Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет134/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Білім алушылардың 
кәсіби қоғамдастығы
мектеп қызметкерлерінен, оқушыларынан және ата-аналардан тұратын 
жалпы мектептік қоғамдастық, оның мақсаты тығыз өзара әрекеттестік пен 
ынтымақтастық орнату арқылы өздерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз 
жетілдіру болып табылады.
Бірлескен оқу
- бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы 
тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы 
әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске 
қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау 
және жинақтау арқылы жаңа білім алады. жұмыс тиімді болу үшін бірлескен 
оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында 
бөлінеді. Бірлескен оқудың алғышарты топ мүшелерінің ұжымдасып әрекет 
етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.


124
Дарындылық
– қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – өзіндік 
ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты дарындылық та 
туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). 
Жалпы
дарындылық: 
салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, 
зият) дамуы. 
Арнайы
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс 
шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». адамдардың 
дарындылығы мен қабілеттері 
сандық емес, сапалық
тұрғыдан ерекшеленеді. 
Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері бір адамның бір салада, екіншісінің 
басқа салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық 
деңгейімен де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу – 
психологияның маңызды міндеті. 
Дивергентті ойлау

 
бір мәселенің (проблеманың) бірнеше шешімін іздеу мақсатында 
қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.
Жиынтық бағалау
– оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында 
оқытудың қорытындыларын шығару. жиынтық бағалау оқу циклдері мен 
сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі 
дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас бағалау 
критерийлері негізінде іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет