердің қалай білім алатынын нақты білу ауыр екені. Алай-
да
оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау және қабылдауын
бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны тұтастай қарастыра
отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу үдерісінде бір-бірімен
өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді.
Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты
мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен
тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен ұстанымдарының
кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: