Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет129/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

Критериалды 
бағалау
– оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес 
келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, 
ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым 
талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі түрі 
бар – жиынтық және қалыптастырушы.
Қалыптас-
тырушы 
бағалау
– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да 
қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін 
оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті 
жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің 
көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты 
қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.


118
«Қара жәшік» 
– ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік» оның 
ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны 
айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан 
қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез 
келген затты (құбылысты) «қара жәшік»
 
деп атауға болады: транзистор, алгоритм 
немесе адам санасы. 
Ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс» деген метафора 
сыныпқа қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен шектелген 
жағдайды меңзейді.
Құндылықтар
– баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Түйінді
 
құндылықтар 
өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте баяу, әрі ұзақ уақыт бойы өзгереді. 
Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз және бізді қоршаған адамдар, жалпы 
адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың 
қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін 
дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымызды және мінез-
құлқымызды анықтайды.
Метатану
– «Таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін 
түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік оқу және 
проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология 
ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген болатын (J.H. Flavell, 1976). 
Автордың айтуынша метатанудың маңызды қызметінің бірі өздерінің танымдық 
қызметтерінің ерекшеліктері туралы білімдерінің негізінде оқушыларға 
танымдық қызметтерін реттеуге мүмкіндік беретін танымдық қызметті 
рефлексивті бақылау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет