Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет109/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Англия тәжірибесі
англияның білім беру және дағдылар департаменті (DfES) мектептерде барынша жоғары 
стандарттарға қол жеткізу тәсілі ретінде білім алушылар қоғамдастықтарын дамытуды 
қолдайды (2004). Білім алушылар қоғамдастықтарына тартылған мектептердің жақын арадағы 
тәжірибесінің негізінде жасалған DfES есептері (2004 және 2006) бірлесіп жұмыс істейтін 
мектептер мұғалімдердің кәсіптік деңгейін едәуір көтере алатындығын және балаларды 
барынша табысты оқытуға ықпал ететінін дәлелдеді. Осылайша білім беру стандарттары 
жаңа деңгейге көтеріледі. Осы есептерде айтылғандай, білім алушылар қоғамдастықтарына 
біріктірілген мектептерде ынтымақтастық:
• мұғалімдердің құзыретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі;
• оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз ететіндігі;
• жеке алынған бір мектеп ұсына алмайтын көптеген мүмкіндіктер ұсынып, олардың 
икемділігін қамтамасыз ететіндігі;
• шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту 
мақсатында пайдаланылатын инновациялық әдістерді дамытатындығы; 
• оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкелетіндігі байқалды. 
DfES-тің 2004 жылғы есебінде мынадай қорытынды жасалған:
«Білім беру реформасын жүзеге асырудың келесі кезеңінде жүйеге жоғары стандарттарды 
және теңдікті енгізудің жаңа әдістері қажет болады, ол жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне 
сәйкес келіп, мектептерге мектеп деңгейінде шешімдерді дербес қабылдауға мүмкіндік 
береді. Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби 
қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық нысан болып табылады. Оқытуға бағытталған 
мектепаралық кәсіби қоғамдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибесіне енгізілген 
нақты өзгерістердің негізі болып табылады».
әлемдік тәжірибе
Сонымен қатар кәсіби қоғамдастықтарды дамыту халықаралық қолдауға ие болып отыр. 
Мысалы, Либерман (2005) «реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге 
қажетті деп есептейтін көптеген басты идеяларды әзірлеуге қатысып, жәрдемдесуіне және 
қолдауына байланысты кәсіби қоғамдастық бүгінгі күні өте танымал болып отыр» деп 
тұжырымдайды.


101
Баллантин және басқалар (2006) 
кәсіби қоғамдастықта жұмыс істеу
:
• мұғалімдерді білім алуға және оны біріктіруге арналған мүмкіндіктермен;
• ынтымақтастықтың көптеген құрылымдарының болуын; 
• икемділік пен еркіндікті; 
• көптеген жағдайларда бір шешімге келмейтін проблемаларды талқылауды;
• мұғалімдерде берілген шешімдерді қабылдап қоймай, міндеттерді шешуге мәжбүрлейтін 
идеялардың болуын;
• мектептерге немесе университеттерге тіркелген, бірақ тәуелсіз ұйымдық құрылыммен;
• бір мектептен және бір өңірден тыс жұмыс істеу мүмкіндігін;
• қолайлы ортада тәуекелге баруға ықпал ететін реформаның жүргізілуін;
• мұғалімдердің білімі, сондай-ақ зерттеулер нәтижесінде алынған білім құнды болып 
саналатын пікірлестер қауымдастығын 
қамтамасыз етеді деп болжайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет