Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


оқуды бағалау оқу үшін бағалауға



Pdf көрінісі
бет100/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

оқуды бағалау оқу үшін бағалауға 
ауыстырылуы 
мүмкін. Алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, 
оқу үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл бағалау 
қолданылған мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға 
қарағанда сыртқы тестілеу одан да күрделі болып табылады, себебі мұғалімдердің бұл бал-
дар мен деңгейлерге негіз болған деректерді алуға үнемі мүмкіндігі бола бермейді, дегенмен, 
мұғалім жиі кездесетін қателерге талдау жасай алады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті, яғни бұл ретте: дәрісханада тек емти-
хан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті. 
Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.
1. Оқудағы қиындықтарды анықтау. 
Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және 
арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін 


92
өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2. Жетістікке жеткендігін көрсететін 
кері байланыс 
(оқушылар, мұғалімдер мен ата-
аналарға ұсынылған). Мұндай кері байланыс бейресми түрде ауызша бағалаудан бастап ресми 
жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге 
жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру болып табылады.
3. Уәж. 
Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің неме-
се емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет 
етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түрткі болуы 
мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет